Басқару теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 00:03, реферат

Описание работы

Дүниежүзілік қауымдастықтың айтарлықтай бір ерекшелігі оған кіретін ұлттардың әрқайсысы әлемдік өркениет қорына қосатын өз үлестерінің жан-жақтылығында. Ұлттардың өзіндік төл ерекшелігі мен бірегейлігі — жалпы мойындалған аксиома. Бірақ әр елдің ерекшелігін оқып-үйрену басқа елдердің өмірінің әр саладағы жинақталған тәжірибелерімен таныспай жүзеге аспайды.

Работа содержит 1 файл

Басқару теориясы.docx

— 74.45 Кб (Скачать)

Менеджмент теориясы мен тәжірибесінің  дамуы

 

Зерттеулерге  қарағанда, менеджмент теориясының  уақыт өлшемін біздің дәуірімізге  дейінгі бес мың жылдан, яғни көне Шумер жазбасының шығуынан бастайды.

Менеджменттің шығуы мен дамуына кемінде  жеті мың жыл шамасында болса, осы уақыт ішінде айтып отырғандай қоғамды түбегейлі өзгерткен осы құбылыс, орны мен маңызына қарай эволюциялық өзгерістермен катар, бес басқарушылық революциялық өзгерістерге ұшырады.

Сауда операцияларына байланысты жазысқан іскерлік хаттар және коммерциялық есептер адамдар  өмірін ерекше жетістікке жеткізген революциялық жрец (абыз) — бизнесмендердің пайда болуымен байланысты. Сондықтан да менеджмент тарихына арналған әдебиетте осы бірінші басқарушылық революцияны "діни - коммерциялық" деп атайды.

Екінші басқарушылық революцияны Вавилон патшасы  Хаммурапидің (біздің дәуірімізге дейінгі 1792-1750 жылдар) атымен байланыстырады. Хаммурапидің тұсында тауар-ақша қатыстары, құлиеленушілік шаруашылығындағы жеке меншік, мемлекетті бір орталыққа біріктіру және патша үкіметін нығайту туралы заңдар айтарлықтай дамыған. Ол түрлі әлеуметтік топтар арасындағы барлық қоғамдық қатыстардың түрлерін реттеу үшін мемлекетті басқарудың заңдар жинағын шығарды. Бұл заңдар мен басқаруға ақсүйектік стиль берілді, жұмысты орындауға жауапкершілік пен бақылау күшейтілді. Міне, сондықтан екінші басқарушылық революцияны "ақсүйектік — әкімшілік" деп атайды.

Біздерге  үшінші басқарушылық революция көбіне "өндірістік — құрылыстық" деген атпен белгілі. Бұл революцияның осылай деп аталуының өз себебі бар. Ол Навуходоносор ІІ-нің (біздің дәуірімізге шейінгі 605-562 жылдары) басқару уақытында пайда болған. Ол (осы революция) өндіріс пен құрылыс өрістеріндегі әрекеттерге мемлекеттік басқару мен бақылау тәсілдерін біріктіруге бағытталған.

Навуходоносор ІІ-нің тұсында Вавилон патшалығы өзінің экономикалық және мәдени гүлденуі сатысына жетті. Ірі құрылыстар (Вавилон мұнарасы мен әйгілі аспалы бақтар) жүргізілді. Вавилонды қоршаған қуатты бекіністер бой кетерді. Міне, осы себептен де осы үшінші басқарушылық революцияны "өндірістік — құрылыстық" деп атап кеткен.

Менеджмент тәсілдері қорларын қалыптастыру

Әдістер санының  көптілігі кейбір жағдайларда нақтылы  басқарушылық проблемаларды шешкенде ең тиімді міндет қабылдау жолын күрделілендіреді. Әрбір жеке жағдайда ұйым қызметінің ерекше жағдайларын есепке алатын, таңдау шешімінің көрсеткішін анықтайтын көптеген объективті және субъективті факторларды талдауға тура келеді. Бұл жұмысты жеңілдетіп және тиімді жасау үшін әр ұйымда, бір жағынан, ұйымның даму жағдайына және қызметіне жауап беретін фактылар, екінші жағынан, ұйым шешетін ерекше проблемаларды көрсететін басқару әдістерінің өз қорын жасау орынды.

Осы ұйымның  менеджмент әдістері қорын құру мақсаты, басқару проблемасы мен міндеті  тез және сапалы шешуге мүмкіндік  беретін механизмдер мен амалдар  туралы білімді жинақтауды, сонымен  бір уақытта қабылданатын шешімдердің тиімділігін көтеруді көздейді. Осыған ұқсас қорларды калыптастыру жұмысы ұйымның әрекетіне сәйкес басқарушылық аспаптарды анықтайтын бірыңғай принциптерге негізделуі керек.

Басқару әдістерін  топтастыруда қабылданған амалдарға байланысты қорлар, атқаратын қызметіне қарай, функционалды жүйе тармақтары, басқарушылық проблемалар болып топтастырылуы мүмкін. Осыған байланысты қорлардың қалыптасуына пайдаланылатын амалдар да өзгереді.

Мысал есебінде басқару әдістерінің проблемаларға бағытталған қорының қалыптасу принциптерін қарайық. Басқарушылық проблемалар және оны шешу жолдары туралы жинақталған білімді талдау нәтижесі басқарудың озық мүмкіндіктерін анықтайды. Басқару әдістерінің проблемаларға бағытталған қорын өзара байланысты "проблемалық әдіс" бойынша маман-менеджерлер даярлық жүйесінде пайдалануға болады. Көрсетілген қорды құрудың негізгі принциптері мынандай. Біріншісі — проблеманы анықтауға ғылымға негізделген амал қолдану. Бұл принцип мақсаттар ағашын, проблеманың басымдылығын бағалау, проблемалар графасы және басқа әдістерді пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

Екінші принцип  — баяндаудың толықтығы. Әдістер  қорына кіретін проблеманы оның мәніне, мазмұнына және құрылымына, оның пайда  болуы мен көріну деңгейінің себебіне қарай және ұйымның әрекетіне әсерін тигізу мен шекарасының кеңею позициясын ашу арқылы анықтайды. Одан басқа, баяндауға проблеманы шешуге мүдделі жақтардың позициясын сипаттау, сол сияқты оның кезеңдерін анықтау да қосылады.

Менеджмент тәсілдерін топтастыру

 

Басқару әдістерінің  әртүрлілігі мен санының өсу  үрдістері олардың барлық жиынтығын  белгілі бір көрсеткіштер бойынша  тәртіпке келтіріп топтауды талап етеді. Осы топтастырудың көмегімен ұйымдардағы немесе оларда қалыптасқан жағдайдың сипатына сай нақтылы проблемалардың әдістік аспаптарын жылдам тауып және тиімді пайдалануды жүзеге асыруды жеңілдетуге болады.

Мұндай топтастыру амалдарының белгілері мен оларды білім салаларында пайдалануы бойынша  жалпы ғылыми және ерекше әдістер  топтарына бөлуге болады.

Жалпы ғылыми әдістер, өзінің атына байланысты тек  басқару ғылымында ғана пайдаланылатын әдістік аспаптар емес, сонымен қоса ғылымның басқа салаларында да қолданылады. Олар менеджмент әдістері жүйесінің негізін салады. Проблеманы шешуде әдістердің жүйелі және кешенді амалдарына негізделген жалпы ғылыми методологиясын құрайды. Жалпы ғылыми әдістерге құбылысты зерттеуге тарихи тұрғыдан қарау, үлгілеу, эксперименттеу, экономикалық - математикалық алгоритмдерді пайдалану, социологиялық зерттеулер жатады.

Жүйелік амалды жеке элементтерден тұратын, олардың  біреуінің немесе бірнешеуінің ішіндегі өзгерістер басқа элементтердің  және жүйенің бүтіндей өзгеруіне  әкеліп соғатын біртұтас құбылыстар есебінде қарауға негізделген. Бүгінді тану үшін оның мәнін, құрамын, құрылымын, функцияларын, интегративтік (лат. — бүтін сандарды автоматикалық есептеу) факторларын, сыртқы ортамен байланыстарын, даму тарихын анықтау керек. Осы мәселелердің барлық жиынтығын зерттеу үшін жүйелік амал түрлі принциптерге сүйенеді. Олардың біреуі — бүгінділік принцип. Бұл принцип элементтердің өзара байланысы мен әрекеттестіктері олардың жеке компоненттерінде болмайтын объектінің жаңа (жүйелік) қасиеттерін туғызады. Басқа принциптерге мыналар жатады: жүйелік компоненттер (лат. — бір нәрсенің кұрам бөлімі); олардың компоненттерін құрайтын проблемалар бойынша зерттеу; жүйелік - құрылымдық (олардың ішкі байланыстар жиынтығын анықтау арқылы жүйенің құрылымы сипатталады); жүйелік - функционалды (элементтердің арасындағы функционалдық байланыстарын қарау); жүйелік - интегративтік (жүйенің әрекетіне және қалыптасуына әсерін тигізетін жүйе құрушы ішкі және сыртқы факторларды талдау); жүйелік - коммуникациялық (сыртқы ортамен әрекеттестігіне қарай проблемалар мен объектілерді зерттеу); жүйелік-тарихи (проблемаларды өткен және болашақ дауларына байланысты түсіндіру).

Менеджмент тәсілдерінің ұғымы  мен мағынасы және олардың ғылымның басқа категорияларымен байланыстары

 

Нәтижелі  мақсат қою және оған жету үшін қолданылатын басқарушылық әрекетті жүзеге асыру  тәсілдері менеджмент әдісі есебінде қаралып, танылады.

Менеджмент  басқарушылық шешімдер қабылдау барысында  оған тән функцияларды, іс-әрекеттер мен операцияларды мақсатқа бағыттап, тәртіпке келтіру үшін толып жатқан әр түрлі қажетті тәсілдерді, пікірлер мен амалдарды пайдаланады.

"Менеджменттің  әдісі" түсінігі грекше methodos сөзінен  пайда болған "әдіс" сөзінің  этимологиясымен байланысты екі  түрі бар: біріншіден, қоғамдық өмірді және құбылыстардың табиғатын зерттеудің, таңдаудың тәсілі есебінде, екіншіден, практикалық іс-әрекеттің бейнесі немесе тәсілі деп дәлелделінеді. Бірінші жағдайда — басқару жүйесіндегі қарым-қатынастар туралы жаңа білім алуға мүмкіншілік беретін басқару ғылымының гносеологиялық (гр. — таным) категориясы. Екіншісінде "әдіс" терминінің маңызы басқару процесінің жүзеге асырылуының тәсілін белгілеп көрсетеді.

Менеджмент  туралы әдебиеттерде "әдіс" түсінігімен  қоса бір мағына беретін және бірін-бірі алмастыра алатын "техника" (tecnique), "тәсіл" (арroach), "амал" (device) деген категориялар жиі қолданылады. Ұйымдардың қолындағы әдістердің жиынтығы оның әдістік аспаптар жинағын құрайды. "Әдістік аппарат" немесе, "әдістік негіз" түсініктері менеджмент қамтамасыз ететін әдістемелік сипаттама есебінде де пайдаланылады.

Әдістер менеджментте ерекше орын алады, өйткені олардың  негізінде оның теориясы мен практикасы өзара байытылды. Шынында, менеджменттің  кейбір міндетін орындай отырып, әдістер практикалық басқару мақсатына қызмет етеді; мақсаттарды жүзеге асыру және уақыт пен басқа ресурстарды, қысқаратын амалдар мен тәсілдерді ережелер жүйесінің қарауына беруді қамтамасыздандырады. Бір уақытта әдістер жүйесін пайдалану жаңа басқарушылық проблемаларды зерттегенде басқару туралы білімді кеңейтіп және тереңдетуге жағдай туғызады. Сонымен, әдістер менеджмент теориясының дамуына және оның жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Осыдан-ақ басқару әдістерінің проблемасына теоретиктер мен практиктердің үнемі назар аударулары түсінікті. Рыноктық экономикаға өтуге байланысты бұл назар аударудың күшеюі де сөзсіз.

Менеджмент түсінігінің мәні мен  мазмұны

 

ХХ ғасырдың соңында, XXI ғасырдың басында өндірісті  басқаруды жаңаша ұйымдастырмай, басқарушылардың  жаңа буынын оқытып, тәрбиелемейінше, стратегиялық бағыттардағы күресте  алға сытылып шығу мүмкіншілігі тұйыққа  тірелді. Бұл мәселені өз уақытында шешу үшін бүгінде де кәсіпорындардағы менеджерлер корпусының сапасының төмендігінен құтылу керектігі туындап отыр.

Экономикалық  өрлеуде өндірістің тиімділігін арттыру үш бағытта жүргізіледі. Олар: өндіріс проценттерін кешенді автоматтандыру; өндірісті ұйымдастыру мен техникалық - технологиялық негізді дамытуды қоса есептегенде, басқарудың түрлері мен әдістерін жетілдіру; әрбір қызметкердің белсенділігі мен өндіріске берілгенділігін арттыра отырып, олардың мамандығын жоғарылатумен қоса, кадрлардың болашақ мүмкіншілігін дамыту. Міне, осы бағыттағы жұмыс өндірісті басқаруға жол ашып, толық жағдай жасайды.

"Менеджер" ұғымына өндірісті басқару жүйесіне арналған дүниежүзілік әдебиетте ауқымды түсінік берілген. Айталық, ағылшын тіліндегі іргелі Оксфорд сөздігінде менеджмент - адамдармен қатысу манерасы (фр. — өзін-өзі ұстау тәсілі), билік және басқару өнері, әкімшілік дағдысы мен басқара білудің ерекше түрі, басқару органы, әкімшілік бірлестігі деген сияқты анықтамалар беріледі. Біздің елімізде кең тараған шетелдік сөздер сөздігінде "менеджмент" деген сөзді "өндірісті басқару", "өндірістің тиімділігін және оның пайдалылығын арттыру мақсатында өндірісті басқарудың принциптерінің, тәсілдерінің, құралдарының және нышандарының жиынтығы деп аударған.

Өндірісті басқаруға арналған әдебиетте бұл термин өте кең және жан-жақты түсіндіріледі.

Менеджментке  анықтама бергенде жиі кездесетін сөздер тізбегіне мыналар жатады:

— процесс;

— басқару өнері;

— басқару қызметі;

— басқару ғылымы;

— ұйымды басқарушы адамдар;

— басқару органдары немесе аппараты.

Аталған түсініктер арасында қарама-қайшылық жоқ, қайта олар бірін-бірі толықтыра түседі, менеджменттің мәні мен мазмұнын терең түсінуге көмектеседі, оны оқып-үйренуде қажетті қорытындылар шығаруға мүмкіншілік туғызады, оның маңызын арттырады.

Менеджментке көзқарастың казіргі  жүйесі

 

"Жаңа  классикалық" деп аталатын  екінші бағыттан өзінің мағынасы   жағынан кем емес "адамгершілік қатыс" — басқарушылық ойдың үшінші белсенді даму кезеңі келді. 1940-1960 жылдарда белсенді дамыған бұл бағыт ұйымдар теориясының әлеуметтік жүйе есебінде дамуының жалғасы болды. Бірақ өзінің сипаты бойынша, бұл психология мен социологияның жетістіктерін пайдаланудан туған басқару тәсілі — адамдардың мінез-құлқы туралы ғылым.

1950-1960 жылдардағы  дамыған шешімдерді қазіргі замандағы  сандық тәсілмен негіздеу басқару  ойының жаңа өрлеуі болды. Бұл бағыттың дамуы басқаруда математиканы және компьютерді пайдаланудың тікелей салдары.

Барлық басқарушылық ой үшін 70-жылдардың қарсаңы өзгерісті кезең болды. Осы кезде "ұйымдар көптеген ішкі және сыртқы орталарға бейімделген ашық жүйе" деген идея қалыптасты. Бұл идея бойынша, ұйымның оз ішінде болатын өзгерістердің себептерін оның сыртқы ортасынан іздеу керек деген пікірлер өріс алды. 1970-1980 жылдары ұйымның ішкі және сыртқы орталарының түрлері мен басқарудың түрлі формаларының арасындағы айырмашылықтардың өзара байланыстарын іздеу интенсивті түрде жүргізілді.

80-жылдардағы  жапондықтардың өте тиімді пайдаланған  "басқарушылық мәдениеті" деп аталатын басқарудың қуатты тетігі көп американдықтар үшін күтпеген уақиға болды. Қазір көптеген американ теоретиктері, мәдениеттің адамдарға тигізетін ықпалын басқарушылық аспаптарды ұйымдастырумен пара-пар қояды, ал 90-жылдары ұйымдарда мәдениетті қайта құру, өзгерту жетекші бизнес мектептерінің оқу бағдарламаларында айтарлықтай болды. Шынында, бұл жаңадан пайда болған ұтымды ұғым еді. Сондықтан да адам факторына, оның өндірісті ұйымдастырудағы мәдениетіне көңіл аударыла басталды.

Егерде 90-жылдар туралы айтсақ, онда нағыз көңіл  аударарлық үш үрдіс көзге түседі. Оның біріншісі — өндіріс пен қызмет көрсетудің материалдық және технологиялық базасының маңызына байланысты бұрынғы көзқарасқа оралудың қажеттілігін жете түсіну. Бұл бетбұрыс тек компьютерлерді басқаруда пайдаланудан туған жоқ, керісінше, конкуренцияда жеңіп шығу және ұйымның жалпы мақсатына тез жету үшін техникалық прогресс жетістіктері ықпалының күшеюінің салдары еді.

Информация о работе Басқару теориясы