Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 20:12, курсовая работа
Зерттеу жұмысының объектісі: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориясымен танысу
КІРІСПЕ.....................................................................................................................5
І. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
1.1. Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын әзірлеу.....6-11
1.2. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну.................................................11-18
ІІ.ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ҚАЖЕТ
2.1. Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді
пайдалану.............................................................................................................18-20
2.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі..........................................20-28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................30
Қазақстан Республикасында жоғары білімді реформалаудың басты бағыты болащақ мамандардың кәсіби білімінің бағдарын жетілдіру екені анықталды.
Бүгінгі таңда бұрынғы жоғары білім беру жүйелері осы заманғы әлеуметтік, эномикалық даму тұрғысынан жетілдіру өктем түрде талап етеді. Ең басты мәселе - білімді жетілдіру өзекті мәні қалыптасып қалған жүйені мансұқтап, одан бас тартып, жаңа жүйеге көшу болып табылады.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең, алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Окытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман дайындаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.
Қазіргі дүние қарыштай
дамып, қай салада болсын ұдайы өзгерістер
жүріп жатыр. Білім беру жүйесінде
жетілдіруді талап етеді. Жоғары
оқу орнының студенттері
Адамзат баласы бүкіл өмір бойы оқуға тиіс болса, оқытушы-профессорлар құрамы біліми, ғылыми тұлға ретінде жеке тұлғаға білімді, ғылымды, озық технологияларды меңгеруіне мүмкіндік туғызуымыз керек. Қазіргі жағдайда замана талабына сай келген адам ғана өмірден өз орнын таба алады. Оны істей алмаған адамның күні қараң.
Қазақстанда көпсатылы білім беру құрылымын және қазіргі заманғы білім беру технологияларының жүйесі енгізілуде. Әлемдік білім беру кеңестігінде қолданылып жүрген білім беру жүйелерінің арасында көпсатылы білім беру құрылымы өз артықшылығын көрсетті және біздің жастарымыздың дамыған елдерде кедергісіз білімін жетілдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір жүйе болатын. Бұл жүйенің Лиссабон келісіміне сай жоғары білім туралы құжаттардың танылуына жағдай жасалатыны сөзсіз.
Ал енді, осы экологиялық білім берудегі инновация, инновациялық технология мәселелеріне келетін болсақ, мұнда негізгі түсініктерге мән беру керек болып отыр.
Инновация ұғымдарының жалпы энциклопедиясының жаңа басылымында "инновация, жаңалық, жаңару - техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы" деген анықтама беріледі.
Ал, сөздікте "новация - бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі" делінсе, "инновация - мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық" ретінде пайымдалады.
"Инновация" сөзі латын тіліндегі іп (ішіне) поуив (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде жуырда ғана қолданысқа енгізілді. Мүның басты себептерінің бірі - олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.
Инновацияның әлеуметтанудағы
кейбір анықтамаларына байланысты, инновацияның
педагогикалық категория
Инновация саласындағы американдық және кейбір еуропалық зерттеулерге кеңінен шолу жасау негізінде шығарған Э.М.Роджерстің ұғымы ең ескі ұғым деп есептеледі. Аталмыш зерттеулерде агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларына басты назар аударылады. Білім беру саласындағы инновацияларға азғантай көңіл бөлініп, тек олардың қоғамдық жүйелерді тұрақтандырудағы роліне ғана тоқтам жасалады.
Роджерс инновацияға мынадай анықтама береді: "Инновация - нақты бір тұлға үшін мүлдем жаңа болып табылатын идея. Бұл идеяның объективті жаңа немесе жаңа емес екендігі маңызды емес, оның маңыздылығы идеяның туындағаннан немесе алғашқы қолданысқа енгеннен бері өткен уақыт бойынша анықталады".
Майлс "Инновация - жүйелі мақсаттарды жүзеге асыру барысында үлкен тиімділікке жетелейтін ерекше жаңа, айрықша маңызды өзгеріс" деп жазады.
Француз ғалымы Э.Брансуик инновацияның мынадай үш түрін атап көрсетеді:
Поляк ғалымдарының инновацияны жан-жақты зерттеуіне байланысты Польшада инновациялық процестерді зерттейтін «Педагогикалық зерттеулер» институтында арнайы лаборатория жұмыс істейді.
Американдықтар Бил
мен Болен педагогикалық
Неміс ғалымдарының ішінен инновация теориясының негізін салушылар В.Замбарт пен В.В.Мейтчерлих. Бүлардың көзқарастары австралиялық И.Шумпетердің көқарастарымен ұқсас. Олар бұл ұғымды саяси технологиялық процестерге байланысты қолдануды қарастырады. Жаңалықтарды И.Шумпетер 1911 жылы экономика саласында «жаңа комбинациялар» ретінде қолданып, кейін «инновация» терминімен алмастырады. Ғалым зерттеулерінде: «инновация» - сұраныс тауарларының жаңа түрлерін өндірістің, көліктің жаңа құралдарын өндіру мен пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндіреді.
Найхов инновацияны
үдеріс ретінде қарастырып, оған "қандай
да бір идеямен басталатын және ықтимал
тұтынушылар тарапынан
Ал, Марклунд жүргізген жұмыстарының бірінде инновация мен өзгерістер арасындағы айырмашылықты былайша сипаттайды: "Инновация түсінігі мектептердегі және білім беру саласындағы қолданысына қарай көбіне өзгерістер түсінігімен мағыналас келеді. Егер өзгерістер бүкіл мектеп жүйесінде кең ауқымда жүретін болса, онда реформа (қайта құру) деп аталады. Алайда, кез-келген өзгерісті инновация деп санай беруге болмайды. Оның инновация болуы үшін алдын ала қойылған мақсаттарға сай жаңалық енгізуі қажет. Инновация әрдайым бір немесе бірнеше сапалы қасиеттерді алып келеді".
1.2. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну
Ғылымның қайнар көзі Ресейде де «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған. XX ғасыр басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді.
XX ғасырдың сексенінші жылдарында, педагог-новаторлар ісіне қоғамдық қызығушылық толқыны жүріп өтсе де, инновация термині әдебиет беттерінде кездеспейді. Әуелі новаторлық істің ұйымдастырушысы «Учительская газета» басылымдарында да жаңа ұғымға анықтама берілмеген.
Югославияның мектеп мәселелері мен ағарту проблемаларын зерттеу жөніндегі институты білім беру мен тәрбиелеу қызметіндегі инновация мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Аталмыш институттың зерттеулері бойынша инновацияға мынадай анықтама берілді: "Инновация - білім беру және тәрбиелеу технологияларын жақсарту мен дамыту мақсатында жасалатын белгілі бір саналы өзгерістерді көрсетеді. Мұндай өзгерістер қазіргі жағдайда жаңалық болып есептелуге тиіс, бірақ үнемі толығымен жаңа идеялар түрінде бола бермейді. Қандай да бір ортада, бұрын соңды қолданылған, бірақ қазіргі таңда және берілген ортада айрықша маңызға ие және білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жақсартатын кейбір өзгерістерді инновация ретінде қарастыруға болады".
Ал, белгілі ғалым Ш.Т.Таубаева: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасынан, әдістемесіне білім беру құралдарына, оқыту мазмүнына, алған білімді бағалауына білім беру мақсаты мен міндетіне, тәрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатынасына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады» - деп көрсетеді.
Қазақстанда ең алғаш "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немербай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет" деп көрсетеді.
Ал, Қ.Құдайбергенова "инновацияны" - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: "инновация" - жаңарту, "нововедение" - енген жаңалық, "новое" - жаңа, "новшество" - жаңалық, "инновационный процесс" - жаңарту үдерісі.
Қ.М.Нағымжанова «инновация» және «инновациялық іс-әрекет» ұғымдарын қарастыра отырып, «инновациялық іс-әрекетке» мынадай анықтама берген: инновациялық іс-әрекет дегеніміз оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді жолын табу, қалыптасқан дәстүрлі іс-әрекетке жаңалықтар енгізу, оқыту еңбегін қабілет ерекшелігіне сәйкес өзгертіп дамыту.
С.А.Көшімбетова өзінің зерттеу жүмысында инновация ұғымының түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрген. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп ұғатын боламыз деп, оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық іс-әрекетті сурет 1 арқылы көрсеткен.
1 Сурет Оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық әрекеті. С.А.Көшімбетованың жобасы
Педагогикада "инновация" ұғымымен қатар "инноватика" ұғымы да қолданылады. "Инноватика" ұғымы "жаңарту, өзгерту" деген мағынаны береді. Ш.Таубаева инноватиканың ғылым (жаңалықтың соңынан қуатын қандай да бір ғылым емес) екендігін айқындайтын анықтамаларды өмірге әкелді:
1. Инноватика - бұл түзілетін жаңа білімдердің,
олардың меңгерілу мен
жұмыс практикасына ендірілу
заңдылықтарын зерделейтін іргелі гуманитарлық
ғылым.
Инноватика - интенсивтендіру және жеделдету міндеттерін тиімді шешу үшін қажетті арнайы зерттеулердегі жаңа білімдер саласы. Жаңалықты енгізудегі ғылым ретінде практиканың талаптарына жауап беруде қалыптаса бастады. Сонымен қатар инноватикада процестің сатылығын, оның басталуы мен соңын білдіретін "өмірлік цикл" ұғымы пайдаланылады. Жаңалықтың өмірлік циклі төмендегідей сатыдан түрады: әзірлемеден (іргелі зерттеулер, қолданбалы, теориялық есептеулер), жобалау (құжаттарды толтыру, конструкцияларды, сызбаларды құрастыру), жүзеге асыру (оларды тәжірибелік үлгілерде), дайындау (белгілеу және толық серияда), пайдалану, тозу (мүмкіндігін тауысу, альтернативтік жаңалықтың пайда болуы).
Қ.М.Нағымжанова өзінің
зерттеу жұмысында
Педагогикалық инноватика |
|||||||||
Педагогикалық инноватика пәні |
|||||||||
Ғылым ретінде жаңалық енгізу |
Практика ретінде инновациялық процесс |
Сурет 2 - Педагогикалық инноватика сипаттамасы
Біз жасаған кәсіби оқытудағы педагогқа экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру әдістемесінің тиімділігін анықтау үшін педагогикалық эксперимент жасалды.
Педагогикалық эксперименттің құрылымы:
Дәлелдеу эксперименті кезеңінде білімнің, ептіліктер мен дағдылардың бастапқы бақылауы жүзеге асырылды. Қалыптастыру эксперименті екі кезеңде өткізілді:
Дәлелдеу
эксперименті кезінде білімнің,
ептілік пен дағдының бастапқы
бақылауы жүзеге асырылды. Қалыптастыру
эксперименті екі кезеңде
Информация о работе Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру