Адамгершілікке тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 11:46, курсовая работа

Описание работы

Ауыз әдебиетінің бір ғасырдың ғана емес, халық тілінде ерте заманнан келе жаткан, балалар ғана емес, ересектер үшін де өзіндік тәрбиелік ойдың көркем жиынтығы.Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл оспаққа, келекеге айналдырады. Макал мен мәтелдерді оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б, осы тәрізді өнегелі сөздері бала санасын біртіндеп құя беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Балалар ауыз әдебиетін таңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.

Содержание

Кіріспе 3
1.Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың адемгершілікке тәрбиелеу жолдарының теориялық негіздері.
1.2.Адамгершілік тәрбиенің зерттелу жайы. 5
1.3.Ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері. 19
2. Ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент.
2.1. Анықтауыш эксперимент материалдарын дайындау, талдау. 27
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиет 36

Работа содержит 1 файл

Педагогика курс.doc

— 3.53 Мб (Скачать)


         

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ  МЕМЛЕКЕТТІК  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ИНСТИТУТЫ

ПЕДАГОГИКА  ЖӘНЕ  ПСИХОЛОГИЯ  ФАКУЛЬТЕТІ

АРНАУЛЫ  ПЕДАГОГИКА  ЖӘНЕ  ПСИХОЛОГИЯ  КАФЕДРАСЫ

 

 

    

 

 

 

       КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

 

 

  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ

                         АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

 

       050101- Мектепке дейінгі оқыту мен  тәрбиелеу мамандығы

                             Мектепке дейінгі педпгогика  пәні         

 

 

 

 

 

 

                                                

                                                         Орындаған: Мухамбетьярова Динара, 2 курс              

                                                          Жетекші: Рыстығұлова А.Т., оқытушы

 

                             

 

 

 

 

 

 

                                                Ақтөбе- 2011

 

                                Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                                    3

 

 

1.Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың адемгершілікке тәрбиелеу жолдарының теориялық негіздері.

 

1.2.Адамгершілік тәрбиенің  зерттелу жайы.                                                       5

 

1.3.Ауыз  әдебиеті арқылы  адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері.           19

 

 

2. Ауыз  әдебиеті арқылы  адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған  педагогикалық тәжірибелік эксперимент.                                                         

 

2.1. Анықтауыш эксперимент   материалдарын дайындау,  талдау.                 27

 

 

 

Қорытынды                                                                                                            33

 

 

 

Қолданылған әдебиет                                                                                            36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

пайдаланудың мәні зор. Оның ішінде ауыз әдебиетін оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Ендеше, адамгершілік тәрбиесі ана тілінен басталуы керек. Халықтың халық, елдің ел болуы тілімен өзектес. Халқымыздың  ірі тіл маманы, ұстаз А.Байтұрсынов ана тілінің халық, ел тағдырындағы, адамгершілік қадір - қасиетіндегі мәні  мен мазмұнына терең көз жіберген. Ол ауыз әдебиетінің адамгершілік тәрбиесінде маңызының зор екендігін көрсетіп бере білген.

Ауыз әдебиетінің бір  ғасырдың ғана емес, халық тілінде  ерте заманнан келе жаткан, балалар ғана емес, ересектер үшін де өзіндік тәрбиелік ойдың көркем жиынтығы.Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл оспаққа, келекеге айналдырады. Макал мен мәтелдерді оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б, осы тәрізді өнегелі сөздері бала санасын біртіндеп құя беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады.  Балалар ауыз әдебиетін таңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.    

Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үрдісі.

Зерттеу мақсаты: Ауыз әдебиеті арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу  мүмкіндіктерін анықтап, оны эксперемент арқылы дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:

- балаларға ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жайлы материалдар жинактау, талдау, жүйелеу;

-  ауыз әдебиеті арқылы қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс түрлерін анықтау;

-  ауыз әдебиетінің теориялық тұрғыдан негізделген, эксперименталдық материалдарын дайындау; 

Зерттеу болжамы: оқу сабақтарында ауыз әдебиетін тәрбиелік мүмкіндіктерін үнемі пайдалансақ, онда оқушылардың адамгершік қасиеттерін қалыптастыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Кіріспе

Тақырып өзектілігі: Жаратылыстың һәм өнерінің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман,сылдыраған су,былдыраған бұлақ,шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу заттары, көріністері яғни өнердің тылсымды жанды билеп алып кететінін, күй, сиқырлы сөз, сұлу картина секілді әсерлері адам жанында бір ләззат, сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды, архитектура, сұлу сурет, скульптура секілді пластика өнері адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады. Ал енді, музыка, ән, поэзия секілді тон өнері есту сезімін сиқырлап барып,жанда сұлулық толқындарын туғызады.

Сұлулық сезімдері адамның  дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті. Әр адамның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу сүреттен, біреудің поэзиядан. Өнердің әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің міндеті бала өнерінде қандай ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:

1)Балаға жаратылыс  сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, сұдың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұрандаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек.

2)Баланың маңайындағы  нәрсенің бәрі жинақты, ретті,  таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың маңайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тәртіпті болсын. Ойдың іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы, бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайында жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былықтыққа үйренген бала былық болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолмен мұрнын сіңбіріп, яғни баланың нәжісін ұстап, қолын жөндеп шаймастан, асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс көруі надандықтың әбден асқандығы ғой.

Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар.Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс. Кейбір мырзалар сұлу боламыз деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдайма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады. Қазақ, жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру жоламайды.

3)Баланы сұлу искусствомен  терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам-тірі өлік.  

                                                                                                     Мағжан Жұмабаев 

   Курстық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі: Бұл бейнелеу өнерінің саласында өзекті мәселенің бірі болып отыр. Себебі бала бақшада сәндік өнерге балаларды баулу мектепке дейінгі мекемеден басталады. Қазаққа қазақтың сәндік өнерін білмеу, оны оқымау мүмкін емес дегім келеді. Курстық жұмысты жазу барысында осы мақсаттардың жүзеге асуына біршама жұмыстарды жүргізе отырып дәлелдеуге тырыстым.

Зерттеу мақсаты: Бала бақшада бейнелеу өнері сабақтарында сәндік өнерін оқытудың манызын  балаларға толығымен түсіндіру.

Зерттеу мәселелері:

  1. Оқытудың маңызы мен мақсаты.
  2. Бала бақшадағы оқыту әдістемесінің ерекшелігі.

Зерттеу гипотезасы: Балалардың жас ерекшелігіне қарай сәндік өнердің маңызын оны қолдану жолдарын дұрыс таңдап алса, оны өз орнымен дұрыс қолданып, әдіс-тәсілдерін дұрыстап іріктеп алса, аймақтық компоненттерді пайдаланса бала бақшада ойдағыдай нәтиже береді.

Зерттеу пәні: бала бақшадағы қолданбалы сәндік өнері

Зерттеу обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.

 

 

 

 

 

 

 

    

          1.1 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.

Бүгінгі таңда  қоғамның негізгі мәселерінің бірі – прогресшіл дәстүр болып саналса, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт-санасы, ғылыми көз қарасы, демократиялық ой пікірлері, әдет-ғұрпы, байлықтары болып табылады. Халықтың әдет-ғұрпы дәстүрі қоғамдық өмірдің материалдық жағдайының өзгеруімен сипатталады. Осы орайда жоғары оқу орындарында рухани байлықты дамытуда және көркемдік білім берудің құмарлығын арттыруда халықтың сәндік қолданбалы өнерін пайдаланудың теориялық және практикалық қажеттілігі өзекті мәселе ретінде туындап отыр. Қойылған мәселелердің бірі –бастауыш мектептің оқыту үрдісінде қолданбалы-сәндік өнерлі қолдану , пайдалану. Қазақстанда ұлағатты мұра қалдырып кеткен орта ғасырдағы бірқатар философ ғұламалары, оның ішінде (Әл-Фараби): адамдардың танып білетін мөр    таңбасы табиғат –деп ,табиғатты танып білуді, игеруді ұсынған. Ж.Баласағұн жеке тұлғаның қоғаммен қарым қатынасын ескере отырып, адамдардың табиғи ерекшеліктерін, оның әлеуметтік этикалық,  адамгершіліктік –психологиялық     деңгейін анықтауды көздеген. М.Қашқари «жеке тұлға идеалы - өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын ,білімге құштар , өзінің бақыты үшін күресе алатын адам» -деген. Оқу білім өнер ,тәлім-тәрбие беру туралы демократ ағартушылар – Ы.Алтынсарин

Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ш.Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев қазақтың сәндік-қолданбалы  өнерінің даму тарихы ,мәні, ою-өрнек жасалу технологиясы және мән мағынасы туралы  тарихшы- этнограф ғалымдар  Қ.Ақышев, Т.Басенов, Ә.Марғұлан, М. Қадырбаев, М. Мұқанов, Ә. Тәжімұратов, Ә. Нұсқабайұлы  т.б  еңбектерінде қарастырылған.

          Атап айтқанда, қазақ халқының  мәдени  мұрасы арнайы пәндер циклінің 03.15.40-Бастауышты оқыту педагогикасы  әдістемесі  және оқыту практикумы оқу пәнінде сәндік – қолданбалы іс – әрекет  - деп берілген.

Сәндік-қолданбалы өнер   ХIХ ғасырда өз алдына өнер түрі болып бекітілген , демек, зергерлік, ағаш ою, оның топтарға бөлінуі  қолөнер түрлері- деп, ал ою- өрнек қолөнердің  тірі және өлі табиғи зат формаларының  өрнектелген әшекей сюжеті болып  ою-өрнек классификациясы деп аталуы тиіс. Сәндік- қолданбалы өнерді бейнелеуге  де, образдар жасауға да, тірі құрақ ою-өрнек  құрастыруға да, компьютерді кеңінен қолданып, тұрмыстық заттардың суретін салуға болатындығы, көркем өнер каллиграфиясын, киім кешек дизайнын жасауға болатындығына көңіл бөлінбеуі, тек қана іс- әрекетпен шектелуге жол беріліп отыр.

          Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекет бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жоғары интеллекті, эстетикалық және адамгершілікте тәрбие алған, өз отанын сүйетін, тарихын,  прогрессивтік дәстүрінен терең хабардар, жан- жақты гормониялық тұрғыдан дамыған жеке тұлғаның  кәсіби біліктілігі иен білімділігін талап етеді. Дегенмен, жасөспірімдердің ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің  негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттың мұраларды игеріп, дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі  қалыптасатыны анық. Осындай ұлтық мәдениеттің ежелден келе жатқан оқу- тәрбиелік маңызды бөлігі халықтың қолөнер туындылары, ол бүгінгі таңда сәндік – қолданбалы өнері болып табылады. Зерттеу барысында қазақ халқының қолөнерінің бүгінгі күнге дейінгі  тарихи даму жолдарын дәріптейтін тарихи – этнографиялық, әдеби, ғылыми еңбектерге берген талдау жұмыстары мынаны байқатты.

  1. Қазақстан мәдениетіндегі қолөнер туындыларының құрылым жүиесіне  тоқталатын болсақ, Евразия аймағының тарихи және мәдени бірлігі мен сабақтастығы тас  қола дәуірінде басталып, скиф кезеңінде  өркендеп, жаңа этникалық бояуға бөленіп, ежелгі түрік дәуірінде бастауыш тапты. Түрік аңұзақ дала көшпенділерінің біріккен тайпасы, олардың генетикалық тілі, генеалогиялық тайпалардың туыстығы, мәдениетінің ұқсастығы осыдан келіп шығады. Сонымен бірге қолөнер халық өмірінде табытты жерлеу рәсімдерінің нор маларын  атқарған, тұрмыстық заттарды жасаумен безендіріп, сәндеп әшәкейлеуде қолданылғандығына мән берілген.
  2. Ежелгі қолданбалы өнер қоғамның  құрылымымен дамып, сананың оянуымен көркемдікте ойлау фомасының  өзіндік ерекшелікте дамып отырғандығы этнографиялық  тұрғыда жинақталып сипатталады.
  3. XIX ғасырда сәндік – қолданбалы өнер өнер түрі болып бекітіледі .

Информация о работе Адамгершілікке тәрбиелеу