Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 00:03, реферат
Дүниежүзілік қауымдастықтың айтарлықтай бір ерекшелігі оған кіретін ұлттардың әрқайсысы әлемдік өркениет қорына қосатын өз үлестерінің жан-жақтылығында. Ұлттардың өзіндік төл ерекшелігі мен бірегейлігі — жалпы мойындалған аксиома. Бірақ әр елдің ерекшелігін оқып-үйрену басқа елдердің өмірінің әр саладағы жинақталған тәжірибелерімен таныспай жүзеге аспайды.
Егерде проблема оңай, ал ситуациялық факторлар анық және басқарылатын болса, шешім қабылдау процесі уақыт шығынын аз жұмсап, айтарлықтай жеңіл болуы мүмкін. Бұл жағдайда проблемалық ситуацияны анықтаған соң, тікелей ықпалын тигізетін және жүйені (басқарылатын объектіні) берілген тапсырмаға сәйкес келтіретін шешімдер қабылданады. Мысалы, бөлімше жұмысының жоспарын жасауға қатысқан қызметкер жұмысқа шықпай қалса, бірақ ұйымда тапсырманың бұл бөлігін орындай алатын маман болса, онда жұмыс соған тапсырылып, айырбас жасалумен проблема тамамдалады.
Осыған ұқсас проблеманы шешкенде көбіне төмендегідей сипаттамалары бар интуициялық шешім субъектісі барлық проблеманы өз басында ұстайды: проблеманың дамуына байланысты оны шешу тәсілі де түбірінен өзгеруі мүмкін; бір уақытта бірнеше варианттың қаралуы мүмкін; шешімнің сапасы, ең алдымен, оны қабылдайтын адамның нақты тәжірибесіне негізделеді. Сондықтан интуициялық тәсіл тәжірибеде онша маңызды болмағандықтан, жақсы нәтиже бере қоймайды. Оған қоса интуициялық шешімнің сапасына ағымдағы проблемалық ситуация туралы пікірдің толық болмауы және оның мәніне теріс талдау беруі өз әсерін тигізуі мүмкін.
Егер проблема және оның шешімі күрделі болса, шешім қабылдау құрылымдандыру мен үлгілеуді талап етеді. Шешім қабылдаудың ең қарапайым үлгісі бір кезеңнен екіншісіне көшу бір жолмен жылжитын процесс деген ұғымға негізделіп жасалады. Әрине, шешімдер қабылдаудың іске асатын процесі дәйектілікті сақтап қана қоймай, сонымен қатар көп процедураларды орындауды және басқарушылық әрекеттерді сәйкестендіріп алу үшін, алғашқы кезеңге жиі орындаудың қажеттілігіне байланысты өте күрделі.