Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 17:44, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері. Психологиялық терапия жұмыстарын қолдану тиімді болады, егер:
1.Ойынды тұзету әдісі ретінде қолданудың нәтижесінде балалардың эмоционалдық күйі анықталып, ғылыми негізі жасалса.
2. Ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде і қолдануда жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді ескерудің психологиялық шарттары ашып көрсетілсе.
Зерттеу обьектісі. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен ойын терапиясын түзету әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу пәні. Ойынды психокоррекция әдісі ретінде қолдану.
Кіріспе.
І- бөлім.
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану.
ІІ -бөлім.
1.Ойынды коррекциялық–дамытушылық мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ойын жаттығуларын психокоррекция құралы ретінде қолданудың әдістерімен формалары
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ойын - психокоррекция құралы ретінде
Қорғауға жіберілді: Орындаған: «Білім беруді модернизациялау
№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп
Қорғалды
Бағасы ____________
Семей 2011
Мазмұны
Кіріспе.
І- бөлім.
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану.
ІІ -бөлім.
1.Ойынды коррекциялық–дамытушылық
мақсаттарда пайдалану
2. Бастауыш сынып оқушыларына ойын жаттығуларын психокоррекция құралы ретінде қолданудың әдістерімен формалары
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Психологиялық білім адам әрекет ететін аймақтарда, әсіресе адамның мінез-құлқына қатысты мәселелер бар жерлерде кең қолданылады. Білім беру ісінде психологияның қажеттілгі өте ерте пайда болды, ал қазір психологиясыз қадам жасау мүмкін емес. Қазіргі психологиялық психотерапияның әлемі – бұл пациенттармен клиенттарға көмек көрсетудің әр түрлі 500-ден астам белсенді түрі. Әрбір осы түрдің ерекше тілдерімен түсінік шеңберлері, ерекше әдістері, жұмыс техникаларымен тәсілдері бар.
Психологиялық терапия практикалық психологияның бір саласы болып табылады. Психотерапия сферасын практикалық психология бөлімі ретінде қарастыра отырып, оның негізін салушылар –З.Фрейд, К.Г.Юнг, К.Роджерс, Р.Мея теориялық, концептуалдық негізінің міндеттілігін атап өтті. Соңғы жылдары кеңестік психолог- психотерапевтар Ф.Е.Васильюк, Е.Т.Соколова, Т.А. Флоренская, А.Ф.Копьев, А.У.Хараш т.б. психологиялық-терапияны диалогтық тұрғыда қарастырады. Бұл көзқарастың теориялық базасы А.А.Ухтомскийдің доминантасының физиологиялық концепциясы болып табылады. Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі ересектермен, өз қатарластарымен қарым-қатынасты тиімді жасалуы педагокикалық, психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Осы тұрғыда қорда материалдардың аздығы аңғарылмайтын сияқты-да. Балалардың жас ерекшеліктерін қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Осы күндері балалардың ойын әрекеті біршама зерттелінген [25]
Ойын-баланың жеке басын дамутыда
қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің
мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға
негізделген белсенділік
(Рубинштейн С. Л, Выготский Л. С, Эльконин Д. Б, Шмаков С және т.б.)
Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта, қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А, Роджерс К, Леви Д, Тафт Д және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.
Ойын әрекеттерін оқыту үрдісіне қолданудың тиімділігі, әлеуметтік- психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педогогикалық әдебиетте жеткілікті (Вербицкий А.А, Пахомов Ю.В, Бедерханова В.И және т.б).
Зерттеу жұмысының мақсаты. Кіші сынып оқушылары эмоционалдық қатынасының ойын терапиясына тәуелділігін анықтау және балаларда жағымды психикалық күйді қалыптастыруда ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде тиімді қолдану.
Зерттеу болжамы. Баланың ішкі эмоционалдық күйі бала психикасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ойынды психокоррекция әдістерін қолдану бастауыш мектеп жасындағы балалардың қалыпты психикалық дамуын қамтамасыз етеді деген болжам жасаймыз.
Зерттеудің міндеттері. Психологиялық терапия жұмыстарын қолдану тиімді болады, егер:
1.Ойынды тұзету әдісі ретінде қолданудың нәтижесінде балалардың эмоционалдық күйі анықталып, ғылыми негізі жасалса.
2. Ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде і қолдануда жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді ескерудің психологиялық шарттары ашып көрсетілсе.
Зерттеу обьектісі. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен ойын терапиясын түзету әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу пәні. Ойынды психокоррекция әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу әдістері.
- әңгімелесу әдісі
-талдау әдісі (психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік
-берілген проблема бойынша тәжірибені толықтыру.
-жұмыс барысында балаларды мақсатқа сүйене бақылау.
І- бөлім.
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
Ойын – баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс - әрекеттің мақсат – бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден – баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл – ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі (Рубинштейн С.Л., Выготский Л.С., Эльконин Д.Б., Шмаков С). [13]
Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А., Роджерс К., Леви Д., Тафт Д. Және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады. Ойын әрекеттерін оқыту үрдісінде қолданудың тиімділігі, әлеуметтік – психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педагогикалық әдебиетте жеткілікті (Вербиций А.А., Пахомов Ю.В., Бедерханов В.И.).
Ойын – халық мәдениетінің құндылығы ретінде де аз зерттелінген жоқ Егер адам өмірінде қарым – қатынас жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі дәлелденсе, ал қарым – қатынас дара түрде қарастырылып, оны жетілдіру әдіс – тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды қарым – қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі.
Артемова Л.В., Кушина В.Ф., Иванова Р.А., Теплицкая И.Б., Щербакова Е.И. зерттеулерінде ойын әрекетіне қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді өз қатарластарымен және ересектермен қарым – қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырылды.
Зигмунд Фрейд балалармен өте аз жұмыс жасаса да, бала ойынының мәнін айқын түсінді. Ол: “Біз бала бойынан елестің алғашқы белгілерін іздеуіміз керек. Баланың ең сүйікті және тартымды іс - әрекеті – ойын. Ойын үстінде бала жазушыға ұқсас келеді: ол өзінің жеке әлемін жасайды немесе әлемді өзіне қалай ұнаса, солай етіп құрады. Ол өз әлемін шын етіп қабылдамайды десек, қателескен болар едік. Керісінше, ол ойынға шын беріледі және барлық эмоциясын салады” деп түсіндірді.
Фрэнктің тұжырымы бойынша, бала үшін ойын ешкім үйрете алмайтын нәрсеге үйрету әдісі болып табылады. Бұл шын өмірдегі, кеңістік пен уақыттағы, заттардағы, жануар құрылымындағы және адамдардағы зерттеу және бағларлау әдісі. Ойын процесіне араласа отырып балалар біздің символикалық әлемде өмір сүруге үйренеді. [18]
Уолтман былай деп жазады: “Баланың өзінен туындайтын іс - әрекеті өз тәжірибесін және соған байланысты сезімін құруға мүмкіндік береді. Ойын сонымен бірге балаға өзіне жағымсыз жағдайларға жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Кішкентай балаға семантикалық жылдамдық жетіспейді, онда түсіну қабілеті енді ғана қалыптасып келеді”. [8]
Ойынның бала өмірінде орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті ХVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек».
Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді және фрустрациядан арылады.
Ойын – бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғни автоматты түрде қарым – қатынастағы кедергіні жылжыту. Жоғарғы қатынас деңгейіне көтерілу үшін сөзді пайдалану қажет. Психолог бала деңгейіне түсіп және онымен қарым – қатынас жасау үшін жауапкершілікті болады. Ойын сезімдерінің берілуімен және кикілжіңдердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вербальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезінгенін айту үшін когнитивті, вербальды құралдары жетіспейді; эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы, Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенін білеміз.
Сөз символдардын құралады, ал символдар – абстракция. Онда біздің сөзбен айтайын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таң қаларлық жай емес.Баланың әлемі – бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын – бұл баланың нақты өз ойы өз әлеміне қалыптасу тәсілі. Ойын – бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс - әрекет. Бала ойын процесіне қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді оның нәтижесі маңызды да емес.
Ойында баланың физиологиялық, сана – сезімдік, эмоционалды сапалары шығармашылық үдеріске қосылады және оған әлеуметті әрекеттер қажет болуы мүмкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен психолог арасындағы қарым – қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.
Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдатушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады (вербальды түрде). Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру қарым – қатынас зерттеу үшін құрал болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде, балалар өз сезімдердің және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балаларға қарым – қатынас жасау құралы және айту динамикасы біраз бөлектеу, бірақ сезімдері үлкендердікімен бірдей (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт). Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзәк сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Бала ойын мағынаға толы және оларға сөз табу қиынға түсетін сәттерде ойын арқылы өз дегеніне жеткізу мүмкін болғандықтан, ойын бала үшін өте маңызды. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әрекеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалану мүмкін. Ойын - өз ойын айту үшін символикалық тіл және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман – тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады. Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдстыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: “Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып, ойнайды. Осылайша, бала өзінің “Мен” образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап, ашады. Аналогия түрде ойында бала ойын материалдармен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады”.Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді. [14]
Бала өмірінде ерекше маңызға ие іс - әрекет ретіндегі ойын мәселесі әркез бала дамуын зерттеушілердің басты назарында болып келеді. [25]
Шетелдік психологияда
ойын табиғатынан инстинкті –
биологиялық, ерекше рәміздік
формадағы іс - әрекет ретінде
қарастырылады. Ал отандық