Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:59, автореферат
Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты.
Жұмыстың негізігі нәтижелерін қолдану. Жастар еңбегін пайдалануды бағалау бойынша жүргізілген теориялық-әдістемелік зерттеу нәтижелеріне, сонымен қатар жастардың еңбек ресурстарының болашақтағы санын есептеуге негізделген автор ұсыныстары мен ұсынымдарын Алматы облысының 2007-2009 ж. орта дәліздік әлеуметтік экономикалық даму жоспарын құрастыруда пайдаланылды.
Жұмысты сынақтан өткізу. Диссертациялық жұмыстың ережелері мен тұжырымдары келесідей ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, талқыланды: «Жедел жаңару жолындағы экокномикалық бағдарлар», КазЭУ Алматы 2005., «Жоғары оқу орнында сапа менеджменті жүиесін енгізу мәселелері және оларды шешу жолдары» КазЭУ Алматы 2005., «Актуальные проблемы экономической науки Казахстана и творческое наследие академика НАН РК С.Е.Толыбекова» КазНПУ им. Абая Алматы 2007, «Екінші Рысқұлов оқулары» КазЭУ Алматы 2007.
Диссертация тақырыбы бойынша жалпы 8 ғылыми еңбек жарияланды.
Жұмыс көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан 12 суреттен, 22 кестеден тұрады.
Негізгі бөлім
Қазіргі қоғамдағы жастар ролі, жас буынның әлеуметтік қызметтері, оның саяси позициясы мен көзқарасы, білімі мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы, қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен шарттасылған.
Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне, біздің ойымызша, жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты. Бұл өз негізінде жастардың еңбек ресурстарын, жастардың еңбек нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси және басқа проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет екенін көрсетеді.
Жастардың орнын әлеуметтік-экономикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізднледі. Біріншіден, жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды; екіншіден, бұл аса маңызды, олар – елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты. Бүгінде жастар көбінесе қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды. Сонымен бірге бұл дүние жүзіндегі еңбек нарығында, әсіресе Қазақстанда қатты осал топтардың бірі болып табылады. Аталған мәселелердің маңыздылығына қарамастан, оларға ғылыми зерттеулерде, бұқаралық ақпарат құралдарынды, үкіметтік құжаттарда аз көңіл бөлінеді.
18-24 жас аралығындағы жастар, бұл – студенттер немесе кәсіптік дайындықты аяқтаған жастар. Олар еңбек нарығына кіріп жатқан, жеткілікті кәсіптік және әлеуметтік тәжірибесі жоқ, сонымен қоса төмен бәсеклестік мүмкіндігі бар осал топ болып табылады.
25-29 жастағы жастар, негізінен, кәсіптік таңдау жасайды, қандай да бір өмірлік және кәсіптік тәжірибесі бар топқа жатады. Олар не қажет ететінін біледі, көбінесе өзінің жанұясы бар және ұсынылатын жұмысқа үлкен талаптар қояды.
Еңбек нарығындағы жағдайларда маңызды көрсеткіш болып жұмыссыздықтың деңгей, сыйымдылығы және еңбек нарығының конъюнктурасы болып табылады. Алайда мұндай статистика толығымен еңбек нарығындағы толық жағдайды көрсетпейді. Жастар еңбек биржасында басқа жастағы адамдармен салыстырғанда сирек тіркеледі. Нәтижесінде нарықтық қатынастың ерекшеліктерімен байланысты, жасырын жұмыссыздық, жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа құбылыстарының барлығы есепке алынбайды. Өндірістік емес салада жұмыс күшіне сұраныс жылдам өсу үстінде, әсіресе жылдам коммерциаланғандарда. Егер де қазіргі кездегі білікті мамандарды дайындау және оларға деген сұраныс өзгермесе, жақын аралықта біліксіз мамандар халық арасында жұмыссыздықтың ұлғаюын алып келуі мүмкін, ең алдымен жалпы орта мектепті бітірген, әрі қарайғы оқуын жалғастырмаған, мамандығы немесе қажетті біліктілігі жоқ – жастардың арасында. Сондықтан да жалпы білім беруін және жастарды кәсіптік оқытуды ұтымды ұйымдастыру қажет.
Диссертациялық зерттеуде жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы құрылымында аграрлық, индустриалды, қызмет көрсету және жұмыспен қамтамасыз етудің ақпараттық секторларында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, себебі кәсіби білімінің жоқтығына байланысты. Аграрлық секторда жұмыспен жастардың аз бөлігі қамтамасыз етілген, себебі еңбек ақысының төмен болуы. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ұйымдасқан - экономикалық қатынастар жиынтығын көрсетеді деп есептейді, бұл басқару объектісінің және субъектісінің әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталған, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігін береді.
Автор экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамтуды басқарудың көп деңгейлі үлгісін ұсынады, бұл кәсіпкерлік құрылымның, мемлекеттік басқару орындарының, білім жүйесінің, қоғамның және жан ұяның өзара әсер етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. (сурет 1). Әрине байланыстың мұндай жүйесінің мақсаты жастардың жан-жақты дамуы болып табылады, экономикалық жүйенің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Еңбек нарығының қажеттіліктері жастардың өмір құндылықтарына сәйкес келмегені диссертацияда көрсетілген, сонымен қатар бұл сәйкессіздік жастардың белсенді түрде жұмыс іздеуіне кедергі болады, сондықтан да экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне сәйкес келетін жүйені қалыптастыру керек (сурет 2).
Бұл жүйе төмендегідей қалыптасу кажет:
- кәсіпорында, ұйымда және мемлекеттік мекемелерде конкурстық сұрыптау негізінде жастарды жұмыспен қамту және тәжірибелерді ұйымдастыру;
- жастар үшін жұмыс орындарын үлестіру мақсатымен аудандық арнайы бюджеттік қорлар жасау;
- білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің ынталандыру жүйесін жетілдіру;
- жастармен мамандыққа бағытталған ескертпелі жұмыс жүргізу;
- жастар жұмыссыздығын алдын-ала ескерту жөнінде іс-шараларда қалыптастыру және жүзеге асыру;
- жастарды баспа және электронды ауқымда ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, еңбек нарығы және жастарды қолдану шаралары туралы анықтамалық және ақпараттық-әдістемелік әдебиеттерді баспаға шығару;
- жас кәсіпкерлікті және жастар кәсіпкерлігін құру тәжірибесін дамыту, жастардың бизнес-жоспарларын кеңеспен және эксперттермен қамтамасыз ету.
Еңбек ресурстарының тобы ретінде жастарға басты назар аудару, бұл елдің маңызды ресурсы екені түсінікті болған. Бұл Орал, Сібір, Қиыр Шығыс құрлыстарындағы комсомол отрядтары, тың және тыңайған жерлерді игеру, өнеркәсіпті, экономиканың түрлі салаларын дамытудағы жастар жұмыстарымен расталады.
Сурет 1. Экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамтуды басқарудың көп деңгейлі үлгісі
2-сурет . Экономикалық жүйеде жастарды жұмыспен
қамтуды басқару жүйесі
Ескертпе автор құрастырған
Жас кезінде адам жеке тұлға ретінде қалыптасады, және дәл осы мерзімде оның өмірінде негізгі оқиғалар болады, оның еңбек жолы және ЖІӨ-ге қосқан үлесі әрі қарай көбінесе соларға байланысты болады. Оған білім алу, некеге тұру, балаларының дүниеге келуі және т.б. жатады. Осылардың барлығы көп адамның дәл осы жастық шағында болады.
Адам өміріндегі кезеңдерінің тізбекті ауысуы барысында оның дамуының кері айналмайтын кезеңдері жүзеге асады: балалық шақ, жасөспірім жас, кемел жас және қарттық. Уақыт өте олар бір-бірін алмастырады. Бір қарағанда адам жасы адам ағзасының өмірлік шектерін анықтаушы биологиялық индикатор ғана болып табылады. Бірақ та ол мүлдем бұрыс пікір. Адам ағзасындағы антропометриялық, физиологиялық және психологиялық өзгерістер біркелкі жүрмейді. Осыған байланысты адамды және оның іс-әрекетін зерттеу мәселелерімен айналысатын физиология, социология, статистика, экономика және демография сияқты ғылыми бағыттарда адамның жас шектерін анықтау кезінде сан алуан тәсілдемелер қолданылады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі» заңына сәйкес жастар - бұл 16 жастан бастап 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердің азаматтары және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты өмір сүріп жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар.
Заңнамада анықталған еңбек ресурстарының төменгі шекарасы болып 16 жас есептелетіндігін, сондай-ақ осы жасқа қарай жас адамда бұлшық ет пен сүйек жүйесі қалыптасатындығын және оның белгіленген жұмысты орындай алатындығын назарға ала отырып, осы жас жұмыс істеу кезеңінің заңды негізделген бастапқы сатысы болып табылады.
Сонымен қатар, дәл осы жаста жастардың басым көпшілігі жалпы білім мектебін аяқтайды және әр түрлі себептерге байланысты ЖОО-ға немесе басқа білім мекемелеріне түсе алмағандары өзінің төмен біліктілігімен ерекшеленетін белгілі бір еңбек түрімен айналыса бастайды.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап 2001 жыл аралығында Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету жөніндегі» заңына сәйкес зейнеткерлік жас өзгертілді. Қазіргі кезде олар әйелдер үшін 58 жас және ерлер үшін 63 жас деп қабылданған.
Қазіргі таңда физиологтар былай деп тұжырымдайды, яғни отыз жастан асқан жас адамның денесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұлғаюы, басы мен бас миының көлемінің өсуі өз жалғасын табады және осы процесс ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда ұзағырақ созылады.
Жоғарыдағы барлық айтылғандарды жалпылай отырып, Қазақстан Республикасында жастардың еңбек ресурстарының жоғарғы шектері әйелдер үшін 16-32 жасты, ал ерлерде 16-34 жасты құрауы тиіс.
Бұған сәйкес, заңнамада және тәжірибелік қызметте жастардың еңбек ресурстарының жас шектерінің ұлғаюы статистикалық материалдарды өте объективті түрде өңдеуге және осы санаттағылар санын талдауға ғана ықпал етіп қоймай, сонымен бірге зор ғылыми нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне, жастар өмірінің жағдайлары мен өмір сапасын жақсартуға, оның кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ ұсынылатын жас аралығында өте өнімді қызметті жүзеге асыруға ықпал етеді.
Бұл айтқанды қорта келе, жастар еңбек ресурстарының жастық есептік кезеңін алтын кесік әдісін қолдана отырып дәлелдеуге болады. Леонардо да Винчи 8 және 13 сандарының қатынасын алтын бөлік, ал заңның өзін – «алтын кесік заңы» деп атаған.
«Алтын кесік» заңына сәйкес жастардың еңбек ресурстарын зерттеу 8 бөліктен тұрады (немесе 38,1% 8:13 қатынасында), бұл орайда 13 бөлік (61,9%) – бұл қалған еңбек ресурстары. Соған сәйкес, барлық еңбек ресурстары 21 бөлікті, яғни 100%-ды құрайды.
Жастардың еңбек ресурстарының төменгі жас шегі 16 жасты қабылдай және «алтын кесік» әдістемесін қолдана, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ерлер үшін еңбек белсенділік кезеңі 47 жасты құрайтындығын, яғни 63-16 жас аралығын ескере отырып, келесідей әрекетті орындаймыз: 47 : 21 · 8 = 17,9 жас, бұл жастардың ерлер еңбек ресурстары үшін «алтын кесік» екенін анықтаймыз.
Осылайша, еңбек ресурстарының төменгі шекарасы 16 жасты құрайды, яғни, соған сәйкес, жас ерлердің еңбек ресурстары үшін жоғарғы шекара — 33,9 жас (16 + 17,9) немесе 34 жас болады.
Бұл жағдайда жастар арасындағы әйел еңбек ресурстарының жоғарғы шекарасы, біздің есептеулерімізге сәйкес, ерлермен салыстырғанда басқаша болады, яғни Қазақстан Республикасындағы әйел адамдардың еңбек ету белсенділік кезеңі ерлерден өзгеше болады және 42 жасты құрайды, яғни 58-16. Осындай есептеулерді жүргізгеннен соң, біз 32 жасқа тең жоғары шекараны анықтаймыз (42 : 21 · 8 + 16).
Осы есептеулер және қорытындылар жастардың еңбек ресурстарының жас шекараларының негіздемесі болып табылады, біздің анықтауымыз бойынша әйелдер үшін 16 жастан 32 жасқа дейінгі және ерлер үшін 16 жастан 34 жасқа дейінгі аралықта болады.
Сұлба түрінде 3-суретте жастардың еңбек ресурстары Қазақстан Республикасы еңбек ресурстарының жалпы құрылымында айқындалған.
Дегенмен, еңбек ресурстарының жас тобы (16-34 жас) сан жағынан да, сапа жағынан да өмір сүру сипатына, білім деңгейіне, өмірлік қажеттіліктеріне байланысты әркелкі болып келеді. Сондықтан да, біздің пікірімізше, оларды екі жастар тобына бөлу керек: 16-25 жас және 26-34 жас аралығындағы, яғни әр түрлі бірдей кезеңдерге.
3-сурет. ҚР-сындағы жастар еңбек ресурстарының жас шекарасы
Ескертпе автор құрастырған
26 жас және одан асқан кезде жастар 16-25 жас аралығындағы жастармен салыстырғанда, кәсіби тәжірибе алады және олардың басым бөлігі экономика саласында жұмыспен қамтылады. 26-34 жастағы жастар 16-25 жастағы жастармен салыстырғанда, ересек тұрғындарға жақынырақ болады, өйткені олардың қатарына еңбек қатынастарына түскен жұмысбастылықтың белгіленген мәртебесі бар еңбек жасындағы тұлғалар жатады. Оларда өздері орындайтын жұмыс жөніндегі көзқарас қалыптасқан және белгілі бір кәсіби және өмірлік тәжірибе жинақталған. Осы жасқа қарай, көптеген жігіттер мен қыздарда еңбек және кәсіби жетілу, сондай-ақ өндіріс пен кәсіби қызметке бейімделу үдерісі аяқталады.
Жоғарыда аталғандарды қорыта отырып, мынадай қорытынды жасауға болады, яғни жастардың еңбек ресурстары құрамына экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес жастар жатады. (1 кесте).
Информация о работе Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары