Ойын - психокоррекция құралы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері. Психологиялық терапия жұмыстарын қолдану тиімді болады, егер:
1.Ойынды тұзету әдісі ретінде қолданудың нәтижесінде балалардың эмоционалдық күйі анықталып, ғылыми негізі жасалса.
2. Ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде і қолдануда жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді ескерудің психологиялық шарттары ашып көрсетілсе.
Зерттеу обьектісі. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен ойын терапиясын түзету әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу пәні. Ойынды психокоррекция әдісі ретінде қолдану.

Содержание

Кіріспе.

І- бөлім.
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану.



ІІ -бөлім.
1.Ойынды коррекциялық–дамытушылық мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ойын жаттығуларын психокоррекция құралы ретінде қолданудың әдістерімен формалары


Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша

Работа содержит 1 файл

ойын психотерапиясы.doc

— 306.00 Кб (Скачать)

Ойында-баланың физиологиялық,сана-сезімдік,эмоционалды  сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметті әрекеттері қажет  болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен психолог арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.

Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін реніштерін, алаңдаушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады. Үлкендер  үшін сөз қандай рөл атқарса   ал бала үшін ойын да сондай  рөлде  болады. Бұл сезімді білдіру қарым қатынас зерттеу үшін құрал болып табылады Оларға осындай мумкіндік берілген кезде балалар өз сезімдердің және  қажеттіліктерің улкендер сияқты жеткізе алады Балаларға қарым-қатынас  жасау және айту динамикасы біраз бөлектеу біраз сезімдері улкендердікімен бірдей (мысалы қорқыныш қанағаттану бақыт )

Сезімдерін жеткізуді немесе бастап кеткендерін айтуды балаларда қиындықтар тууы мумкін. Бірақ, нәзік сезінетін  эмпатикасы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап олармен белгілі турде әрекет ету арқылы көрсете алады. Бала ойын мағынаға толы және оларға сөз табу қиынға түсетін сәттерде ойын өз дегенін қол жеткізу мумкін болғандықтан; ойын бала үшін өте маңызды. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әдеттері жасау үшін ойыншықтарды пайдалануы  мумкін. Ойын -өз ойын айту үшін символикалық тіл. Және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын қандай  арман  тілектері бар, қандай қажеттіліктер  туатынын ашып бере алады.

Ойын баланың өз тәжірбиесі, өз жеке әлемін ұйымдастыруға талпынысын көрсетеді. Ойын процесінде бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, тіпті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы көнеді. Баланың бұл талпынысын Фрэнн былай түсіндіреді: Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауда және қатынастарды араластыра отырып, ойнайды.

Осылайша, бала өзінің «Мен» образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзілісіз қайта қарап, ашады.

Аналогиялы түрде ойында бала ойын материалдарымен  манипуляция жасап  отырып, өз проблемалары мен конфликтілерін шешуге тырысады.

Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді.

Бала әлемі- бұл іс-әрекеттер мен қозғалыстар  әлемі болғандықтан, ойын әсірлері психологқа баланың қиындықтарын бөлісуге және эмоциянальды өміріне қатысуына  рұқсат етіледі. Бала ойынға толығымен  енетін болғандықтан, экспрессия және сезім балаларды ерекше нақты және осы сәттік болып өтеді; Бұл психологке баланың іс-әрекетін, сезімі және эмоциясына көңіл аударуына мүмкіндік береді.

Ойын арқылы әсер ету  процесінің стадиялары психолог пен  бала арасындағы өзара әрекет етуінің нәтижесі ретінде пайда болады.

Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері  осы ойын әсерінде қалыптасады. Бала сан түрі ойындарды үйірмелерді: Ойын- бала әрекетінің негізгі бір  түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының  белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибеге меңгереді, өзіңіз психикалық ерекшкеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Ойын жұп арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынастар жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті; Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады мында да баланың қабілеті, белсенділігі артады.

Ойын адам әркетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән  мативтері болады. Мазмұндық рөлдік ойында баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруға зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандырып шаттанып қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әрекеттерін қайталауға тырысады. Мазмұнды- рөлдің, әсіресе, интелекттік (ақыл ой) ойындар белгілі бір ережелерді сақтап ойнауды талап етеді.

Осындай ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім процесстерінде дамытады. Бала ойыннына басшылық ету, рөлдік, мазмұндық ойындарын қадағалау, тәрбиелік маңызы бар ойындар ұйымдастыру- тәрбиешілердің негізгі міндеттерінің бірі.

Баланың ойындарында ұжымдық  сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Ұжымдық ойындарды бала жолдастықтың мәні неде екенін түсінеді. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістеріне ұялып, одан арылғысы келеді. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен бір бала өзінің ұйымдастырғыштық қабілетін байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық-эстетикалық қалыптастыруын әсер етеді.

Ойын үстіндегі жолдастарының  сөздің нұсқауларын ұқпайтын болса, оның құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық  тілдің дамуына себептер болады.[30]

Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді: бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен  қыймылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атың  беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойнаудың өзгеше бір сыртқы тізгегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын  шынайы іс-әрекеттер тірегі (және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы) ретінде көрінеді. Сонымен ойынды ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.

Ойын әсері  психикалық іс -әрекеттің  басқа формаларын дамыту үшін де үлкен  маңызы бар. Мәселен, қиял мен ойын жағдайларында және  соның, әсерімен ғана дами бастайды.

Ойын әсері арқылы адам баласының  белгілі бір  буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерешеліктерін, қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.

Бұл кезеннің негізгі ерекшеліктері балаларда қарым-қатынас пайда болады. Элькониннің айтуы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға үлкендер әлемі идеалды форма болып табылады. Бұл кезеннің  негізгі ерекшелігі–ойын. Ойын теориясы совет психологиясында зерттелген: А.С.Выгодский,  Д.Б.Эльконин, Запарожец.[11] Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мазмұндық,  рөлдік ойындар бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әрекеттерін қайталауға тырысады. Мазмұнды – рөлдік, әсіресе, интеллекттік (ақыл – ой) ойындар белгілі бір ережелерді сақтап ойнауды талап етеді. Осындай ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім үдерістерін де дамытады. Бала ойынында басшылық ету, рөлдік, мазмұнды  ойындарын қадағалау, тәрбиелік маңызы бар ойындар ұйымдастыру – педагогтардың негізгі міндеттерінің бірі.

 

2.  Бастауыш сынып жасындағылармен ойынды психокоррекция құралы ретінде қолданудың жолдары

 

 Ойын ақыл – ой  дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс - әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл – ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен,  затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бал затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс - әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс - әрекеттер жасау қабілеті дами бастайды. Ойын әсері психикалық іс - әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.

Ойын әсері арқылы адам баласының  белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.  Ойын терапиясы - ойынды колдану арқылы балаларға психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын терапиясын балаларда байқалатын ұялшақтық, тұйықтық, қарым-катынасқа түсе білмеу, мінез-құлықтың бұзылуы, жағымсыз әдеттер және т.б. кездерде қолданған тиімді болады.

           Ойынды  коррекциялық мақсатта  қолдануда психологқа мына бір сәттерді есте ұстаған жөн: баланы қабылдау үшін жағымды атмосфераны қалыптастыру: балаға эмоциялық қолдау көрсету; балаға түсінікті және анық етіп, оның мәселелерін жеткізу; ойынды қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Ойынды түзету құралы ретінде жүзеге асыруда психолог бірнеше припциптерді де қолданады:

    1. Баланы толық қабылдау (достық қатынас, бала қандай болса, сол қалпында кабылдау және т.б.);
    2. Коррекциялық үрдісті басқаруда директивтіліктің болмауы (ойын үрдісін жеделдету немесе баяулату тәрізді әрекеттерден аулақ болуы);
    3. Бала сезіміне мән беру (баланың сезімін ашық көрсетуіне қол жеткізу, оны түсінуге талпыну).

Ойынды түзету құралы ретінде жұмыс жүргізуде арнайы бөлме керек. Бөлменің безендірілуіне, заттардың орналасуына мән берген дұрыс. Бөлмеде ойыншықтарды және басқа да материалдарды жинау үшін арнайы шкафтар болғаны жен. Шкафтардың биіктігі баланың бойына шақ болса, ол оны өзі алып, қайтадан орындарына жинай алады.

Ойын терапиясында қолданылатын ойыншықтар мен ойыншық материалдарын таңдауға ерекше назар аударған жөн. Ойыншықтарды үш топқа топтастырамыз:

1.Өмірден алынған ойыншықтар: қуыршақтар, қуыршаққа арналған үйшік, отбасын бейнелейтін ойыншықтар, машинаның түрлері және т.б.

2.Агрессияға арналған ойыншықтар: солдаттар, мылтықтар, резина  пышақ, крокодил және т.б. Бұл  ойыншықтар балаға ашу-ызасын  сыртқа шығаруға көмектеседі. Олар одан қанағат алады, сөйтіп біртіндеп олардың жағымды сезімдері дами түседі.

3.Мұнда көбінесе құм мен су  қолданылады. Құм мен судың  кұрылымы жоқ, сондықтан бала  онымен не істегісі келсе, соны  істейді.

Ойын терапиясын жүргізетін психологқа қойылатын талаптарға тоқталуда артық емес. Оған келесі талаптар койылады: психологиядан білімінің жан-жақты болуы (балалар психологиясы, кеңес беру психологиясы, психотерапия және т.б.); зерттеу жүргізу іскерлігінің жетік болуы; балаларды жүйелі бақылау; балаға өздігінен әрекет етуге мүмкіндік беру; күтпеген. оқыс жағдайларға даяр болу; барлық болып жатқандарды ынтамен қабылдау; баланы тани білу; баланы бағалаудан аулак болу; ашық болу; өз кемшіліктерін көре білу және оған мән беру.

 Жекеленген  жұмыс. 

Жекеленген жұмыста психологтың педагогтық рөлі өте үлкен. Ол сабақ тақырыбын береді, баланың тәртібін бақылайды және оның әсерін анықтайды. Өзінің алдыдағы тәртібін осы бақылауларға сүйене жүргізеді. Осында қолданылатын, психотерапиялық метафралар арнайы әр балаға, оның қиыншылықтары және жұмысының мақсатына қарай қарастырылып жасалады.

Мамандарын айтуы бойынша  жалпы метафралар сол және оң ми жарты шарларының өзара байланысын қамтамасыз етеді. Ертегілерді қабылдау процессінде сол жақ жарты шар жұмыс істейді, көріністен логикалық мағына шығарады, ал сол сәтте он жақ жарты шар армандарға, қиялға, елеске босайды.

Келешектерімен жұмыс  істейтін психологтардың айтуынша түсіну вербальды деңгейде бала ойынды қабылдамауы да мүмкін, бірақ жұмыстың жақсы әсері бәрі, бір болады, яғни өзгеріс көп жағдайда саналы деңгейде болады. Бұл кезде тамаша факт байқалады. Сол бір ертегі, ойын әр балаға әртүрлі әсер етіп, әрбіреуі мол ертегідеген керектігін алып, өзіне актуалды болып, мәселесін шешуге жөн табады.

Ертегінің кейіпкерін таңдауға аса көңіл бөлінеді, психологтың ертегіні өзі ойлап шығарманы не әдеби екендігі маңызды болмайды. Ертегіде міндетті түрде басты кейіпкердің жанжалдарға қатсушылар мен сәйкестігі және олардың шындықпен сабақтастығын орнату керек.

       И.В. Дубровина айтқандай, егер шындықта басты мәселе ата-аналар арасында тәрбиелеудің келіспейтін әдісінде негізін алса, әкесі баласына жоғары талаптар қойса, сонда ананың баласын қорғауы көрінеді, сол кезде ертегі көрінісі мынадай түрде «сиқырлы кеменің мүшелері, қатал капитал оның мейірімді көмекшісі және жас юнга» болады.

       Ертегінің балаға қызықты болуы үшін, баланың қызығушылығын және немен айналысатынын анықтау, оқиғаның тууына және таңдалуына негіз болады. Егер ертегі баланы қарапайым тілімен түсінікті болса, ертегі кейіпкерлерінің образын түсініп, өзінің сол кейіпкермен ұқсастығын көріп, қиын мәселеден шығу сол ертегідегі жағдаяттан жол табады.

Бұл бағыттың маңызды уақытының бірі болып психологтың жұмысын құру, оқушының бар өзгерістерін, яғни тыныс алуын, мимикасын пактомимикасын, оның реакциясын зерттеуі болып табылады. Тіпті көзінің қозғалысы адамның ішкі жан дүниесін соның ішінде көзінің солға және төмен қарауы кинестетикалық сезуін білдіреді.

Ертегінің айтылуы кезінде  кідіріс жасау, интонацияны өзгерту, тексті оқу кезінде дауыстың жоғарылануы маңызды. Егер бұл ертегіні психологтың өзі құраса, маңызды бір ақпаратты айтуды клиентің атын немесе оған ұқсас атты кірістіру керек.

 

Топтағы жұмыс.

Топтағы жұмыс әртүрлі  формада іске асуы мүмкін.

  1. Ертегілерді тыңдау және анализ (интерпретация). Мақсаты – түсіну, әр ертегінің жағдайының, фразасының, жаңа кейіпкердің, көрініс конструкциясының артында тұрған интерпретация.
  2. Ертегіні топпен айту. Бұл жағдайда әңгімелеуші балалар (жеткіншектер немесе үлкендер тобы болады. Бүкіл топқа белгілі ертегі айтылады. әр қатысушы кезекпен ертегінің кішкентай бөлігін айтады. Баяндау бөлшектерге еркін бөлінеді, бұл алдыңғы әңгімелеуші әңгіменің қай бөлігін айтатынына байланысты. Егер әңгіме балалар тобына жүргізілсе, онда жүргізуші әңгімелеуде өзі де қатыса алады. [16]
  3. Әйгілі ертегіні әңгімелеу және оған сөйлем құрау. Ертегі әңгімеленіп болғаннан кейін топтағы қатысушылар оған сөйлем құрайды және соңғы әңгімелеуші ертегіні аяқтау керек.
  4. Топпен ертегі құрастыру. Біреу бірінші біразын айтып бастайлы. Мысалы: кейбір патшалықта, кейбір елде, келесі топтағы қатысушы ертегіге бір немесе екі фраза қосады, сөйтіп ары қарай жалғаса береді.

Информация о работе Ойын - психокоррекция құралы ретінде