Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат
Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.
Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................
Экономиканы қайта құру кезінде мемлекеттік кәсіпорындар жаңа әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық түрлеріне өзгертіледі. Мысалы, республиканың ауыл шаруашылығында мемлекеттік кәсіпорындар (совхоздар), жекешелендіру нәтижесінде барлығы дерлік жаңа ұйымдық түрлеріне өзгертіледі.
Қазіргі кезеңде кәсіпорын тауар-қаржы қатынастардың негізгі объектісі болып есептеледі. Ол экономикалық тәуелсіз, шаруашылық қатынастар қорытындысына тікелей жауап беруі үшін менеджмент жүйесін құрады.
Кәсіпорын деген «термин» Азаматтық кодекс қабылданғаннан кейін өз мәнін өзгертті. Кәсіпорын деп мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар тобын атайды, ал Басқа заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдар болып аталады.
Ұйым дегеніміз - өзінің жалпы мақсаты, құрылымы бар адам бірлігі.
Кәсіпорын ұйымға қарағанда күрделі ұйым, оның негізгі компоненттері: адамдар, мәдениет, технология, мақсат, тапсырма, құрылым, стратегия.
Өз бизнесін ұйымдастыру және оның формаларын белгілегенде кәсіпкерлерге өте күрделі мәселе шешуге тура келеді. Ол үшін өз еліндегі заңдылықты жақсы біліп меңгеріп және әлемдегі бизнестік тәжірибесін ескерген жөн.
Қазақстан
республикасында Азаматтық
Меншік,
шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығындағы оқшау
Біз өндіріс сферасында кәсіпкерлік қызмет атқаратын коммерциялық ұйымдарды қарастырамыз. Республикада меншік түрімен байланысты коммерциялық ұйымдар белгілі бір әлеуметтік-экономикалық түрлері ретінде қызмет атқарады.
Ал әлем елдерінің тәжірибесіне көз салсақ оларда ұйымдастырудың тарихи үш түрлі формалары құрылған. Олар бизнестің негізгі формалары болып есептеледі:
Нарықтық елдерде кәсіпорындардың алуан түрлі типтері құралады. Олардың өздерінің көлеміне қарай түрлері: ірі монополия, ірі, орта, шағын жеке кәсіпкерлер. Меншікке қарай: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, аралас. Ұйымдастыру құрылымына қарай түрлі-акционерлік, кәсіпорындардың бірлестігі.
Меншіктің түрлерімен, кәсіпорынның көлемі ұйымдастырумен басқару құрылымына әсер етеді. Басқару жұмысы мынадай түрде жүргізіледі: бір адам, арнайы кеңес, орындаушы кеңес.
Сонымен байланысты менеджерлердің бірнеше түрлері болады. Менеджер-меншік иесі уақ бизнес және жеке кәсіпкерлікте. Менеджер-кәсіпкер – басқару функциясын коллегиялық органдарда қатысу арқылы орындайды. Кәсіби-менеджер – шарт контракт арқылы еңбек етеді.
Әлем елдерінің кәсіпорындарын әлеуметтік-экономикалық түрлерінің біздің елге қарағанда өзгешеліктері бар. Мысалы, Ресейде мемлекеттік кәсіпорындардың екі түрі бар: коммуналды және муниципиалды. Өндіріс кооперативтер мен қатар ұйымдық, акционерлік, бірлескен кәсіпорындар орын алады, олар ұйымдық кәсіпорындар түріне жатқызылған. Меншіктің қандай түрлері болмасын арендалық кәсіпорындар ұйымдастыруы мүмкін. Жеке кәсіпорынның негізгі ұйымдық-құқықтық екі түрі дербес және семьялы ұйымдастырылады.
2. Өз бизнесін ұйымдастыру және оның түрлерін белгілегенде кәсіпкерлер республикадағы кәсіпкерлік құрылымды біліп меңгерген жөн. Өзін тиімді бизнестің заңды түрін дұрыс таңдап білудің маңызы зор, өйткені бизнестің табысты болуы оған тікелей байланысты.
Бизнестің заңды түрлерін таңдап алу мынадай факторлармен тікелей байланысты:
Ал
енді Азаматтық Кодекспен Қазақстан
Республикасында ұлықсат
Жеке кәсіпкерлік жеке тұлға статусына ие болады. Кәсіпорын меншігі меншік иесінен бөлінбейді.
Жеке кәсіпкерліктің артықшылығы кәсіпкерлік қызметке лұқсат алу шаруашылық серіктестікпен салыстырғанда жеңілдеткен, жеке кәсіпкер мемлекеттің тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен азаматтар сатып алынған патент негізінде айналысады. Патент бір жағынан мемлекеттік тіркеу құжаты, екінші жағынан лицензия болып есептеледі. Патенті салық органдар жеке тұлғаның арызы, паспорты, фото сурет және патентке ақша төлеу жөнінде квитанция негізінде беріледі.
Бір қатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналысуы үшін іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу қажеттілігі қарастырылған. Мысалы, дәрігерлік қызмет, білім беру қызметін көрсету, ал кейде тіпті құстың белгілі бір мөлшерін атып алатын аңшыларға немесе ау салатын балықшыларға да әлгіндей лицензия алу қажет.
Жеке кәсіпкерлердің кемшілігін несие алу қызметінің кең түрде жасау мүмкіндігінің тарлығы және қаржылық қиындық туған жағдайда өз мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік түрлерінің бірі заңды тұлға.
Қазақстан
республикасындағы қазіргі
1. Мемлекеттік кәсіпорындар
Көрсетілген
ұйымдардың әр-түрлі ұйымдық-құқықтық
формалары болуы мүмкін. Мысалы,
мемлекеттік кәсіпорындардың
Шаруашылық жүргізу құқына негізделген кәсіпорындардың құрылтай бекіткен жарғысы құрылтай құжаты болып табылады, олар өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Ал қазыналық кәсіпорындарға жедел басқару құқығымен мемлекет мүлігіне ие болған кәсіпорындар жатады. Олар Қазақстан республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құралады. Құрылтайшы бекіткен қазыналық жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
2. Шаруашылық серіктестіктер
Жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың қатысушылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық өз қызметін үрдесінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады. Жарғы бір адам бір қатысушы құрған шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық-серіктестіктердің түрлері
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушыларды серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады және олардың саны 2 адамнан кем болмауы керек.
Толық серіктестіктің жарғылық қорының мөлшері оның құрылтайшылары белгілемейді, бірақ ол 25 айлық есептелген көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы керек.
Сенім серіктестігі
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктермен) қосымша жауап беретін бір немесе оданда көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктердің құқықтық ережесі және олардың серіктестік
міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестің қатысушылары туралы ережелермен белгіленеді.
Азамат
тек бір ғана сенім серіктестігінің
толық серіктесі бола алады. Сенім
серіктестігіндегі толық
Жарғылық қордың мөлшерін сенім серіктестігінің толық серіктестері белгілейді және ол жүз айлық есептелген көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы керек.
Салымшылар үлесінің жиынтық мөлшері сенім серіктестігінің жарғылық қорының 50 процентінен аспауы тиіс. Сенім серіктестігінің ісін басқару толық серіктестер жүзеге асырады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып танылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты, залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестік бола алмайды.
Серіктестікті басқару органдарының құзыреті, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау және серіктестіктің атынан әрекет жасау тәртібі Азаматтық Кодекске және серіктестік жарғысына сәйкес белгіленеді.
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестік қатысушылардың
жалпы жиналысының айрықша
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселеген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қоысмша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Қатысушылар
жауапкершілігінің шекті
Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді.