Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 19:49, курсовая работа

Описание работы

Американдық экономист Й.Шумпетер Кәсіпкерлік тi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың iс –қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.
Осыдан көрiп отырғанымыздай, ²Кәсіпкерлік ² терминiнiң iшкi мазмұны сан қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша анықтамамен шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория ретiнде негiзiн қалайтын қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға тырысады.

Содержание

КIРIСПЕ

1 тарау. Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.

2 тарау Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған арнаулы салық режимі
2.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі
2.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі

3 тарау . Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары
3.1. Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары
3.2. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін бағалау жолдары


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлікті дамытуда салық салу ерекшелігі - www.topreferat.kz.doc

— 291.50 Кб (Скачать)

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімдедген кірістің 3% мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Патенттің құнын  бюджетке 2-ге бөлім төлейміз. Жарты  бөлігі жеке табыс салығына енеді, екінші жарты бөлігі мемлекеттік әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейін әлеуметтік салық сомасы болып төленеді [1].

Патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік  қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші 5 жұмыс күні ішінде асып кеткен сомасы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табыс көрсетілген жаңа патент беріледі.

Нақты табыс  патент алған кезде мәлімделген  табыстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттің құы салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.

С) Оңайлатылған декларация негізінде бюджетпен  есеп айырысу тәртібі

Оңайлатылған  декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық кезеңі басталғанға дейін көшу үшін ШБС-рі өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органына уәкілетті мемлкеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді. Жаңадан құрылған заңды тұлға - өтінішті Мемл-к тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына береді.  Жаңадан құрылған жеке кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша тіркеуге қойылған күні өтініш береді.

 

2.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі 

Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі болып –тоқсан табылады. 

Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі болып –тоқсан табылады. 

Мынадай талаптарға сәйкес келетін шағын Кәсіпкерлік субъектілері:

  1. Жеке кәсіпкерлер үшін:

- жеке кәсіпкердің  өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 15 адам болса;

- Салық кезеңі  ішінде шекті табысы 4500,0 мың теңге болса;

  1. Заңды тұлғалар үшін:

- қызметкерлердің  шекті орташа тізімдік саны  салық кезеңі ішінде 25 адам болса;

- Салық кезеңі ішінде шекті табысы 9000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

Көрсетілген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимінен өз еркімен  шыққан кезде шағын Кәсіпкерлік субъектісі есепті тоқсаннан кейінге тоқсаннан бастап өтініш негізінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшеді.

 

Жеке кәсіпкердің  табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

Тоқсандық табыс

Ставкасы

Қоса алғанда 2000,0 мың теңгеге дейін

 

2000,0 мың теңгеден  жоғары – 3000,0 мың теңгені қоса  алғанда

 

3000,0 мың теңгеден  жоғары

Табыс сомасының 3%-ы

 

60,0 мың теңге  + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс  сомасынан 5%

 

110,0 мың теңге  + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс  сомасынан 7%


 

Жеке кәсіпкер көрсетілген талаптар өзгерген жағдайда ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі  заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық  режимін қолдануға құқылы [2].

Салықты есептеу  мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген  тәртібінен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшкен кезде әлеуметтік, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді шағын Кәсіпкерлік субъектісі салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді [1] .

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемінде 2,5 еселенген мөлшеріндей болса, онда жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның табысына көрсетіліп кеткен ставкалар бойынша салық салуға сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5%-ы мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге тиіс [11].

 

Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

Тоқсандық табыс

Ставкасы

Қоса алғанда 2000,0 мың теңгеге дейін

 

2000,0 мың теңгеден  жоғары - 4000,0 мың теңгені қоса  алғанда

 

4500,0 мың теңгеден  жоғары - 6500,0 мың теңгені қоса  алғанда

 

6500,0 мың теңгеден жоғары

Табыс сомасының 4%-ы

 

80,0 мың теңге  + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс  сомасынан 5%

 

205,0 мың теңге  + 4500,0 мың теңгеден асатын табыс  сомасынан 7%

 

345,0 мың теңге  + 6500,0 мың теңгеден асатын табыс  сомасынан 9%


 

Оңайтылған  декларация тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей салық органына табыс етіледі. Осы бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке табыс салығы және әлеуметтік салық-ҚР міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы алып тасталғаннан кейінгі түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш  берген жер бойынша салық органында жүргізіледі. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған оңайлатылған декларация  - 910.00 формада жүргізіледі [9].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 тарау . Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау  жолдары

3.1. Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары

 

Кәсіпкерлік тi қазiргi кезеңде, мемелкеттiк және қоғамдық қолдауды, оны дамытудың жолдарын тереңдете, әдiстемелiк негiздеудi өте қажет етедi. Сонымен бiрге экономиканы реформалау соңғы бiрнеше жыл бойы бiрқатар проблемаларға тап болып,  олар нарықтық қатынастарға көшудiң ол үшiн пайдаланатын модельдердiң, әдiстерiнiң және құралдарының бiрдей емес екенiн көрсеттi.

Осы салада мамандар мемлекет алдында тұрған негiзгi мiндеттер мыналар деп санайды:

    • негiзгi инфрақұрылымдық: ақша –қаржылық және инвестициялық  механизiмдердi жаңа принциптерге жаңғырту жолымен басқарылатын рынок концепциясына көшу;
    • экономикалық өзгерiстердiң қарқыны  мен құрылымын селқос күштермен келiсiп алу және халық шаруашылығы  салаларының ұйымдық технологиялық кешенiн iрiктемелi мемлекеттiк және құрылымдық –инвестициялық саясат есебiнен сақтау;
    • институтциялық жаңғыртуларды жалғастыру, соның iшiнде жекешелендiрудi дәйектi тұрде одан әрi жалғастыру, бәсекелестiктi, жеке Кәсіпкерлік тi дамыту, экономиканы монополиясыздандыру және т.б.

Мұның өзi Кәсіпкерлік ке мемлекеттiк қолдау көрсету және жаңа тиiмдi жұмыс орындарын ашу мүмкiндiктерi мен бағыттарын белгiлейдi [18].

Осы саладағы мемлекеттiк шаралар арасында  нарықтық инфрақұрылымды дамыту  басты орын алады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердiң тәжiрибесi Кәсіпкерлік тiң ұлттық экономикада аса маңызды  функциялар орындайтынын:  сұраныс пен ұсынысты теңдестiру арқылы нарықтық қатынастарды үдетудiң ерекше механизiмiн қамтамасыз ететiн, жалпы ұлттық өнiмнiң тең жарытысынан астамын өндiретiнiн, жаңа жұмыс орындарының 70 пайызының жуығын ашатынын, адам ресурстарының жандандырылуына және иновациялық  потенциялға елеулi ықпал жасайтынын дәлеледейдi.

Елде кiсiпкерлiктi  кең көлемде дамыту нарықтық қатынастардың  қалыптасуының көптеген проблемаларын  тиiмдi шешуге: реформалардың әлеуметтiк  базасын ұлғайтуға, олардың тиянықтылығының  кепiлiдктерiн қаматамасыз етуге, бәсекелестiктi дамытуға: өндiрiстiң ұйымдық құрылымын  кеңейтiп, тиiмдi етуге, адам реурстары мен ұйымдық- технологиялық  ресурстарды жұмылдыруға мүмкiндiк бередi.

Ресей федерациясында Кәсіпкерлік тi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудiң арнайы бағдарламасы дайындалған.Және де сол бағдаламаны зерттеп, тәжiрибесiн пайдалану бiздiң елiмiз үшiн маңызды әрекет. Онда кәсiпорындардың санын көбейту, олардың қызмет жасауына қолайлы жағдай жасау, дамытуға қолайлы жүйесiн , экономиканың бұл секторларына инвесторларды тарту көзделген.

 Кәсіпкерлік тi  мемлекеттiк қолдау мынадай аса маңызды  бағыттары бөлiп көрсетiлген:

    • Кәсіпкерлік тi қолдау және дамыту саласында мемлекеттiк саясаттың нормативтiк-құқықтық негiзiн жетiлдiру;
    • Кәсіпкерлік ке қолдау көрсетудiң  мемлекеттiк саясатын ұйымдық және  ғылыми-әдiстемелiк  тұрғыдан қамтамасыз ету;
    • кәсiпорындар қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғалуы мен қауiпсiздiгi;
    • Кәсіпкерлік тi дамыту үшiн жайлы қоғамдық пiкiр қалыптастыру;
    • аймақтарды Кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту;
    • кадрлар даярлау;
    • ақпаратпен қамтамасыз ету;
    • кәсiпорындардың өндiрiстiк қызметiн жетiлдiру; 
    • салық саясатын жетiлдiру;
    • Кәсіпкерлік те жеке меншiк және басқа инвестициялар үшiн жеңiлдiктер жүйесiн жасау;
    • инвестициялық бағдарламалар құру;
    • мемлекет тарапынан несиелендiру [15].

Кәсіпкерлік ке қолдау көрсету құрылымы деп бұл жағдайда шығын Кәсіпкерлік тiң дамуын қамтамасыз ететiн, кәсiпорындарға ақылы және басқа негiзе бiлiм, консалтинг, ақпарат, технология , техника қаржы салаларында, қауiпсiздiктi қамтатамсыз ету саласында қызмет көрсететiн және қолданылып отырған заң негiзiнде кәсiпкерлермен, сондай-ақ бiр-бiрiмен  өзара iс-қимыл жасайтын мемлекеттiк, қоғамдық және коммерциялық құрылымдар жүйесi айтылып отыр.

Кәсіпкерлік тi қаржы-несие қолдауы  мынадай негiзгi бағыттарды ұштастыруы тиiс:

    • салық жеңiлдiктерiн беру және қолайлы инвестициялық ақуал жасау;
    • кәсiпорындарға тiкелей қаржылай қолдау көрсету.

Кәсіпкерлік субъектiлерiнiң инвестициялық қызметiне қаржы- несиелiк қолдау көрсету мыналар есебiнен қамтамасыз етiледi:

    • Кәсіпкерлік субъектiлерiнiң мемлекеттiк инвестициялық бағдаламаға қатысуы;
    • Кәсіпкерлік тi қолау жөнiндегi қоралар мен басқа да мамандандырылған институттардың бюджеттен тыс  көздердi тарту қызметiн жандандыру;
    • коммерциялық банктер мен басқа да қаржы институттары үшiн жеңiлдiктер беру жүйесiн дамыту;
    • тиiмдiлiгi жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн Кәсіпкерлік субъектiлерiне үлестi шартпен тiкелей қаржы көмегiн көрсету;

Қаржы –несиелiк қолдау көрсететiн инфрақұрылымды одан әрi дамыту:

    • Кәсіпкерлік субъектiлерiне мемлкеттiк және муниципалдық қорлар арқылы қаржы-несиелiк қолдау көрсету нысандарын ұлғайтуды;
    • несие кооперативтерiнiң өзара сақтандыру жүйесiн дамыту;
    • қорлар мен кәсiпкерлер бiрлестiгiнiң инвестицияларды қаржыландыру көздерiн iздеу, Кәсіпкерлік –жоспарлар әзiлеу, инвесторлар келiссөздерiн ұйымдастыру, даулы мәселелердi шешу саласындағы қызметiн жандандыруды көздейдi [11].

Кәсiпкерлерге инвестициялық  жобалар бойынша коммерциялық, мекен-жайлық, заңық, статистикалық ақпаратқа, құрылатын  кәсiпорындарда тiркелген, маркетингке, аудиторлыққа, материалдық техникалық жабдықтау және өнiм өткiзу мүмүкiндiктерiне,  экспедиторлыққа, ықтимал әрiптестер арасындағы iскерлiк ынтымақтастыққа, қаржы операцияларын жүзеге асыруға, өндiрiстiк қуаттарды iздестiруге, бухгалтерлiк қызмет жүргiзуге қатысты ақпараттық талдау орталықтарын ұйымдастыру және т.б.

Ақпараттық қызмет тiзбесi ақпараттық талдау орталықтарын ұйымдастыру процесiнде нақты пайдаланушылардың қажеттерiне талдау жасау негiзiнде нақтыланады.    

«Қазақстан –2030« статегиясында бiз экономикамызда банктер мен инвесторларға ашық қуатты жеке сектор құруға тиiспiз-делiнген. 2001-2003 жылдарға дейiн мемелкеттiң барлық секторлары жекешелендiрiлiп кәсiпкерлердiң құзырында икемделенуi керек делiнген.

Инфрақұрылым кәсiпорындарының Кәсіпкерлік ке қолдау көрсетудiң елеулi салаларын қамтитын тарамақты жүйесi . Әрбiр дерлiк облыс орталығында кәсiпкерлереге сапалы қызмет көрсететiн құрылымдар пайда болады, олардың толымдылығы қазiргi кезеңде әлi де ала құла және жергiлiктi жағдайларға байланысты болады. Кәсіпкерлік тi дамыту  тұрғысынан ең жайлы аймақтар облысқа бағынатын қалалар мен аудандар денгейiнде қолдау көрсету инфрақұрылымының элементтерiн қалыптастыруға көшедi. Жүздеген мың кәсiпкерлер консультация мен  бiлiктi көмек алатын болады. Бiрiншi аймақтар үлгiсiнде Кәсіпкерлік ке, соның iшiнде ақпарат орталықтарына, аумақтық агенттiктерге, Кәсіпкерлік инкубаторларға, оқу iскерлiк орталықтарына және технопарктерге кешендi қолдау көрсету әдiстемесi пысықталатын болады. Олардың тәжiрибесi барлық мүдделi ұйымдардың игiлiгiне айналады. Сонымен аумақтық денгейлерде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттiк емес құрылымдар бюджеттерiнiң және техникалық көмек бағдараламаларының қаражаты, кәсiпкерлердiң өз қаражаты iске қосылады.    

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары