Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:57, лекция

Описание работы

Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас:ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.

Работа содержит 1 файл

Парадигма.docx

— 79.29 Кб (Скачать)

 

 Оқу үрдісінің  өзін технологияландыруды «0қытуды  технологияландыру» немесе «педагогикалық  технология» деп атайды. Осы екінші  мәселе бала оқыту үрдісінің  жалпы заңдылықтарына сүйеніп,оның  бірыңғай тиімді жүйесін құру, оқу және оқыту қызметтерін  толық қамтамасыз ету жағдайларына  байланысты педагогикалық зерттеу  нысанасына айналып отыр.

 

 Ғалым  Г.Хайруллин «Педагогикалық технология-педагогикалық  үрдісті ұйымдастыру мен жүзеге  асырудың жобасы» деген пікір  айтады.

 

 Оқытудың  педагогикалық жаңа технологияларының  барлығы дерлік оқушының өз  бетінше білім алуын ұйымдастыруға  бағытталған. Педагогикалық технологияларды  тиімді қолдану адамның қайталанбайтындығын  қолдаумен бірге тұлғаның дамуын  алдын ала байқауға және болжауға  бағытталуы тиіс.

 

 Айтылған  мәселелер бойынша оқытудың мазмұнына,мұғалімнің  іс-әрекетіне, оқушының даму деңгейіне,  оқушының оқу әрекетіне, т.б.  ерекше назар аударылған. Қазіргі  уақытта білім мазмұнын жаңарту  мен сапасын жаңа деңгейге  көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50-ге жуық үлгілері ұсынылып,мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады[2]

 

 Педагогикалық  технологиялар көп түрлі болуына  қарамастан,олардың іске асуының  екі ғана жолы бар. Біріншісі-теориялық  негізде орындалуы, екіншісі-тәжірибемен  жүзеге келуі. 

 

 Бүгінгі  таңда таңда қазақстандық ғалымдарымыз  Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова. Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионов, М.М.Жанпейісова,  Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, С.Көшімбетова  және т.б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде  оқытудың жаңа технологиялары  жан-жақты қарастырылды. Технологиялардың  көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді  және топтастыруды талап етеді.  Бұл мәселелерді А.Савельев, В.Безрукова,  Г.Ксензова, Г.Селевко, В.Юдин және  басқалар қарастырған.

 

 Жоғарыда  келтірілген ғалымдарымыздың еңбектерімен  таныса отырып,оқытудың жаңа технологияларын  бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей  топтастыруға болады.

 

1 кесте «Жаңа  технологиялар»

 

 

 

 Бағыттары 

 Түрлері 

 Авторлары

 

Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі  технология 

Педагогикалық қарым-қатынас 

Ы.Алтынсарин

 

Ізгілікті-тұлғалық технологиясы 

Ш.Амонашвили

 

Әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту 

Е.Ильина

 

Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі технология 

Тірек белгілері  негізінде оқыту 

В.Шаталов

 

Ойын арқылы оқыту технологиясы 

В.Коваленко

 

Проблемалық оқыту технологиясы 

 М.Махмутов,

 

 А.Матюшкин,

 

В.Оконь

 

Коммуникативтік қарым-қатынас 

Е.Пассов

 

Оқу үрдісін  тиімді ұйымдастыру және басқару 

Деңгейлеп-саралап  оқыту 

 Ж.Қараев,

 

Г.Селевко

 

Компьютерлік  оқыту 

 Қ.Ағанина,

 

М.Жүсібалиева

 

Бағдарламалап оқыту 

В.Беспалько

 

Жеке пәндік технология 

Сауаттылыққа  ерте тәрбиелеу 

А.Кушнир

 

Сатылай талдап оқыту 

Н.Оразақынова

 

Өздігінен дамыту технологиясы 

М.Монтессори

 

Табиғи байқағыштық 

Табиғи байқағыштық  арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу 

А.Кушнир

 

Өзіндік дамыту 

Т.Семеко

 

6  

Дамыта оқыту 

Дамыта оқыту  жүйесі 

 Л.Выготский.

 

 В.Заньков.

 

 Д.Эльконин.

 

В.Репин

 

Жеке тұлға  бағытындағы дамыта оқыту 

И.Якиманская

 

 

 Оқыту  технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге,көлемі  мен мақсатын тұжырымдауға арналған  әдістер мен құралдардың жиынтығы  болса, екінші жағынан, оқытушының  оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық,техникалық  құралдары пайдаланып, оқушыға оң  әсер ету әдістерін зерттейді.  Демек,оқыту технологиясы-педагогикалық  әрекеттерді ғылыми-әдістемелік,  іс-тәжірибелік негізде нәтижелі  болатындай етіп,жоспарлы түрде  ұйымдастыру.

 

 Білім  беру тәсілдерін инновациялық  технологиялар негізінде жетілдіру,  оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру,ұлттық  ерекшеліктерді ескере отырып  даралап,саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім,білік,дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық,физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту-бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой емелдіктерін,өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивтік оқыту»1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай,көптеген ғалымдардың түсіндіруінше,интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.

 

 Оқушының  қай ортада болсын өзіндік  әрекеттерді ұйымдастырып, оны басқарушы  бола алатындай дәрежеге жеткізу  үшін білім мазмұнын даму тенденциялары  мен оқу үрдісін инновациялық  технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін  білімділік ұстанымы тұрғысында  жетілдіру қажет. 

 

 «Инновациялық  технологиялар» тіркесі бүгінгі  күні педагогикада, оқу-тәрбие үрдісінде  ең жиі қолданылатын ұғым болып  отыр. Белгілі ғалым М.Поташник  «Инновация – оқу бағдарламасын  меңгертуде мұғалімнің оқытудың  жаңа әдістемелері мен технологияларын  тиімді игеруі» деген анықтама  берсе, Н.Талызина «Инновациялық  технологияларды қолданудағы негізгі  міндет: сабақ үрдісінде белгіленген  мақсатқа жетуде ең тиімді  әдістерді таңдай білу» деп  анықтайды.

 

 Ұстаз  үшін ең басты мәселе – оқыту  әдісін дұрыс таңдау.

 

 Педагогикалық  технологиялардың түсініктемелері  мен алуан түрлі анықтамаларын  талдай отырып, барлық технологиялардың  айрықша ерекшеліктері туралы  төмендегідей қорытынды жасауға  болады:

 

оқытудың  микромақсаттарының, мақсаттарының  айқын, нақтылы анықталуы;

 

нәтижелердің  жетістігіне бағытталуы;

 

тәрбиелеу мен  оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің  әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;

 

мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;

 

тәжірибенің қайталануы мен алмасуы [3].

 

Барлық жастағы  оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»  технологиясының пайдасы өзім сабақ  жүргізетін сыныптарда оңды нәтиже беруде. «Сын тұрғысынан ойлау – сынау  емес, шыңдалған ойлау». Бағдарлама қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты  ояту бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мағынаны тану – жаңа ақпаратпен танысады. Ой толғаныс – осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап қалай  қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді пайдалануға «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» стратегиялары қолданылады. Осы технологияны қолданған «Адам  – табиғат перзенті» тақырыбында: «Ой шақыру – Табиғат деген  не? топтау әдісі пайдаланылады.

 

 Сурет  1 «Табиғат»

 

 

 

 

 Ой толғаныс: «Өлі және тірі табиғатты»  Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

 

 Сурет  2 «Өлі және тірі табиғат»

 

 

 

Осы келтірілген  мысалдар оқушылардың білім сапасының  артуына зор ықпалы бар.

 

2009-2010 оқу  жылындағы 4 «А» сынып оқушыларының  білім сапасының көрсеткіші:

І т 

57%

 

ІІ т 

63%

 

ІІІ т 

77%

 

ІV т 

82%

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

 

«Қазақстан  мектебі» // 2010 жыл.

 

Мұғалім // Интернет сайтынан, 2010 жыл.

 

В.С.Кукушкин. Педагогикалық технологиялар. Алматы.2002.

 

Жаңа білім  беру жүйесі

Уикипедия —  ашық энциклопедиясынан алынған  мәлімет 

 Мұнда  ауысу: шарлау, іздеу 

 

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда  ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.

 

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім  беру бағдарламалары мен әр түрлі  деңгей мен бағыттағы мемлекеттік  білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі  білім беру мекемелерінде іске асырушы  тармақтардың, сонымен бірге білім  беруді басқару органдары жүйесінің  жиыны.

 

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы  шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм  таным теориясы деп аталады. Таным  теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң  қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы  ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

 

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман  талабына сай, әр мұғалім, өз білімін  жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан  гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл  жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында  «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің  бірі – оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық  желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған  елдердің қатарына ену үшін заман  талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім  беру жүйесінің алдында оқыту  үрдісінің технологияландыру мәселесін  қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың  іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Мазмұны  [жасыру]

1 Қазіргі  білім беру жүйесінің мақсаты

2 12 жылдық  білім беру

3 Кәсіби  деңгейдің дамуы

4 Қазақ мектебі

5 Сынып жетекшісінің  ата-аналармен өзара іс-әрекетінің  ерекшеліктері

6 Ата-аналармен  жұмысты ұйымдастырудың түрлері

7 Дарындылық

8 Әлеуметтік-лингвистикалық  жүйе

9 Пайдаланылған  әдебиеттер

 

Қазіргі білім  беру жүйесінің мақсаты[өңдеу]

 

Қазіргі білім  беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті  маман дайындау. Мектеп – үйрететін  орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана  білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін  адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың  барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі  жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері  арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының  жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік  жұмыстағы шеберлігі.

 

Осы айтылғандарды  жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі  жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

 

Нәтижеге  бағытталған білім моделі мен  басқарудың жаңа парадигмасы аясында  жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды  меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу  қажеттіліктері туындылап отыр.

 

Біліктілік  арттыру жүйесінде педагогтардың  оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде  өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру  мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға  үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен  келеді.

 

Сондықтан олардың  функционалдық сауаттылықтарын  кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім  беретін, қалыптастыратын, дамытатын  андрогогикалық процесс қажет. Басқаша  айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Информация о работе Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары