Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:31, аттестационная работа

Описание работы

Аталған еңбекте мектепке дейінгі ұйымдардының хореографтарына арналған перспективтік жоспарлар, үлгі сабақ жоспарлары мен би қимылдарының сипаттамасы ұсынылған.
Би - ежелгі заманнан келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлініп алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше роль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс- әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Ертедегі үнділік данагөйлер бидің адамның денсаулығына пайдалы екендігін түсінгендіктен, пластикалық қимылға көп мән берген.

Содержание

Кіріспе_____________________________________________________ 4
Мектепке дейінгі жастағы балаларға үйретілетін би жанрлары___________ 7
Музыкалық- дидактикалық ойындар ___________________________ 9
Мектепке дейінгі жастағы балалардың хореография бойынша сабақтардың құрылымы ________ 10
Үлгі сабақ жоспарлары _______________________________________ 21
Дидактикалық ойындар_______________________________________ 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі _________________________________ 39

Работа содержит 1 файл

опыт по хореографии.doc

— 418.00 Кб (Скачать)

Музыкалық шығармаларды таңдаудың жалпы қағидасына би дарындылығы, кейіптену, әуеннің аяқталуы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық- дидактикалық ойындар

 

«Өз түсіңді  тап»

Балалар шеңбер жасап  тұрады. Әрқайсысының қолында әр түсті  лента немесе орамал. Балалар музыка ырғағымен қолдарын жоғары, төмен бұлғап, асықпай жүреді. Бір түсті лентасы /орамалы/ бар балалар өз түстерін тауып, жұптасады да қолдарын жоғары- төмен бұлғап, жеңіл айналады. /бірде оң жағына, бірде сол жағына/.

Ескерту: лента немесе орамалдың үш- төрт түсі болу керек. Бір түсті лентаның не орамалдың саны жұп болуға тиіс.

 

«Әнші бала»

Балалар екі топқа  бөлініп, орындарына отырады. Кімнің ән салғанын шешу үшін әр топтан бір баладан  кезекпен шығып, балаларға теріс  қарап тұрады. «Ля- ля- лай» буындарына қарама- қарсы топтың бір баласы тәрбиешінің нұсқауы бойынша әндетеді. Егер де бала ән салушыны дауысынан таныса, оның тобына ұпай беріледі. Ойын жалғасады.

 

«Тайтұяқ пен  асатаяқ»

Әннің бірінші шумағына балалар бірінің артына бірі тұрып, шеңбер жасап, әннің мазмұнына сәйкес көңілді би қимылдарын жасайды. Ортадағы жүргізуші «сырт-сырт-сырт» сөздеріне асатаяқта ойнайды. Соңғы такт ойналғанда балалар сырт айналып тұрады. Жүргізуші әннің мәтіні бойынша аспаптардың біреуінде ойнайды да, бір баладан оны атауды сұрайды. Тапқан бала ортаға шығып жүргізуші болады.

Әсем ырғақ толқыны, еске салса шолпыны,

Ойнап тұрған қолдағы  асатаяқ болғаны.

    Құлақ тосып  тұр тыңдап, дыбыс шықса сыртылдап, 

    Ойнап тұрған  қолдағы тайтұяқтың болғаны:

    Сырт- сырт- сырт! Сырт- сырт- сырт!

 

«Көлеңке»

1. Көлбең- көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем!

    Кәне, қатар  тұрайық, үлкен шеңбер құрайық.

    Тәрбиеші осы  өлеңді әндетіп айтып жүріп,  бір үлкен, бір кіші баладан 

    қатар- қатар  тұрғызады. /кішісі- «көлеңкең»/. Барлығы шеңбер жасайды.

2. Көлбең- көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем!

    Бүркіт қалай  бүреді, кім көрсете біледі?

    Балалардың  бәрі осы сөздерді айта жүріп,  қолдарын жазып, жанындағы

    «көлеңкелеріне»  көрсетеді. Бүркіт былай бүреді, көлеңкем де біледі.

    Ән ырғағымен  балалар бүркітше қанат қағады, еңкейіп саусақтарымен жер

    тірейді. Көлеңкелері  қайталап қимыл жасайды. 

3. Көлбең- көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем!

     Қасқыр  қалай жүреді, кім көрсете біледі? /қасқырдың жүрісін бейнелейді/

     Осылайша таныс аңдардың қимылдарын бейнелейді. 

Мектепке дейінгі  жастағы балалардың хореография  бойынша сабақтардың құрылымы

 

Құрылым классикалық  болып қалады: дайындық, негізгі  және қортынды бөлімдер.

Дайындық бөлімінде балаларды ұйымдастыру, сабақтардың негізгі бөлімінде орындалатын жаттығуларға дайындық міндеттері шешіледі. Көрсетілген міндеттерді шешудің құрамына жүру мен жүгірудің әр түрлері, әртүрлі билердің қосылуы, жалпы дамытушы жаттығулар жатады.

Жаттығуларды жүргізу  үшін әртүрлі әдістер қолданылады: бөлек, қозғалыста, ойынды. Осы жаттығулар зейінді тұрақтандырып, жүректі, ағзаны  және тыныс алу жүйесін  келесі жаттығуларға дайындайды.

 

Негізгі бөлімде  қойылған міндеттерді шешу классикалық, тұрмыстық-халықтық билердің, еркін иілгіш қозғалысының және жалпы  жаттығулар элементтерінің сан қилы қимылдар жинағын қолдану арқылы орындалады.

 

Қортынды бөлімінде босансу, созылуға арнайы іріктеп алынған жаттығулардың көмегімен жүктемені төмендету қажет. Шаршаған кезде көңіл- күйді көтеру үшін қазіргі заманға би қимылдарының элементтерін қолдану ұсынылады. Қорытынды жасалады.

 

Хореографиядағы жаттығулардың  бірізділігі қатаң анықталған. Бірінші  табанына, сирақтарына, тізеге және жамбас буындарына, сосын күрделену арқылы барлық бұлшық еттерге әсер ететін жаттығулар таңдап алынады.

 

 

Хореография сабақтарының апталық жүктемесі

 

Жас деңгейі

 

Апталық сабақ саны

 

Ұзақтылығы 

 

Естиярлар тобы

 

1

 

20-25 мин

 

Ересектер тобы

 

2

 

25-30 мин

 

Мектепке даярлық тобы

 

2

 

30-35 мин


 

 

 

 

Жылдық міндеттері: балаларға хореографияның қарапайым негіздері туралы түсінік беру; иілгіштік пен айналуды дамыту, тепе- теңдікті сақтай білуге, музыкалық шығармаларға сәйкес кейіптенуге, қарапайым хореографиялық композицияларды есте сақтай білуге үйрету.

 

Естиярлар тобының хореография сабағынан

 перспективтiк  жоспары

 

 

 

Тақырыбы

 

Сағаты

 

Мерзiмi

 

1

 

Қолға, аяққа арналған жаттығулар, жан- жаққа бұрылу, жүрiстер

 

4 сағат

 

қыркүйек

 

2

 

Композиция «Менiң елiм»

 

4 сағат

 

қазан

 

3

 

Би «Жануарлар әлемi»

 

4 сағат

 

қараша

 

4

 

«Ұлпа қарлар» биi

 

4 сағат

 

желтоқсан

 

5

 

Қолдың қалпы, қолға жаттығу, аяқтың III, УI қалпы

 

4 сағат

 

қаңтар

 

6

 

«Балдырған» биi

 

4 сағат

 

ақпан

 

7

 

«Мереке» биi

 

4 сағат

 

 наурыз

 

8

 

«Фантазия» биi

 

4 сағат

 

 сәуiр

 

9

 

«Гүлдер» биi

 

4 сағат

 

 мамыр


 

 

 

 

 

Аяқ қалыптары:

Бес ашық: І, ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү

І қалып- аяқтың өкшелерін бір- біріне қосып, аяқтың басын екі жаққа бұра, бір түзудің бойымен орналастырады.

ІІ қалып- екі аяқтың арасын бір табан алшақтатып, аяқтың басын екі жаққа бұра, бір түзудің бойымен орналастырады.

ІІІ қалып- бірінші аяқтың табан ортасына екінші аяқтың өкшесін қиғаштай /емесе бұрыштай/ қойып, аяқтың басын бұрып орналастырады /оңға жұмыс жасаған кезде оң аяқ, солға жасаған кезде сол аяқ орналастырылады/

ІҮ қалып- бірінші аяқ екіншісінен бір табан қашықтықта, аяқ ұштары екі жаққа қаратыла орналастырылады. Алда тұрған аяқтың ұшы екінші аяқтың өкше тұсына қарсы орналасады./оңға жұмыс жасаған кезде оң аяқ, солға жасаған кезде сол аяқ орналастырылады/

Ү қалып- екі аяқтың ұшы бір түзудің бойына екі жаққа қаратыла орналасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қол қалыптары:

І қалып- екі қолды алға созып, шынтақты көтере дөңгелендіріп, кеуде тұсына ұстау

ІІ қалып- екі алақанды жоғары қарата, қолды жанға соза ұстау.

ІІІ қалып- екі қолды шынтақ тұсынан дөңгелендіріп, жоғары көтеріп ұстау.

ІҮ қалып- қолы шынтақ тұсынан бүгіп, белден ұстайды /бас бармағы артта, қалған төрт саусақ бел алдында бірге болады/

Ү қалып- екі қолды айқастырып, шынтақты кеуде тұсынан сәл жоғары көтеріп, қолдың саусағын біріктіріп иық тұсынан төмен орналастыра білектен ұстау.

ҮІ қалып-  екі қолдың шынтағын екі жаққа бұрып саусақты желке тұсына орналастыру.

ҮІІ қалып- екі қолдың шынтағын екі жаққа бұрып, белге орналастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тоқсан:

1. Классикалық бидің элементтері:

а/ тіреуде: І, ІІ, ІІІ аяқтың еркін қалыптарын меңгеру, demi- plie І, ІІ, ІІІ еркін қалыпта, І, ІІІ қалыптардан battement tendu.

б/ залдың ортасында: қолдың қалыптарын меңгеру /классикалық/

 дайындық- ІІ por de bra, І ден ІІ-ші қалыпқа қолды алмастыру, дайындық қалыптан І қалыпқа, екі аяқпен тепе-теңдікді сақтау, қарғу арқылы айналу, екі аяқпен секіру.

2. Тарихи- тұрмыстық би элементтері: дайындық қимылдары- аяқтың ұшымен жүру, қосымша қадам; негізгі қимылдар- шоқыту қадамымен, өткен сабақтардағы әртүрлі би комбинацияларын қайталау.

3. Халық биінің элементтері

Тіреуде:   халықтық билердің негізгі қимылдары /қол қимылы/

    а/ қол қимылы

    б/ аяқ қимылы

    в/ жан-жаққа, нүкте  бойынша айналу

ІІ тоқсан

І тоқсанда өткен және үйренген жаттығуларды бекіту, жетілдіру және жаңа элементтерді қосу:

1. Классикалық биге: а/ battement tendu жан-жаққа

                                        б/ demi- plie II және IҮ қалыпта

                                       в/ sotte I қалыпта

2. Халықтық- сахналық биге: а/ шеңбер бойымен өкше қимылы

б/қазақ биінің элементтері /қол қимылдары: толқындар, сермеулер, жалындар/

   в/ қазіргі заманғы би элементтері

г/ адымдап жанымен

д/ айналмалы ауыспалы қадам

е/сахналық жүріс /аяқ III қалыпта, аяқтың                                                                                                                     ұшымен толық табанды басу/

 

ІІІ тоқсан

І, ІІ тоқсанда өткен және үйренген жаттығуларды бекіту, жетілдіру, жаңа элементтерді қосу.

1. Классикалық биге: а/ 3 нүктені үйрету /cruase, efasse, anfas/

      б/ demi- plie Ү қалыпта

      в/ battement tendu jete 25 градусқа, аяқ I қалыпқа

      г/ releve I қалыпта

 

3. Халықтық-сахналық биге:

   а/ үйренген би комбинацияларына тағы 2 элементті қосу.

        б/ полька қадамын үйрету

    в/ полька мен шоқыту қадамдарынан әртүрлі би

                                       комбинациялары

 

Жылдық міндеттері: хореографиялық жаттығулардың термин сөздерін есте сақтауға үйрету; хореография тарихы туралы қысқаша мәлімет беру; денені тік ұстауды қалыптастыру; иілгіштік пен айналымдарды дамыту, екі және бір аяқта тепе- теңдікті сақтау, кішігірім композицияларды есте сақтау жұмыстарын жалғастыру; әртүрлі қозғалыста қол мен аяқтың жұмысын байланыстыра білуге үйрету; жаңа секіру түрлерін үйрету жұмыстарын жалғастыру; музыкалық шығармаға сәйкес сипаттама беруге үйрету.

 

Ересектер тобының хореография сабағынан

 перспективтiк  жоспары

 

 

 

Тақырыбы

 

Сағаты

 

Мерзiмi

 

1

 

Қолдың, аяқтың қалыптары

 

4 сағат

 

 

қыркүйек

 

2

 

Композиция «Менiң елiм»

 

4 сағат

 

қазан

 

3

 

 «Орыс» халық биi

 

4 сағат

 

қараша

 

4

 

«Жаңа жыл ойыншықтары» биi

 

4 сағат

 

желтоқсан

 

5

 

«Кемпiрқосақ» эстрадалық биi

 

4 сағат

 

қаңтар

 

6

 

Бидiң өрнегiн құру, биді мәнiмен орындау

 

4 сағат

 

ақпан

 

7

 

«Дастархан» композиция

 

4 сағат

 

 наурыз

 

8

 

«Өзбек» халық биi

 

4 сағат

 

 сәуiр

 

9

 

Өрнек құру

 

4 сағат

 

 мамыр

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу