Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:59, автореферат
Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «жастардың еңбек ресурстары» түсінігіне келесі анықтама ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы жастардың еңбек ресурстары – бұл белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін дене күші, білімі мен тәжірибесінің жеткілікті деңгейі бар 16-32 жастағы (жастар арасындағы әйел жынысты еңбек ресурстары) және 16-34 жастағы (жастар арасындағы еркек жынысты еңбек ресурстары) еңбек ресурстары.
1-кесте - Қазақстан Республикасындағы 2006ж. 1-тоқсанындағы 16-34 жастағы экономикалық белсенді халық
Халық санаты / жасы | 16-25 жас | 26 - 34 жас | ||||
мың адам | Барлық тұрғындарға қатысты, (%) | мың адам | Барлық тұрғындарғақатысты, (%) | |||
Экономикалық белсенді халық | 754,68 | 32,67 | 1 330,62 | 78,22 | ||
Экономикалық белсенді емес халық | 1 555,39 | 67,33 | 370,48 | 21,78 | ||
Жиыны: | 2 310,07 | 100,0 | 1 701,10 | 100,0 | ||
| Ескертпе Алматы облысы статистика басқармасының мәліметтері бойынша автор құрастырған |
Еңбек нарығындағы жастардың жұмысбастылығы мен жұмыссыздығын зерттеу кезінде белгілі бір жастар тобының ерекшеліктерін ескеру керек, өйткені олар әр алуан болып келеді.
Еңбек нарығы қазіргі заманғы экономиканы дамытудың негізгі және стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ондағы бар бос орындарды ескере отырып жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы балансқа жетумен тұжырымдалатын оның басты міндетін шешу еңбек нарығын қалыптастыру факторларын айқындауды талап етеді.
Нарықтық қатынастар мен еңбек нарығының қалыптасу үрдісі жұмыскердің өндіріс құралдарынан бөлініп, осымен оған заңды еркіндік беру сәтінен басталады. Егер адам еңбегі затқа айналған, өзі жасаған тауарды сата алмаса, онда өзінің өмір сүруіне қаражат табу үшін өзінің жұмыс күшін сатуы тиіс. Сондықтан еңбек нарығын қалыптастырудың негізгі алғышарттарының бірі, бір жағынан, жұмыс орындарын ұсынатын көптеген жұмысберушілердің болуы болып табылса, ал екінші жағынан, тауар ретінде жұмысшы күшін ұсынатын жалдамалы жұмысшылардың болуы болып табылады. Бұл жағдайда аталған көпшілік мемлекет, кәсіпорындарда жұмыс беруші ретінде болатын жоспарлы экономикадағыдай, формальді түрде болмауы тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз қазіргі заманғы еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар ретінде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты белгілеуге болады деп есептейміз.
В.Ф.Потуданская, В.А.Цыганков, И.В.Цыганкова жұмыскерлердің кәсіби-біліктілік құрылымын қалыптастыруға әсер ететін ұсыныс пен сұраныс факторларын ерекшелейді.
Жұмыс күшіне деген сұраныстың кәсіби-біліктілік құрылымына әсер ететін факторлар туралы айта келіп, осы зерттеушілер шығарылған өнімдер мен қызметтерге сұраныстың өзгеруі, экономикалық-географиялық жағдайы, қаржы-несие жүйесінің жай-күйі және т.б. жататын макроэкономикалық және микроэкономикалық деп бөледі, бұл - кәсіпорын жұмыс істейтін кезеңде еңбекті ұйымдастыру формасы мен басқарудың ұйымдық құрылымы, еңбек құны және т.б.
Жұмыс күшін ұсынудың кәсіби-біліктілік құрылымына әсер ететін факторларды қарастыра отырып, осы зерттеушілер экономикалық, демографиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды анықтады.
Экономикалық әдебиетте зерттеушілер, олардың ішінде Г.Г.Руденко және Б.Ч.Муртозаев ішкі еңбек нарығын қалыптастыру факторын ерекшелейді. Оларға әлеуметтік-экономикалық, аймақтық, ұйымішілік және жекелер жатады. Осы зерттеушілердің пікірлерінше, аталған факторлардың өзара іс-қимылы нәтижесінде еңбек өнімділігі, орындалатын жұмыстар сапасы, іскерлік белсенділік деңгейі, еңбек тәртібінің жай-күйі, еңбек өмірінің сапасы, еңбекке қанағаттанушылық және т.б. осылар сияқты ұйымның еңбек нарығын қалыптастырудың объективті және субъективті бағаланатын нәтижелеріне қол жеткізілуі тиіс.
Аймақтық еңбек нарығының қалыптасуына алуан түрлі факторлар топтары әсер етеді, оларға географиялық орналасуы, табиғи-климаттық жағдайлары, экономиканың негізгі салаларының дамуы және олардың мамандандырылуы, инвестициялық саясат, өңір экономикасының салалық құрылымын сипаттайтын әртараптандыру деңгейі, демографиялық жағдай және басқалар жатады.
Заманауи еңбек нарығының қалыптасуына ықпал ететін факторлар қандай да бір өзіне тән ерекшеліктермен немесе белгілермен жүйеленбеген және топтастырылмаған. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар жастардың еңбек нарығының қалыптасуына басқа факторлар да әсер ететін сияқты. Сондықтан аталған мәселе жеке зерттеу жүргізуді қажетсінеді деп есептейміз.
Бүгінде оның қалыптасуы мен даму үдерісіне тікелей әсер ететін институционалдық, әлеуметтік-психологиялық, ұйымдық, демографиялық, экономикалық және саяси факторларды кешенді зерттеу арқылы жастардың заманауи еңбек нарығын зерттеу қажеттігі пісіп-жетілді. (4-сурет).
21
4-сурет-Жастардың заманауи еңбек нарығын қалыптастырушы факторлар
Ескертпе автор құрастырған
21
Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып, жұмыскерлер мен жұмысберушілер арасында құқықтық нормалар мен қатынастардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты мұнда еңбек нарығының нормативтік-құқықтық базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институцоналдық факторлар олар үшін, бір жағынан, мемлекет немесе аймақ деңгейінде арнайы мақсатты бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан, түрлі жәрдемақылар, стипендиялар, гранттар және т.б. төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі заңнамалық актілер шеңберінде жұмыспен қамту қорлары құрылатын жастардың еңбек ресурстарымен тығыз байланысты.
Жастардың заманауи еңбер нарығының қалыптасуына ықпал ететін факторлардың келесі тобына әлеуметтік-психологиялық фактор жатады. Олардың ішінен кәсіптік бағдар беру, кәсіптік оқыту, бейімделу, мамандықтың беделділігі, еңбек сипатының мазмұны, еңбек қызметінің сипатын ауыстыруға дайын болу, оқу мен жұмысты қатар алып жүру мүмкіндігі, сондай-ақ кәсіби өсу келешегі.
Жастардың кәсіптік бағдарлану үдерісі жалпы білім беретін мектепте өтеді, олардың көпшілігі оны бітіргеннен кейін кәсіптік оқудан, онан соң кәсіпорында еңбекке бейімделуден өтеді.
Мамандықтың беделдігі де, біздің ойымызша, жастар үшін ЖОО-ны таңдауда елеулі фактор болып табылады. Егер 60-70 жылдары КСРО-ның ұлы держава ретіндегі мәртебесін және жаппай қарулануда өз позициясын бейнелейтін мамандықтар (физик-ядрошы, ғарышкер және т.б.) беделді деп есептелсе, қазіргі жастар нарықтық экономика жағдайында ерекше мәнге ие мамандықтар анағұрлым беделді деп есептейді (кәсіпкерлер, жоспарлау, есеп жүйесі мен қаржы саласының қызметкерлері, заңгерлер, ақпараттық қызмет көрсету саласының мамандары және т.б.).
Егер еңбек қызықты және мазмұнды болмаса, онда жастар қызмет сипатын өзгертеді. Жастардың еңбек нарығын қалыптастырудың аталған әлеуметтік-психологиялық факторы едәуір дәрежеде оны жалпы еңбек нарығын қалыптастыру факторларынан ерекшелейді. Өз қызметін ауыстыру туралы шешім қабылдауда жастар шапшаңырақ, өйткені оның көпшілігі аға буынға қарағанда түрлі мәселелермен тауқымет тартып отырған жоқ.
Жастардың еңбек нарығының қалыптасу факторларының басқа тобын жұмыспен қамту қызметімен байланысты ұйымдастырушылық фактор құрайды.
Жастардың еңбек ресурстарының қалыптасуына ықпал етуші демографиялық факторлар жастардың еңбек ресурстарының сандық және сапалық сипатын көрсетеді. Сандық сипаттарын құрайтындарға мыналарды жатқызу керек:
1) жастардың еңбек ресурстарының саны;
2) жастардың еңбек ресурстарының икемділігі;
Жастардың еңбек ресурстарының демографиялық факторларын сапалық құрастырушыларға келесілерді жатқызу керек:
1) жалпы білім беретін, мәдени және кәсіптік-білікті дайындық деңгейі тұрғысынан алғандағы еңбекке қабылетті жастардың сапасы;
2) ой және дене еңбегімен айналысатын жастардың арақатынасы;
3) еңбекке жарамды жастардың еңбекке дене күші жағынан қабілеттілігі және денсаулығының жай-күйі;
4) жастардың еңбек ресурстарының ұлттық-этникалық құрылымы және басқалар.
Жастардың еңбек нарығын қалыптастырудың келесі демографиялық факторы – көші-қон болып табылады.
Экономикалық факторлар есебінен жастардың ауылдық жерлерден қалаға, экономикалық хал-ахуалы нашар аймақтар мен елдерден барынша «бай» жерлерге көшуі туындайды. Жергілікті көші-қон түрі бойынша, көшіп
қону легінде жастардың ауылдан қалаға кетуі басым, ал кері қайту легі жоқтың қасы. Жастар, бұрынғысынша ауылдан қалаға оқуға кетеді, олар оқуын аяқтаған соң, сонда орнығып қайта оралмауға тырысады.
Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде еңбек ресурстарын басқаруға тырысуда. Сондықтан заманауи еңбек нарығын, оның ішінде жастарды қалыптастыру саяси факторлардың әсеріне де байланысты.
Барлық ТМД мемлекеттерінің арасында шетел жұмыс күшін жалдау туралы келісімдерге қол қойылған. Сондықтан интеграция үрдісінің факторлары және басқа елдердегі жастардың кәсіби қызметі жастардың еңбек нарығын қалыптастырудың саяси факторы болып табылады.
Біз қарастырылған еңбек нарығын реттеу жүйесін жүргізіліп жатқан жұмыспен қамту саясаты аясында жүзеге асыру керек деп есептейміз. Жастардың еңбек нарығы туралы айтқанда, біздің ойымызша, мемлекет жастарды оның жоғары емес кәсіптік бәсекелестік қабылеті мен кәсібилігіне барынша қолдау көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда, осы қолдау өзінің ықпалы бойынша еңбек нарығы өз бетімен реттеу механизмі көрсететін деңгейден төмен болмауы тиіс.
Жастардың еңбек нарығына қатысты мемлекет жүргізіп отырған саясат мемлекеттік және аймақтық жастар бағдарламалары аясында әр түрлі заңнамалық актілерді іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл құжаттарды жүзеге асырудың негізгі мақсаты жастардың заманауи еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал ететін тетіктер әрекетінде жастардың түрлі проблемаларын шешу болып табылады. Сондықтан аталған кезеңде институционалдық механизмдердің әрекеті негізгі мәнге ие деп есептейміз.
Институционалдық механизмнің әрекеті кезінде түрлі заңнамалық актілер мен жастар бағдарламаларының негізгі ережелерін жүзеге асыру, өз кезегінде, институционалдық мақсат ретінде болатын жастардың еңбек нарығын реттейтін әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етуі тиіс (5-сурет).
Негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі, біздің көзқарасымызша, жастарды жұмыспен тиімді қамтамасыз ету механизмі мен оның жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Оның тиімді жұмыс істеуіне келесідей шараларды орындағанда және сақтағанда қол жеткізілуі мүмкін:
1) жастардың еңбек нарығы проблемаларының аймақтық ерекшеліктерін шешудегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту;
2) мемлекеттік бюджет құралдары мен әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар есебінен жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі бар аймақтарда әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды басымдылықпен қаржыландыруды жүзеге асыру;
3) индустриялық аудандарда, сонымен бірге шағын және орташа қалаларда, моноэкономикалық құрылымды кенттерде жастардың жаппай жұмыссыз болуының жағымсыз салдарын барынша азайту;
Информация о работе Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары