Ойын - психокоррекция құралы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері. Психологиялық терапия жұмыстарын қолдану тиімді болады, егер:
1.Ойынды тұзету әдісі ретінде қолданудың нәтижесінде балалардың эмоционалдық күйі анықталып, ғылыми негізі жасалса.
2. Ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде і қолдануда жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді ескерудің психологиялық шарттары ашып көрсетілсе.
Зерттеу обьектісі. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен ойын терапиясын түзету әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу пәні. Ойынды психокоррекция әдісі ретінде қолдану.

Содержание

Кіріспе.

І- бөлім.
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану.



ІІ -бөлім.
1.Ойынды коррекциялық–дамытушылық мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ойын жаттығуларын психокоррекция құралы ретінде қолданудың әдістерімен формалары


Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша

Работа содержит 1 файл

ойын психотерапиясы.doc

— 306.00 Кб (Скачать)

Осындай ойындар баланың  тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім үдерістерін де дамытады. Бала ойынында басшылық ету, рөлдік, мазмұнды  ойындарын қадағалау, тәрбиелік маңызы бар ойындар ұйымдастыру – тәрбиешілердің негізгі міндеттерінің бірі.

Баланың ойындарында ұжымдық  сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ – топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді.

Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсінеді. Өзінің басындағы мінез – құлықтың кейбір теріс бітістерінен ұялып, одан арылғысы келеді. осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды.  Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыш қабілетін байқатса, екінші бала табынады, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық – эстетикалық қалыптасуына әсер етеді.

Ойын үстіндегі жолдастарының  сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, оның құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық  тілдің дамуына себепкер болады.

Ойын ақыл – ой  дамуына  да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс - әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды  т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену  баланың ақыл – ой әрекетінің түрлі  формаларының шарты болып табылады. Мәселен,  затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бал затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс - әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс - әрекеттер жасау қабілеті дами бастайды.

Ойын әсері психикалық іс - әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.

Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буына  қоғамдық тәжіриьені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық  сипат болады.

Ойын – мектеп жасына дейінгі  баланың негізгі қызметі. Ойынның  арқасында бала заттар мен адамдардың қоршаған ортасын түсінеді. Бала мектеп жасына келгенде оқу түрткісін ойынмен  алмастырып алмауы үшін, қойылған талаптар қай кезде орындалу, қай кезде  оларды түсінгенін ғана көрсету керек екенін айыру үшін осы қызметті меңгеруі тиіс.

Заттық іс – қимылды  меңгергеннен кейін бала ойнауды  үйренеді. Мектеп жасына дейінгі баланың  ойыны бірнеше кезеңдерден өтеді.

Біріншісі – бұл рөлдік ойын, бала өзін - өзі  мама, папа,  аю, қоян, Мыстан Кемпір және т.б. атаумен, өзін соларға ұқсатып ойнайды.

Екіншісі – сюжеттік ойын, бала басталуы, дамуы және аяқталуы бар, бір күнде аяқталып қалмай, жалғасын келесі күні табатын оқиғаны өрбітеді.

Үшіншісі – ережелері  бар ойындар, бала сюжеттің  логикасына сәйкес іс – қимыл жасап қана қоймай, барлығына бірдей қатысты  шектеулердің (нормалар мен ережелердің) жүйесін әзірлеп, қабылдайды.

Алғашқы екі кезең баланың  шығармашылық мүмкіндіктерін, артистизмін, өзін - өзі ұстау қабілетін ашады.

Ойын қызметіне деген бейімділік бәрінде болмайды және ол темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ұялшақ балалар ақыл – ой қызметін, спорттық немесе компьютерлік ойындарды қалайды. Бірақ бұл тең ауысым емес. Оларды дәстүрлі ойындарға қалай үйретуге болады?

Біріншіден, өзіңі баламен  ойнауыңыз керек. Бұрын өзіңіз, ата  – анаңыз қалай ойнайды, қазір  қандай ойындар бар туралы еске алып, айтып беруіңіз керек.

Екіншіден, ойынға делдал –  қатысушыны – қуыршақты, көрші баланы, баланың ағасы немесе әпкесін  қатыстыру керек.

Үшіншіден, баланың барлық мүмкінді белсенділік танытуын және қиял – елесін көтермелеп, оның жаңа сөздер, бейнелер, ассоциациялар, жаңа ойындар мен жаңа рөлдер ойлап  табуына мүмкіндік жасау керек. Егер ол ұялатын болса және қажетті  артистизмге ие болмаса, оған режиссер немес сыншы болуды ұсыну керек.

Рөлдік немесе шығармашылық ойындар мектепке дейінгі  жаста пайда болады. Бұл баланың  ойын жағдайларында өзіне үлкендердің  қызметі мен олардың арасындағы қарым-қатынастарын алып, оны жалпы  түрде көрсету.

Ойын заттық-манипулятивтік қызметтен  ерте балалық кездің соңында шығады. 

Заттық іс-қимылдардың  қажетті даму деңгейінен басқа ойынның  пайда болуы үшін баланың үлкендермен  жасайтын қарым-қатынастарының түпкілікті өзгеруі керек. Бала 3 жасқа жақындағанда ол өздігінен іс-қимыл жасауға қабілетті болады да, оның жақын адамдармен бірігіп қызмет жасауы ыдырай бастайды. Сонымен қатар ойын өзінің шығу тегі жағынан да, мазмұны жағынан да әлеуметті болып келеді. Ол жиі үлкендермен толыққанды қарым-қатынассыз және баланың үлкендер арқылы алатын түрлі әсерінсіз дами алмайды.

Ерте балалық  және мектепке дейінгі кездің шекарасында  балалар ойынының алғашқы түрлері  пайда болады. Бұл бізге белгілі  режиссерлік ойын. Онымен бірге бір  уақытта немесе кейінірек рөлдік-бейне ойындар пайда болады. Онда бала өзін кез келген адамға және нәрсеге ұқсатады және соларға сәйкес іс-қимыл жасайды. Мұндай ойынның міндетті шарты болып ашық және қарқынды жан толғанысы табылады: баланы көрген оқиға таң қалдырғаны соншалық, ол ойындық іс-қимылдарында өзінің қатты эмоционалдық үн қатуын тудырған бейнені көрсетеді.

Режиссерлік және рөлдік-бейне  ойындар мектепке дейінгі жастың ортасында өзінің дамыған түріне жететін сюжеттік-рөлдік ойынның  бастауы болып табылады. Кейінірек  одан ережелері бар ойындар бөлініп шығады. Жаңа ойындардың пайда болуы бұрын меңгерілген, ескі ойындарды толық жоймайды, олардың бәрі сақталады және жетілдіріле береді. Сюжеттік-рөлдік ойындарда балалар нақты адамдардың рөлін және қарым-қатынастарын көрсетеді.

Сюжет – ойында көрсетілетін нақты өмірдің саласы. Алғашында бала отбасымен шектелетін болғандықтан, оның ойындары ең алдымен отбасы, тұрмыстық мәселелермен байланысты болады. Кейін, өмірдің жаңа жақтарын меңгеру бойынша, бала аса күрделі сюжеттерді пайдалана бастайды.

Баланың ойында көрсететін үлкен адамдардың қызметіндегі және қарым-қатынастарындағы сәттер ойынның  мазмұнын құрайды.

Бірте-бірте  ойындық іс-қимылдар өзінің алғашқы  маңызын жоғалтады. Нақты заттық іс-қимылдар қысқарады және жинақталады, ал кейде тіптен сөйлеумен орны ауысады.

Сюжет пен ойынның  мазмұны рөлде көрініс табады. Мектепке дейінгі жоғары жастағы  балалардың ойыны ережелері бар  ойындармен жалғасады.

Сөйтіп, ойын өзгеріп  отырады да, мектепке дейінгі жастың соңына қарай жоғары даму деңгейіне  жетеді. Ойынның дамуында 2 негізгі сатылар немесе кезеңдер бөлініп шығады. Бірінші кезең үшін (3-5 жас) адамдардың нақты іс-қимылдарының логикасын көрсету сипатты; ойынның мазмұны болып заттық іс-қимылдар табылады. Екінші кезеңде (5-7 жас) адамдардың арасындағы нақты қарым-қатынастардың үлгісі көрсетіледі және ойынның мазмұны болып әлеуметтік қарым-қатынастар, үлкен адам қызметінің қоғамдық мәні табылады.

Ойын – мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші  қызметі, ол баланың дамуына маңызды  ықпал етеді. Ең алдымен балалар  бір-бірімен толыққанды қарым-қатынас  жасауға үйренеді. Мектепке дейінгі  кіші жастағы балалар құрдастарымен  кәдімгідей қарым-қатынас жасай  алмайды.

Мектепке дейінгі  орта және жоғары жаста балалар, өздеріне тән жекеленуге қарамастан, ойын кезінде  де, алдын-ала рөлдерді бөлістіріп, бір-бірімен келісе алады.

Егер бір  себеппен бірігіп ойнау бұзылатын  болса, қарым-қатынас жасау үдерісі  де бұзылады.

Ойын баланың  құрдастарымен қарым-қатынас жасауын  ғана емес, сонымен қатар оның ерікті тәртібін де қалыптастырады. Өзінің тәртібін басқару механизмі – ережелерге бағыну – ойын кезінде қалыптасады, кейін қызметтің басқа түрлерінде көрінеді. Өзін-өзі бақылау мектепке дейінгі жастың соңында пайда болады, сондықтан балаға алғашында сыртқы – ойын кезінде оның жолдастары жағынан – бақылау керек. Балалар алғашында бірін-бірі бақылайды, кейін - әркім өзін-өзі.

Ойында баланың  қажеттілік-түрткі жағы дамиды. Оның қызметінің жаңа түрткілері және онымен байланысты мақсаттары пайда болады.

Ойын – философия  мен психологияның күрделі де таласты ұғымдардың бірі: әлі күнге  дейін ойын не үшін керек, адам өмірінде ойынның болуы қандай міндеттерді  орындайтыны туралы таластар жүргізіліп жатыр. Тек ойында ғана небір жаңа, бұрын болмаған нәрсе жасалады, Бұл баланың ойындарына да қатысты. Бір кезде “ойналған” нәрсе, кейін нақты өмірге айналады. 

Бала ойыны  – жеке қабілеттердің (елес+ес+қабылдау) жиынтығы емес, тәртіптің ерекше түрі деп есептей отырып, Д.Б.Эльконин ойынның сапалы ерекшелігі сақталып қалатын талдау бірлігін іздеді. Ол мектепке дейінгі жастың ортасында рөлдік ойынның жайылған және дамыған түрін негізге ала отырып, рөл және онымен байланысты іс-қимылдар дамыған ойын түрінің негізгі, бөлінбейтін бірлігін құрайды деп болжады. Рөл мен оған сәйкес баланың іс-қимылдары сипатының арасында тек қана тығыз функционалдық өзара байланыс қана емес, сонымен қатар қарама-қайшы бірлік те бар.

Д.Б.Эльконин ойынның  мазмұны мен оның сюжетін (немесе тақырыбын) ажыратты. Ол ойынның бір ғана тақырыбында немесе сюжетінде түрлі жастағы балалар түрлі мазмұнды көрсетеді деп жазды. Оның айтуы бойынша ойынның бірлігі ретінде рөл өзінде жайылған, дамыған ойын түрін береді және шоғырландырады.

Ойынның толық  және жайылған түрі екі такттан: “шақыру” және “шақыруға үн қатудан” тұрады.

Ойнап жүрген баланың  субъектісі іс-қимылдар түрткісін сезінетін  ерекше “функционалдық органды” –  ойынның толық түрін құрайды. Ойынның толық түрінде бір  рөлдік іс-қимыл (мәні айқындалатын) басқа рөлдік іс-қимылмен арнайы шақырылады; бала осы екі іс-қимылды байланыстырады да, біріншіден екіншіге өтуді құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ -бөлім.

1. Ойынды коррекциялық – дамытушылық мақсаттарда пайдалану  

                                        ерекшеліктері

 

Психологиялық тәжірибеде коррекциялық және терапевтік мақсаттарда  ойынды пайдалану психоанализдің теориялық  дәстүрлерімен тарихи байланысты. Ойын терапиясының бастамасы М. Клейн , А. Фрейд, Г. Гут – Гельмут еңбектерінде біздің ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарында – ақ қаланды. Ал 1924 жылы 1 Герман психоаналитиктерінің Конгрессінде сөз сөйлеген К. Абрахам балалармен жұмыс жасағанда жаңа аналитикалық техниканы пайдалану жайлы М. Клейн баяндамасын талқылауды қорытындылай келе, психоанализдің болашағы ойын техникасында деп тәржімалады. Терапевтикалық және коррекциялық мақсаттарда ойынды пайдалану теориясы мен тәжірибесінің дамуы екі бағыттың – алғашында психоаналитикалық бағыттың  ұзақ уақыт бойы жүзеге асырды. Әрбір бағытта өзінің концептуалды сызбасы мен ұйымдар жүйесі құралған: гуманистік психологияда – терапевтік байланыс, қабылдау, ынтымақтастық, таңдау мен жауапкершілік; психоанализде – аналитикалық байланыс, қарым – қатынас трансфері (тасымалы), катарсис, сублимация.

Соңғы кездері ойын терапиясы  әдісін түзету мақсатында пайдалануға  деген ынта біздің елде де орын алған  Өнімді шығармашылық басқаша ойлау  және Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин еңбектерінде қарастырылған, балалар ойынының теориясы мен бала дамуының психикалық теориясы негізінде теория мен тәжірибенің ойын – терапиямен байытылуы тенденциясы айқындалуда. аталған бағыттарды толығырақ қарастырайық.

Психоанализдің бала ойынына бет  бұруы белгілі бір деңгейде амалсыз  болды. 1906 жылы З. Фрейд «Кішкене Ганс» фобияларын тамаша талдауы балалық шақта психоанализді қолданудың мүмкіндіктеріне үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Ойын арқылы әсер ету үдерісінің стадиялары психолог пен бала арасындағы өзара әрекет етуінің нәтижесі ретінде пайда болады. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті – ойын. Баланың барлық психикалық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Бала сан түрлі ойындарды үйренеді. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын әсері арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынаста жасайды. Ал мұның өзі дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады, мұнда да баланың қабілеті,  белсенділігі артады.

Психолг- бала денгейіне  түсіп  және сонымен қарым – қатынас  жасау үшін жауапкершілікте болады.

         Ойын сезімдердің  берілуімен және кемшіліктердің  шешілуі үшін құрал болады . Бала  сезімін вугвальды жеткізу ылғи  да мүмкін емес. Дамудың бұл  сатсында бала не сезгенің айту үшін когнитивті, вугвальды құралдары жетіспейді эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интерсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қаблетті емес екенің білеміз .

         Сөз символдардан құралады, ал символдар – абстракция. Онда біздің сөзбен айтылатың дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таңқаларлық жай емес.

Баланың әлемі - бұл нақты заттардың әлемі,егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе,ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын-бұл баланың нақты өз ойы және өз әлеміне қалыптасу тәсілі.

Ойын-бұл ерікті, іштей мативтендірілген іс-әрекет.Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты,ризалықты сезінеді.Оның нәтиже-сі маңызды да емес.

Информация о работе Ойын - психокоррекция құралы ретінде