Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:59, автореферат
Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты.
4) жас қызметкерлердің жаппай жұмыстан шығарылуының алдын алу, жастар үшін экономикалық мақсатқа сай бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын ашу, жаңа прогерссивті өндіріс үшін жас мамандарды қайта даярлаудың озық тәжірибесін жүзеге асыру;
5) жастардың дәрменсіз ұйымдардағы еңбек құқығын қорғауды, жұмысынан айрылған кезде жастарға тиімді қолдауды қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік қорғау және біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым жасай отырып, ірі «жастар құрылыстарын» ұйымдастыру.
Аталған механизм әрекет еткенде жастарға қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің бірінші кезектегі функцияларын, оның міндеттерінің жастарға қатынасын анықтау қажет, ол біздің ойымызша, келесі мәселелерді қорытындылауы тиіс:
жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін дамытудың болжамы және жағдайының бағасы, ал сондай-ақ еңбек нарығындағы сол немесе басқа бос орындардың сандары туралы ақпараттандырып отыру;
жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша мақсатты бағдарламалар жобасын жасау, оған оның жұмыстан шығарылу тәуекеліндегі бөлігін, ал сондай-ақ әлеуметтік қорғауға ерекше мұқтаж және жұмыс іздеп қиындық көріп жүргендерді енгізу;
қолайлы жұмыс іздеуге, ал жұмыс берушілерге жастар арасынан қажетті жұмыскерлерді іріктеуге жәрдемдесу;
кәсіптік бағдар, кәсіптік дайындауды ұйымдастыру, жұмыссыз жастардың қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату;
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы түрінде әр түрлі әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту қызметі органдарының жолдамасы бойынша оқытылуы кезінде шәкіртақы тағайындау, жұмыссыз жастарға материалдық және басқа да көмектер көрсету.
Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге байланысты көрсетілетін қызметтерді жұмыспен қамту қызмет органдары тегін ұсынуы тиіс.
Белсенді жастарды экономикалық-әлеуметтік қорғау механизмі мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1) жұмыстың заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызмет саласындағы түрінде жас адамның құқығын жүзеге асыру;
2) еңбек қызметі үдерісін қамтамасыз ету, яғни мәжбүрлі еңбекке жібермеу туралы кепілділіктің қатаң орындалуы, жұмыс уақытының ұзақтығының бекітілуі заңдылықтарын сақтау, демалыс және мереке күндерінің, ақылы демалыстың ұсынылуы, жұмыс берушілермен қатынастарында жастардың мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтар және басқа да бірлестіктер құру;
3) жалдамалы жұмыскерлер үшін мемлекет бекіткен міндеттемені сақтау мен жалақы мөлшерінің төменгі шегін және инфляция жағдайында табыстардың индексациялануын жүргізу;
4) жас жұмыскерлердің сандық қысқаруы, кәсіпорынның жойылуы, қайта құрылуы немесе банкротқа ұшырау себептері бойынша еңбек қызметін жалғастыру мүмкіндіктерінен айырылған жағдайлардың болуын шектеу.
Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік тетігіне жастардың көші-қонын реттеу механизмі де жатады. Жастар, әлеуметтік жік ретінде жалпы көшіп-қонушылар санының үлесін елеулі көбейтеді және көші-қонның басым бөлігінің жастар құбылысы ететін белгілі бір сапалық сипаттамаларды иеленген. Жастарға ата-аналарынан бөлініп, өз бетімен тәуелсіз тұру тілегі тән. Басқа қалаға немесе тіпті басқа елге көшіп-қону өз бетімен өмір сүруді және тәуелсіздікті көбейтеді, жас адамның ересектенуін тездетеді.
Қазіргі жастар халықтың басқа көптеген топтарына қарағанда жоғары бейімделу дәрежесіне ие, бұл олардың жаңа жердегі өмірді игеруі мен реттеуін жеңілдетеді. Сондықтан мемлекет жастардың еңбек нарығындағы көші-қон механизмін реттеу кезінде аталған үдерісті әлеуметтік қорғауға, оңтайлы салық салуға, қаржы және көлікпен қамтамасыз етілуіне, заңдық қолдауға және т.б. тұжырымдалған қажетті құқықтық және экономикалық нормалармен қамтамасыз ету туралы қамқор болуы тиіс.
Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік тетігіне сондай-ақ кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс істеуін жатқызу керек. Қазіргі жағдайларда оқу орындары өздерінің бағдарламаларын еңбек нарығы талаптарына бейімдеуге тырысады. Сондықтан бұл жерде негізгі курсқа қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін немесе көбіне кәсіптік-техникалық, орта арнайы және жоғары оқу орындарының бірлескен күшімен жүзеге асырылатын біріктірілген бағдарламалар деп аталатынды енгізу қажет. Соңғылары түлектерді «оқып-үйренуге», яғни біртіндеп барлық күрделірек мамандықтарды игеруге және өз қабылетінің деңгейіне байланысты біліктіліктерін арттыруға үйретуге бағытталуы тиіс.
21
Ескертпе автор құрастырған 5-сурет-Жастардың заманауи еңбек нарығын реттеудің институционалдық механизмінің үлгісі
21
Орта кәсіптік білім беру механизмдерінің жүйесін дамыту қазіргі уақытта орта, жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік және соған сәйкес қосымша білім беру саласында бірыңғай саясат жүргізумен байланыстырылған. Орташа кәсіптік білім беру үздіксіз оқу жүйесінің баспалдағы және мамандарды көп деңгейлі дайындау жүйесі болып табылады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында оның ерекше шарттары мен шаруашылықты жүргізудің жаңа принциптеріне сәйкес болатын кәсіптік білім беру жүйесінің әлеуметтік механизмдерін жасауға қажеттілік туындады.
Экономиканың бүгінгі ахуалы экономикалық болжау теориясы мен практикасының алдына күрделі міндеттер қояды. Соңғы жылдар ішінде экономикада елеулі өзгерістер орын алды және осы мән-жайға байланысты болжамдық зерттеулер проблематикасына деген тәсілдемелер де өзгерді. Бұл әсіресе жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық деңгейлерін болжауда, еңбек нарығының таяу болашақтағы ахуалын бағалауда біздің даму типімізге қатысты қандай да бір әзірленген әдістемелердің саны әлі де болса өте аз қазіргі сәтте өзекті болып отыр. Көп нәрсе сынамалар және қателіктер әдісімен орындалуда. Бұл біздің ойымызша, негізінен бүгінгі заманның экономикасының өзінің ашықтығына байланысты әлі де болса біршама тұрақсыз болып табылатынымен байланысты болуы тиіс, өйткені оның дамуына түрлі тұрақсыздандырғыш факторлар теріс ықпал етеді. Әрине, болжамдар әрдайым ақтала бермейді, өйткені нақты өмір әдетте олардың нәтижелерінен өзгешелеу болады. Кейде ондай нәтижелер болжанбаған жағымсыз жағдайлардан – апаттар мен катаклизмалар салдарынан туындайтын регрессивті сипатта болады немесе қазіргі заманғы қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа салаларындағы жетістіктермен байланысты прогрессивті сипатта болады. М.А. Королев болжауды құбылыстар мен үдерістердің жай-күйі мен ықтимал даму жолдарының белгіленген себеп-салдарлық байланыстары мен заңдылықтары жүйесіне негізделген ғылыми болжам жасау ретінде сипаттайды. Болжам болашақ үшін осы құбылыстар мен үдерістерді сипаттайтын көрсеткіштерді бағалауды топшылайды. Экономикалық демографиядағы неғұрлым кең тараған болжам түрлері халықтың және еңбек ресурстарының санына жасалған болжамдар болып табылады.
Демографиялық болжаудың диапазоны елдің немесе аймақтың халқының болашақтағы санын жалпы бағалаудан халықтың жорамалдағы жас-жыныстық құрамын егжей-тегжейлі есептеуге дейін әр түрлі болуы мүмкін. Демографиялық болжамдар кез келген әлеуметтік болжам жасау мен жоспарлаудың негізінде жатыр. Олар негізінен аталған әлеуметтік үдерістерге болашақ қатысушылардың санын жынысы мен жасы бойынша айқындауға байланысты. Халық санын болжау, өз кезегінде, еңбек нарығындағы еңбек ресурстарының санын болжау үшін негізгі болып табылады.
М.Г. Назаров алда тұрған кезеңге олардың санын есептеуді білдіретін еңбек ресурстарын болжауды жеке жіктейді. Еңбек ресурстарының ең маңызды бөлігі еңбекке жарамды жастағы халық болғандықтан, еңбек ресурстарын болжау, зерттеушінің пікірі бойынша, келешектегі демографиялық ахуалды айқындауға және халықтың жынысы мен жасы бойынша келешектегі санын есептеуге негізделеді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылай келе, біз берілген болжау әдістерінің жіктелімі қалай болғанмен де, еңбек нарығында жастардың еңбек ресурстарының санын болжауға деген бірыңғай көзқарасты анықтамайды деп есептейміз. Осыған байланысты, енді қолда бар деректерді, тәжірибені назарға ала отырып, аталған үдерісті әдістемелік әзірлеу және одан әрі зерттеу қажеттілігі туындайды.
Бұл сұрақты шешу үшін еңбек нарығындағы жастар еңбек ресурстарының санын болжау әдістемесі ұсынылады, бұл туу-өлім және механикалық өсім немесе келген кеткендер санына экстраполяциялық тренд құру әдістемесін қолдануға негізделеген.
Табиғи өсім көрсеткіштерін қолдануды қарастыра отырып, туылғандар және қайтыс болғандар санын қандай да бір бөлек-бөлек алынған халықтың жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтары мен еңбек ресурстарын емес, олардың жалпы жиынтығын есепке алу керек. Бұл, біздің ойымызша, халық саны бала туу есебінен ұлғая және өлім-жітім есебінен азая отырып, үнемі динамикада болуына байланысты. Яғни өлім-жітім мен бала туу жекелеген жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтарға емес, оның бүкіл жиынтығына, оның ішінде жастардың еңбек ресурстарына әсерін тигізеді.
Сонымен бірге еңбек ресурстарының болжамды санына көші-қон көрсеткіштері де әсер етеді. Мұнда еңбек ресурстарының саны еңбек ресурстары кеткенде азая, келгенде көбейе отырып динамикада болады. Келгендер мен кеткендер саны арасындағы айырмашылықты көші-қон сальдосы көрсетеді.
Осыған сәйкес, табиғи өсу көрсеткіштері жағдайында, механикалық өсім нәтижесінде келгендер мен кеткендер саны жекелеген жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтарға емес, оның бүкіл жиынтығына, оның ішінде жастардың еңбек ресурстарына әсерін тигізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертациялық зерттеу нәтижесінде жастар еңбегінің әлеуметтік-экономикалық аспектілері талдауға алынды. Соның нәтижесінде қорытылған ұйғарымдар келесідей:
1. Жастардың еңбек ресурстарының бір бөлігі ретінде қарастырылу мәселесі осы уақытқа дейін дәлелденбеген. Әр түрлі ғылыми салалардың зерттеушілері, яғни - әлеуметтанушылар, демографтар, философтар және де басқа зерттеушілер осы мәселені шешуде әр түрлі көзқарастарға сүйенеді. Қазіргі таңда жастар еңбек ресурстарының экономикалық жүйелерде немесе қоғамдық өмір динамизмінің шартында жұмыспен қамтуды басқарудың объективті қажеттілігі негізделді.
2. «Алтын кесік» әдісін қолдану негізінде жастар еңбек ресурстарының келесідей жастық шектері бекітілген, олар әйел адамдары үшін 16-32 жасқа дейін, ал ер адамдары үшін 16-34 жас аралықтары. «жастар еңбек ресурстары » категориясына анықтама берілді.
3.Еңбек нарығындағы жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің жүйелендірілуі ұсынылып, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас қарастырылды.
4. Әр түрлі факторлардың әсерінен жастар еңбегін қолдануда тәжірибелік зерттеу ұсынылған. Адекваттылық критерийларында тексерілген корреляциялық-регрессиялық модель жасалған. Оның экономикалық зерттеулерде қолданылуы туралы қорытынды жасалды.
5. Диссертациялық зерттеулер нәтижесінде, сонымен қатар жастар саясатының қалыптасуы мен дамуының кезеңдері мен ерекшеліктері қарастырылды.
6. Еңбек нарығында, жастар еңбек ресурстарының сандық болжау үлгісі ұсынылды.
7. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерi бойынша жасалған қорытындыларды, жастарды жұмыспен қамтудың реттелуiн қадағалайтын субъектерге жолдауға болады:
- Мектептi, жоғары оқу орындарын, техникумдарды бiтiрушiлердi қазiргi заманға сай ақпараттармен: кәсiпорындардың кадрларға мұқтаждығы, оларға жұмысшылардың кәсiпқойлық-бiлiктi мамандық дәрежелерi керектiгiн, оқудан “бос” уақытта iстеуге болатын жұмыстар және қосымша кәсiптiк бiлiм алу, қайта дайындық және мамандығын көтеру мүмкiндiктерi болатын жұмыстар туралы мәлiметтермен қамтамасыз етудi
- Оқу орындарында жұмыс iздеу технологиясының курстарына: оқушылардың үйрену және өзiн-өзi бағалай бiлу, өнерiнiң мүмкiндiктерi және талаптану деңгейiн түзету, жұмыссыздар құқығына байланысты заңдық мәселелермен, жұмысқа орналасу барысында жұмыспен қамту қызметтерiнiң көмектерi туралы мәлiметтермен таныс болу, жұмыс iздеу технологиясын бiлу сияқты сұрақтарды енгiзу;
- Оқу орындарындағы оқу iсiнiң барысын: ендi қалыптасып келе жатқан еңбек рыногының талаптары мен ерекшелiктерi және нарықтық қатынастардың келешегi, қосымша бiлiмнiң мүмкiндiктерiн кең түрде қолдану, оқушы жастардың нарықтық қатынастар жағдайларына бейiмделуiне мүмкiндiк беретiн әлеуметтiк сапаларын дамытуға бағыттау;
- Еңбекке үйрену мен тәрбие жұмыстары бойынша өздерiнiң iс-әрекеттерiн, жұмыспен қамту қызмет орындарымен, кәсiпорындарымен, жастар жөнiндегi iстер бөлiмiмен, жалпы ақпарат құралдарымен байланыстыру ұсынылады.
- Жастардың жұмыс бастылығы туралы аймақтық статистиканы жете зерттеу және статистикалық жыйнақты баспада жариялау. Алматы облысындағы жастар арасындағы жұмыссыздық, оқушылардың және жұмыссыз жастардың әлеуметтiк және әлеуметтiк-психологиялық жағдайлары туралы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына және халыққа әрдайым хабарлап отыру;
Информация о работе Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары