Адамгершілікке тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 11:46, курсовая работа

Описание работы

Ауыз әдебиетінің бір ғасырдың ғана емес, халық тілінде ерте заманнан келе жаткан, балалар ғана емес, ересектер үшін де өзіндік тәрбиелік ойдың көркем жиынтығы.Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл оспаққа, келекеге айналдырады. Макал мен мәтелдерді оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б, осы тәрізді өнегелі сөздері бала санасын біртіндеп құя беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Балалар ауыз әдебиетін таңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.

Содержание

Кіріспе 3
1.Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың адемгершілікке тәрбиелеу жолдарының теориялық негіздері.
1.2.Адамгершілік тәрбиенің зерттелу жайы. 5
1.3.Ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері. 19
2. Ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент.
2.1. Анықтауыш эксперимент материалдарын дайындау, талдау. 27
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиет 36

Работа содержит 1 файл

Педагогика курс.doc

— 3.53 Мб (Скачать)

Балалар ересектер  тобында түстің алуан түрлі спектрлерінен  түрлі түсті фонмен үйлестіруге, ою-өрнектері әр қилы көлемді формаларды құрастыра, қиыстыра білуге үйренеді. Мұндай суретті сала білудің қиындығы, белгілі бір қажетті ою-өрнектердің композициясын бір қалыпты қолдана алудың күрделігінен. Өйткені, әуелде композицияны тұтас елестете алмайсың да, тек оның бөліктерін ғана қағазға түсіре аласың. Себебі композициядағы ою-өрнектер өзінің формасын жазықтықта орналасуына қарай өзгертіп отырады. Сондықтан да балаларға сурет  салуға ұснылатын көлемді, ірі заттардың формасы қарапайым болуы керек.

Жеті жастағы  балаларды үйретудің міндеттері: заттардың атқаратын қызметі  мен ерекшелігіне орай ою-өрнектерді жазық және көлемді формасында құрастыра білетін композициялық сезіну қабілетін дамыту;

-әр алуан  түсті және олардың әр түрлі  құбылатын реңктерін әр қилы  үйлесімде пайдалана білетін  түсті сезіну қабілетін дамыту;

-халықтық декоративті  әшекейлердің сан алуан түрлерінің ерекшеліктерін көре білуге және соның кейбр элементтерін өздері салатын суретте пайдалана білуге үйрету;

-қылқаламмен,  қарындашпен жұмыс істеу үстіндегі  техникалық дағдыларын жетілдіре  түсу керек.

Балалар мектепке даярлық  тобына дейін ою-өрнектерді дөңгеленген және тік бұрышты формаларға құру принціпімен таныс болып келеді. Енді олар жаңа формаларды, яғни тік бұрышты немесе көп бұрышты формаларды және вазалар, құмыралар тағы басқа заттардың жазықтықтағы әр қилы формаларын салуды қарастырады. Бұл заттардың дұрыс геометриялық формасы болғандықтан, бұларға салынатын ою-өрнектер де әр түрлі принціптерді талап етеді.

Балаларға заттарды берер алдында тәбиешінің өзі  әшкейлерді ұқыппен карап, талдап алады. Олар бутоннан (гүлдің қауызы) гүлдерден  және жапырақтардан тұрады. Гордецкий әшекейлерінің бояу түсінің ерекшелігі, яғни бір гүлге немесе бутонға екі түсті реңк, күңгірт қызыл және қызғылт, немесе көк және көгілдір, күңгірт күлгін және ашық көкшіл тағы басқа пайдаланады. Бұл ерекшеліктерді балалар өте жақсы  меңгеріп алады әрі бояған кезде қателеспейді. Гүлді салғанда бір ізділік тән және қажетті: алдымен таңдап алынған түспен дөңгелек сызылады, оған сол түстегі күңгірттірек реңкпен дәл ортасына емес, шетіне кішкентай дөңгелекше және оның астына түстегі доға сызылады. Бұл-Бутон. Әшекейлердің құрылысы өте қарапайым, тек бірнеше ғана варианттары бар. Ортасына әдетте ең ірі гүл, ал бүйірлеріне ең майдалары салынады. Гүлдің сабағы кеске көлденең жайғасып, жоғарыға немесе бүйірге бағытталған болуы мүмкін. Сабақ доға секілді иіліп тұрады.

Бутондарды, жапырақтарды және гүлдерді салуды үйренген соң, бір  түске екі реңкті пайдалану шарттарын  орындауда балалар декоративтік композициялардың әр түрлі жолдарын ойланады, халықтық көркемсурет ерекшеліктерін сақтай отырып өздерінің творчествосын көрсетіп, гүлдер мен жапырақтарды әр алуан әшекейлейді. Бұл суреттерді гуашь бояуымен ақ немесе түрлі түсті қағазға салуға болады. Декоративті жұмыстарды балаларға тек қана қағазға салумен шектеп қоймай, егер мүмкін жағдай бола қалса, оларға балшықтан, ағаштан, картоннан, қайың қабығынан жасалған заттарға әшекейлер жүргізуді үйреткен орынды. Декоративті жұмыстар тек сабақ үстінде ғана емес, сондай – ақ бос уақытта да істеленеді. Мұндай жағдайларда балалар өз қалаулары бойынша кейде азғантай топ болып, кейде бәрі болып, мысалы, мерекелік салтанатқа даярлану, залды көркемдеу тағы басқа тартылады. Балалардың мұндай жұмысқа қатысуы әр түрлі болады, біреулері композиция бөліктерін ойып-қиып жатса, екіншілері оларды әшекейлейді, содан соң желімдейді. Материалдарды, деталдарды, үлгілерді ойлап пішіп, ұқыпты даярлау, сол сияқты орындалатын жұмыстардың барлық жоспарын жасау тәрбиешіден талап етіледі. Жалпыға ортақ іске жұмылдырылған балалар барлық уақытта бос болмай, қызыға істеулеріне көңіл бөлген дұрыс.

Даярлық топтағы  балаларды суретшінің кәсібімен, оның шығармаларының қалай жасалғанымен таныстыруға болады.

Алайда балаларға  не белгілі екенін білмей тұрып, бәрін  оларға түгел айтуға болмайды. Кім  суретші деп атайтынын олар біледі ме екен, сол жайлы сұраңыз. Егер балалар дұрыс жауап бере алса, онда олардың жауабын кеңейтіп, дәлелдеңіз, суретші деген-адам, оның қағазға қарындашпен сурет салатынын, енді біреулерінің кітапты иллюстрациялайтынын, сондай – ойыншықтар, ыдыс-аяқтар мен маталарды әшекейлейтін суретшілердің де бар екенін айтады. Топта суретшінің қолы тиген заттарды табуға балаларды жұмылдыру  керек. Әрбір бала өз халінше ол заттардың әдемілігін, қалайша әшекейленгенін түгел айтып берсін. Сабақ соңында суретшілердің репродукциясын көтсеткен жөн.

Сонымен қолданбалы, яғни декоративті сурет салуды балаларға  үйрету мектепке дейінгі мекемеден  басталады. Олар декоративті сурет  салудың негізін қалайды. Осы арқылы мектепке дейінгі балалар қазақ халқының өнері, туындылары, ерекшеліктері  жайында мағлұмат береді. Осы жұмыстарды орындау барысында тәрбиеші әр түрлі тәсілдерді қолданып, барынша қызмет атқаруы керек.

 

 

 

                                           ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданбалы сәндік өнер қазақ халқының өнерін насихаттаушы құралы ретінде қолданбалы өнер теориясын кіріспе негізгі бөлімінде қарыстыра отырып, соның негізінде осы материалдарды дәлелдеп, педегогикалық іс-тәжірибемді жүргіздім. Бейнелеу өнеріндегі қолданбалы сәндік өнерді бағдарламаға сәйкестендіріп алдым. Бұл жазған тәжірибелік жұмыстарымды педагогикалық практика барысынды көрсете алдым. Атап айтқанда №1 тіркемеден көруге болады.

Көркемдік эстетикалық  дамуы бейнелеу өнеріндегі міндеттерде  белгіленген. Ұлттық ою-өрнектер бойынша  дайын бейнелерді әшекейлеу қабілетін  қалыптастыру көрсетілген. Мен осы бойынша сабақ жүргіздім. Бағдарлама бойынша әр түрлі геометриялық формаларды ажырата және дұрыс айта білуге үйреттім. Дөңгелек, сопақ, дөңгелек формаларды қиып жапсыру, желімдеу, аппликация, ұшбұрышты құрылым жасап, ою-өрнектер қиып, жапсыру тәсілдерін үйреттім. Сурет бөлімінде тік бұрышты қарапайым құрылым жасап орналастыра отырып “ирек су” тышқан із, тұмарша, құс тұмсық-оюларының қарапайым элементтерін сулау техникасы арқылы сурет дағдыларын қалыптастыру берілді. Түстің әдемі келісімділігіне көңіл бөле отырып, декорациялық оюларды құрау кезінде түс ерекшелігін сезу қабілетін қалыптастыруға осындай жұмыстар жүргізілді: тақияға оюларды дұрыс орналастыруда түс сәйкестігі ескерілді.

Халықтық киімді ою-өрнекпен безендіру арқылы қазақ оюларының  қарапайым түрлерімен және өзіндік ерекшеліктеріне байланысты орналастыра білді. Тақияға қошқар мүйіз өрнектерін, саптама етік бешпентке геометриялық оюларды сала білуге үйренді.

Аумақтық компаненттерді қолдана отырып бейне суретті  электронды слайттар арқылы көрсете білдім. Киіз үй, зергерлік бұйым, әшекейлер ұлттық киімдердің өзіндік ерекшеліктеріне үлкен мән берілді. Осы жұмыстың нәтижесін қорытындылай келе мектепке дейінгі топта қолданбалы сәндік өнер туралы қарапайым түсінік қалыптастырдым.

 

Зертеу обьектісі – 43 қазақ орта мектебі. Мектеп алды даярлық тобы.

Зерттеу жұмысы

Мен мектепке даярлық  тобының оқу бағдарламасымен  таныстым. Оқу бағдарламасы мемлекеттік  стандартқа сай. Жоспарда қолданбалы сәндік өнерімен таныстыру төмендегідей жүргізіледі.

1 тоқсанда сызықтар әлемі - 1 сағат

2 тоқсанда ұлттық  оюлар – 1 сағат

3 тоқсанда қамшы  өру -  1сағат

Көңілді шеберхана  – 1 сағат

Мен тұратын  көше, әдемі қамалдар, тігіс түрлерімен таныстыру, сіріңкеден әдемі жиһаздар құрастыру, шашақты сүлгі, сымтемірден  қуыршақ жасау, тақияны безендіру – осыларға да 1- 1 сағат беріледі.

4 тоқсанда сүлгіні  кестелеу, керуен, ағашпен жұмыс  – осыларға да 1-1 сағар беріледі.

 Осы тақырыптар  бойынша Камарова, Шпикаловалардың  озық іс тәжірибелермен таныстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қолданылған әдебиеттер:

  1. Аркин Е.А. Ребенок дошкольные годы /под редакцией А.В. Запорожца и В.В.Давыдова/ М.1968 г.
  2. Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания. М. Изд-во АПН РСФСР, 1960
  3. Алексеева В.В. Что такое искусство? М.1976
  4. Акенов Ю.Г. Рисунок и живопсиь. М. 1976
  5. Алиева Л.Б. Білім Обраование 2006 № 2
  6. Абиев Ж Педагогика тарихы. Алматы 2006 жыл, 14, 19. 25 бб
  7. «Балбөбек» бағдарламасы. Қазақ бала бақшаларына арналған бағдарлама және оның оқу әдістемелік нұсқауы, Алматы, 1996
  8. 5/6/ жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана, 2000
  9. ВетлугинаН.А. художественное творчество в детском саду. М. 1974
  10. Дмиртиева Е.Н: Педагогические условия формирования изобразит.творчества у детей дошкольного возраста. М.1990
  11. Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесі
  12. Оспанова А.Саркеева Б. Сәндік- қолданбалы өнер 2006 7-8
  13. Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрдері Алматы 1994
  14. ...Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 1994
  15. Құдабаева К. І. Автореферат Қарағанды 2005ж 26б
  16. Садық Қ. Қазақ халқының дәстүрлі өнері
  17. Шпикалова Г. Декоративное искусство. М. 1996
  18. Усова Теория и практика сенсорного воспитания в детском саду. М. Педагогика, 1972
  19. Ядошко С.М. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 1978

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

                                          Мазмұны

 

Кіріспе

 

1.1Қолданбалы сәндік  өнердің даму тарихы

 

Негізгі бөлім

 

2.1 Бала бақшада бейнелеу  өнерін оқытудың маңызы мен  мақсаты

2.2 Қолданбалы сәндік өнерді оқыту әдістемесі эксперементтік жұмыс

 

Жалпы қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

Қосмшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 


Информация о работе Адамгершілікке тәрбиелеу