Адамгершілікке тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 11:46, курсовая работа

Описание работы

Ауыз әдебиетінің бір ғасырдың ғана емес, халық тілінде ерте заманнан келе жаткан, балалар ғана емес, ересектер үшін де өзіндік тәрбиелік ойдың көркем жиынтығы.Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл оспаққа, келекеге айналдырады. Макал мен мәтелдерді оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б, осы тәрізді өнегелі сөздері бала санасын біртіндеп құя беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Балалар ауыз әдебиетін таңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.

Содержание

Кіріспе 3
1.Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың адемгершілікке тәрбиелеу жолдарының теориялық негіздері.
1.2.Адамгершілік тәрбиенің зерттелу жайы. 5
1.3.Ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері. 19
2. Ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент.
2.1. Анықтауыш эксперимент материалдарын дайындау, талдау. 27
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиет 36

Работа содержит 1 файл

Педагогика курс.doc

— 3.53 Мб (Скачать)

Біздің ойымызша, сәндік—қолданбалы өнердің адамның сана- сезімінің негізінен және практикалық мәнділігін түйсінуден, одан өзін табмғаттың бір бөлігі ретінде, сонымен тығыз байланыста, танып білуден жалықпай, оны одан   жетілдіруден  туындап жатқан, адам өміріне қажетті өзі тұратын ортаның табиғи шикі заттарын жаңа қоғамның сұранысына орай заттар мен бұйымдарды жаңа технология негізінде  жасай білуге ықпал ететін әдіс-тәсілдердің жиынтығы жатады. Мұның бәрі, сайып келгенде, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім береді, тәрбиелейді, дамытады. Демек - Сәндік  қолданбалы өнер дегеніміз -  қолөнердің түрлеріін дәріптеушілердің интеллектуалды тұрғыдан тірі және өлі табиғи заттарды эмоционалды қабылдап және рационалды шешімде туындыларды    өмірге әкелуі - деп анықтама беруімізге түрткі болды.

         Сақ заманы тайпаларының мәдени  шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б.з.б. vii-vi ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және оңтүстік Еуропаның тайпалары арасындағы тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.

          Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы  шартты түрде скифтік- сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыпарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, түрі жағынан аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды Бейнелеу әдістерінің көбі  қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланды.

Ертедегі шеберлер көп жағдайда  заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең  таңдаулы үлгілерден  қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен қабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, қасқыр мен қоянның, өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Аңдарды бейнелеуде әртүрлі материалдар қолданылды. Бізге дейінгі жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден  жасалған аңдардың бейнелері де кездеседі.

            Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне, өрлеу, құлдырау кезеңдері. Б.з.б.  VIII-VII ғасырлар үшін аңдарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұтған бұғылардың бедерлеп салынған суреттер көп кездеседі. Қос шеберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр. (тасмола)

             Жетісудан табылған екі қола  мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген  текелердің басы реалистік тұрғыда  көрсетілген: мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған.  Алдыңғы қола құю құю өнерінің тағы бір үлгісі – Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары көтерген және мүйіздері бірнеше рет бұралған арқардың іші қуыс мүсіні, ол соғыс қаруы - балғашотқа салынған. Шығыс Қазақстаннан табылған  заттардың арасында  үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасаған  шағын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басып салып немесе тұтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жуген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.

              Алдыңғы кезеңнің өнеріне жануарлардың қимыл қозғалысының болмауы тән, олар ең жақсы дегенде мысалы, Шіліктіден табылған Бүркіттің алтын мүсіндері секілді, басы сәл бұрылып бейнеленеді. Бейне бір құрсақта  жатқандай кейіпте орала бүктеліп жатқан  жануарлардың бейнесі кеңінен тараған сюжет болып табылады. Бұл кейіптес бейнелердің ең ертедегі үлгілері Евразия далаларының шығыс аудандарынан: Солтүстік Тувадан, Қазақстаннан табылған мысық тұқымдас жыртқыштардан басқа осындай бүктетіле оралған кейіпте қасқыр, қабан, киік бейнеленген.

Б.з.б.  VI-IV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялары көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған қозғалыс мүсіндердің бұратылуы тәсілімен беріледі, бұл жағдайда   аңның жарты денесі қарама – қарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін көрсетудің басқа да техникалық әдістері: қисық сызықтар жүиесі, жануарлардың дене мүшелерін бұрамалар, шырмауықтар, оромалар, үш бұрыштар, жақшалар және т.б түріндегі арнайы белгілермен бару әдістері қолданылады. Көп мүсінді композициялар арасынан Орталық Қазақстаннан табылған қола тоға—айылбас ерекше көзге түседі, онда үш жыртқыштың шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан  көрінісі бейнеленген. Аңдар таласысының тақырыбы Батыс  Сібірден және оған іргелес жатқан Қазақстанның  солтүстік—шығыс аудандарынан алынған I Петрдің Сібір коллекциясы деп аталатын  мұрағаттардан ерекше айқын көрінеді. Осы бірегей мұраның көптеген алтын тоғаларында жыртқыш аңдар мен құстардың жылқыларға, текелерге, бұғылар мен бұландарға шабуылдары, жыртқыштардың өзара таласы жыртқыштардың жыланмен, түйемен шайқастары бейнеленген. Қазақстан аумағынан табылған басқа да археологиялық олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда бұл аймақтағы сақтар өнерінінің, оны Еуразияның аң стилі тараған басқа аймақтарынан  айыратын ерекшк сипаттары да бар. Мұндай қозғалмай тұрған хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудің кейбір құрбандық ыдыстары менқазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай.

        Есік обасынан табылған сақ  қанжарының жұқа алтын қаптырмаларында  жатқан күйінде бейнеленген аңдардың  ширатылуын орындау шеберлігі  жөнінен бірдей дүние. Ақинақ жүзінің екі жағынан алтын қаптырмалар көмкерілген; олардың бірінде жұқа бедермен он екі, екіншісінде - тоғыз бейне бар. Олардың арасында жыланның, түлкінің, қасқырдың, арқардың, киіктің,таутекенің, қоянның шағын мүсіндері кездеседі, олардың барлығы ерте кезең өнеріне тән кейіпте аяқтарын бүгіп жатқан күйінде берілген. Б.з.б. III-II ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастайды. Аң стилі ою- өрнекке айналады. Оның орнына түрлі- түсті тастармен көз саоып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді, қолданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемаға айналып полихромдық бай өрнекпен араласып кетеді.

          Бұл өнер дайын күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою- өрнектік полихромияның кейбір әдістері б.з.б.VII-VI ғасырларда- ақ жетілеғ бастады. Мәселен, түрлі- түсті тастан көз салу бедерлеу, тоспа эмаль Шілікті , Жыланды, Арасан ескерткіштері мен басқа да ескерткіштерінде белгілі болған. Б.з.б.V-IV ғасырлардағы полихромдық өнер туындыларының Қазақстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы үш аймақта  б.з.б. 1 мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық өнердің қуатты ошағының негізі қалыптасқан да болуы да мүмкін. Бірақ оның реалистік бейнелері із- түссіз жоғалып кеткен жоқ. Аң стилінің шығуы жөніндегі тарихи әдебиетте екі негізгі қөзқарас бар: бірінші болжамды жақтаушылар скиф- сақ тайпавлары бұл өнерді алдыңғы Азиядан қабылдаған деп санайды. Евразияда оның пайда болу мерзімін б.з.б. VII ғасырдың 70 жылдарында Манней патшалығы мен Мидияның солтүстігіне таман орналасқан аймаққа скиф тайпаларының  басып кіруімен байланыстырады. Мидиялықтармен этникалық жағынан  туыстық пен мәдени жақындық скиф- сақтар арасында көне шығыс өнерінің кейбір үлгілерінің  тез тарауына себепші болды, кейін бұл үлгілерді скифтер мен сақтар өздерінің талғамдары мен қажеттеріне бейімдеп алды. Одан әрі, шамамен, б.з.б. V ғасырдан бастап еуропалық және азиялық өнердің даму жолдары түбегейлі ажырайды, ғалымдардың пікірі бойынша, мұның өзі Қара теңіз жағалауындағы скифтерге көне Грекия ықпалының күшеюінен болған, ал сақтардың мәдениеті мен өнеріне алдыңғы азияның  Ахеменид өнері тікелей ықпал жасады.

      Екінші пікірді жақтаушылар   аң стилі өнерінің қалыптасуына  Алдыңғы Азия мәдениетінің ықпалы  болғанын теріске шығармайды. Бұл  ықпал б.з.б. VI ғасырдың соңынан бастап, Ахеменид уақытында ерекше күшті болды делінеді. Нақ осы кезеңде сақ өнерінде оған бұрын тән болмаған арыстанның, жарты денелі арыстан самұрықтың бейнелері, негізгі мүсіні қасиетті ағаш не құдайдың мүсіні болып табылатын геральдикалық  кқмпозициялар, гүлдер немесе тұтас алғанда лотос түйнегі түріндегі өсімдік тектес ою- өрнектер пайда болады. Алайда ,аң стиліндегі өнердің шығуын бұл зерттеушілер  жергілікті ортамен байланыстырады да, оның тууын соңғы қола дәуіріне жатқызады, сөйтіп оның шыққан негізі карасук мәдениеті деп аталатын мәдениеттің мүсіндік бейнелері және неғұрлым арғы замандағы тотемдік бейнелер деп санайды.

        Аң стилі өнерінің мазмұнын  анықтаумен байланысты мәселелер  әлі де борлса айқын емес. Оның  діни наным сипатында болуы  ықтимал. Скиф- сақ өнерінің мазмұнына кіретін  хайуандар бейнелері нақты этникалық және тайпалық топтардың тотемдік арғы тегін бейнелеген. Әр түрлі бұйымдарға салынған бұл мүсіндер өзінше бір үлгідегі бойтұмарлар  мен тұмаршалар болды. Сонымен бірге аң стилі  өнері  мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Бұл өнер аллегориялық формада, аңдар таласының көптнген сюжеттерінде шиеленіскен тартысқа толы рулық және  тайпа аралық күресті, ерлік даңқы мен

 жаулап алушылықтың  қатігездігін бейнелейді.

            Сақ заманында, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде  дала тайпаларында батырлар жыры пайда болады. Ертедегі эпостың кейбір бейнелері мен сюжеттері барынша өзгерген және түрленген күйінде біздің заманымызға дейін жетті. Батырлар  жырының кейбір тақырыптары, мәселен, аңшылық ерліктерінің, батырдың қайта тірілуінің көріністері, батырлардың соғыс жорығының оралуы I Петрдің Сібір коллекциясындағы Сақтардың алтын тоғаларында бейнеленген.

Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою- өрнек болды, ол аң стилі өнерімен  қатар , онымен өзара байланыста дамыды. Көркемдік  металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын органикалық негіз (тері , киіз, ағаш, жүн маталар) тез шіриді. Сондықтан да ою-өрнек шығармашылығының кейбір үлгілері тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана, мәселен, оба тоңында саңталған, оның ішінде бұл үлгілер Алтайдың Пазырық қабірлерінен табылған.

ОЮ-ӨРНЕК ЖАСАУ  ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

Жеткіншектердің әдебиеттен, математикадан, архитектурадан, театрдан, музыкадан, бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек қиып үйрену өнерінен едәуір хабардар болуы, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де, оқушылардың рухани өрісі мен дүниетанымын арттырады.

 

Өнердің басқа да түрлері  секілді, ою-өрнекте оқушылардың  ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуда  әсері мол оқушы тек ою техникасын ғана меңгермей, осы өнерге қатысты қолөнер саласында ұмыт болған сөздермен де танысады. Сондай-ақ киіз бұйымдарына немесе ағаш ою кезінде қандай оюлар қлдану  керектігінен хабардар болу үшін қазақ халқының дәстүрлі өнері атты оқу құралында қолөнер бұйымдарының түрлі нұсқалары берілген.

Қазақ этномәдениетінің үлкен  бір саласы қолөнерді, оқушыларға 1-сыныптан бастап оқыту қажет. Ою-өрнек тек  сурет, еңбектану сабақтарымен байланыстырып  қана қоймай, сондай-ақ тарих сабақтарында қатысты оқытылуы тиіс. Әр кезеңнің даму процесіне орай, шеберлердің қолөнер бұйымдарын бейнелеуде стильдік ерекшеліктері өзгеріп отырған.

Ою-өрнек тілімен айтқанда әлі де ашылмай жатқан құпия сырлар көп, яғни оюдың төтемдік және магиялық мағынасы әлі де ғылыми түрде толық дәлелденбеген. Қазір ою-өрнектер символдық мәнін жоғалтып көбінесе тұрмыс тіршілікте эстетикалық тұрғыдан ғана пайдаланылып келеді.

Қазақ даласында  оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің  әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері долған. Соған қарамастан барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі-мүйіз тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауымша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230- дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған мүйіз тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз.

Мүйіз оюы қазақ  халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: қошқармүйіз арқармүйіз, бұғымүйіз,

қырықмүйіз, қосмүйіз, сынықмүйіз, түйетабан, сыңарөкше, қосалқа, құсқанаты, қазтабан. Қолөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланылып келеді.

Қазақ оюларының  мазиұны мал өсіру, аңшылықты  жер-су, көщіп қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың  сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нұсқада бейнеленген мүйіз элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, он тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны мүйіз тектес ою-өрнектер.

Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі  болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте  тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі  кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.

Халық шеберлері  мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен  құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырадыда, құлпырған  әдемі де мазмұнды композиция жасайды. Мүйіз тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін тұспалдаудан пайда болған.

Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс-тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай  лайықтап пайдаланып келеді. Мысалы: халқымыздың көне бұйымдарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, ол бұйымдардың жеңіл әрі берік болу жағын қарастырған.

Информация о работе Адамгершілікке тәрбиелеу