Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 20:12, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының объектісі: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориясымен танысу

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................5
І. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

1.1. Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын әзірлеу.....6-11
1.2. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну.................................................11-18
ІІ.ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ҚАЖЕТ
2.1. Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді
пайдалану.............................................................................................................18-20
2.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі..........................................20-28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................30

Работа содержит 1 файл

Экологиялық білім мен тәрбие беру.doc

— 226.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

 

 

 

 

КО және БӘД кафедрасы

 

 

КУРСТЫҚ

ЖҰМЫС

 

 

 

Пәні: Жалпы педагогика

 

Тақырыбы: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру

                    

 

                                                     Қабылдаған:

                                                                      п.ғ.к., доцент Мұхаметжанова А.О.


       (бағасы)                                                                                                       (аты-жөні)

                                                                                                                         

 

                                                                                            (қолы)                 (күні)


 

Комиссия мүшелері:                  Орындаған:

 

                                                                      ПО-10-2 топ студенті Сәдуақас А.Д.


     (қолы, аты-жөні )                                                                                          (аты-жөні)


                                                                            

                                                                                            10/8-042                                                                                                                     

       (қолы, аты-жөні)                                                                                  (сынақ кітапшасының нөмірі)


 

 

 

Қарағанды 2011

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

 

 

 

 

Институт  ӘТИ                                                       «БЕКІТЕМІН»

 

Кафедра   КО және БӘД                                       Кафедра меңгерушісi

                                                                       Ударцева С.М.     _______

                                                                                                                                    (қолы)

                                                                                          «____» _______________2011ж.

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА  ТАПСЫРМА

 

Пәні______________________________________________________________

__________________________________________________________________

Студент _______________________тобы________________________________

Тақырыбы_________________________________________________________

__________________________________________________________________

Негізгі мәліметтер __________________________________________________

__________________________________________________________________

 

 

 

Тапсырма берілді «___»_______________________________2011 ж.

Жетекші _____________________________ қолы ____________________

Студент ______________________________қолы ____________________

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................5

 

І. ОҚУШЫЛАРҒА  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ  ТӘРБИЕЛЕУ

 

1.1. Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын  әзірлеу.....6-11

 

1.2. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну.................................................11-18

 

ІІ.ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ҚАЖЕТ

2.1. Экологиялық  білім мен тәрбие табиғат ресурстарын  тиімді 

пайдалану.............................................................................................................18-20

2.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі..........................................20-28

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................30

 

Кіріспе

 

Зерттеу жұмысының  көкейкестілігі: Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру – адамның мінез – құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет.Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, өиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарөылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

Зерттеу жұмысының  объектісі: Оқушыларға  экологиялық  тәрбие  беру  процесі.

Курстық  жұмыстың  мақсаты: Оқушыларға экологиялық  тәрбие  берудің  теориясымен танысу

Курстық  жұмыстың  міндеті:

1. Мектеп оқушыларына  экологиялық білімін инновациялық технологияларды пайдалана отырып арттырудың теориялық негізін айқындау.

2. Оқушылардың экологиялық  білімін арттырудағы инновациялық  технологияларды пайдаланудың қазіргі  жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.

3. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну.

 

 

І. Оқушыларға  экологиялық білім беру және  тәрбиелеу 

 

1.1. Экологиялық білім мен тәрбиенің дидактикалық шарттарын  әзірлеу

Экологиялық білім  дегеніміз – табиғатты қорғау саясаты. Ал адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер түрі саналуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйеге жинақтап отырған сала – экология екендігінде дау жоқ. Экологиялық мәселелердің туу көзінің өзі әлеуметтік – экономикалық факторлар болып отыр.

Қалай болғанда да жоғары экологиялық сауаттылық әрбір адам баласынан талап етілмек. Экологиялық тазалыққа қамқорлық жасау үлкеннің де, кішінің де азаматтық борышы екендігін ескеруіміз қажет.

Үздіксіз экологиялық  білім беру жүйесі кішкентай бүлдіршіндер баратын балабақшадан басталып білікті маман даярлайтын оқу орындары деңгейімен айқындалса, құба – құп. Бұл тұста экологиялық міндеттерді нақты бақылауға алу, ұйымдастыру, орындау кез келген өндірістік немесе қоғамдық ұйымды басқарушыларға қойылатын талаптар  арқылы негізделуі қажет – ақ.

Қазіргі кезеңде  ізгілендіру мен демократияландыруға  бағытталған білім стандартын, оқытудың озық технологияларын, экологиялық  білім негіздерін оқыту үрдісіне енгізу білім беру жүйесін дамытудың  негізі болып табылады. Сол себепті  экономикалық сана мен экологиялық мәдениеттілікті мектеп жасынан қалыптастыру үшін кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру – кезек күттірмес міндеттердің бірі.

Экология пәнін  оқыту экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың  дамуына талдау жасауға үйретеді. Жалпы білім беретін мектептерде  және жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жайын ғылыми - әдістемелік тұрғыда талдап, үздіксіз экологиялық білім беру мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын, дидактикалық негіздерін жолға қою керек. Оқушылардың үздіксіз, бағдарлы, сапалы білім жүйелерінің бір – бірімен сабақтастығы сақталуы тиіс.

Оқушылардың экологиялық  сауаттылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін  арттыру үшін оқытушының білімі мен  педагогикалық шеберлігі үлкен  ықпал жасайды.

Экологиялық білім мен  тәрбиенің дидактикалық шарттарын  әзірлеу және оны жетілдіру мәселелеріне Егинисова А.К., В.П. Карыбжанова, Г.М. Сабденова, Т.И. Тарасованың зерттеу еңбектері арналған.

Елбасы Н.Назарбаев  қалыптасқан дәстүр бойынша 2006 жылғы 1-ші наурыздағы Қазақстан халқына  Жолдауында. Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер-Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін төртінші басымдықтың маңызы ерекше. «Қазіргі білім беру жүйесін дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі».

Соңғы 10 жыл ішінде жоғары білім беру жүйесінде шешімін күткен мәселелер аз емес. Жоғары оқу орындарының саны тез өскенімен, жалпылай алғанда көпшілігінің материалдық-техникалық, кадрлық, оқу-әдістемелік базасы әлі де жеткіліксіз. Университеттердің оқу әне тұрақты оқу құралдарымен толық жабдықталмаған. Кейбір мамандықтар бойынша мемлекеттік тілде оқулықтардың және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің тапшылығы байқалады. Соңғы жылдары экология саласының мамандықтары аса қажетті мамандықтар қатарынан орын ала алмай келгені бәрімізге белгілі. Енді міне, экономика мен өндіріс дамуының өрлеуіне және аталған мамандықтарға бөлінген грант пен несие санының өсуіне байланысты жағдай мүлде өзгерді. «Ғылыми потенциалдың дамуы, - делінген Жолдауда, -қолданбалы ғылымды өндіріске, бизнеске мейлінше жақындату бағытында жүруі қажет».

Жолдауда  орта және орта кәсіптік білім беруді реформалаужоспарына жаңа пәндер кіргенімен, олар қажетті мөлшерде типтік бағдарламамен жға ерекше көңіл бөлінген. Соңғы уақытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу туралы көп айтылып, бұқаралық ақпараттық құралдарда көп талқылануда. Алайда субъективті фактор, оқушының потенциалдық мүмкіндіктері ескерілмейді. Жолдауда бұл мәселе накты айқындалған: жоғары білім алғысы келетіндер үшін 12 жылдық білім берудің жобасын ұсыну кажет, ал кәсіптік білім алғысы келетін оқушылар үшін 10 жылдық орта білім жүйесін қайта қарастырған жөн.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, 11-12 сынып оқушылары мектеп қабырғасында-ақ болашак кәсібін, нақты мамандығын таңдап, білім алу кеңістігін айқындайды. Істің бұлай ұйымдасуы жоғары сынып оқушыларын жоғары оқу орнында кредиттік жүйемен оқуға, элективті пәндерді талдау арқылы білім алудың өзіндік, жеке жобасын құруға дайындық болады. Қазіргі таңда дипломды мамандар шамадан тыс көп, соған қарамастан өндірісте жұмысшы қолы жетіспейді. Басқарушы көп, білікті маман аз. 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған межені Президент өз Жолдауында әдемі тарқатып айтты. Он жылдықты бітірген оқушы одан әрі кәсіптік-техникалық білім алып, отбасын құруға бет бұрса, бұған біздің қарсылығымыз жоқ, жастардың бәрі жоғары оқу орнына деген талап қоймаймыз, деді Президентіміз.

Көңіл қойып қарасақ, Қазақстан Республикасы Президентінің әр жылдардағы Жолдауларының арасында өте тығыз байланыс бар. 2004 жылғы Жолдауында: «Ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады», - десе, 2005 жылғы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім деңгейін жетілдіріп, дамытпаған ел XXI ғасырда жоқ болып кетуі ықтимал». 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы кабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», - деп қадап айтты.

Аса дарынды, қабілетті  жастар ғана жоғары білімге құлшыныс танытса дұрыс болар еді. Қазақстандық білім моделін өзімізге лайықтап, жаңаша құрып, әлемдік деңгейге көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасалынады.

Еліміздің жоғары оқу  орындары өтпелі кезеңде жаңа міндеттер  мен уақыт талабына сай түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

Заман талабы өзгерген сайын  университеттерге, жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап  та өзгереді.

Бүгінде теледидарда  болсын, журналдар мен газеттердің  беттерінде болсын, біздің ұлттық идеямыздың мәні мен мазмұны турасынан аз пікір айтылып жүрген жоқ. Елбасымыздың өзі алға қойған осы мақсатты басты ұлттық идеямыз деп қабылдаймыз. Өз елің әлемнің қай түкпірінде болсын бәсекеге қабілетті ел ретінде танылып, қадір-кұрметке бөленіп жатса, бұл біздің ұлттық мақтаныш болып табылады. Қазақстан Республикасы ғалымдарының іргелі зерттеулері шетелдерге танылып, жарияланып жатса, біз соған лайықты кызмет етсек, ғылыми әлеуметімізді көрсетеміз. Өркениетті елдердің қатарына қосылу - ең әуелі ойы өрелі, сөзі өтімді, ізденуі тереңнен тамыр тартып, биікте тұрған, соған ұмтылатын адамдардың парызы болу деген сөз.

Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы  Республика Конституциясының қағидаларына, білім туралы заңдарға, ел Президенті Н.А. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік басымдықтары арасында ерекше орын алады.

 Қазіргі кездегі  жоғары білімнің мақсатына жаңаша  түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік кабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Ал енді жоғары кәсіби білім берудің алдында  тұрған неғұрлым маңызды, мәнді міндеттерге келсек, мыналарды бөле-жара атаған жөн деп есептейміз:

Информация о работе Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру