Ойын - психокоррекция құралы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері. Психологиялық терапия жұмыстарын қолдану тиімді болады, егер:
1.Ойынды тұзету әдісі ретінде қолданудың нәтижесінде балалардың эмоционалдық күйі анықталып, ғылыми негізі жасалса.
2. Ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде і қолдануда жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді ескерудің психологиялық шарттары ашып көрсетілсе.
Зерттеу обьектісі. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен ойын терапиясын түзету әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу пәні. Ойынды психокоррекция әдісі ретінде қолдану.

Содержание

Кіріспе.

І- бөлім.
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану.



ІІ -бөлім.
1.Ойынды коррекциялық–дамытушылық мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ойын жаттығуларын психокоррекция құралы ретінде қолданудың әдістерімен формалары


Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша

Работа содержит 1 файл

ойын психотерапиясы.doc

— 306.00 Кб (Скачать)

Егер адам өмірінде қарым-қатынас  жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі дәлелденсе (Божович Л.И, Запарожец А.В, Лисина М.И, Любминская А.А, Шерьязданова Қ.Т және басқалары) онда қарым-қатынас дара түрде қарастырылып оны жетілдіру әдіс-тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі. Артемова Л.В, Кушина В.Ф, Иваннова Р.А, Тетлицкая И.Б, Щербакова Е.И, зерттеулерінде ойын әрекетіне (жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста) қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді балалардың өз қатарластарымен және ересектермен қарым-қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырылады.

Балалық шақ ойыннан  бөлінбейді. Мәдениетте балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Ойынның элементі барлық белгілі мәдениеттерде кездеседі. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол ойын.

Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын  аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд II-ші дүние жүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарымен өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Егер бала өзінің қайғы-мұңын ойында көрсете алса, онда ол қорқыныштан арылады және оның басынан кешкені психологиялық жарақатқа айналмайды.

Ойын арқылы әсер етудің дамуындағы екінші ірі бағыт 30-шы жылдары Дэвид  Левидің жұмысында алдын-ала құрылған ойындар мен әсер етудегі қандайда бір психологиялық жарақат жағдайды басынан өткізген балалармен жұмыс  істеу кезіндегі әсер ету жайлы ойлар дамыды. Леви ойын балаларға әсер ету мүмкіндігін береді деп сендіруге ықпал жасады.

Джесеп Тафт пен Фредерики Аленнің  көңіл қою, ойыны деп аталатын зерттеулерінің шығуымен байланысты ойынмен  әсер етудің үшінші маңызды бағыты болып табылады.

Ойын әсерінің төртінші ірі бағыты болып Вержинин Экслайп жұмысы табылады.Ол ойынның принципін жақсы қолданады. (мысалы индивидтің өсуге талпынуы, индивидтің өзінің дамуын басқара алу  қабілеті.).

 Эксперименттік зерттеулер нәтижесі ойын, ертегі терапиясының эмоционалдық күйді емдеуге ықпалы бар екендігін айқындап көрсете білді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1.  Абульханова К.А   Психология и сознание личности (проблемы методолгии, теории и исследования реальной личности): Избранные психологические труды.- М: Московский психолого- социольный институт, 1999
  2. Абульханова –Славская К.А Деятельность и психология личности М., 1980
  3. Адлер А. Индувидуальная психология // История зарубежной психологии Тексты:- М., 1986
  4. Алдамұратов Ж. Психология (оқу құралы) Қызылорда- Ташкент, 1926
  5. Алдамұратов Ж Жан жүйесі және өнер таңдау  Мәскеу 1926
  6. Алдамұратов Ә Қызықты психология Алматы, «Қазақ университеті»1992
  7. Аминов Н.А Морозова Н.А. Смятских А.Л Психодиогностика специальных способностей социальных работников // Социальная работа / Под ред. И.А Зимней М., 1977
  8. Аминов н.А Некоторые теорические аспекты диференциальной психодиогностики специальных способностей // Типологическая диогностика и оброзавание/ Под ред. П. Гусевой М, 1994 Гл 5...
  9. 9.Ананев.  Б.Г О пробламах современного человекознание М 1977
  10. Ананьев б.Г и др Особенности восприятие пространства у детей М 1977
  11. Альтон Г.С ... И тут появился изобретатель.- М Дет. Лит 1984- 126 стр.
  12. Березина В.Г  и др  Детство творческой личности: Встреча с чудом. Наставники. Достойная цель
  13. Бунеев Р.Н., Бунеева Е.В. Маленькая дверь в большой мир: Кн. Для чтения во 2 кл. Ср.шк. Пособие для уч-ся: В 2 ч.- М.: С-инфо; Баллас, 1997.-Ч.1.-224С
  14. Бунеев Р.Н., Бунеева Е.В. Маленькая дверь в большой мир: Кн. Для чтения во 2 кл. Ср.шк. Пособие для уч-ся: В 2 ч.- М.: С-инфо; Баллас, 1997.-Ч.2.-160С
  15. Бунеев Р.Н., Бунеева Е.В.Пронина О.В Моя любимая азбука: Учебник для первоклассников..- М.: С-инфо; Баллас, 1996.-Ч.1.-192 с
  16. Бухволов В.А  Биологические задачи и проблемы: Задачник для уч-ся общеобраз. Шк.-2-е изд., перераб. И доп.- Рига,1994.-135 с.
  17. Бернс Р.В. Развитие Я- коцепции и воспитание.- М.,1986.
  18. Божович Л.И   Этапы формирования личности в онтогенезе.- М., 1979.
  19. Божович Л.И   Проблемы формирования личности. – М.: 1995
  20. Божевич Л.И Личность и ее формирование в детском возросте. М., 1968
  21. Безруких М.М Ершова С.П Князева М.Г Как подготовить ребенка к школе и по какой программе учиться. М ., 1993
  22. Бугрименко Е.А., Цукерман Г.А Чтение без принуждений М., 1993
  23. Васелюк Ф.Е Психология переживания.- М: МГУ, 1984
  24. Волина В.В Развитие детей. М., 1991
  25. Волкова Г.А Игрвая деятельность.- М.,1983

 

Қосымшалар

53



І. Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары

«Көрші  ойыны»

Көрші ойынын үлкен бөлмеде, көгалды таза ауада өткізуге болады. Ойыншылар саны 10-нан 30-ға дейін болуы керек.   Ойыншылар   дөңгеленіп,   екі-екіден шеңбер құрып отырады. Тағы бір адам ортаға шығып, жұп болып отырған ойыншылардың бір жұбына «Көршіңмен   татусың   ба?»—деп   сұрайды. Егер сұрақ қойған жұптың біреуі «Көршіммен аразбын» десе, онда сұрақ қоюшы адам оның қасындағы көрішісін орнынан тұрғызып, оның орнына өзі отырады. Орнынан тұрған адам ортаға шығып, басқа бір жұптан ілгерідегідей «Көршіңмен татусың ба?» деп сұрап, ойынды соза береді.

Ал егер ойыншы көршісімен «татумын» деп, қасында жұп болып отырған серігін жібергісі келмесе, онда сұрақ қоюшы адам оны жазалайды. Ол ән салады, би билейді, болмаса әңгімеден, поэмадан үзінді айтып береді. Осылай етіп, ол көршісін альш қалады. Егер ойыншы бұл тапсырманы орындай алмаса, өз орнын сұрақ қоюшы адамға береді де, өзі соның міндетін атқаруға кірісіп ойынды қайта бастайды. Сөйтіп, ойын осылайша созыла береді.             

                              Кім шертті?»

«Кім шертті?» ойыны үйде, клубтарда, көгалды жерде отырып ойнауға өте қолайлы. Ойыншылар екі бөлініп отырьш болғаннан кейін, әр топ өздеріне бастық сайлайды.

Әр топты басқарушы өз тобының ойыншыларына барьш құлағына сыбырлап, жеке-жеке жасырын ат қояды: (Мысалы, Марат, Болат, Асқар, Серік деген сияқты). Жасырын аттарды айтып болғаннан кейін бастықтар өз орнына келіп отырады. Бір топтың ойыншылары екінші топтың ойыншыларының атын білмеуге тиіс. Сөйтіп, барлығы тегіс жайласып болғаннан кейін бірінші топтың бастығы екінші топқа келіп: «Сіздерден бір «жүйрік» сұрай келдім» — деп топты ажыратады.

Екінші топтың бастығы «Таңдағаныңызды алыңыз»,— дейді. Әлгі таңдаушы ойнаушылардың ішінен көңіліне ұнағанының көзін екі қолымен басып тұрып, өз тобындағы, ойнаушылардың бірінің жасырын атын атап шақырады. Ол қай жерден жүріп жеткенін білдірмей, ептеп басып келіп, көзі басулы тұрған ойыншының маңдайына шертіп кетеді. Мұны сездірмес үшін ойыншының көзін қолымен басып тұрған басқарушы шертуші адам отыра бергенде: «Сілкін» деп өз тобына бұйрық береді. Осы бұйрық бойынша олардың барлығы да үстін қағынып, сілкініп, жайласып отырады.

Мұнан  соң  бастаушы   қасындағы   ойыншының көзін ашады да: «Кәне, кім шертті?»— деп сұрайды. Жаңағы өзін шерткен адамды ол табуға міндетті. Егер ойыншының атын атап, көрсетіп берсе, ол шертуші адамды өз тобына қосып алады. Ал кімнің шерткенін таба алмаса, онда өзі ол айтқан «жүйрік» болып, көрші топқа кете барады. Енді бірінші топтың бастаушысы, екінші топқа барып, жаңағы сөзді айтып, біреудің көзін басады, өз тобы ойыншыларының  бірін  жасырып  атымен атап шақырады. Ойын жоғарыда айтылған тәртіп бойынша жүріп отырады.

  Сөйтіп,  ақыры екі топ  бірін-бірі  ұтып  алады. Мұнан кейін ойын қайта басталады.

Есімде

(Тобық ойыны)

Мұны кей  жерде «Тобық», ал кей жерлерде «Есімде»  деп атайды. Бірақ, сайып келгенде, бұлардың негізі бір арнаға келіп құяды. Ойынның мақсаты: есте мықтап ұстау, жаңылшақтыққа, ұмытшақтыққа жол бермеу. Мұны көбінесе ересек адамдар ойнайды, олар өзара уәделесіп бәс тігіседі. Ойынның мерзімі қысқа болса,   тобықты   қолға  қысып   жүруге,   ал мерзімі ұзақ болса, қалтаға салып жүруге де болады.

Жақсылап, тазалап мұжылған қойдың тобығын бір ойыншы екінші кісіге береді. «Бұл екеуі кез-келген уақытта жолыға қалса, бірінші ойыншы: Есімде»— деп әңгімесін бастайды. «Есімде» демесе, ұтылады. Ал екінші ойыншы тобықты көрсетуге тиіс, егер тобықты көрсете алмаса, онда екінші ойыншы ұтылады. Ұтқан адам тиісті жүлде алады.

Тобық ойыны, сонымен қатар, өте сақ болуды керек етеді. Өйткені, қай уақытта, қай жерде болсын, тобықты сақтаған жақ оны бәс тігіскен кісіге көрсетуі қажет. Ешқайсысы жаңылмаса, ұмытпаса әрі сақ болса,   ойын   созыла береді,   сөйтіп   бірін-бірі жаңылдырып, қапыда калдырғанша ойын тоқталмайды.

 

 

 

 


Информация о работе Ойын - психокоррекция құралы ретінде