Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 17:44, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері. Психологиялық терапия жұмыстарын қолдану тиімді болады, егер:
1.Ойынды тұзету әдісі ретінде қолданудың нәтижесінде балалардың эмоционалдық күйі анықталып, ғылыми негізі жасалса.
2. Ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде і қолдануда жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді ескерудің психологиялық шарттары ашып көрсетілсе.
Зерттеу обьектісі. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен ойын терапиясын түзету әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу пәні. Ойынды психокоррекция әдісі ретінде қолдану.
Кіріспе.
І- бөлім.
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану.
ІІ -бөлім.
1.Ойынды коррекциялық–дамытушылық мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ойын жаттығуларын психокоррекция құралы ретінде қолданудың әдістерімен формалары
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
Д. Б. Элькониннің пікірінше, ол мазмұны, мотивтері мен қызметтері бойынша әлеуметтік болып келеді. Ойын – бұл, оның әлеуметтік, адамдық мәні – оның міндеттері мен адамдар арасындағы қатынастардың ережелері айшықталатын, адамдық іс - әрекеттің қайта жаңғыруы. [15]
Ойынның психологиялық мазмұны әлеуметтік қатынастар мен жағдайларды үлгілеуді құрайды. Бұл «іс - әрекеттің орталық сипатты сәті және еңбек пен қоғамдық өмірдегі ересектердің арасындағы қатынастар ретінде баланың жаңғыртатыны». [ 15]
Балалар ойынның психологиялық механизмдерін түсінуде бала ойынының мотивтері жайлы сауал негізгілердің бірі болып табылады. Ойын мотивтері, бір жағынан, баланың ересек сияқты болып, ересек сияқты әрекет еткісі келуімен, екінші жағынан, баланың психикалық даму жүрісінің ішкі логикасымен анықталады.
Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын «жүзеге аспайтын тенденциялардың иллюзиялық жүзеге асырылуы» болып табылады және екі тенденцияның соқтығысуынан: баланың психикалық даму ерекшеліктері мен тілектерді осы сәтте орындаудың бұрынғы тенденцияларын сақтауға орай өз көрінісін әлі таба алмаған мотивтерді жүзеге асыру тілегімен байланысты жалпылама аффектілердің қалыптасуынан туындайды.
Д.Б. Эльконин баланың ересектермен бірлесіп өмір сүру тілегін жүзеге асыратын, баланың әлеуметтік мотивтерінің мағынасын айқындайды және баланың ересектер өміріне ену мотивтері тікелей қанағаттандырыла алмағанда, қоғамның тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде социогенезде рөлдік ойынның пайда болатынын көрсетеді. Осылайша, ойын баланың ересектер өміріне қатысу тәсілі ретінде көрінеді. Осыған орай, жаңа әлеуметтік қажеттіліктер мен мотивтердің дамуына, баланың шындыққа қатынасының жаңа категорияларының пайда болуына мүмкіндік береді.
Л. С. Выготский ойын еркінділік, ерік және мораль мектебі болып келеді. «Ойында еркіндік – иллюзиялы» - бала үшін тартымды рольді жүзеге асыру, әлеуметтік қатынастардың логикасы мен қоғамдағы әрекеттесу ережелерін білдіретін, ережеге бағынуды талап етеді. Роль балаға ереженің мағынасын ашады, оны түсінуді, қабылдауды және ережеге бағынуды мүмкін етеді. Д.Б. Эльконин баланың өз әрекеттерін ережеге бағындыру қабілетінің дамуында төрт кезеңді ажыратады:
Бірінші кезеңде ережелер жоқ және бала оларды айшықтамайды, бұл жиі ойында рольдің логикасын бұзуға әкеледі;
Екінші кезеңде ережелер айқын формада әлі көрінбейді, бірақ рольді орындау ережеге бағынышты, баланың ойын әрекетінде объективтендірілген.
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану
Бірінші кезеңде психотерапевтік клиентпен жұмыс қажеттілігінен туындайды. Мұнда терапевт пен клиент аралығындағы оптикалды қарым-қатынасқа көп көңіл бөлінеді. Мұнда психотерапевтке келген клиенттің мотивация типтерін анықтау тиімді.
Тиімді пациенттер – заңдылық бойынша, өз-өзімен жұмыс істеуге жақсы дайындалған. Мінез-құлық ерекшеліктері: жүрек пен басын реттеу, тежеулі эмоциялар,
Жас ерекшелік психологиясының маңызды қолданбалы міндеті дамудағы бұзылулар мен ауытқуларды ерте диагностикалау мен анықтау, олардың алдын алу мен коррекциясы мақсатында балалардың психикалық даму барысын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырудан тұрады. [ 16.76]
«Психикалық дамудың
коррекциясы» терминінің өзі
алғаш рет дефектологияда
Психологиялық тәжірибенің түрі ретінде, психологиялық – педагогикалық коррекция ұзақ әрі маңызды даму тарихына ие. Қазіргі психологиялық психотерапияның әлемі – бұл пациенттармен клиенттарға көмек көрсетудің әр түрлі 500-ден астам белсенді түрі. Әрбір осы түрдің ерекше тілдерімен түсінік шеңберлері, ерекше әдістері, жұмыс техникаларымен тәсілдері бар. Психологиялық терапия практикалық психологияның бір саласы болып табылады. Психотерапия сферасын практикалық психология бөлімі ретінде қарастыра отырып, оның негізін салушылар –З.Фрейд, К.Г.Юнг, К.Роджерс, Р.Мея теориялық, концептуалдық негізінің міндеттілігін атап өтті. Соңғы жылдары кеңестік психолог- психотерапевтар Ф.Е.Васильюк, Е.Т.Соколова, Т.А. Флоренская, А.Ф.Копьев, А.У.Хараш т.б. психологиялық-терапияны диалогтық тұрғыда қарастырады. Бұл көзқарастың теориялық базасы А.А.Ухтомскийдің доминантасының физиологиялық концепциясы болып табылады.
Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд ІІ – ші дүние жүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған.
Ойынның ерекшеліктері (К.Стопоро).
1. Ермек ойындар-ойында сюжет болмайды, оның мақсаты қатысушылардың көмегі, мысалы: бір-бірімен артынан қуу, қытықтау және т.б.
2. Жаттығу ойындар –сюжет болмайды, көбіне дене жаттығуына арналған. Мысалы: ағашқа тартыну, ағаштың үстінен жүгіру.
3. Сюжетті ойын - ойын әрекеті
бар, алғашқы қиялдағы
ситуацияларды көрсету.
4. Процесуалды еліктеу ойындары – нақты кезеңге байланысты әрекеттер мен жағдайларды сыртқа шығару.
5. Дәстүрлі ойындар ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ойындар. Бұнда жеке бастың сапасы көрінеді. Осы жәке басты сыйлауды талап етуден тұрады.[32]
1. Қаңырлық (страптивость) –
неготивизм мен
2. Өз ерікті бала барлығын өзі жасағысы келеді. Бұл нәрестелік кезеңдегі дағдарысты еске салады. Бірақ онда бала дене өзбеттігіне тырысса, бұл жағдайда кез келген ойдың өздігінен орындалуымен тұрады.
3. Үлкендерді бағалау Бюллер:
«шешесі баласынан ақымақ
4. Протест- бунт- ата- аналармен
жиі келіспеуден көріспеді.
5. Стремление к диспотизму - бала қоршаған адамдарға диспоттық билік көрсетеді. Өзі осыдан көп пайда табады. Бұл дағдарыс мен өзім деп аталады. Мен өзім диспотиясы баланың ересектерге деген қарым- қатынастарын әлеуметтенуден тұрады.
Ойын баланың ішкі әлеміне нақты форма мен өрнек береді. Ойында эмоционалды маңызды тәжірибені ой өрнегі алады. Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін нәрсені жағдайдың бақылауына айналдыру. Бұл балаларға қиыншылықтарды жеңе білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезентация арқылы жасалады. Ойын бала үшін өз пікірін білдіретін символикалық тіл болғандықтан, психолог ойынды пайдаланады. Балалар ойын арқылы қарым – қатынас жасайды. Балалар ойынын бұдан да толық бағалауға болады, егер ойын үшін коммуникация құралы екенін мойындасақ.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару – табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс - әрекет.
Ойын – бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғни автоматты түрде қарым – қатынастағы барьерді жылжыту. Жоғарғы қатынас деңгейіне көтерілу үшін сөзді пайдалану қажет.
Психолог бала деңгейіне түсіп және онымен қарым – қатынас жасау үшін жауапкершілікті болады.
Ойын сезімдерінің берілуімен және кикілжіндердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вербальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезінгенін айту үшін когнитивті, вербальды құралдары жетіспейді; эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы, Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенін білеміз.
Сөз символдардын құралады, ал символдар – абстракция. Онда біздің сөзбен айтайын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таң қаларлық жай емес.
Баланың әлемі – бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын – бұл баланың нақты өз ойы өз әлеміне қалыптасу тәсілі.
Ойын – бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс - әрекет. Бала ойын процесіне қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді оның нәтижесі маңызды да емес.
Ойында баланың физиологиялық, сана – сезімдік, эмоционалды сапалары шығармашылық үдеріске қосылады және оған әлеуметті әрекеттер қажет болуы мүмкін.
Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдатушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады (вербальды түрде). Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру қарым – қатынас зерттеу үшін құрал болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде, балалар өз сезімдердің және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады.
Балаларға қарым – қатынас жасау
құралы және айту динамикасы біраз
бөлектеу, бірақ сезімдері үлкендердікіме
Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзәк сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады.
Бала ойын мағынаға толы және оларға сөз табу қиынға түсетін сәттерде ойын арқылы өз дегеніне жеткізу мүмкін болғандықтан, ойын бала үшін өте маңызды. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әрекеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалану мүмкін. Ойын - өз ойын айту үшін символикалық тіл және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман – тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады.
Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдстыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: “Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып, ойнайды.
Осылайша, бала өзінің “Мен” образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап, ашады.
Аналогия түрде ойында бала ойын материалдармен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады”.
Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді.
Бала әлемі – бұл іс - әрекеттер мен қозғалыстар әлемі болғандықтан, ойын әсерлері психологқа осы әлемге енуге мүмкіндік береді. Психологқа баланың қиындықтарын бөлісуге және эмоционалды өміріне қатысуына рұқсат етіледі. бАла ойынға толығымен енетін болғандықтан, экспрессия және сезім балаларда ерекше, нақты және осы сәттік болып өтеді, бұл психологке баланың іс - әрекетіне, сезіміне және эмоциясына көңіл аударуына мүмкіндік береді.
Ойын арқылы әсер ету үдерісінің стадиялары психолог пен бала арасындағы өзара әрекет етуінің нәтижесі ретінде пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті – ойын. Баланың барлық психикалық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Бала сан түрлі ойындарды үйренеді. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын әсері арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынаста жасайды. Ал мұның өзі дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі артады.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әрекеттерін қайталауға тырысады. Мазмұнды – рөлдік, әсіресе, интеллекттік (ақыл – ой) ойындар белгілі бір ережелерді сақтап ойнауды талап етеді.