Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:31, аттестационная работа

Описание работы

Аталған еңбекте мектепке дейінгі ұйымдардының хореографтарына арналған перспективтік жоспарлар, үлгі сабақ жоспарлары мен би қимылдарының сипаттамасы ұсынылған.
Би - ежелгі заманнан келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлініп алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше роль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс- әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Ертедегі үнділік данагөйлер бидің адамның денсаулығына пайдалы екендігін түсінгендіктен, пластикалық қимылға көп мән берген.

Содержание

Кіріспе_____________________________________________________ 4
Мектепке дейінгі жастағы балаларға үйретілетін би жанрлары___________ 7
Музыкалық- дидактикалық ойындар ___________________________ 9
Мектепке дейінгі жастағы балалардың хореография бойынша сабақтардың құрылымы ________ 10
Үлгі сабақ жоспарлары _______________________________________ 21
Дидактикалық ойындар_______________________________________ 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі _________________________________ 39

Работа содержит 1 файл

опыт по хореографии.doc

— 418.00 Кб (Скачать)

Қорытынды:

  • Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
  • Жануарлар мен құстардың қимылдарын жасап билеген жақсы ма?
  • Келесі сабақта осы қимылдарды бекітіп, биді толық орындаймыз.

Қоштасу, тәжімет жасау.

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобы

«Қазақ халық билерінің тәрбиелік мәні»

Мақсаты:

балалардың дене қимылдарын еркін қолдануын қалыптастыру, қозғалыс координациясын, бидің әртүрлі әдіс- тәсілдерін, қалыптарын бекіту; қазақ  билерінің ұлттық колоритін, ерекшеліктерін, мәдениетін түсіндіру.

 

Көрнекіліктер: қазақ билерінің қимыл-қозғалыстарының суреттері.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тәжімет. 4 қатарға сапқа тұру. Қол, аяқ қалыптарына жаттығу.

Балалар, бүгін біз  қазақ халық биінің қимылдарын үйренеміз. Әр қозғалыстың аты бар. Мысалы: «ұршық», «ат шабыс», «киік мүйіз», «қос жылан», «қошқар мүйіз». Суреттерін көрсету.

Балалар, өздерің байқағандай, бұл би қимылдары халқымыздың  тұрмыс-тіршілігі, әдеп-ғұрпымен тығыз  байланысты. Халқымыз әдемілікті, сұлулықты  сезіп қана қоймай, оны өзі тұтынатын тұрмыстық құралдарда, қол өнер бұйымдарында да бейнелеген, сонымен қатар би қимылдарына да салған.

Балалар, үлкен шеңберге тұрып би қозғалыстарын үйренейік.

  1. Қазақтың ұлттық ою түрлерін бейнелейтін би қимылдары: «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз», «шеңбер», «тұмарша».
  2. Қазақтың ұлттық ойындарына арналған би қимылдары: «ат шабыс» түрлері, «күрес», «малдас құру».
  3. Қазақтың ұлттық әдет-ғұрпымен байланысты би қимылдары: «ұршық», «киіз басу»

Би қимылдарын көрсету, үйрету.

Балалар, енді көңілімізді  көтеру үшін қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қууды» ойнайық.

/Музыка ырғағымен  «Қыз қуу» ойыны ойналады/

Қорытынды:

  • Балалар, сендер қазақ халық билері туралы не түсіндіңдер?
  • Сендерге би қимылдарын үйрену қиын болған жоқ па?

Хореограф балаларға  алғысын айтып, балалар тәжімет жасап қоштасады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жаңа  жыл ойыншықтары»

Сабақтың мақсаты: жаңа  жыл ойыншықтарын балалардың есіне түсіру, мереке туралы әңгімелесу, қызықты және көңілді би қимылдарын үйрету 

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тәжімет. 3 қатарға сапқа тұру. Қол, аяқ қалыптарына жаттығу

Педагог: балалар, бүгін  біз ерекше сабақ өткіземіз, өйткені  біз аладымызда келе жатқан жаңа жыл  мерекесін қарсы алуға дайындаламыз.

  • балалар, жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?
  • Балалардың жауабы.
  • Дұрыс, Аяз ата мен Ақшақар.
  • Аяз ата мен Ақшақар бізге не әкеледі?
  • Балалардың жауабы.
  • Біз де осы қонақтарымызға көңілді, қызықты сыйлық дайындап қояйық. Сендермен «Жаңа жыл ойыншықтары» атты би үйренейік.

Педагог: балалар, биді үйренбес бұрын қолға, аяққа, денеге ырғақты жаттығулар жасап, денемізді дайындап алайық.

Негізгі бөлім:

  • Аяқ ІІ қалыпта тізені жоғары көтеріп жүру, қол ІІ қалыпта саусақтың аралары ашық, денені солға бұру.
  • Аяқтың ұшымен нүкте бойынша айналу, қол ІІІ қалыпта, саусақтары ашық.
  • Алға және артқа кезекпен жүру, қолды аяқтың қимылымен сәйкестендіріп, айналдыра қозғалту.
  • Денені алға қарай еңкейту, басын оңға және солға кезекпен бұру.

Педагог: балалар, көрсеткен  қимылдар арқылы көңілімізді көтеріп, жаңа жыл ойыншықтары биін орындап  үйренейік.

Қорытынды:

  • Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
  • Қалай ойлайсыңдар, Аяз ата мен Ақшақарға би ұнайды ма?
  • Келесі сабақта осы қимылдарды бекітіп, биді толық орындаймыз.

Қоштасу, тәжімет жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке даярлық  тобы

«Балет өнерімен таныстыру»

Мақсаты: балаларды классикалық қозғалыстармен таныстыру, биді мәнерлі

орындауға үйрету, балалардың бойында адамгершілік, жолдастарын  сыйлау, әдептілік дағдыларын қалыптастыру

 

Көрнекіліктер: пуанты, пачка

Сабақтың барысы:

Сүйемелдеуші музыка ойнайды, балалар аяқтың ұшымен залды айналып, залдың ортасына шеңберге тұрады. Тәжімет жасайды.

Педагог:

  • Балалар, сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебіздер айтып, көңілімізді көтерейік. Бүгінгі біздің ерекше сабағымызда балет әлемімен танысамыз. Біздің елімізге балет өнері 1930 жылдары келген. Балет билейтін адамдарды балерин деп атайды. Әлемнің танымал балериндері, балет өнерінің аңыздары ол- М.Плисецкая, А.Павлова, Р.Нуриев, ал Қазақстан елінің бетке ұстар балериндері ол- Л.Алпеисова, Б.Аюханов.

Педагог балаларға «пуанты» мен «пачканы» көрсете отырып, түсінік береді.

  • Олардың үстіне киетін киімдері ерекше болады: аяқтарына киетіндерін «пуанты» деп, ал үстеріне киетін киімдерін «пачка» деп атайды.
  • Балериналар аяқтың ұшымен билейді және билеу үшін көп жаттығады. Біз де бүгін сендермен балериндерше билеп көрейікші. Алдымен ырғақты жаттығулар жасап, денемізді қыздырып алайық.

Педагог балалармен көңілді  музыка әуенімен шеңберге тұрып, ырғақты  жаттығулар жасайды.

Ырғақты жаттығулар:

  • аяқтың ұшымен жүру, қол ІІІ қалыпта;
  • өкшемен жүру;
  • жүгіру;
  • тізені жоғары көтеріп жүру.

Ырғақты жаттығулардан  кейін балалар шеңбер бойымен  жүріп, үш қатарға бөлінеді. Би техникасын дамытуға арналған қозғалыстар:

  • денені тік ұстау;
  • demi plie І, ІІ, ІҮ қалып /жартылай тізе бүгіп отыру/
  • battements tendus / аяқты бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру, аяқтың ұшын созу/

Педагог: ал, енді, балалар, осы көрсеткен қимылдар арқылы менің  көрсетуіммен классикалық көңілді  «аққулар-этюдін» билеп жіберейік.

Релаксация: балалар сендер аққуларға айналып ұштыңдар /биледіңдер/, енді баяу музыка ырғағымен көлге қонып, көзімізді жұмып дем алайық. /балалар дем алады/

«Жүректен жүрекке»

Балалар сабаққа қортынды жасап, бір-бірінің қимыл- қозғалыстарына баға береді.

Қорытынды:

  • Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
  • Балалардың жауабы.
  • Бүгінгі сендердің қозғалыстарын, көңіл- күйлерін маған да өте ұнады.
  • Біздің концертмейстерімізге ерекше алғыс айтып, қол соғып жіберейік.
  • Балалар, ал енді қоштасу рәсімін өткізейік /тәжімет жасау/

Музыка әуенімен балалар  бастаушының артынан аяқтың ұшымен залдан шығады.

 

 

 

«Гүлдер үндестігі» қыздар тобына арналған би

Мақсаты:

балаларды табиғаттың әсемдігін, көріктігін сезіну арқылы үйлесімді  би қимылдарын жасауға, балалардың бойында  өзінің табиғатпен бірлігі мен өзара  байланысын түсінуге үйрету. бір- біріне деген сыйластық туғызу, қайырымдылыққа,   инабаттылыққа тәрбиелеу

 

 

Көрнекіліктер: табиғаттың, гүлдердің суреттері.

 

Сабақтың барысы:

Сүйемелдеуші музыка ойнайды, балалар аяқтың ұшымен залды  айналып, залдың ортасына шеңберге тұрады. Тәжімет жасайды. «Гүл шоғы» ойыны.

Ойынды бастамас бұрын  педагог балаларға бір-бір гүлден таратып береді. Хореограф балаларды  жылы сөздерді еске түсіруге шақырады. Хореограф жылы сөз айтып, қолындағы  гүлін қасындағы балаға береді. Ол бала өз сөзін айтып, қолындағы гүлін  қосып, қасындағы балаға береді, ойын жалғасады. Соңғы бала гүл шоғын өзінің жылы тілегімен хореограф тапсырады. Педагог жиналған гүл шоғын алып: «барлық айтқан жылы сөздер, тілектер біздің залды жылытып, гүлдендіріп тұрсын»- деп ортадағы құмыраға салады  

 Хореограф балаларға музыка әуенін естіртіп, әсем табиғаттың, гүлдердің суреттерін көрсетеді. Балалардан осы әуен мен суреттерден алған әсерін сұрайды.

  • Сендерге музыка әуені ұнады ма?
  • Суреттерден алған әсерлерін қандай?
  • Бұл әуенге қандай би қимылдарын жасауға болады, ырғақты тез қимыл жасауға бола ма?
  • Балалардың жауаптары.

Хореограф: балалар, мен  сендерге бүгін гүлер үндестігі  биін үйренуді ұсынып отырмын. Биді үйренер  алдында бұлшық етерді қыздыру үшін қолға, аяққа, денеге арналған жаттығулар жасайық.

Балалар шеңбер бойымен аяқтың ұшымен, өкшемен жүреді, аяқтың ҮІ қалпымен секіру қимылымен жүгіріп, 4 қатарға бөлініп тұрады.

Би техникасын меңгеруге  арналған қозғалыстар жасайды.  

  • Тізерлеп шеңбер бойына отыру, екі қол алдында айқастырылған.
  • Қол айқастырылған І қалыптан ІІІ қалыпқа көтеріліп, ІІ қалыпқа түседі.
  • ІҮ қалыпта тұрып, шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жүгіреді, қол ІІ қалыпта.
  • «sisson» қимылы жан- жаққа жасалынады.
  • Нүкте бойынша айналу, қол ІІ қалыпта.

Ал, енді осы үйренген қимылдарды қолданып, әуен ырғағымен билеп көрейік.

Қыздар биді билеп  көреді.

Қорытынды:

  • Сендерге гүлдер болып билеген ұнады ма?
  • Сендерге бұл би қандай сезім қалдырды?
  • Балалардың жауаптары.
  • Балалар, біздің гүл шоғымыздың жылуы әрқашан сендермен болсын деп, осы гүлдерді сыйлаймын

/хореограф балаларға гүл шоғының бір тал гүлдерін әрқайсына сыйлайды/

Қоштасу, тәжімет жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сценариийлер  үлгісі

«Патша сарайындағы  той- думан»  атты сахыналық қойылым

 

Мақсаты: балалардың тілін, ән салу және билеу қабілеттерін дамыту. Халық

ауыз әдебиетінен алынған  ертегілердің үлгілерін тани білуін тексеру. Адамгершілікке тәрбиелеу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме беруді үйрету.

Кейіпкерлер: Қызыл телпек, Мыстан кемпір, Кащей, патша, Алдар көсе,

    Қасқыр

Қызыл телпек патша сарайына тойға бара жатыр. Ән шырқап, би билеп келе жатып, қасқырды кезестіреді

Қасқыр: Сәләмәтсіз бе , Қызыл  телпек. Қайда барасың?

Қызыл телпек: Сәләмәтсіз бе , Қасқыр  ағай , мен асығыспын,  тойға бара жатырмын.

Қасқыр: Қандай той ? Естіген  жоқпын.

Қызыл телпек: Патша сарайында үлкен той болады.

Қасқыр: у-у-у! Мен де барғым келеді.

Қызыл телпек :Оған бару үшін өнеріңізді көрсетуіңіз керек.

Қасқыр: Сен  қандай  өнер  көрсетесің?

Қызыл телпек: Мен ән айтып  берем  және маған әжем сыйлық ретінде  бауырсақ пісірді. Сау болыңыз!

Қасқыр: Мен өлең айту білмеймін, қолымнан  еш нәрсе  келмейді. Мен Мыстан апайға қоңырау соғайын, алло, Мыстан кемпір, тез жет.

(Мыстан кемпір сыпырғышымен  ұшып келеді)

Мыстан: Не болып қалды? Неге шақырдың?

Қасқыр: Патша сарайында үлкен той болады екен. Егер тойға барғымыз келсе, өнерімізді көрсетуіміз керек.

Мыстан: Ту, қандай тамаша! Мен де барғым келеді.

Қасқыр: Мыстан апай, қандай өнер көрсетеміз?

Мыстан: Абыржыма, Қасеке, оданда екеуіміз бір би билеп жіберейік.

Қасқыр: Мыстан  апай, біз тойға не апарамыз?

Мыстан:Не апарсақ екен? Айтпақшы, менің досым Кащей бір  фирманың бастығы емес пе? Соған  барайық.

(Мыстан кемпір мен Қасқыр Кащейге барады. Кащей компьютермен жұмыс істеп отырады)

Мыстан: Амансың ба, құрбым!

Кащей: Сәлем, сәлем.

Мыстан: Міне, Қасеке, мынау  менің досым Кащей ағаң болады. Ол өзі сондай керемет адам.

Қасқыр: Керемет болса  ол бізге көмектесер.

Кащей: Сендерге қандай көмек  керек?

Мыстан: Естімеп пе едің? Патша сарайында той- думан болады ғой.

Кащей: Білемін, компьютерден көргенмін, жарайды, көмектесейін.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға хореография пәнін жүргізу