Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:31, аттестационная работа

Описание работы

Аталған еңбекте мектепке дейінгі ұйымдардының хореографтарына арналған перспективтік жоспарлар, үлгі сабақ жоспарлары мен би қимылдарының сипаттамасы ұсынылған.
Би - ежелгі заманнан келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлініп алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше роль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс- әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Ертедегі үнділік данагөйлер бидің адамның денсаулығына пайдалы екендігін түсінгендіктен, пластикалық қимылға көп мән берген.

Содержание

Кіріспе_____________________________________________________ 4
Мектепке дейінгі жастағы балаларға үйретілетін би жанрлары___________ 7
Музыкалық- дидактикалық ойындар ___________________________ 9
Мектепке дейінгі жастағы балалардың хореография бойынша сабақтардың құрылымы ________ 10
Үлгі сабақ жоспарлары _______________________________________ 21
Дидактикалық ойындар_______________________________________ 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі _________________________________ 39

Работа содержит 1 файл

опыт по хореографии.doc

— 418.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

І тоқсан

1. Классикалық бидің элементтері:

Тіреуде- үйрену: а/ аяқтың І, ІІ, ІҮ қалыпта demi- plie

                             б/ battement tendu жан-жаққа

                             в/ battement tendu jete жан-жаққа

Залдың ортасында- а/ sotte I, II қалыпта

                                  б/ I-ші por de bra

                                  в/ sisson қимылы, қол  ІІ  қалыпта

 

2. Тарихи- тұрмыстық би элементтері:

Дайындық жаттығулар- аяқ ұшымен жүру, қосымша қадам, алмастыру қадамын үйрену; негізгі қимыл алдыға, артқа, жанға, шоқыту қадамы;

 

3. Халықтық- сахналық билері:

Тіреуде- а/ қарапайым комбинациялар әртүрлі халықтық  билердің

                    элементтерімен

Залдың ортасы-  тәжім ету, халықтық билердің элементтерін үйрету

                орыс биі:

                а/ қолды құшақ жаю, қайта жинау

                б/ қолды кезекпен кезек жаю

                в/ қолды пайдаланудың негізгі қалыптары: «жұлдызша», «себет»

                өзбек биі:

                а/ аяқ, қол ұстау қалыптары

      б/ тәжімет ету

     в/ қол буындарының қимылдары

      г/ алақанмен шапалақтау

     

ІІ тоқсан

І тоқсанда өткен материалды бекіту, жаңа элементтерді қосу

1. Классикалық би- тіреуде

   а/ demi- plie І, ІІ, ІҮ, Ү қалыпта

    б/ rond de jambe par terre оң және сол аяқпен

    в/ battement tendu jete 45 градусқа

2. Халықтық- сахналық би элементтері-

    а/ таптама шоқыту

                б/ полька және шоқыту айналымынан

                         комбинациялар

    в/ қазақ және орыс билерінің элементтері

    г/ қазіргі заман билерінің элементтері

    орыс биі:

    1/ еденде өкшелеп жүру

    2/ еденде жартылай бармақ басымен жүру

    3/ алға және кейін қарай таптап жүру

    4/ қол: кезек- кезек құшақ жаю

    5/ «моталочка» қимылы

  өзбек биі

  1/ білекті тынымсыз қимылдату

  2/ білекті ішке және сыртқа қарай құбылтып айналдыру

  3/ саусақтарды шыртылдату

  4/ жан- жаққа қарай бас қимылы

 

ІІІ тоқсан

І және ІІ тоқсандардағы жаттығуларды бекіту және жетілдіру және жаңа элементтерді қосу

1. классикалық би- а/ surle cu die pie қалпын үйрету

      б/ rond de jambe par terre plie қимылымен

      в/ releve ІІ қалыпта

    залдың ортасында:  қарапайым классикалық этюдтар

Классикалық би /негізгі  қимылдары/

 

  1. Аяқты ұстау қалпы ІІІ және ІҮ

 

  1. Қолды ұстау қалпы ІІІ және ІІ

 

  1. Аяқтың ұшымен жүру

 

  1. ші қимыл: қыз бала «Сruasse» нүкте бойынша қимыл жасап тұрады.

Қол бастапқы қалыпта  «жалын» қимылын жасау- ІІ қалыпқа  көтеру және төмен түсіру

 

2-ші қимыл:  ер бала  аяқтың ұшымен жүріп, қыз балаға  жақындайды.

Бірге «sisson» қимылын жасайды, ер баланың қолы қыз баланың белінде.

 

3-ші қимыл:  қыз бала  «attitude» қалпында, қол ІІІ позицияда. Ер бала қыз баланы айналдырады.

 

4-ші қимыл:  Ер бала тізерлеп отырады, оң қолы ІІ қалыпта, сол қолы ІІІ қалыпта. Қыз бала аяқтың ұшымен ер баланы айналады.

 

Осы биді орындауда нақты  қол позицияларын классикалық би элементтерін сақтау міндетті

 

2. Халықтық- сахналық би- қалаған елдің би элементтерін үйрету

Тіреуде- әр түрлі халық биінің элементтерімен комбинация құру

Залдың ортасында- өзбек, орыс халықтарының биін орындау

 

 

 

 

 

Жылдық міндеттері: би өнері жайлы теориялық білім беру; хореографиялық жаттығулардың термин сөздерін есте сақтауды бекіту; денені тік ұстауды қалыптастыру; иілгіштік пен айналымдарды дамыту, екі және бір аяқта тепе- теңдікті сақтау, кішігірім композицияларды есте сақтау жұмыстарын жалғастыру; әртүрлі қозғалыста қол мен аяқтың жұмысын байланыстыра білуге үйрету; жаңа секіру түрлерін үйрету жұмыстарын жалғастыру; музыкалық шығармаға сәйкес ым- ишараның көмегімен қысқаша қойылымдарды өздігінен ойнауға үйрету.

 

Даярлық тобының хореография сабағынан

 перспективтiк  жоспары

 

 

Тақырыбы

 

Сағаты

 

Мерзiмi

 

1

 

Қол, аяқ қалыптары,  жүрiстер /өкшелеу, сахналық/

Марш бiр орында, нүкте бойынша «plie» қимылын үйрету

 

4 сағат

 

 

4 сағат

 

 

 

қыркүйек

 

2

 

Композиция «Туған жерiм»

 

8 сағат

 

қазан

 

3

 

Балет өнерімен таныстыру

 

4 сағат

 

қараша

 

4

 

5

 

«Жаңа жыл ойыншықтары» биi

 

«Қояндар» биi

 

4 сағат

 

4 сағат

 

 

желтоқсан

 

6

 

«Қамшы өрнегi» ұлдар биi

 

8 сағат

 

қаңтар

 

7

 

«efase», «cruase», «anfas» нүктелерi, «plie» III позиция

 

4 сағат

 

ақпан

 

8

 

«Наурыз шашуы» композиция

 

8 сағат

 

 наурыз

 

9

 

«Вальс» биi

 

4 сағат

 

 сәуiр

 

10

 

«Халықтар достығы» биi

 

Қыздар тобына арналған би «Гүлдер үндестігі»

 

4 сағат

 

4 сағат

 

 

 мамыр


 

І тоқсан

1. Классикалық бидің  элементтері:

Тіреуде-  а/ demi- plie І, ІІ, ІҮ, Ү қалыпта

      б/ rond de jambe par terre оң және сол аяқпен

                в/ battement tendu

                г/ battement tendu jete

                д/ releve III қалыпта

Залдың ортасында- de ga І, ІІ еркін қалыптарда секіру; серпілмелі қадамды үйрету; аяқ, қол қалыптарын жетілдіру; денемен толқындар жасау;

2. Тарихи- тұрмыстық би элементтері:

Дайындық жаттығулар- қосымша қадам, алмастыру, аяқ ұшымен жүру; негізгі  қимылдар- шоқыту қадамы, польканы үйрену; полонез қадамдары; қазіргі заманғы  балдық билердің қимылдары 

3. Халықтық-сахналық билері:

Тіреуде- releve

Залдың ортасы- тіреудің қасында үйренген жаттығуларды залдың ортасында қайталау. Халық билерінің  элементтері

 

ІІ тоқсан

І тоқсанда өткен материалды бекіту, жетілдіру жаңа элементтерді қосу

1. Классикалық би- а/ surle cu die pie, passe;

     б/ rond de jambe par terre en dehors, en dedan

      в/ battement fondu жан-жаққа 25 градусқа көтеру

2. Халықтық- сахналық би элементтері-

     а/ вальс қадамын үйрену

                                     б/ денемен толқындар жасау, айналу

         мен қарғу, шоқыту қадамынан құрылған құрамалар

      в/ мазурка, жеңіл жүгіру

           г/ өткен материалдарды қол, аяқ дене қимылдарымен,

                                        әуенмен, ырғақпен сәйкестендіріп қайталау

                д/ қазіргі заман билерінің элементтері

 

ІІІ тоқсан

І және ІІ тоқсандардағы  жаттығуларды бекіту және жетілдіру  және жаңа элементтерді қосу

1. классикалық би- а/ тіреуде: demi- plie

қол қозғалыстары мен  алға, артқа, жанына ілулермен сәйкестелген, grands plie; қолдың әртүрлі қозғалыстарымен battement tendu; rond de jambe par terre en dehors, en dedan

   б/ залдың ортасында:  қолдың әртүрлі қозғалыстарымен

                                     І, ІІ, ІІІ еркін қалыптағы demi- plie, grands plie;

                                     І, Ү қалыптағы battement tendu

2. Тарихи- тұрмыстық би- а/ қадамнан, шоқытудан, полькадан,

                                                    айналымнан, қарғудан құралған құрамалар

     б/ жанға  қарай вальс қадамы

     в/ мазурка;  жеңіл жүгіру; салтанатты «pa»

3. Халықтық- сахналық билері-

а/өткен материалдарды қол, аяқ дене    қимылдарымен, әуенмен,  ырғақпен сәйкестендіріп қайталау

           б/ қазақ халық билерінің композициялары

           в/ орыс халық билерінің композициялары

                            г/ өзге халық билерінің композициялары

           д/ қазіргі заман билерінің композициялары

 

Сыған биі /негізгі қимылдар/

 

1- ші қимыл: қыз бала  еденде отырып, «Por de bras»  қимылын  жасайды, қол денемен бірге бұрылып қимыл жасайды.

 

2-ші қимыл: қыз бала  түзу тұрады, қол ІІ қалыпта,  аяқпен «flic-flas»                 /- еденді табанмен алға-артқа қарай сипау./қимылын жасау

 

3-ші қимыл:  қыз бала  түзу тұрады, қол ІІІ қалыпта,  оң аяқ түзу тұрады, сол аяқ  нүкте бойынша айналады.

 

4-ші қимыл:  қыз бала  бір орында тұрып, алға және  кейін жылжи отырып, қарапайым  секіру. Көйлектің етегі қолда,  қолды алға артқа сермеу.

 

5-ші қимыл: қыз бала  бір орында тұрып, алға еңкейіп  және артқа шалқайып кезек-кезек  иық қимылдарын жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлгі сабақ  жоспарлары

 

Естиярлар тобы

Тақырыбы: «Менің елім» композиция

Мақсаты: Баланың би қимылдары арқылы дене бітімін жетілдіру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштік сезімін ояту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі

Залға кіру, тәжімет жасау. 3 қатарға сапқа тұру. Қол, аяқ қалыптарына жаттығу.

 

Педагог: балалар, бүгін  біз «Менің елім» композициясының  би қозғалыстарын үйренеміз. Үйренбес бұрын, еліміз жайында әңгімелесейік. - - - Біз қай елде тұрамыз?

- Еліміздің елордасы  қай қала?

- Біздің қаламыздың  көрікті орындарын атаңдаршы?

- Балалардың жауаптары.

II. Бұлшық еттерін ширатуға арналған жаттығулар./шеңбер бойымен адымдап II жанға және тізені бүгіп, аяқтың ұшымен секіру, жан-жаққа иілу т.б./

III. Негізгі  бөлім.

Балалардың қолдарында әртүрлі түсті гүлдер, ленталар, жалаулар.

Негізгі қимылдар:

  • марш қозғалысы бір орында, нүкте бойынша, қол алдыда, бүгулі;
  • аяқты бүгу арқылы оңға, солға кеуде бұрылады, қол III қалыпта;

марш қимылымен шеңбер бойлап жүру, қолды II қалыптан III қалыпқа көтеру және III қалыптан II қалыпқа түсіру; /сермеу/

  • оң жақ тізеге тізерлеп отыру, қол III қалыпта, сермеу;

Педагог: балалар әуен ырғағымен осы қимылдарды бірнеше рет қайталап, билейік.

Қорытынды:

  • Балалар, осы сабақта үйренген би ұнады ма?
  • Мен сендердің осы би мен ән арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін артты деп ойлаймын.

Қоштасу, тәжімет жасау.

«Менің елім» әуенімен балалар маршпен залдан шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жануарлар әлемі»

Сабақтың мақсаты:

Балдырғандарды би өнеріне  еліктіру, жануарлардың қимылдарын үйлесімді  орындай білуге үйрету, кейіптенуге, еркіндікке баулу, жануарларға қамқорлық сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тәжімет. 3 қатарға сапқа тұру. Қол, аяқ қалыптарына жаттығу.

Педагог:

  • балалар, сендер орман жануарларын білесіңдер ме?
  • Балалардың жауаптары
  • Ал, ендеше біз өзімізді орманда жүргендей елестетейікші. /аудиотаспадан  орман дыбыстары /құстардың, жануарлардың/ тыңдалады/
  • Балалар, естіген дыбыстарға сәйкес қандай жануарлардың, құстардың  қимылдарын көрсете алар едіңдер.

ІІ. Негізгі қимылдар:

Құстар қимылы- аяқтың ұшымен жүру, қолды ІІІ қалыптан бастапқы қалыпқа түсіру, екі қолмен қанат қағу қимылын жасау. Оң қолымен және сол қолымен кезек-кезек сермеу. Аяқ екі қолды алға созып, шынтақты көтере дөңгелендіріп, кеуде тұсына ұстау

  1. қалыпта, қолдың қимылына байланысты оңға және солға аяқты сәл бүгу.
  2. Қоян қимылы- тізені бүгіп бір орында оң және сол аяқпен кезек-кезек  секіру. Екі қолды алға созып, шынтақты көтере дөңгелендіріп, кеуде тұсына ұстау. Екі аяқпен серпілу, қол І қалыпта
  3. Түлкі қимылы- аяқты кезек –кезек жан- жаққа маысып көтеру, қол І қалыпта, аяқты айқастыра жүру, дене аяқпен бірге қозғалады.
  4. Аю қимылы- қол ІІ қалыпта, саусақтарының арасы ашық, бір жақтан екінші жаққа теңселіп маймаңдап жүру. Аяқ өкшеде екі қол ІІІ қалыпта саусақтарының арасы ашық / оң және сол аяқпен кезектесіп жасалады/

Педагог: балалар, көрсеткен  қимылдар арқылы көңілімізді көтеріп, жануарлар әлемі биін орындап үйренейік.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу