Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:57, лекция
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас:ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының дарындылығын анықтап,дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.
Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
Жан-жақты ақпараттандыру;
Коммуникативті бейімдеу;
Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Осы мақсаттар
мен міндеттерді орындауда
Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек:
Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;
Ал енді бұл мақсаттармен міндетттердің нәтижесі дарынды оқушымен жұмыстағы өткізілетін пән олимпиада жетістіктерінен байқалатыны белгілі. Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Дарындылықты қалыптастыруға болады. Ой еңбегiмен жиi шұғылдансаң, данышпандықтың да ауылы алыс емес.
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті.
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз - бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi.
Адамның даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылық бағдар сананың негізін құрайды, дүниетанымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси-экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс-әрекетін бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды. Осылайша, құндылық бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші, бағыттаушы қызметтер атқарады. Құндылықтар қоғамдық қатынастарды реттейді, оның дәстүрлері мен нормаларының қызмет етуін қамтамасыз етеді, қоғам үшін аса үлкен маңызға ие. Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан нормалармен бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір мемлекет үшін маңызды. Олардың негізінде жеке тұлғаның әлеуметтену үдерісі жүреді, оның тәлім-тәрбиесі, өмірдегі орны, мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Себебі, құндылықтар әлемі – сөздің кең мағнасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті болуымен ерекшеленеді.
Әлеуметтік-лингвистикалық жүйе[өңдеу]
Қазіргі Қазақстан
қоғамында әлеуметтік-
Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және
жүріп жатқан күрделі жаңғыру
үдерісі жағдайында бүгінгі таңдағы
түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде
қоғамдық дамудың басты тұлғасы
ету заңды құбылыс. Ересек тіл
үйренушінің әлеуметтену
Әлемдік практикада өткен ғасырдың 40-жылдарында қолданысқа ене бастаған «үздіксіз білім беру» термині ересек адамдарға білім беру жүйесі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі өмірлік білім беру идеясының орнына өмір бойы білім алу идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр. Жеделдете оқыту жүйесі педагогикалық жүйелердің бөлігі бола отырып, адамның белгілі бір деңгейдегі еркіндік дәрежесін жүзеге асырады, яғни оны сол мезетте қажет болатын белгілі бір іс-әрекетке бағыттайды. Өз кезегінде жеке тұлға өз қатысымдық құзыреттілігін дамытуға ұмтыла отырып, тілдік тұлға деңгейіне көтеріледі. Өз бетімен білімін жетілдіру жеке тұлғаның барлық ішкі жүйелерін біртұтастыққа жұмылдыруға мәжбүр етіп, оған жаңа қырынан танылуға, құндылықтары мен қызығушылықтарын жаңадан бағыттауға және өзін жетілдіріп, қайта құрылуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі дамыту кезінде тілдік тұлға ұйымдастырудың жаңа деңгейіне көтеріледі де, ол одан сайын дамып, күрделілене түседі. Талап, ынта, жаңашыл бастамалар, шығармашылық белсенділік, ізденушілік - тілдік тұлғаның даму үдерісінің көрсеткіштері болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесінің ұстанымдары жеке тұлғаның жан-жақты жалпы мәдени дамуы, тұлғаның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік даму және т.б. функцияларды жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Адамзат дамуының
тарихи және әлеуметтік тәжірибесі дүниетаным,
шығармашылық, терең білімділіктің
негізі – тіл екендігін көрсетті.
Тіл жеке тұлғаның даму ұстанымдарын,
сенімін жүзеге асырады, дүниеге
деген қайталанбас көзқарасын білдіреді,
болып жатқан жағдайға әсерлену қабілеттілігін
көрсетеді. Мемлекетіміз жүргізіп отырған
тіл саясаты бойынша
Үздіксіз білім беру мазмұнын жаңарту қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты өзгеріске ұшырап отырады, ал мемлекеттік тілді оқытуды ақпараттандыру оқыту мақсаттарына терең деңгейде әсер етеді. Соған сәйкес қазақ тілін жеделдете оқытудың міндеті - адами қарым-қатынасқа дайын, әлеуметтік-лингвистикалық ахуалды дұрыс бағалайтын, мемлекеттік тілді білудің қажеттілігі мен әлеуметтік маңызын терең сезінетін, қазақ тілінде сөйлесім әрекетін жағдаятқа сәйкес үйлесімді қолдана білетін, жоғары азаматтық жауапкершілік пен әлемдік көзқарасының, сана-сезімінің дамуы күнделікті өмір қажеттілігі болып табылатын болашақ ақпараттық қоғам мүшелерінің сапалы жаңа моделін жасақтау болып табылады.
ХХI ғасырда
әлемдік өркениет төрінен орын алуы
үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының
бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан
меңгеру қажет болып отырғаны
белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына
«Бәсекеге қабілетті халық
Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет.
Ыбырай Алтынсарин
сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер
жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім
қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен
үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді
жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі
білім деңгейіне сай болуы
қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген
шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз
тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды:
«Жеке тұлғаға бағытталған
Информация о работе Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары