Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:31, аттестационная работа

Описание работы

Аталған еңбекте мектепке дейінгі ұйымдардының хореографтарына арналған перспективтік жоспарлар, үлгі сабақ жоспарлары мен би қимылдарының сипаттамасы ұсынылған.
Би - ежелгі заманнан келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлініп алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше роль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс- әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Ертедегі үнділік данагөйлер бидің адамның денсаулығына пайдалы екендігін түсінгендіктен, пластикалық қимылға көп мән берген.

Содержание

Кіріспе_____________________________________________________ 4
Мектепке дейінгі жастағы балаларға үйретілетін би жанрлары___________ 7
Музыкалық- дидактикалық ойындар ___________________________ 9
Мектепке дейінгі жастағы балалардың хореография бойынша сабақтардың құрылымы ________ 10
Үлгі сабақ жоспарлары _______________________________________ 21
Дидактикалық ойындар_______________________________________ 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі _________________________________ 39

Работа содержит 1 файл

опыт по хореографии.doc

— 418.00 Кб (Скачать)

Мыстан: Бізге сыйлық апару керек.

Кащей: Оның жөн, мен сендерге бір сыйлық берейін, бірақ бұл  сиқырлы сыйлық.

Мыстан: Қандай сиқыры бар?

Кащей: Сыйлықтың сиқырын  тойға барғанда көресіндер. 

Қасқыр: Рахмет, Кащей аға, көп жасаңыз! 

/Қасқыр мен Мыстан  кемпір тойға аттанады. Алдарынан  қап ұстаған Алдар көсе жолығады/

Алдар көсе: Сәләмәтсіңдер  ме, жолдарың болсын!

Қасқыр мен Мыстан: Сәләмәтсің бе, айтқаның келсін.

Мыстан: Алдеке, біз Қасеке екеуміз патша сарайындағы той- думанға бара жатырмыз.

Алдар көсе: Біз де бара жатырмыз.

Қасқыр: Біздерің кім?

Алдар көсе: Қапшығымда тойға  апара жатқан сыйлығым бар.

Мыстан: Көрсетші, бізде  көрейік.

Алдар көсе: Жоқ, асықпандар, тойға барғанда көресіңдер.

/Барлығы тойға барады, жолда Қызыл телпекті кездестіреді/

Қызыл телпек: Сәләмәтсіңдер  ме, той құтты болсын!

Патша: Армысындар, қонақтар! Тойымыздың құрметті қонақтары болыңыздар.

Алдар көсе: Қайырлы күн, замандастар!

Патша: О, Алдеке, келгеніңе  қуаныштымын! Сенің болмайтын жерің  жоқ, көп қызықтар көресің, сол  қызықтарынды тамашалайық.

Алдар көсе: О, алдияр патшам, мен тойға бос қол келген жоқпын. Сиқырлы сыйлық әкелдім. Соны қызықтайық.

(Қапшықтан шайтан  шығып, би билейді)

Патша: Алдеке, рахмет! Көңілімізді  көтердіңіз, бәріміз ризамыз.

Қызыл телпек: Құрметті қонақтар. Мен де өз өнерімді көрсеткім келеді. Осы тойға ән- шашу әкелдім.

(«Қызыл гүлім- ай»  әні орындалады)

Патша: Саған да рахмет, Қызыл телпек. Жақсы бойжеткен  қыз бол!

Мыстан: Қасеке, біз де өз сиқырлы сыйлығымызды көрсетейік.

Қасқыр: Иә, көрсетейік

/Мыстан құмыраны патшаға  сыйлайды/

Мыстан: Бұл жай құмыра емес, сиқырлы құмыра. Сенбесеңдер, қараңдар. (Мыстан құмыраны сиқырлайды: абра- кадабра, чурля- мурля, па- па- чередам, у-у-ух. Құмырадан шығыс қызы шығып, би билейді)

Патша: Жарайсыңдар, жарайсыңдар! Осы той сендердің арқаларыңда  тамаша өтті. Бәріңе де қуаныш, бақыт тілеймін! Енді бәріміз қосылып бір ән шырқайық!    

(«Достық» әні орындалады) 

 

 

 

 

 

«Қыз сыны»- байқауы

Бастаушы: 

Құрметтi ата- аналар, қонақтар, әдiл- қазы алқасы, балабақша ұжымы «Ақ қайың» балабақшасындағы «Қыз сыны» байқауына қош келiпсiздер! Бұл байқауды өткiзудегi мақсатымыз салт- дәстүрдi жаңғырта отырып, жастарды, әсiресе қыз балаларды жан дүниесiндегi көркемдiк талғамын қалыптастыру арқылы, әдептiлiкке, инабаттылыққа, iзеттiлiкке тәрбиелеу. Ақылды да  ажарлы, дарынды да талантты сүйкiмдi қыздарымызды сiздерге таныстырайын.

Ұлдар ер жетiп, қыздар бой жетiп

Әлi- ау уақыт зыр етер.

Өнегелi өссе бұлар

Елiмiздi көгертер.

Қыз сыны байқауы

Көпке үлгi болады.

Қазағымның салт- дәстүрi

Көкiрегiне қонады.- деп

сiздердi байқау шарттарымен таныстырып өтейiк. Жалпы сынау түрi- 7

1. Таныстыру

2. Сайра бұлбұл

3. Бала тiлi- бал

4. Кел билейiк бұралып

5. Сұрақ- жауап

6. Iсмерлiк

7. Сән сымбаты

Сынақ түрлерiмен таныс болдыңыздар. Ендi бүгiнгi «Қыз сыны» байқауының әдiл- қазы алқасымен таныстырып өтейiк.

1. Айнұр Баймұлдинова

2. Опера және балет театрының бас балетмейстерi

    Тұрсынбек Әбдiбайұлы

3. № 54 балабақшасының меңгерушiсi Роза Қаматайқызы

4. № 51 балабақшасының меңгерушiсi Анна Христиановна

5. Қаламқас Әлкенқызы

Бiздiң сайысымыздың қонақтары:

  1. «Цесна» газетi
  2. «Қазақстан әйелдерi» журналы
  3. Қазақ радиосы
  4. Тiлдер дамыту басқармасы

Бастаушы:

Арманға алдан күткен асығармыз,

Жүрек толқуын бiз қалай баса алармыз.

 

Ата- баба салт дәстүрiн жақсы бiлiп,

Болашаққа жеткiзер жас ұланбыз.

Бала деген бақытты елiменен,

Құдiреттiң қолында әлем деген.

Қазылар алқасы мен қонақтарға

Басталсын байқауымыз сәлеммен- деп

ортаға мектепке даярлық тобында тәрбиеленiп келе жатқан көрiктi де сүйкiмдi қыздарымызды шақырамыз. / қыздар шығады/

         1. Күмiсбек Медина Жанатқызы

2. Қалижанова Арайлым Абайқызы 

3. Алкеева Алуа Нұркенқызы

4. Саркенова Индира Қайратқызы

5. Рамазанова Сана  Еркiнқызы

6. Байғазинова Томирис Таңатқызы

7. Ахметжанова Азиза  Ильясқызы

 

Арулардың лүпiлдеп жүректерi

Қыз сыны- өнердiң бiр өткелii

Сырғалары сыңғырлап сылаң қағып

Бүгiнгiнiң Баяны, Жiбектерi.

Кiшкентай арулар келiп  жеттi танысуға

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

                    Қорықпастан сахнаға келiп жеттi

Әдеппен, iзетпен танысуға- деп қыздарға сәттiлiк тiлеп, алғашқы сынағымызды бастаймыз. Ол таныстыру деп аталады.

Бастаушы: Құрметтi әдiл- қазы алқасы бiрiншi сынақтан өткен  аруларымызға баға берулерiңiздi сұраймыз. Рахмет сiздерге.

     Ән салып, айтса таң қаларсың

Ән сөзiн 99 қайталарсың.

Осындай ән туғызған қазағымды

Қалайша тар пейiл деп айта аларсың- деп 2 шартымыз ән  сайысы бойынша сынаққа түседi.

Мадина Жанатқызын «Аяулы анашым» әнiмен ортаға  шақырамыз

  1. Арайлым Абайқызы «Наурыз шаттық әнiмiз»
  2. Алуа Нұркенқызы «Құттықтаймын анашым»
  3. Индира Қайратқызы «Балдырған»
  4. Сана Еркiнқызы «Қазақтың дәстүрлерi»
  5. Томирис Таңатқызы «Шақырады көктем»
  6. Азиза Ильясқызы «Күнге табыну»

Бастаушы: Жарайсыңдар. Ару қыздардың әнiн тыңдап бiр дана  адамның сөзi ойыма келгенi. Ән- ойлы адамға тiл жетпес ләззат берiп, жан сезiмiн оятып, ой санасын өсiредi- деген. Бiз де қыздардың әнiнен  соң сондай әсерде болып бiр марқайып қалдық.

Әдiл- қазылар алқасы қыздарымыздың өнерлерiне баға берсеңiздер.

Бастаушы: Балалардың тiлi тәттi, өздерi де,

Өтiрiктi қаламайды көздерi де.

Бұлтиып ап, бұртиып ап, бұйырып,

Айтатынын айтады олар көзiңе- деп 3 шартымызға көшейiк.

«Бала- тiлi бал» сайысы.

  1. Мадина Жанатқызы «Жылағанда  жеймiн»
  2. Арайлым Абайқызы «Жегем жоқ, сорып жүрмiн»
  3. Алуа Нұркенқызы «Терлебус»
  4. Индира Қайратқызы «Витамин қайсы»
  5. Сана Еркiнқызы «Менiң де шашым ағара ма?»
  6. Томирис Таңатқызы «Не деу керек?»
  7. Азиза Ильясқызы «Орысшаңыз қалай?»  

Бастаушы: «Адамның бiр қызығы- бала»- деп Абай атамыз айтқандай балалардың әр сөздерi  еш нәрсеге айырбастарғысыз екендiгiнiң куәгерi болдыңыздар.

Құрметтi әдiл- қазылар бiр- бiрiнен өткен тәттi ару қыздарымыздың бағасын берсеңiздер. /әдiл- қазылар бағалары/

Қыздарымыз келесi шартқа дайын болғанша құлақ құрышын қалдырар ән тыңдаңыздар. /Ересектер тобының вокалды қыздар тобының орындауында «Айгөлек» әнi/

Сахнада бишi емес құс сияқты

Жер шарын айналдырған күш сияқты

Әжемнiң ұршығындай иiрiлгенде

Бiр көрген елестей түс сияқты

Келесi сайысымыз- би

Мың бұралып билеген ару қыздарымыздың өнерiн тамашалаңыздар. 

  1. Мадина Жанатқызы «Корея биi»
  2. Арайлым Абайқызы «Сыған биi»
  3. Алуа Нұркенқызы «Спорттық би»
  4. Индира Қайратқызы «Араб биi»
  5. Сана Еркiнқызы «Үкi биi»
  6. Томирис Таңатқызы «Испан биi»
  7. Азиза Ильясқызы «Классикалық би»

Бастаушы: Қыздарымыз киiмдерiн ауыстырып болғанша тағы да әсем әнге кезек берейiк.

Ән сал десе, сал әндi

Жiгiт боп өс жарамды.

Қуантқайсың әрқашан

Әкең менен анаңды

/ Ересектер тобының ұлдар вокалы «Қызыл гүлiм- ай»/

Бастаушы: Келесi шартымыз сұрақ- жауап. Бұл шартымызда қыздарымыздың ақыл- парасаттылығын бағалайтын боласыздар. Қыздар бiрiнен соң бiрi асық алады. Асықтағы санды айтады. Сан бойынша жүргiзушi сұрақтарын оқып бередi.

Бастаушы: құрметтi әдiл- қазылар қыздарымыздың ақыл- парасатына, бiлiмiне баға берулерiңiздi сұраймыз./әдiл- қазылар бағасы/

Шебер өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата- баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерiн көрсетсiң

Бiз айтайық төрелiк соңынан- деп келесi шартымыз-iсмерлiк.  Қыздарымыз ою ойып, жапсырып; осы ою қалай аталып; қайда қолданылатынын айтып беруге тиiстi

/қыздар өз орындарына отырып, жұмыстарын жасайды/

Әншi балаларымыздың орындауында «Апатайым анашым» атты ән тыңдаңыздар. /ән орындалады/

Шебер қыздарымыз оюларын ойып болды. Әдiл- қазыларға табыс етедi. Оюдың аты мен қолданылатын жерiн айтады. /әдiл- қазылардың бағасы/

Қыздарымыз келесi сайысқа дайын болғанша ересектер тобының қыздар вокалының орындауында «Бау- бақша белдер»  әнiн  тыңдаңыздар./Ән орындалады/

Келесi шартымыз сән- сымбат сайысы. Қазiр қыздарымыз балабақшаға, қонаққа барғанда, ертеңгiлiкке киетiн киiм үлгiлерiн  көрсетедi.

Тербететiн әрқашан көңiл бағын,

Елестейтiн алдыңнан болып сағым.

Көз тойдырып қанекей қараңыздар,

Сымбатына көркi сай арулардың- деп, әсем, көркем,    сүйкiмдi аруларымызды қарсы алыңыздар

/музыка ырғағымен қыздар шығып, киiм үлгiлерiн көрсетедi/

Бастаушы: Асыға күткен «Қыз сыны» байқауы да соңына жеттi. Қыздардың өнерiн көрiп, сынға салып, көңiл мен көз таразысынан өткiздiңiздер. Әдiл- қазылар шешiмiн шығарғанша ересектер тобының  әсем әнiн тыңдаңыздар. /ән шырқалады/

Ашық жарқын жүздi

Әдiл- қазылар бiздiң

Таңдап баға берерге

Шақырайық төрге- деп сiздердi сахна төрiне шақырамыз.

/Қыздарды марапаттау/

  1. Ару қыз
  2. Ақылды қыз
  3. Сымбатты қыз
  4. Әншi қыз
  5. Бишi қыз
  6. Сүйкiмдi қыз
  7. Өнерлi қыз

Бастаушы: Байқауға қатысушы қыздарға, әдiл- қазы алқасына,  көрермен халыққа алғысымыз шексiз.

Қыз тапты деп тұлдамасын несiне

Қыз дегенiң бiле- бiлсең перiште

Қыз дегенiң ақылшың да асылың

Қыз дегенiң құдiреттi несiбе- деп «Қыз сыны» байқауымызды аяқтаймыз

 

 

Дидактикалық  ойындар

 

Біздің көңіл- күйіміз

 

Мақсаты:

балаларды суреттегі  кейіпкердің бет- әлпеті мен мимикасына байланысты көңіл- күйді ажырата білуге үйрету

 

Ойынды ұйымдастыру:

бет- әлпеттің мимикасына қарап, сөйлем ойла, оның ішінен бет- әлпеттің мимикасын білдіретін сөздерді бөліп айт. Әртүрлі көңіл-күйді білдіретін сәттерді  суретке сал.

Ренжіп тұрған бала, томпайып тұрған бала, қуанып тұрған бала, жылап  тұрған бала

 

 

Қуанышты және ашулы келбеттер

 

Мақсаты:

балаларды сүйіспеншілікке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

 

Ойынды ұйымдастыру:

бет әлпетке арналған жаттығулардан қуанышты белгілерді қызыл түспен, ал ашулы белгілерді көк түспен белгіле. Сұрақ- жауап  арқылы әңгіме құру:

Бір- бірімен қарым- қатынаста  ашулы бет әлпеттерді қолдануға бола ма?

Достық деген не? Татулық  деген не? Осы мағыналарды қалай  түсінесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

Мейірімді жүрек

 

Мақсаты:

қиынды бөлшектерден жүректі қарастыруға  үйрету

 

Ойынды ұйымдастыру:

қиынды бөлшектерден жүректі құрастырып, осы жүректің

мимикасына сәйкес адамның  қандай қасиеттері бар екенін айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қандай жүрек?

 

Мақсаты:

бір- біріне деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу

 

Ойынды ұйымдастыру:

әртүрлі көңіл- күйде  бейнеленген  жүректерге ат қояды 

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу