Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 19:49, курсовая работа
Американдық экономист Й.Шумпетер Кәсіпкерлік тi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың iс –қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.
Осыдан көрiп отырғанымыздай, ²Кәсіпкерлік ² терминiнiң iшкi мазмұны сан қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша анықтамамен шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория ретiнде негiзiн қалайтын қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға тырысады.
КIРIСПЕ
1 тарау. Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.
2 тарау Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған арнаулы салық режимі
2.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі
2.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі
3 тарау . Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары
3.1. Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары
3.2. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін бағалау жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кәсіпкерлік тiң басқа түрлерiне қарағанда, сақтандыру Кәсіпкерлік iнде сақтаныру жарнасы (Дт) өтемақы сомасынан (Дк) аспайды, тiптi сақтандыру сомасының салыстырмалы түрде азғантай процентiн құрайды. Себебi, сақтандыру Кәсіпкерлік iнiң барлық есебi бақытсыз жағдайлардың, өрттiң, су тасқынының, зiлзаланың, апаттың, ұрықтың, қарыз және несиенiң қайтарылмау ықтималдылығының салыстырмалы түрде аз болуына негiзделуiне жатыр. Сақтандырушылардың көпшiлiгi сондықтан да шеккен зияны үшiн өтемақы алмайды, олар үшiн өтемақы 0-ге тең (Дк=0) болады. Осындай сақтанушылар сақтандырушыларға төлеген сома (Дт) қайтарылмайды. Сақтандырушы Кәсіпкерлік меннiң iскерлiк табысы Дт-Дк түрiнде болады, яғни олар жалпы түскен сақтандыру жарнасының сомасы мен сақтандыру куәлiгiнде айтылған жағдайда зиян шеккен сақтандырушылрға қайтарылатын өтемақы көлемiнiң жалпы сомасының арасындағы айырмашылықты алады [30].
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.
Кәсіпкерлік адамзаттың кез келген ойластырған қызметi ретiнде сендiру негiзiнде болсын, тиiстi мағынасында және заңдық негiздегi жасалуы жағдайында болсын, мемлекетпен арадағы iскерлiкке қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етедi. Заңмен бекiтiлген iскерлiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi Кәсіпкерлік тiң ұйымдық –құқықтық формасы деп аталады.
Кәсіпкерлік тi ұйымдастырудың ең қарапайым формасы –бұл жеке iскерлiк. Бұл жағдайда Кәсіпкерлік мен жеке тұлға ретiнде кәсiпорынның, фирманың мәртебесiн иеленбей-ақ, өздiгiнен, жалғызбасты болып iсқимыл танытады. Алайда, егер бұл қызмет бiр рет қана немесе кездейсоқ жүргiзiлмей, жүйелi түрде жүргiзiлетiн болса, онда мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Әрбiр азаматтың, мысалы, өзiнiң үй iргесiндегi учаскесiнде көкөнiс пен гүл өсiрiп, оны сатуға құқы бар. Бұндай жағдайда, егер осындай жеке iскерлiк белгiленген минимумнан асатын пайда әкелсе, iскер осы пайдадан салық төлеуi тиiс [31].
Бiрқатар жағдайларда белглi бiр жеке тұлға Кәсіпкерлік пен айналысуы үшiн iскерлiктiң бiрнеше түрiмен айналысуға құқық беретiн ақылы лицензия алу қажеттiлiгi қарастырылған. Мысалы, дәрiгерлiк қызмет, бiлiм беру қызметiн көрсету, ал кейде тiптi құстың белгiлi бiр мөлшерiн атып алатын аңшыларға немесе ау салатын балықшыларға да әлгiндей лицензия алуы қажет.
Егер жеке iскерлiк қызмет белгiлi бiр салады жүйелi жүргiзiлетiн болса, онда белгiлi бiр мерзiм мен қызмет көлемiне берiлетiн ақылы патент алу қажеттiлiгi туады.
Жеке басты iскер өз шығынын өзi толық көтередi және өз қызметiнiң нәтижелерi үшiн өзi жауап берiп, бастаған iсiн кез –келген уақытта тоқтата алады.
Жеке iскерлiк қызметтiң тағы бiр түрi жеке кәсiпорын , фирма, шаруа қожалығы болып табылады. Кәсіпкерлік тiң мұндай формасындағы мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшiн ол жеке кәсiпорнын тiркеуден өткiзiп, заңды тұлға мәртебесiн алуы шарт. Мұндай жағдайда аталмыш кәсiпорын тек жалғыз адамнан ғана түрмауы мүмкiн. бұл кәсiпорынның меншiк иесi iскерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде емес, жалдамалы қызметкерлер қатарында саналады.
Жеке iскерлiк кейде отбаслық кәсiпорын түрiнде көрiнедi. Мұндай жағдайда жеке iскерлiктен топтық, яғни ұжымдық iскерлiкке өту әдiсi байқалады [32].
Жеке Кәсіпкерлік жаппай көрiнгенiмен тар ауқымдағы қызмет болып саналады. Кәсіпкерлік тiң аламат әлемiнде жалғыз басты iскер өте нәзiк тұлға болып көрiнедi. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтың аласапыранынан жеткiлiктi әрежеде қорғалмайды. сондықтан да Кәсіпкерлік мендер өздерiнiң күштерi мен қаржыларын бiрiктiрiп, жалғыз бастылықтан ұжымдық iскерлiкке өтуге бейiмдiлiктерiн жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе басқа да бiртұтас кәсiпорын құру кезiнде жекелеген Кәсіпкерлік меннiң мүлiкке жекеменшiгi сақталады, тек Кәсіпкерлік мендер бiртұтас команда құруға өздерiнiң күштерiн бiрiктiредi. Дей, түрғанмен серiктестiктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары өндiрiс құрал- жабыдықтарын толық немесе iшiнара бiрiктiредi. Жеке iскерлiктiң бұл мүмкiндiгi, оның ұжымдық әдiсiмен iс жүзiнде қабысуы Кәсіпкерлік тi дамытудың барынша маңызды факторы болып табылады [35].
Сонымен қатар, ұжымдық Кәсіпкерлік тiң көптеген формалары капиталдың қосылуымен, ортақ меншiктiң құрылуымен, аталмыш бiрiгудiң барлық мүлкiне мiндеттеме бойынша жауап беретiн заңды тұлға жасаумен байланысты. мұндай кәсiпорындарда өндiрiс құрал-жабдықтарына меншiк топтық немесе ұжымдық мәнге ие болады. бұл жағдайда ұжымдық меншiк шеңберiнде басқалармен бiрге ортақ кәсiпорынға бiрiккен әрбiр iскердiң меншiгiндегi негiзгi құрал-жабықтар ақшалай меншiк бөлiгiн белгiлеу түрiнде мүлiктi үлесiне қарай бөлу жолымен жеке меншiк құқын сақтауына болады. жеке меншiктi осылац сақтаудың түпкiлiктi нұсқасы- акционерлiк қоғам немесе кәсiпорын құру болып табылады. Мұнда әрбiр қатысушы өзiнiң үлес акциясының қожайыны бола алады.
Құрал- жабдықтарды, капиталды, басқаруды одан әрi бiрiктiру корпорациялар, бiрiккен кәсiпорындар және тағы басқа түрдегi ұжымдық iскерлiктiң интеграциялық формаларына әкеледi.
Аталмыш жағдайда кәсiпорынның аясында iс жүзiндегi белгiленген заңдық тәртiппен құрылған, адамдар мен қоғамның әр түрлi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында атқарылатын өнiм өндiру, тауар сату, қызмет көрсету, жұмыс орындау жөнiндегi белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық субъектiсi танылады [38].
Халық шаруашылығында жұмыс iстейтiн кәсiпорын ұйымдық-құқықтық құрлысы, масштабы, қызмет ауқымы түрғысынан әр түрлi болып келедi. Құқықтық және өндiрiстiк түрғыдан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлiнедi. Ол үшiн нарықтық экономика олардың қызметiн айқындайтын шаруашылық жүргiзу заңдылығының белгiлi бiр нормаларын жасаған. Олар- шаруашылық серiктестiктерi, акционерлiк қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер, сондай-ақ Кәсіпкерлік тiң мемлекеттiк секторында -мемлекеттiк және муниципалдық кәсiпорындар.
2 тарау Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған анрнаулы салық режимі
Арнаулы салық режимі - бұл салық төлеушілердің кей категорияларына салықтың жеке түрлерін есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібімен жүргізілетін бюджетпен есеп айырысудың ерекше түрі.
АСР-і мыналарға жүргізіледі: (қолданушылар)
Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған арнаулы салық режимінің тәртіптері
Біржолғы талон негізінде ара-тұра сипатта қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға, патент негізінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер және заңды тұлға шағын Кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Шағын Кәсіпкерлік субъектілері әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі: біржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде жүзеге асырылады.
2.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі
Салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі салық салу объектісіне белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. ЕСЕПТЕУ=ССО*С.ставкасыына [11].
Салық салу объектісі болып ҚР-ң аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс табылады.
Шағын Кәсіпкерлік субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың мынадай тәптіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
Салықтарды есептеу
мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген
тәртібіне ауысқан кезде
Салықтарды есептеу мен төлеудің АСР қолдануға құқығы жоқтар:
Арнаулы салық режимі:
Енді әрбір жеке – жеке тәртіпке тоқталамыз.
А) Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп – ол қазіргі уақытқа дейін салықты есептеу мен төлеу жолдарын айтамыз.
Ә) Біржолғы талон - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.
Біржолғы талон
негізінде арнаулы салық
Күнтізбелік жылда бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет деп ұғынылады.
Біржолғы талондардың құны кіріс алынатын объектінің о рналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгілінеді.
Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.
Б) Патент
негізіндегі арнаулы салық
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төлеген фактісін растайтын құжат. Патенттің нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі. Бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс.
Патент бланктері қатаң есеп бланктері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тиым салынады.
Патент негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін – күнтізбелік жыл, салық кезеңі болып табылады.
Патент негізіндегі АСР-нің талаптары:
Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі [9-11].
Жеке кәсіпкер патент алу үшін салық органына қызмет түрін көрсете отырып, өтініш және Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді.
Салық органдары өтініш бергеннен және бюджетке патенттің құны, ЖЗҚ-на МЗЖ және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың төлегенін растайтын құжаттар көрсеткеннен кейін 1 күн ішінде патент беруді жүргізеді.