Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

      Концерндердің негізгі белгісі – оған кіретін  фирмалар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ банкілердің меншіктерінің тұтастығы. Сондықтан да концернге қатысушылар келісім-шарт бойынша емес, экономикалық қарым-қатынас арқылы бір-біріне тәуелді.

      Холдингтік  компаниялар ерекшеліктері – олар басқа компанияларға бақылау жүргізу құқына ие. Өйткені олар басқалардың акциялары мен қаржылай капиталын билейді, өздерінің бақылауындағы компаниялардың директорларын тағайындайды. Сондықтан да холдингтер өздеріне кіретін кәсіпорындардың, заң тұрғысынан алғанда өз бетінше жұмыс істейтіндігіне қарамастан, шаруашылық және коммерциялық шешімдеріне белсенді түрде әсер ете алады. Мұның өзі холдингтерге олардың ісқимылын тұтас шаруашылық құрылымы ретінде бүкіл холдингтік бірлестіктің мүддесіне бағыттауға, егер мұның

қажеттілігі және ортақ пайдасы болса, бақылау аясындағы кәсіпорындардың қаржылық көздерін орталықтандыруды және қайта бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      Консорциум – нақты міндеттерді шешу үшін құрылатын фирма, кәсіпорын және ұйымдардың уақытша ерікті бірлестігін білдіреді. Ірі күрделі қаржыны және жоғары дәрежедегі тәуекелді қажет ететін, жекелеген кәсіпорындар әдетте өздігінен жүзеге асыруға мүмкіндіктер бола бермейтін ірі инвестициялық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа жобалар мен іскерлік ойларды орындау үшін олардың  консорциумға бірігуіне тура келеді. Мұндай консорциумдар материалдың және қаржылық ресурстарды, өндірістік қуаттар мен жұмыс күшін уақытша интеграциялаудың тиімді ұйымдық құрылымы болып табылады.

      Консорциумның негізі – келісім шарт. Бірақ оған кіретін кәсіпорын өз бетінше заңды тұлға болуымен қатар басқа консорциумға да мүше бола алады.

      Іскерлік  бірлестіктердің басқа тәсілдері  – синдикаттар, картелдер және трестер  әзірше Қазақстанда жоқ немесе әлі  де кең тарамай келеді. Соған қарамастан өзінің мәні мен экономикалық мазмұны жағынан консорциумдердің біздің Республикамыздың жағдайында пайда болып және жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік мол.

      Картель – баға, сату жағдайы, өткізу рыногін белгілеу, квоталау (өндіріс және сатудың жалпы көлеміндегі әрбір қатысушының үлесін анықтау), патент ауыстыру және тағы басқа заңды тұлға болып табылатын кәсіпорындардың келісім-шарт арқылы бірлесуі.

      Синдикаттар – үлкен бизнестегі кооперациялаудың барынша жоғары деңгейі. Мұнда сала кәсіпорындары өздерінің заңдық және өндірістік тәуелсіздігін сақтай отырып, жабдықтау және өнім өткізу жолында күш-жігерлерін біріктіреді. Осы міндеттерді орындау үшін арнаулы басқару ұйымы – синдикат дирекциясы құрыла алады немесе бұл функциялар осы бірлестіктің бір қатысушы кәсіпорынына жүйеледі. Синдикатқа мүше кәсіпорындардың коммерциялық тәуелсіздігі – тек ішінара, яғни, синдикатты құрар кезде келісім шартқа бекітілген квотамен шектелетін өндірілген өнім көлемінде сақталады.

      Синдикатқа  тек қана кәсіпорын емес, сонымен  бірге концерндер, трестер қатысушы бола алады.

      Трестер – жекелеген кәсіпорындар өздерінің заңдық, өндірістік және коммерциялық тәуелсіздігін толық жоғалтатын ірі бизнес бірлесуінің жоғары формасы. Мұнда қатысушы кәсіпорынның жабдықталуы, өндірісті, өнім өткізуі, қаржысы толық бірлестіктерді және

басқарудың  біртұтас ұйымы құрылады. Алып акционерлік  қоғам ретінде трестер өз саласында  билік құратын ірі бірлестікті  білдіреді.

      Жоғарыдағы  көрсетілген ірі бизнестегі бірлесуден басқа ерекше ұйымдық формалар мен  құрылымдар бар.

      Кейбір  елдердің үкіметі шетелдік капиталды  тарту, жаңа техника, технология, білікті  кадрларды иелену мақсатында өз жер  аумағында оффшорлық аймақ деп аталатын ашық экономикалық аймақтар құрады. Осыған сәйкес бұл аймақтарда тіркелген шетелдік компанияларды оффшорлық компаниялар деп атайды. Оларға ашық аймақтары бар елдің үкіметі белгілі бір жеңілдіктер (салықтың, кедендік және басқалар) береді. Сондықтан да көптеген ірі компаниялар өз елдерінен тыс жерлерде осындай оффшорлық тәсілін құруға өте мүдделі.

      Трасстық  компаниялар – басқа фирмалармен компаниялардың мүлкін, бағалы қағаздарын немесе қаржылық ресурстарын басқаруға құқ алған ірі бизнестің кәсіпорындары мен ұйымдары. Мұндай компанияларға сенім хатпен берілген қормен қатар трест-компаниялардың өз қаржылары да болуы мүмкін.

      Көптеген  елдерде интенсивті дамып, орын алып келе жатқан үзіліссіз еңбек болу процесі жекелеген компаниялардың жекелеген құрылымдарды арасында міндеттерді  бөлісуге алып келеді және олардың  кейбір бөлімшелері өз беттерінше жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар қызметтік параметрі мен бағыттары әр түрлі бірқатар фирмалар күш-жігерлерін біріктіріп, жинақталу процесіне қатысады. Мұндай жағдайда бизнестің франчайзинг деп аталатын аралас, бұдан ұйымдық формалары пайда болады. Кәсіпорын –  шығарушы немесе жәй ірі фирма доранчайзер шағын фирмамен франчайзи келісім шартқа отырып, франчайзердің тауарын сатуға немесе оған қызмет көрсетуге міндеттеме қабылдайды. Ынтымақтастың мұндай формасы франчайзинг деп аталады және әдетте

келісім шартта белгіленгендей, үлкен фирма кіші фирмаға өзінің шартын өткізіп, ол жетекші жағдайды иеленеді.

      Қарапайым тілмен айтқанда, шағын фирмалар (франчайзн) – бұлар ірі фирмалардың филиалдары немесе содан тарайтын кәсіпорындар. Олар заңдылық жағынан өз бетінше  іс-әрекет жасағанмен, негізгі фирмалармен тығыз өндірістік, технологиялық және қаржылық, байланыста болғандықтан, экономикалық және құқықтық қарым- қатынаста түгелдей соларға тәуелді.

            Дамыған  елдерде ірі бизнес  көптен бері мемлекеттік шекарадан шығып, экспорт- импорт  операциялармен және басқа елдерде капитал орналастырумен айналысатын халықаралық компаниялар тәсіліне  ие болды. Осындай компаниялар, бірақ филиалдары бар және бірнеше елде тіркелгендіктен дүние жүзіндегі көптеген қор биржаларында өздерінің акцияларын тарататын болғандықтан, сондай-ақ көптеген елдерде бизнес операцияларын жүзеге асыратындықтан, трансұлттық компаниялар деп аталады.

      Негізінен алғанда, қазіргі уақытта дүние  жүзінде қалыптасқан бизнестік  негізгі ұйымдық формалардың  тізбесі осындай. Олардың көпшілігі Қазақстан экономикасында да пайда болды, енді біреулер жаңадан бас көтеріп, қалыптасуды бастан кешуде. Бірақ, олардың барлығының да реформаны іске асырып, нарықтық қатынастарға көшу аяқталған кезде біздің Республикамыздың жағдайында табысты жұмыс істеуіне нақты мүмкіндіктері бар.     

 

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

      1. Кәсіпорындардың әлеуметтік – экономикалық мәні
      2. Өндірістік мекемедегі кәсіпорындардың түрлері
      3. Серіктестік және оның түрлері
      4. Акционерлік қоғам туралы ұғым, оның қандай түрлері бар?
 
 

Тақырып 11. ҚР – сындағы  өнеркәсіпке инвестиция салу саясаты

 

Дәріс жоспары:

  1. ҚР – сындағы өнеркәсіпке инвестиция салу саясаты
  2. Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық – экономикалық көрсеткіштері
  3. Шетел инвестициясын тарту мақсаттары мен міндеттері
  4. Кәсіпорын қызметіндегі инвестицияның мәні.
 

     1.Нарықтық  экономикаға көшумен қатар «инвестиция», «инвестициялық қызмет нысаналары»  деген санаттардағы түсініктер  мазмұны кеңейе түсті. Инвестиция  дегеніміз табыс (пайда) алу  және әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік нысаналарға салынатын ақша қаражаты, мақсатты банк салымдары, жарналар, акциялар мен өзге де құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгілерге берілетін лицензиялар да бар, несиелер немесе өзге мүлік не мүліктік құқықтар, зияткерлік құндылықтар.

     Инвестициялық қызмет нысаналары болып жаңадан  құрылған және жетілдіріліп жатырған негізгі қорлар мен айналымдық қаражат, құнды қағаздар, мақсатты ақша салымдары, ғылыми-техникалық өнім, меншіктің өзге нысаналары, сонымен қатар мүліктік құқықтар мен зияткерлік меншікке берілетін құқықтар табылады.

     Бұл анықтамалардан инвестициялар жеке капиталды ұлғайтуға (дивиденттер  алу мақсатында акциялар сатып алу  және жарна салу, процент алу үшін банктер есепшоттарына салымдар салу және акциялар сатып алу), өзгелері - өндірістік базаны күрделі құрылыс үшін жабдық және жер сатып алу арқылы ұлғайтуға бағытталатынын көреміз.

  Бұл сала капитал салымдарын жүзеге асыру қажеттігін негіздеу тұрғысынан алғанда да, сонымен қатар қажетті қаржылық ресурстардың тиімділігі мен оларды тартуды бағалау тұрғысынан алғанда да  мейлінше күрделі.  

Негізгі қорларды құру және ұдайы өсіру төмендегілердің  есебінен қаржыландырылуы мүмкін:

  • инвестордың жеке қаржылық ресурстары мен ішкі шаруашылық резервтерінің (табыс, амортизациялық ақша аударулар, ақша жинақтары мен азаматтардың және заңды тұлғалардың жинақтары, сақтандыру органдарымен төленетін апат, табиғат апаттары ысыраптарын қалпына келтіру түріндегі қаражат және т.б.);
  • инвесторлардың қарызға алған қаражаты (банк және бюджет несиелері, облигациялық қарыздар және т.б.);
  • инвесторлардың тартқан қаражаты (акция сатудан түскен қаражат, еңбек ұжымдары мүшелерінің, азаматтардың, заңды тұлғалардың пайлық үлестері және өзге жарналары);
  • мекемелер бірлестіктерімен (одақтарымен) белгіленген тәртіпте орталықтандырылатын ақша қаражаттары;
  • мемлекеттік бюджеттерден және бюджеттен тыс қорлардан инвестициялық ассигнованиелер;
  • шетелдік инвестициялар.

   Негізгі қорларды құру және ұдайы өсіруге инвестициялау жұмыс жасап отырған өнеркәсіптер мен субъектілерді кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, жаңа мекемедар салу түрлеріндегі  капитал салымдары арқылы жүзеге асырылады.

   Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу, яғни инвестициялық саясат мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларға сәйкес келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік инвестицияларды тура басқару;
  • сараланған салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктері бар салықтық жүйені енгізу;
  • жекелеген аумақтарды, салалар мен өндірістерді дамытуға дотациялар, субсидиялар түрінде қаржылық көмек беру;
  • әйкесті қаржылық және несиелік саясатты, баға құрылымын, амортизациялық сасатты жүргізу (соның ішінде, бағалы қағаздарды айналымға шығару);
  • нормалар мен стандарттарды қолдануды, сонымен қатар, міндетті сертификаттау ережелерінің сақталуын бақылау және т.б.

   Мемлекет  Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес инвестицияларды, олардың меншік түріне қарамастан, соның ішінде шетелдік инвестицияларды  да,  қорғауға кепілдік береді.

   Мекеме  инвестициялардың көлемін, бағыттарын, мөлшерлерін және тиімділігін дербес анықтайды. Ол өз білгенінше конкурстық келісім негізінде өзіне инвестицияларды  жүзеге асыру үшін қажетті жеке, заңды тұлғаларды тартады.

   Салымдардың бір бағытын таңдау көптеген жағдайларға байланысты анықталады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы елдегі инвестициялық климат, өнеркәсіптік мекемелердің өндірістік-техникалық базасының жайы, несиелік саясат, ұдайы өндірістік нарықтық инфрақұрылымның және капитал салымдарын тарту және меңгеру жүйесінің даму деңгейі, салық салу жүйесі, инвестициялық қызмет саласындағы заңнамалық базаның даму деңгейі болып табылады.

   Әдетте, мекемелердің өндірісті динамикалық  түрде дамып жатырған нарық талаптары  деңгейінде ұстау үшін жеткілікті қаржылық ресурстары болмайтындықтан, барлық кезде олардың алдында екі жақты міндет тұрады: бір жағынан, болашақ инвесторлардың алдында жаңа негізгі қорларды енгізу мен жетілдірудің тартымдылығы мен қажеттілігін негіздеу; екінші жағынан, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың тартымдылығын оның тиімділігі негізінде бағалау арқылы дәлелдеу. Бұл міндетті шешу инвестициялық

   Жобаға  қатысушыларға қатысты шығындар мен нәтижелердің ара қатынасын  көрсететін көрсеткіштер жүйесін пайдалануды  көздейді:

  • жобаға қаражат салудан күтілетін табыстық көрсеткіштері, сонымен қатар, жобаны іске асырудан олардың тікелей қатысушылары үшін күтілетін қаржылық салдарын ескеретін коммерциялық (қаржылық) тиімділік көрсеткіштері;
  • жобаны іске асырумен байланысты шығындар мен нәтижелерді ескеретін экономикалық тиімділік көрсеткіштері;
  • әлеуметтік және экологиялық салдарлар көрсеткіштері, сонымен қатар, әлеуметікк шараларға және қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығындар көрсеткіштері.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Өндірістік кәсіпорынның инвестициялық саясаттың мақсаттары мен принциптері.
  2. Қазақстандағы инвестициялық жағдай.
  3. Мұнайгаз өндірісін инвестициялау шарттары
 
 
 

Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы