Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:31, аттестационная работа

Описание работы

Аталған еңбекте мектепке дейінгі ұйымдардының хореографтарына арналған перспективтік жоспарлар, үлгі сабақ жоспарлары мен би қимылдарының сипаттамасы ұсынылған.
Би - ежелгі заманнан келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлініп алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше роль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс- әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Ертедегі үнділік данагөйлер бидің адамның денсаулығына пайдалы екендігін түсінгендіктен, пластикалық қимылға көп мән берген.

Содержание

Кіріспе_____________________________________________________ 4
Мектепке дейінгі жастағы балаларға үйретілетін би жанрлары___________ 7
Музыкалық- дидактикалық ойындар ___________________________ 9
Мектепке дейінгі жастағы балалардың хореография бойынша сабақтардың құрылымы ________ 10
Үлгі сабақ жоспарлары _______________________________________ 21
Дидактикалық ойындар_______________________________________ 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі _________________________________ 39

Работа содержит 1 файл

опыт по хореографии.doc

— 418.00 Кб (Скачать)

Секербекова Бағдад Мейрамовна

Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография  пәнін жүргізу 

Мектепке дейінгі ұйымдардың хореографтарына  арналған әдістемелік  құрал____бет, Астана қаласы, 2009 жыл

 

 

 

 

 

Пікір білдіруші:   Ф.Н.Жұмабекова

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, педагогика ғылымының кандидаты

 

 

 

Жетекші:      Л.Қ. Боранбаева

Білім беру жүйесіндегі  кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері

 

 

 

Кеңесшілер: С.Ө.Қысықова

№ 29 балабақшасының меңгерушісі

 

 

 

 

 

 

 

Аталған еңбекте мектепке дейінгі ұйымдардының хореографтарына  арналған перспективтік жоспарлар, үлгі сабақ жоспарлары мен  би қимылдарының сипаттамасы ұсынылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе_____________________________________________________ 4

 

Мектепке дейінгі  жастағы балаларға үйретілетін  би жанрлары___________________________________________________ 7

 

Музыкалық- дидактикалық ойындар  ___________________________ 9

 

Мектепке дейінгі жастағы  балалардың хореография бойынша

сабақтардың құрылымы ______________________________________ 10

 

Үлгі сабақ жоспарлары _______________________________________ 21

 

Дидактикалық ойындар_______________________________________ 35

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі _________________________________ 39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Би - ежелгі заманнан келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлініп алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше роль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс- әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Ертедегі үнділік данагөйлер бидің адамның денсаулығына пайдалы екендігін түсінгендіктен, пластикалық қимылға көп мән берген.

Би өнерінің адамды тәрбиелеу  жұмысында маңызы зор. Қазіргі заманда  балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында  би ұжымдары ашылуда. Осы ұжымдардың шығармашылығының арқасында халық  билері жаңа белеске көтеріліп, жас  ұрпақтар эстетикалық тәрбие алып, рухани байлығы көтеріледі.

Би тек қана әсемдік  үшін керек емес, сонымен қатар  бұлшық еттерінің, қаңқа сүйектерінің жетіліп дамуына көп әсерін тигізеді, денеге икемдік және сымбат береді.

Халық биі ерте заманнан келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Біздің заманымызға дейін жеткен би өнері ерекше көріктілігімен, бейнелік айқындылығымен және әрбір халықтың тарихымен сабақтасып жатқан қайталанбас ұлттық колоритімен таң қалдырады. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан би өнерінің түр өзгерістері дами келе, өзінің қазіргі күнгі күйіне жетті. Әрбір заман ағымы өз өзгерістерін енгізеді. Осы халық биі арқылы балапандар әр ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрлерін меңгеріп, патриоттық сезімдері оянады. Кішкентай балғындар- еліміздің болашағы, олар дендері сау, жан - жақты қабілетті болулары қажет, ал би- денсаулықтың қайнар көзінің бірі болып табылады.

Қазақстандағы хореография  өнері ХХ ғасырда пайда болып, халықтың рухани байлығына айналған жаңа көркемөнер түрі. Осы ғасырдың екінші жартысында қазақ биі өнері саласында небір өзгерістер  мен бетбұрыстар жасалды.

Хореография өнерінің тарихында  бидің барлығы дерлік халық шығармашылығынан нәр алғаны белгілі.

Әдемілікті әр халық  өз ерекшелігіне қарай қабылдап, өзіне  тән ұғыммен бағалайды. Сол себепті  де әдемілік жөніндегі ұғым атаулы да алуан-алуан көрініс беріп, әр елдің өзіне ғана тән көркем өнер категориялары туашақ, соған лайықөнер түрлері дүниеге келмек. Қазақ топырағында ерекше өркен жайған шешендік пен айтыс, тапқырлық сөз түрі, ауыз әдеб иеті, әншілік десек, суретшілік пен би сәл-пәл кенжелеу дамығанын көреміз.

Қазақта би өнері болған ба деген таластың ешбір негізі жоқ. Жеке адамдардың қазақ биін жинап, насихаттауы  кезінде өз бағасын таба алмады, ал бүкіл халыққа тән би мектебі  социалистік замана басында біздің қолымызға тиді. Ұлтымыздың төл өнері- биі өркен жайды. Ол ұлттық музыка мен ұлтқа тән көркем қимылдан туындады. Би- жеке кісінің орындалуынан өсіп, опера спектакльдеріндегі көп кісі билейтін би түріне дейін дамыды.

Бұрын Одақ картасында қазақ  даласында хореография өнері белгілене қоймайтын, СССР Халық артисі Лидия Чернышева басқарған Қазақ ССР Мемлекеттік ән-би ансамблі бізде «би жұтаң» деген ұғымды жоққа шығарды. Ансамбль барған Азия, Европа, америка континенттері қазақ би өнерінің нелер үлгісін көріп қол соқты. А.Зацепиннің «Хоттабыч Қария», Ғ.Жұбанованың «Ақ құс туралы аңыз», Қ.Қожамияровтың «Чинтомур» секілді балеттік спектакльдері еліміздің бұл өнер саласындағы елеулі табысы болды. Шара Жиенқұлова қойған жеке билер, жас шеберлер әзірлеген би үзінділері тәуір баға ала бастады. «Біржан мен Сара» операсындағы Д.Әбиров қойған би, Шара мен Болат Аюханов әзірлеген «Балбырауын» би көріністері кез- келген спектакльге көрік берерліктей. Жас талант иелері де өсір келеді. Хореография өнері жайлы 1,2 жарыста Болат Аюханов әзірлеген «Айтылмаған ән», «Ақындар ырғағы», елдос Усин әзірлеген «Жүрек жыры» арнаулы дипломдарға, бәйгеге ие болды. Балет өнерінің халықаралық бәсекесіне осы бастан сайлана бергені жөн. Өнер- көркем ой мен биікке ұмтылу, қиялға серпілу секілді шабыт жемісі екені есте болсын.

Белгілі балетмейстер, оқытушы, өнертану ғылымының докторы Р.Захаровтың: «Би мағыналы болу керек, олай болмаған жағдайда дерексіз жәй ғана дене қимылдарының жиынтығы болып қалады» - деген.

Биді тұла бойы тұнған сұлулық поэзиясы десек, оның оралымдарын, тұңғиық терең сезімін жұртшылық жүрегіне сол қалпында мөлдіреп жеткізіп бере білу де үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Жалпы, би - адамның көңіл күйіне негізделген, музыкалық ырғаққа бағынышты, түрлі қимылдар тізбегімен бейнеленетін өнер. Биде адам баласына тән әсемдік пен әдемілік, өмірге деген көзқарасы мен көңіл күйі көрініс табады. Тек сол көңіл-күйді білдіретін қимыл-қозғалыстарды дұрыс тауып, нақтылы қолдана білу қажет. Ырғақ адамның жан дүниесінің көзге көрінбейтін тербелістерін айқын білдіреді. Ал, халық билерінің тууына әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы, тұрмыс-салты, мәдениеті әсер етеді.

Халық биі тек қана жүйесіз ешқандай ой салмайтын қимылдар тізбегі емес. Ол қоршаған ортада болып  жатқан, өзіміздің басымыздан өтіп жатқан дүниені көркем суреттеу арқылы көрсету.

Би өнерінің зерттеушісі  А.Климов: «Халық биінің әрқашан айқын  тақырыбы, ойы болады, ол мағыналы. Бидің  драматургиялық негізі және мазмұны  болады, онда жалпы және нақты көркем образдарды дене пластикасының қимыл-қозғалыста арқылы, бидің кеңістіктегі суреттері арқылы береді»,-деген.

Би өнері күллі адамзат  баласына ортақ, дүниежүзіндегі халықтардың  барлығына түсінікті. Әр халықтың ұлттық ерекшеліктеріне орай би өнерінің көркемдік  бейнелеу құралдары мен мазмұны да әртүрлі болып келеді. Әр халықтың белгілі бір ережелерге бағындырылған әсем де сұлу, нәзік қимылдарынан келіп би туындайды. Осылай жинақтала, уақыт таразысынан өте бүкіл дүниежүзі халықтарында көркем би өнерінің қағидалары қалыптасты. Би өнерінен әр халықтың өзіне тән ұлттық сипатын анық байқаймыз. Әр халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын, салтын, тұрмыс-тіршілігін айнытпай таныта алатындықтан, оларды бір-бірінен оңай ажыратуға болады.

Қазақ биі өз құрылымында  ұлттық салт-санаға байланысты басқа  өнер түрлерімен синкреттік түрде дамығанын аңғаруға болады. Қазақ өнеріндегі синкретизм жөніндегі ғалым Қ.Жұбанов «... әуел баста эпос, музыка, би, ән, күй синкрети зм қалпында бір жүрген,»-деп жазып кеткен.

Ө.Байділдаев: «Музыка- адам жаны, өмір айнасы. Ол ғасырлар бойы адам өмірімен бірге жасасып, бірге дамып, бірге өркендеп келе жатқан өнер»,- деп, көрсеткен. Ал, ежелден музыкаға қабілетті қазақ халқының ішкі ырғақтық сезімінің де мықты болғанына ешкім шүбә келтірмес. Олай болса би ырғақтың сырт бейнесі, естіп отырған музыкасының ырғақтық ерекшелігін бейнелеуден қимыл, ал жүйелі түрдегі қимыл жиынтығынан би туындайды.

Халықтың көркемдік  ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына  сай арман-мұраттарының бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған.

Балет театр сыншысы  Н.Эльяш: «Би тілін қалыптастыру, ұзақ та күрделі процесс, ол көптеген суреткерлердің ізденістерінің жемісі»- деген болатын. Осы ойдың дәлелі, қазақ халқының әр кезеңде өмір сүрген өнерпаздарының ұрпақтан-ұрпаққа мұра қылып қалдырып отырған өнер түрлерінің бірі би өнері.

Қоғамның өзгеруіне  байланысты, халықтың өмірі мен дәстүрі  де өзгеріп отыратыны белгілі. Міне осыған орай өнердің де өзгеріске  ұшырайтыны сөзсіз. Оның тақырыптық идеясы, мазмұны да өзгеріске ұшырап отырады. Халық шығармашылығынан нәр алған би өнері де осылай өсіп- өркендеуде.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке  дейінгі жастағы балаларға үйретілетін  би жанрлары

 

Классикалық би

    Хореографияның негізі классикалық би болып табылады.Ал, бидің шеберлігін, иілгіштігін, тазалығын сақтайтын академиялық мәнер оқыту жүйесінің тамыры ретінде саналады.

    Классикалық бидің қозғалысын екі топқа бөлуге болады: дайындық /қарапайым/ және негізгі /күрделі/.

    Бірінші топқа дайындық жаттығуларының барлық жүйесі кіреді: жартылай отыру /деми плие/, аяқты алға қою / battement tendu /, кіші сермеу /battement tendu jete /, еденде аяқтың ұшымен  шеңбер сызу / rond de jambe par terre / және т.б.

    Қозғалыстың екінші тобына тепе-теңдіктің, айналымның, секірудің әр түрлері жатады. Қозғалыстың бірінші тобының орындалуы нақты техникалық нормаларды сақтауды талап етеді, ол: қозғалыстың музыкамен ритмикалық сәйкестігі, дене мен бастың, қол мен аяқтың қалыптары.

    Классикалық бидің жаттығуларын тіреуде немесе залдың ортасында орындауға болады.

    Тіреудегі жаттығу тіреуге қарап , екі қолымен ұстап, сонымен қатар қырымен тұрып және бір қолымен ұстау /сол, оң/ арқылы орындалады.

    Залдың ортасында қимыл орнында орындалады: негізгі бағытқа қарап, оңға, солға, жартылай бұрылып, арқамен, етбетімен жатып алға қарай түзу, диаганаль, шеңбер бойымен.

     Хореографяның негізгі /күрделі/ жаттығуларына арнайы дене бітімін дамытатын, күрделі қимыл машықтарын қалыптастырумен байланысты  қозғалыстарды үйрету жатады.

Халықтық-сахналық би

Халықтық билер  тұрмыстың, еңбектің, діни және отбасылық  мерекелердің ұлттық ерекшеліктері  негізінде қалыптасқан.Сондықтан  алғашқыда қазақ, орыс және т.б. ұлттардың  би элементтерін оқытуды сабақтарға кіргізу керек. Би мәнерлерінің араласуына жол бермеу керек, ол ұлттың айқын ерекшелігінің жоғалуына әкеп соғады.

Халықтық- сахналық бидің қимылдары алғашқыда тіреуде, сосын залдың ортасында орындалады. Биде орындаудың мәнерлігіне, бидің  ұлттық сипатындұрыс жеткізе білу біліктілігіне  ерекше назар аударылады.

Балдық би

Балдық билер  дегеніміз халықтық бидің материалдарын  көркемдік құнды қайта өңдеуі.

Еркін иілгіштіктің қимылдары

Сабақтарда  жүру және жүгіру аяқ бұлшық еттерінің  күшін жетілдіреді, денені тік ұстауға  жаттықтырады.

Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, нық адыммен, серпілмелі адыммен.

Жүгіру: нық, серпілмелі, аяқты жоғары көтеріп және т.б.

Толқындар және сермеулер

Жалпы дамытушы жаттығулар

Хореографиядағы жалпы дамытушы жаттығулардың өзіндік  ерекшеліктері бар. Мысалы, қолмен сермеу- жеңіл, бір қалыпты орындалады, ал иілу дененің, бастың, қолдың үлгермеген қимылымен үйлеседі. Көптеген жаттығулар динамикалық және статикалық сипатқа ие, әртүрлі қалыптарда орындалады: арқамен, ішімен, отырып.

Ритмика

Өз қимылын  музыка ырғағымен үйлестіру қабілеті музыкалық дарындылықты айқындайды. Ол хореографиялық жаттығуларды меңгеру үрдісінде қалыптасады, бірақ музыкалық ырғақты неғұрлым сәтті меңгерту мақсатымен хореографиялық сабақтарда арнайы музыкалық ойындар қолданылады.

өлшеу мен құру құралдарына метр мен темп жататын әрбір музыкалық шығарманың өзіндік ырғағы болады.

Метр- музыкалық  такты құру

Темп- орындалудың  жылдамдығының деңгейі.

Балалармен  өткізілетін сабақтарда ырғақты  жаттығулардың бірнеше топтарын бөлуге болады:

  • әуенді басқару /дирижирование/
  • әр тактіге, үзіліске және т.б. түрлеріне  шапалақтау
  • әртүрлі темпте жүру мен жүгірудің түрлері
  • әртүрлі темпте және ырғақта шапалақтап жүру мен жүгірудің түрлері
  • музыкалық ойындар

Алғашқыда балалар 2/4, 4/4 қарапайым музыкалық ырғақтарды меңгеру қажет.

Пантомима

Пантомима –  бұл хореографияның құрамды бөлігі ғана емес, сонымен қатар өнердің  дербес түрі. Пантомиманы ым-ишара  және дене қимылдары арқылы көрсетеді.

 

Хореография сабақтарындағы музыка

Хореография сабақтары  музыкалық сүйемелдеуді қажет етеді. Музыка арқыл би эстетикалық тәрбиенің күшті құралы болып табылады.сабақтардағы музыканың ырғағы анық және түсінікті болуы қажет. Бидің мәнерлілігін, техникасын жетілдіру барысында көңіл- күйді білдіретін /эмоционалдық/ музыканы қолданған жөн.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу