Лекции по "Этнопедагогике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 11:04, курс лекций

Описание работы

Лекция №1 Этнопедагогика пәніне кіріспе.
Лекция №2 Тақырыбы Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негіздері.
Лекция №3 Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасын қалыптастырудың теориялық мәселелері.
Лекция №4 Тақырыбы: Этнопедагогика кәсіптік білім беру жүйесінде.

Работа содержит 1 файл

Лекция.doc

— 165.50 Кб (Скачать)

          Ұжымның жалпы ахуалы оның  мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік  және мінездерінің жігерлілік  белгілеріне тәуелді болып келеді.

          Сендіру процесінде бір адамның  екінші адамға немесе тұтас  ұжымға әсері ырықты немесе  ырықсыз түрде іске асады. Ұжымдағы жағымды әлеуметтік – психологиялық ахуалдың қалыптасуына жеке тұлғаның жасайтын ықпалының тиімді әдісі жеке үлгі көрсеті болып табылады.

          б) Педагогикалық ұжымдағы келіспеушілік.

          Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын

факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе «ахуалды ауытқуды» атауға болады. Әлеуметтік – психологиялық келіспеушілікті  көптеген мамандар адамдардың тікелей  қарым – қатынасы саласында пайда  болатын қарама – қайшылықты күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады.

          Педагогикалық ұжымда орын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ – кәсіптік – педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстарының бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер.

          Екінші топ – педагог мінез – құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез – құлық пен іс - әрекеттің ұжым мүшелерінің бір – бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды.

         Үшінші топ – педагогикалық үрдістегі қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер.Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру; жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Басшы келіспеуші жақтарға өзге пікірлердің өмір сүруін мойындайтындай шешім қабылдайды.

        2. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе.

        Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организімнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Отбасылық өмір байланыстарыжан-жақтылығымен сипатталады.

        Отбасының қоғамға қатысты негізгі  қызметтері мыналар:

       -ұрпақтар  алмасуын қамтамасыз ететін бала  туу, өсіру қызметін.

       -білім,дағды,  шеберлік,рухани құндылықтарды кейінгі  ұрпаққа жеткізетін тәрбиелік  қызмет.

       -өндірістік-шаруашылық  қызмет.

       -отбасының  жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі.

       Ата-аналарының  білім деңгейіне байланысты да  отбасында ерекшеліктер орын  алады. 

    а)  Бір балалы отбасының әлеуметтік-педагогикалық  проблемалары.

  Бір балалы отбасы  көпшілікпен араласу, ұжымдық  қызмет тәжірибесін  игеру жағынан  баланы қиын жағдайда қалдырады. Баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-ананың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сыныптағы кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

    б)Оқушы  отбасымен байланыс орнатудың  психологиялық-педагогикалық негіздері. 

   Мұғалімнің, оқушылардың,  ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының  негізгі түрлері мен әдістеріне  сипаттама бермес бұрын отбасымен  байланыс 

орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.

Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізгі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс.

Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру, тәрбиелік белсенділігін арттыру.

Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп.

Төртінше ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өиірге   құштар, көтеріңкі көңіл-күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбас тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері Алматы, 1987ж.
  2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. Алматы., 1987ж.
  3. Ильина С. Педагогика. Алматы 1989ж.
  4. Волков Г.Н. Этнопедагогика. Чебоксары., 1990г.
  5. Виноградов Г.Народная педагогика. ИРкутск., 1997г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы 2006ж.
  2. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы 1993ж.
  3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А., Педагогика. Дарын – 2004(ОҚПУ)
  4. Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г., Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001  

10.Берікұлы Ниетжан.  Педагогика. Ақтөбе, 2004

  1. Кәмәлашұлы Б. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру. Алматы 2005ж.
  2. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негеніздері
  3. Интернет сайт. www. Pedagogik. mgou.ru

 

 

 

 


Информация о работе Лекции по "Этнопедагогике"