Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 19:49, курсовая работа

Описание работы

Американдық экономист Й.Шумпетер Кәсіпкерлік тi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың iс –қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.
Осыдан көрiп отырғанымыздай, ²Кәсіпкерлік ² терминiнiң iшкi мазмұны сан қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша анықтамамен шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория ретiнде негiзiн қалайтын қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға тырысады.

Содержание

КIРIСПЕ

1 тарау. Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.

2 тарау Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған арнаулы салық режимі
2.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі
2.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі

3 тарау . Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары
3.1. Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары
3.2. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін бағалау жолдары


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлікті дамытуда салық салу ерекшелігі - www.topreferat.kz.doc

— 291.50 Кб (Скачать)


 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КIРIСПЕ

 

 1 тарау. Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны

1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны

 1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi

 1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi  ұйымдастырудың

        ұйымдық формалары.

 

2 тарау  Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері

2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған арнаулы салық режимі

2.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі

2.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі

 

3 тарау . Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау  жолдары

3.1. Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары

3.2.  Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін бағалау жолдары

 

                               

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе 

Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі  2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді.

  Салықтан  жалтарғаның халықтан жалтарғаның  болып шығатынын да түсіну  қиын емес.

Салық  салынатын  база жасау жөніндегі қорытынды  жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп  артылады. Бұл салада өзге де проблемалар  жеткілікті.  Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал  ететін заң күшіне әлі де толық  ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Бұдан кейінгі  тұрған мәселе қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта  осы заманға нарықтық құралдардың - валюталық қаржылар мен экспорттық  импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.

Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде  құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мелекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшелерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі [3].

   Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасың қабылдап,  онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыты шықты. Енді бүрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

  Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індеті заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасыиың заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

   Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Нарықтық  экономика – бұл ең алдымен  еркiн iскерлiк экономикасы және Кәсіпкерлік тiң оның барлық салаларында жұмыс iстеуi. Нарықтық қатынастарға көшу түрғындарды Кәсіпкерлік ке кеңiнен тарту арқылы ғана мүмкiн болады.

Кәсіпкерлік – бiр жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым.   Ағылшын тiлiнен  тiкелей аударғанда ²Кәсіпкерлік ²  ²business² сөзi iс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ  тиiсiнше ²Кәсіпкерлік мен²  ²business  men² сөзi iскер адам, iскер деген ұғымдарды бiлдiредi.

Американдық экономист  Й.Шумпетер Кәсіпкерлік тi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың  белсендiлiгiн өндiрiстiң  қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың  iс –қимылын күшейтушi фактор  ретiнде түсiнедi.

Осыдан  көрiп  отырғанымыздай, ²Кәсіпкерлік ²  терминiнiң iшкi мазмұны сан қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға  экономикалық  ғылым қысқаша анықтамамен   шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория ретiнде негiзiн қалайтын  қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға тырысады.

Ең алдымен  Кәсіпкерлік тi пайда табу немесе  басқадай әдiспен  олжалы болуымен байланысты  қызмет ретiнде анықтайды. Мұның өзi Кәсіпкерлік тiң  ең басты белгiсi және  оның негiзгi мақсаты болып табылады. Мұнсыз iскерлiктiң  өзiнiң өмiр сүруiн көз алдымызға  елестету қиын.

Кәсіпкерлік мендердiң экономикалық қарым-қатынасòàðы бiр-бiрiìåí тығыз араласып кеткен өркениеттi рынок жағдайына жекелеген iскер тек қана өзiнiң жеке пайдасын, оның үстiне Кәсіпкерлік ке қатысушы басқалардың есебiнен пайда табуды ойламайды. Ол өзiнiң қызметiн тек өзiне ғана пайдалы қылмай,  сонымен қатар ортақ iске қатысушы басқа да Кәсіпкерлік мендердiң пайдалы болуын көздеп  ұйымдастыруы керек. Бұл түрғыдан алғанда ²пайда², деген сөздi ²зара пайда² деген терминмен алмастырған дұрыс. Сондықтан болар дамыған елдерде Кәсіпкерлік   жеке адамдардың, кәсiпорындардың  немесе ұйымдардың  бiрлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндiру,  тауарларды сатып алу және сату немесе  басқа тауарларға қызмет көрсету арқылы айырбастау, ақшаға қызмет қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы  мүдделi адамдар мен ұйымдардың  өзара пайда табуына  бастайтын қызмет ретiнде қарастырылады. Сонымен, Кәсіпкерлік басқа жақтың шығынға және  алдауға түсiп қалу  есебiнен тек  қана бiр жақтың  пайда табуына жол бермейтiн адал қызмет ретiнде көрiнетiнiн байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тарау Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны 

1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны

 

Кәсіпкерлік   экономикалық қызметтiң басқа түрлерiмен салыстырғанда өзiнiң жылдамдығымен және  инисативалылығымен ерекшеленедi. Кәсіпкерлік мен үнемi жаңа  өнiмдi, технологияны, сапаны, рыноктi, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын iздестiру үстiнде болады. 

Адам Смит iскерлiктен түскен пайданы жеке меншiк иесi -  Кәсіпкерлік менге оның қым-қиғаш  қызметi мен коммерцияық идеяларын  iс жүзiнде асыру жолындағы тәуекелi үшiн қоғамның берген ақысы деп атады. Басқару саласындағы iрi маман Макс Вебер Кәсіпкерлік тi ақыл -ойдың  дәнiн себушi ретiнде бағалаған.  Жоғарыда айтып кеткен  Иозеф Шумпетер  iскерлiктi экономиканың басты факторы, оның  дамуының негiзгi  қозғаушысы еп санаған.  Белгiлi ағылшын экономисi  Джон Мейнард Кейнс iскердiң  бойында болуы тиiс төмендегiдей негiзгi қасиеттердiң  астын сызып айтқан: абайлай бiлу, алдын болжай бiлу, есептей бiлу, өркениетке ұмтылу, тәуелсiздiк, алдағы күнге сенiммен қарау, iлкiмшiл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлерiне қалдыру  ниетiнiң болуы [1].

Нағыз Кәсіпкерлік меннiң бойынан табылатын осы қасиеттер тiзбесi сырттан қарап түрған бақылаушының бойында секем туғызуы ықтимал. Өйткенi, оның ойынша iскерлiкте тек қана ешқандай бiлiмi, тәжiрибесi, аами қасиеттерi жоқ, шала сауатты адамдардың жолы болады. Шынында да, қазiргi хаос  билеген, заңның орындалмайтын амағайып кезеңiнде, тауарлық игiлiктерге  қол жеткiзудiң тәртiбi жасалмаған жағдайда, iскерлiк әдеп, пен моральдiң сақталмауы арсыздықтың етек алуына жол ашып түрғанда мафиялық құрылымдар табысқа  жетуi мүмкiн. Алайда бұл уақытша нәрсе.

Тауарлар мен  қызмет көрсетудiң өркениеттi рыногi  қалыптасқан кезде бәсекелестiк пайда болады, тиiстi заңдық қағидаттар қабылданады. Сол кезде бiрқалыпты нарықтық орта қалыптасып, жоғарыдағыдай iс-қимылдар  орын алмайы. Ал жоғары  кәсiби шеберлiлiк жарамсыз iскерлiктi нарықтан ысырып тастайды [5-8].

Кәсіпкерлік немесе iскерлiк – бұл өзiндiк инициативалық, өз мүлкiнiң  жауапкершiлiгi аясында жүзеге асатын, жекелеген адамзаттардың  немесе олардың топтарының  пайда немесе  басқалай  түрiнде экономикалық олжа  табуға бағытталған  кез келген қызметi.

Сонымен қысқаша айтқанда Кәсіпкерлік - нарықтық экономика жағдайында  адамның пайда табуына, пайда алуға негiзделген  экономикалық қызметi.    

 

 

 

 

    1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi

 

Бiздiң Республикамыздың көптеген азаматтардың  пiкiрiнше Кәсіпкерлік – коммерциялық қызмет ретiнде санайы. Кәсіпкерлік нарықтық қатынас  жағдайында   экономиканың барлық  жақтарын: өндiрiс, өнiм тарату, қаржылық қамтамасыз ету, қамсыздандыру, қызмет көрсету, жұмыс орындау және өнiмдi өндiрумен, бөлумен, айырбаспен және  тұтынумен байланысты қызметтiң басқа да түрлерiн қамтитын  көп қырлы қызмет [11-18].

Қызметтiң мәнiне байланысты Кәсіпкерлік өндiрiстiк, саудалық, қаржылық, делдалдық,  және сақтандырулық болып бөлiнедi. Ендi олардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық:

Өндiрiстiк Кәсіпкерлік . Өндiрiстiк Кәсіпкерлік ке  негiзiн материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл -iскерлiктiң  қоғамдық түрғыдан алғана  ең қажеттi,  өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Егер өндiрiстiк Кәсіпкерлік болмаса, мысалы, коммерциялық Кәсіпкерлік тiң материалдық негiзi болмас едi.    

Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық  өнiмдерiн шығару. Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл тұтынушыларға   өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани (интелектуалдық)  игiлiктердi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын  iскер. Кейбiр  iскерлер өнiм өндiрумен және дайындаумен  өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi—екiлi жағдай ғана. Көпшiлiк жағдайда жағдайда өндiрiстiк iскерлер  өз Кәсіпкерлік iне  отбасы мүшелерiн, туған-туыстарын (мысалы, шаруа қожалықтарында) тартады, сондай-ақ  жалдамалы жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.

Өндiрiстiк Кәсіпкерлік тiң принциптiк схемасы төменде берiлiп отыр (схема 1).

Өндiрiстiк  Кәсіпкерлік тiң  принциптiк схемасы

 

 


 


                                М      Др       Рс         Т     



                       Дм                           Дт                      


                                             До          ОС


 

 

1-схема

 

Шартты белгiлер:

М-   өндiрiстiң айналым қоры;

Дм-  айналым қорды сатып алуға

       арналған ақша;

ОС- өндiрiстiң негiзгi қоры;

До-  негiзгi қорды алуға немесе 

       жалға алуға арналған ақша;

   РС- жалдамалы жұмысшылар;

   Др-  жалдамалы жұмысшылар-

          дың еңбек  ақысы;

   Т-   тауар, сатылуға тиiстi өн-

         дiрiс өнiмi;

   Дт-  тауарды сатудан түскен

          ақша;


 

Өндiрiстiк Кәсіпкерлік тi жүзеге асыру үшiн өндiрiстiң бiрқатар факторларын сатып алуы керек. Бiрiншiден, материалдар, энергия, жартылай фабрикаттар және басқа өндiрiстiң дайын өнiмдерi, яғни қосымша қор (схемада-М) керек. Бұл үшiн Кәсіпкерлік мен ақша (Дм) төлеуi тиiс. Екiншiден, өндiрiс негiзгi қорсыз (ОС) –жерсiз, техникасыз өндiрiстiк ғимаратсыз, құрал жабдықсыз және тағы басқаларсыз өмiр сүре алмайды. Егер iскерде бұлардың барлығы жоқ болса, онда сатып алуға немесе жалға алуға тура келедi. Бұл үшiн де ақша (До) керек. Өз меншiгiндегi негiзгi қор ұзақ уақыт бойы қызмет етедi, сондықтан Кәсіпкерлік меннiң шығыны белгiлi –бiр өндiрiлген өнiмнiң көлемiне  аммортизациялық аударым көлемiмен анықталады. Үшiншiден Кәсіпкерлік мен өндiрiстi жүргiзу үшiн жұмысшылар жалдауы (РС) қажет, олардың еңбек ақысы (ДР) да төленуi тиiс. Осы шығындардың үстiне iскер өз еңбегiнiң де ақысын енгiзуi қажет. Өйткенi, iскерлiк қызметке кететiн кез-келген шығын өнiмнiң өзiндiк құнына кiредi [4-8].   

Онан әрi ақпарат алуға, алынған материалдар мен дайын өнiмдердi сақтауға және тасмалдауға, негiзгi қорды жөндеуге, пайдалануға және басқаларына шығын шығару керек болады. Өндiрiстiк iскерлiк дайын өнiм (Т) алып, оны өткiзгеннен кейiн нәтижесiнде Кәсіпкерлік меннiң ақшалай қаржы (Дт) табуы мен аяқталады. Барлық өндiрiстiк iскерлiктiң мәнi өндiрiс өзiн –өзi ақтап, Кәсіпкерлік менге белгiлi –бiр пайда әкелуiнде жатыр. басқаша айтқанда, бұл жағдайда Дт- Дм, До,Др, қосымша шығындар мен салықтан көп болып, iскердiң табысының (Пп) көлемiндей болуы керек, басқа жағдайда iскерлiк өзiнiң мәнiн жояды.

Қол өнер және жеке өндiрiстiк iскерлiк кәiспорынды тиiстi сандық түрғыдан тiркеусiз де ашуға болады. Алайда, орта және iрi өндiрiстiк Кәсіпкерлік те iстiң бұл формалды жағын айналып өту мүмкiн емес.

Өндiрiсiтiк Кәсіпкерлік - қолға түсе бермейтiн және қымбат өндiрiс факторын қажет ететiн өте күрделi және ауыр iс. Әлбетте, осындай себептер қазiргi жағдайда Қазақстанда өндiрiсiтiк iскерлiк өсуiне қол байлау болып отыр. Бұған қоса жаңадан пайда болған Кәсіпкерлік мендердiң төмен бiлiктiлiгi, өндiрiстiк қызметтiң әлi де беделге ие  болмауы, жеңiл пайда табу көздерiнiң баршылығы. Кәсіпкерлік тiң бұл түрiне iскерлердi көбiрек тартуға кедергi  келтiруде. Сонымен қатар, өндiрiстiк iскерлiк кез-келген мемлекет экономикасының  және жалпы Кәсіпкерлік тiң негiзi болып табылады. Сондықтан да  егре сол сәтндегi арзан табысты ойламай, болашағы мол түрақты  Кәсіпкерлік ке ұмтылатын болсақ, онда дәл өндiрiстiк  iскерлiктi дамыту өте қажет.

Коммерциялық Кәсіпкерлік . Коммерциялық немесе саудалық Кәсіпкерлік - бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында  сауда  ұғымын бiлдiредi, ал коммерцант- сауда, тауар айырбастау, тауар ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, Кәсіпкерлік мен.  Коммерциялық Кәсіпкерлік өндiрiстiк Кәсіпкерлік пен тiкелей байланысты. Өйткенi,өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек.  Дәл осы саудалық  iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап,  қандай да бiр болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi. Коммерциялық  iскерлiктiң принциптi  сызбасы қажеттi факторлардың аз болуына байланысты өндiрiстiк бинеске ақарағанда  әлде қайда қарапайым.  Жалпы алғанда, ол төмендегiдей көрiнедi (схема-2).

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары