Адамгершілікке тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 11:46, курсовая работа

Описание работы

Ауыз әдебиетінің бір ғасырдың ғана емес, халық тілінде ерте заманнан келе жаткан, балалар ғана емес, ересектер үшін де өзіндік тәрбиелік ойдың көркем жиынтығы.Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл оспаққа, келекеге айналдырады. Макал мен мәтелдерді оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б, осы тәрізді өнегелі сөздері бала санасын біртіндеп құя беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Балалар ауыз әдебиетін таңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.

Содержание

Кіріспе 3
1.Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың адемгершілікке тәрбиелеу жолдарының теориялық негіздері.
1.2.Адамгершілік тәрбиенің зерттелу жайы. 5
1.3.Ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері. 19
2. Ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент.
2.1. Анықтауыш эксперимент материалдарын дайындау, талдау. 27
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиет 36

Работа содержит 1 файл

Педагогика курс.doc

— 3.53 Мб (Скачать)

Ою-өрнек өнері  қазақ халқында ертеден-ақ барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық  және рухани игілігіне айналып келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болады. 

Халқымыздың мәдени-тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық ізденістерін шыңдай түсті.

Жаңадан көркем-кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары  сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілуде.

 Ою-өрнек  үлгілерін жасаушылар ойлап тапқан  сюжетінің сыр-сипатын өзінше  танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркемдігіне баса назар аударады. Сондықтан қазіргі ою-өрнектерден композициялық жағвнан нақты әрі мейлінше жетілдірілген “шаршы ою, аралас өрнек” сияқты жаңа түрлерді жиі кездестіреміз.

Оның үстіне бұйымды көркемдеуде әрбір жануар мен аңның, құстың бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориты мен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалуы тиіс.

Композиция-латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі. Мысалы,ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек, сол себепті қолөнер  шебері салынатын бұйымның бетіндегі жазықтықтың мөлшерін өлшеп алу керек.

Ою үшін симметрияның маңызы зор. Оюдың екі жағы бірдей болуы үшін симметрия заңдылықтарын берік сақтауымыз керек. Белгілі бір бұцымға ою қию үшін ең алдымен қағаздан үлгі қиылады, ал екінші өрнекті әрлендіре түсетін бояу түрлері талғаммен қолданылады. Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар, қызыл, көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты симвомдық мәні бар. Көк түс-аспанның символы, ақ түс-ақақаттың, қуаныштың символы, сары түс-ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Оюлардағы бояу түрлерінің бір-біріің үндесіп, жарасым табуын колорит дейді.

Колорит-көп  бояулы ою-өрнектерде жиі кездеседі. Оюды қиғанда симметрия заңдылықтарынан  басқа, ырғақ сақталуы керек.

Ою-өрнекте бір  элементтің қайталанып отыруын-ритм, ырғақ дейді.

Қошқармүйіз өрнегі 5,6,7,8 рет қайталанып, шексіздікке  ұласқан”шетою” жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           2.1 БАЛА БАҚШАДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ

         МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫ.

Жеке адамның  жан-жақты және үйлесімді дамуы - өте маңызды мәселе бұл іске балалар бақшасы тәрбиешілерініңде қатысы бар. Эстетикалық тәрбие жүйесіне жататын тәрбиелеу жолдары  бейнелеу ісі мен бейнелеу өнерінсіз адамның  үй лесімді дамуы да мүмкін емес. Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты  балалар бақшасында 1жастан 7жасқа дейінгі балаларды көркемдік тәрбиелеуге болашақ тәрбиешілерді даярлау. Балалардың жан - жақты дамуы мақсатында оқушылардың бейнелеу ісін қолдану арқылы үйренуі қажет. Бейнелеу жұмыстарын ұйымдастыруда айналаны бақылату, саяхаттар мен мақсатты серуендерге апару, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамыту, оны бейнелеу іс- әрекеті барысында бере білуге баулу дербестікке шығармашылыққа үйрету көзделеді  Бейнелеу іс-әрекетімен айналысу барысында іскерлік дағдыларды меңгертуде заттық, сәндік және мазмұнды сурет салғызу, мүсіндеу, жапсыру кезінде баланың біртіндеп, бейнені күрделендіруін, қағаз бетінде дұрыс орналастыруын, мазмұн бере білуін қадағалау, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен әрекет етуге бағыттау.Оның ынта - ықыласын ескеріп,дербестікке; өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Еңбек нәтижесіне жетуде шыдамдылыққа, төзімділікке баулу. Іскерлік дағдыларды меңгертуде бейнелеу іс-әрекетінің түрлеріне қарай құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің жолдарын көрсету. Мектеп жасына дейінгі балалардың жұмысында олардың анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктерін, жұмыс көлемін, материалды таңідау,сабақтың ұзақтығы, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескеріп отырған жөн. Оқыту арқылы біз қоғамымыздың мұратына сай келетін қасиеттерді,жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, өз ұлтының, басқа халықтардың достық, ынтымақтастық рухында, өз халқының қолөнерін терең түсініп, еңбектену нәтижесінде қоғамдық пайдалы қызмет ету мәнін түсінуді,үлкендер еңбегіне құрмет, кішіге ізет, мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерін еңбек әрекетіне қызуғушылығын арттырып, сүйіспеншілік сезімін тудыруға тәрбиелейді.Еңбек әрекетін ұйымдастыруда баланың өзінің ынтасының болуы, еңбек нәтижесін мадақтау, сендіру тәсілдері арқылы өз жолдастарының  еңбегін бағалай білу, еңбекке деген көзқарастың болуы еңбекке бейімдеудің негізі болмақ. Балабақшада еңбекті ұйымдастырудың формалары:сабақ,күнделікті тұрмыста жеке дара үйрету, ойын тәсілдерін қолдана отырып балалардың өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыруға, тұрмыстық-шаруашылық еңбекке, табиғат аясындағы  еңбек және қол еңбегіне баулу жұмыстарын жүйелі жүргізуге көңіл бөлу қажет.

Бала бақша  реформасында балаларды еңбек тәрбиесін күшейту және қазіргі заманға сай өзіміздің ұлттық өнерімізге  тәрбиелеу оларды үйрету оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Демек балаларды өнерімізге тәрбиелеу олардың сан түрінің ерекшеліктерімен таныстыру керек. Бұл баланы елін, жерін сүюге, салт дәстүрін бағалай білуге үйретеді.

Қазақ халқы сонау ерте замандарда өмір сүрген ата-баба өнерінің қай түрін болсын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтаған. Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет ғұрпы, салт дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Оған қоса ғасырлар сынынан еленіп ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан халық мұраларындағы озық үлгілер жеке тұлғалық жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Сол себепті бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің оның айналасындағы тәлім-тәрбие мен тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттілігі өсе түсуде. Осы қажеттілікті болдырмау үшін сәндік өнерді оқыту бала бақшадан бастау алу керек. Бала бақшада сәндік өнерді фундаменті қаланса онда оның өсуіне септігін тигізеді.

Халқымыздың қолөнерінің  арнасы өте кең, түрі сан алуан. Халық өнерінен әсемдік пен сұлулықты жете түсініп, сүюіміз керек. Сәндік қолданбалы өнері–халықтың байырғы кәсібі болғаны белгілі. Сондықтан халықтың байырғы кәсібін 3 жастан бастап оқытса, сонда олар байырғы қазақ халқының өнерін ұмытпас еді. Бейнелеу өнері бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған өнер атасы.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2.2  Қолданбалы сәндік өнерді оқыту әдістемесі эксперементтік әдіс

Қолданбалы сәндік өнер де бейнелеу өнерінің өзге түрлері сияқты балалардың сұлулықты сезіну қабілетін дамытады.

Қолданбалы сәндік өнердің  бір түрі декоративті сурет салу. Халықтық декоративті өнеріне жататын туындылар балалар ұғымына өзінің әсемділігімен, композициясының қрапайымдылығымен өте жақын.    Педагог балаларды еліміздің әр түрлі  халықтардың, өлкелердің декоративті өнерімен таныстыра отырып, олардың бойында Отанға, әрі ғажап сұлулықтың жасампаз иелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге тиіс.

Декоративті сурет салуға үйрететін педагогтың алдында мына төмендегідей міндеттер тұрады:

-әр түрлі формадағы ою-өрнектерді құруға байланысты композицияларды сезіне білетін қабілетті дамыту;

-түсті сезіну  қабілетін дамыту;

-декоративті  өнердегі әр қилы стильдерді  айыра және ондағы кейбір элементтерді өз творчествасында пайдалана білу қабілеттерін дамыту

-қарындашпен,  қылқаламмен жұмыс істеуде жинақтаған техникалық дағдыларын одан әрі жетілдіруі керек;

Педагог балаларды декоративті сурет салуды үйретуде олардың өрнек – нақыштардағы барлық компаненттердің бояулардың әр қилы түсімен, композициямен, форма элементтерімен өзара тығыз байланысын көре білу қабілетін дамытуға тиіс.

Бала заттардың  бойындағы әшкейлі ою-өрнектердің, сол заттардың атқаратын міндетіне  және формасына қарай өзгеріп отыратындығын сезе әрі түсіне білуге тиіс. Ол, міне сонда ғана безендірудің мәнін, орынды, мақсатқа сай екендігін және форма мен мазмұнның тұтастық байланысын түсінеді.

Балалар декоративті сурет салумен таныса отырып, симметрия және ритм деген ұғымдарды анық түсініп, ұғынып алуға тиіс. Өйткені, декоративті өнер ритм мен симметриясыз өмір сүре алмайды.

Декоративті сурет  салуда түсті сезіне білу қабілетін  дамыту маңызды міндет ретінде дараланады. Оюлы нақышта бояудың түсі композициясымен  тығыз байланысты, ал ою-өрнекте олар бір-бірінен бөлінбейтін біртұтас бірлікте болады.

Әрине, мектеп жасына дейінгі балалардың түсті сезіне білу қабілеті ерте дами бастағанмен  олар түстің үйлесу мүмкіндіктерінің бәрін бірдей меңгере алмайды.

Декоративті сурет салуда бояудың алуан түсін пайдалану міндеттері әрбір топтың өзінде ақ қиындай, күрделене түседі. Мұның өзі әуелде барынша ашық, анық қарама қарсы түстердің үйлесімінен басталады да, жұмсақ және суық түстердің әр түрлі реңктерін үйлестірумен аяқталады.

Бұл міндеттерді  балалар қарапайым бейнелеу формаларын салуды меңгерген соң ғана жүзеге асыруды бастауға болады, себебі, олардың назарын жаңа міндетті шешуге, яғни керек формаларды белгілі бір тәртіппен орналастырылған әшекейлі өрнек алуға жұмылдыру қажет.

Балалар бейнелеу барысындағы алғашқы дағдыларды 1 және 2 кішкентайлар тобында берілген тапсырмалардың декоративті сипаты бар. Бірақ бұл сабақтардың негізгі мақсаты - әшекей өрнек жасау емес, қайта керісінше, түзу сызықтарды әр түрлі бағытта жүргізе білу дкғдыларын бекіте түсуді ғана көздейді.

Балалар  декоративті сурет салуға үйрету тікелей төрт жастан басталады. Декоративті сурет салу естиярлар тобында мынадай міндеттерден тұрады.

-Жолақтағы,  квадраттағы, шеңбердегі ою-өрнектердің  формаларын бір ырғақта орналастыра білетін композициялық іскерлікті дамыту

-түсті сезіне  білетін қабілетті – қарама  қарсы түстерді әдемі үйлестіретін  дағдыны дамыту

-қылқаламды пайдалануда жинақталған, техникалық дағдыларды ұшын жеңіл тигізу, дамыту.

Әуелде балалар  қылқыламмен түзу сызықтар жүргізуге және олардың арасындағы бояуды бір ырғақта жағу блмаса нүктелер салуды ою-өрнектердің күрделенуіне сәйкес түс бойынша алма кезек жүргізуді және олардың орналасуын өзгертіп отыруды үйренеді.

Алғашқы суреттердің  композициясы өте қарапайым, бір ғана элементті ырғағын сақтай отырып қайталап шығу. Адамға тән қол қозғалысының ырғағы бұл қайталауды жеңілдетіп, сонымен бірге ырғақты бейнелеу формасында бере білуге көмектеседі. Естиярлар тобында балалар формасы немесе түсі бойынша екі элеметті алма-кезек ауыстыруға ғана қабілетті келеді.

Сурет пен аппликация арқылы декоративтік бейне жасағанда, бұларға ортақ жағдай, қай форманың болмасын өрнегін қағаз бетіне орналастыруды, өрнек элементтерін осы формаларға бөлуді үйрету. Сондықтан декоративтік сурет пен декоративтік аппликация сабақтары бір-біріне байланысты болуы керек.

Декоративтік  аппликацияның өрнек элементтерін балалар әзір күйінде  алады және ішінара өздері де жасайды. Мысалы, тік бұрышты екі бүктейді де, бүктелген жерінен кесіп-екі квадрат, квадратты диоганал бойынша кесіп екі ұшбырыш, дөңгелекті екіге кесіп екі жарты дөңгелек алады. Осы элементтерді орналастырады, егер әдемі шықпаса, орындары ауыстырып, жылжытып форманы өзгертеді, басқа түсті алуға болады, бір сөзбен айтқанда, алға қойған міндетке сәйкесуі және балалар қанағаттантындай, бұдан гөрі әдемірек болу жағы іздестіріледі. Сондықтан аппликацияға өрнек түзуді балалар тез меңгереді.

Сол себепті, жаңа формаға өрнек жасауға дағдылануды  аппликациядан бастау керек, сонда  декоративтік сурет салғанда балалар негізінен көңілін  өрнек элементтерін беруге аударатын болады.

Ең алдымен  балалар бұйымға өрнек салу дегеннің не екенін және неге керек екенін мағлұмат алуға тиіс. Ең жақсысы – мұны балалардың киімдерінен-алжапқыштарынан, свитерлерінен, шапкаларынан, шарфтерінен және тағы басқа-көрсету және түсіндіру. Мұндай әңгімені, күннің 2 жартысында, 10-15 минут уақыт бөліп, барлық балалармен өткізу керек. Өрнектің композициясы мен оны құрастырушы элементтеріне көңіл аудара отырып, әр бұйымды жеке-жеке қарастырған жөн. Егер осыдан кейін декоративтік сурет сабағы өткізілсе, балалар тапсырмаға саналы түрде қарайды.

Бес жастағы  балалардың алдына декоративті сурет  салудың күрделі анағқрлым қиын міндеттерін қоюға болады. Өйткені, олардың эстетикалық сезіну қабілетінің даму деңгейі әлдеқайда жоғары болып келеді. Балаларды мына төмендегілерге үйрету қажет:

-ою-өрнектердің  симметриясын қағаздың формасына  немес заттың көлеміне қарай  орналастыра білуді үйрету;

-ою-өрнектерде әр алуан түзу, дөңес сызықтар мен формаларды шөптерге тән элементтерді пайдалана білуге үйрету;

-фонға, соның  түсіне қарай әр түрлі бояулардың  үйлесімін таба білуге үйрету;

-қылқаламды  оңтайлы, дұрыс пайдалана білуге  үйрету.

Ең әуелі  балалар естиярлар тобында жүріп  үйренген икемділігін бекіте түседі. Бұл үшін олар түзу сызықтардан, бояу жағуды, нүктелер түсіруді әр түрлі формадағы ою-өрнек құрастыратын болады. Бірақ бұл сабақтар естиярлар тобында өткен жаттығуларды тектен-тек қайталауға жатпайды. Мұнда түстің алуан түрлерінің ішінен қежетін және ою-өрнектерде үйлеседі-ау деген әр түрлі элементтерді қалауынша таңдауға мүмкіндік беріледі. 

Балалар 1- тоқсанда шеңберге  ою-өрнектерді салуға үйретеді. Олар мұнда шеңбер форманың бәрін  ою-өрнектермен толтырады. Олар ою-өрнектердің әлементтерін шеңбердің орталығынан бастап, концентрлі шеңбер бойынша симметриялы түрде орналастыруды бірте бірте дамытады. Квадрат пен шеңберді ою-өрнектермен толтыруды үйренген соң, оларға ұшбұрышты овал алтыбұрышты және бұлардан да қиын, формаларды ою-өрнектермен безендіру жаттығулары беріледі.

Информация о работе Адамгершілікке тәрбиелеу