Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:57, лекция
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас:ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты:
Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.
Ата-ананың
ұйымдастыру және бағыттаушы ролін,
ата-анамен бала арасындағы өзара қатынастың
сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін
жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын,
баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің
алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие
құралдарын, тәсілдерін, әдістерін
пайдалана алу қабілеттерін, баланың
белсенділігінің дәрежесін
Ата-ана арасындағы,
ата-ана мен бала арасындағы, балалардың
арасындағы өзара қатынас педагогикалық
процестің тәрбиелік
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Бәрімізге белгілі,
біздің қоғам аса күрделі жағдайларды
бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән
өмірдің ауыртпалықтарын ешкім
жоққа шығара алмайды. Бірақ адам
қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік
сипаттарын, кісілік қасиеттерін
сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы
жақтарын қазақ жастарының санасына
кішкентайынан терең енгізу қажет.
Қазақстан Республикасының «
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Рухани бай,
жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы
ең басты қасиеттердің бірі - тіл
байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы
әрі көркем жеткізе білетін, шешен
де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде
сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін
игерген адамдарда да тұлғалық қасиет
болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің
басты мақсаты оқушылардың
Сынып жетекшісінің
ата-аналармен өзара іс-
К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.
Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады.
Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың түрлері[өңдеу]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Жас жеткіншектердің
бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты
тани білу, оның одан әрі дамуына
бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта
жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл
Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи
талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен
жойылып кетеді. Сондықтан әрбір
ұстаз бұған жол бермеуі керек»
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың
Дербестігініңөзара байланысы олардың жұмысты өз
еркімен орындау.
Оқушылардың
өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті
нұсқаулары бойынша оқушының оқу
жұмысының жеке дара және ұжымдық
түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау
барысында оқушылардан белсенді
ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде
оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді,
олар да тапсырылған істі орындаудағы
жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік,
табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен
деген жолдастық көмек
Дарындылық[өңдеу]
Жалпы «дарындылық»
феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ
ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы
«био» және «социо» бағыттары
қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі
басымды қозғаушы күші тек қана генетикалық
нышандар болып табылады деген пікір
Ф. Гальтон, Г. Айзенк еңбектерінда айқын
көрінген. Екінші бағытты ұстанған
ғалымдар негізгі фактор ретінде
қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі
таңда А.Т. Асмолов негіздеген ұстаным
әлдеқайда өміршең екендігін
дәлелдеп отыр. Л.С. Выготскийдің теориясын
негізге алған бұл бағыт «
Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.
Көптеген
ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік
және талант бір ұғымды білдіреді. Балалардың
келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың
қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ
қызметтерінде үлкен
Жалпы қабілеті
дами білген оқушы математика, физика,
биология, әдебиет сабақтарын бірдей
жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе
алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек
тапсырмаларын да сәтті орындап
отырады. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан
бері математиканың алар орны ерекше.
Математиканың ғылым мен
Американдық
психологтардың анықтамасы бойынша
шығармашылық дегеніміз – бұл, тани
білу, жаңа бір нәрсені анықтауға
ұмтылу және өз тәжірибесін терең
түйсіне білу қабілеті. Шығармашылық
психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде
жаңа материалдық рухани құнды дүние
тудыратын әрекет. Ал педагогикалық
тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз
– адамның белсенділігі мен өз
бетінше жұмыс істеуінің жоғары
түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі
мен өзінің ерекшелігімен бағаланады.
Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа
деген тұрақты қажеттілік, тұрақты
сұраныс болып, өз ісіне қанағат
табу сезімі болуы қажет. Осыған орай
адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды,
ал шын мәнінде олар адамды ашады
деген ғалымдардың пікірінің
дұрыстығына көз жеткізе
Қазіргі заман
талабына сай шығармашылық қабілеттің
дамуына бағытталған білім
Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:
Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
Игерілген нәтижелерді бақылау.
Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді.
“Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек.
Информация о работе Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары