Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:59, автореферат

Описание работы

Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты.

Работа содержит 1 файл

ApievKS_abstract.doc

— 299.50 Кб (Скачать)


ӘОЖ 338:331.5-053.81(574.51)                                            Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

АПИЕВ ҚАНАТ СЕРИКОВИЧ

 

 

 

Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары

(Алматы облысы материалдары негізінде)

 

 

 

08.00.05-Экономика және халық шаруашылығын басқару

салалары мен қызмет сфералары бойынша

 

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

 

 

 

 

Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орындалған

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                              экономика ғылымдарының докторы,

                                                               профессор Мамыров Н.К.

 

 

Ресми оппоненттер:                             экономика ғылымдарының докторы,

                                                               профессор Мухтарова К.С.

 

 

                                                                экономика ғылымдарының кандидаты

                                                                Кайранов А.

 

 

Жетекші ұйым:                                    Қазақстан Республикасы Білім

                                                              және ғылым министрлігінің

                                                              Экономика институты

 

 

 

 

Қорғау 2008 жылдың «21» қараша күні 16.00 сағатта Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өткізіледі, мекен жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

 

 

 

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

Автореферат «    » қазан 2008 жылы таратылды.

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, э.ғ.д.                                                        А.Б. Темирбекова

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық дамудың жоспарлы және орталықтандырылған бағытынан шаруашылықты жүргізудің нарықтық  әдістеріне өтуі елеулі өзгерістерге алып келді.

Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда  әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта аймақтық деңгейде жұмыспен қамту құрылымдарының қызметін бағыттау негізінде, жастарды жұмыспен қамтудың толық басқару жүйесін қалыптастыру керек. Жастарды жұмыспен қамтуды басқару қажеттігі, сондай-ақ жас ұрпақтың өздігінен даму мәселесіне де байланысты, ол сапалы білім алу, қызмет барысында өсу және лайықты еңбек ақы алу мүмкіндіктерімен көрінеді, ал оның табиғаты нақты аймақта қалыптасқан экономикалық, географиялық, демографиялық және қайта жаңғыру шарттарымен анықталады.

Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі  жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақтылы берілмеуі және т.б.болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.

Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалғандарды, еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеті төмен топтарын ерекше ескеру қажет. Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып табылатын жастарды жатқызуға болады.

Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен және қайшылықтармен қатар жүреді. Олар ең алдымен мамандық таңдауда жастар  оның еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделділігі мен абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған    байланысты оқу орнын бітірген жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа орналаспайды, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына әкеледі. Нәтижесінде жастардың осы бөлігінің  біліміне салынған қаражат өзін-өзі ақтамайды. 

Сондықтан диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі экономикаға тән жаңа сапалық деңгейдегі осы мәселені шешу мақсатында жастар еңбегін пайдаланудың жаңа жолдарын іздеу қажеттілігінде болып отыр.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Жастар еңбегінің пайдаланылуын, олардың санын болжаумен байланысты ғылыми зерттеулер, біздің ойымызша, еңбек нарығын қалыптастырудың түрлі факторлары әрекетіне байланысты осы категорияның еңбегін пайдалану тиімділігін бағалауға толық мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде оның даму тенденциясын бағалауда қиындық тудырады.

         Диссертациялық зерттеу барысында келтірілген теориялық және әдістемелік тұжырымдар мен қорытындылар еңбек нарығын, оның ішінде еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздығы проблемаларын қарастыратын ғалымдардың ғылыми еңбектері негізінде құрылады. еңбек нарығын қалыптастырудың жаңа түсінігі мен әдістері, еңбек ресурстарын ұтымды орналастыру мәселелері, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтуды реттеу, жұмыспен қамтудың демогарфиялық аспектілері, еңбек нарығындағы жастар мәселелері, ел экономикасындағы еңбек ресурстарын жеделдету мәселелері және еңбек мотивациясы кеңінен қарастырылған, олардың ішінде: А.Смит., Д.Рикардо, Ж.Б Сэя, Д.М. Кейнс, А. Маршал, К. Маркс, М. Фридмен, П. Хейн, К.Р. Макконнел, С.Л. Брю, А.Н.Ананьев, Е.Г.Антосенков, Б.Н.Белкин, И.В.Бушмарин, А.Г.Гаждиев, А.З.Дадашев, Т.И.Заславская, Е.И.Капустин, В.Г.Костаков, А.Г.Костин, А.Э.Котляр, С.А.Кузьмин, К.И.Микульскский, А.С.Панкратов, Б.В.Рахитский, Е.С.Русанов, Л.С.Чижова, В.Н.Якимов секілді ғалымдар және басқалар өздерінің ғылыми ізденістерінде аймақтық еңбек нарығының құрылуы тақырыбының түрілі аспектілеріне тоқталған.

     Г.Г. Руденко, Ю. Яковец, О.В. Ромашов, Л.А. Костина, В.С.Автономов, З.В.Бабкина, Б.Д.Бреев, В.С.Буланов, И.Е.Заславский, Е.Д.Катульский, Н.М.Кезеров, Н.М.Колесников, А.Э.Котляр, В.И.Матирко, А.А.Никифорова, В.И.Плаксин, Э.Р.Саруханов, С.Г.Струмилина, В.И.Храпырина және басқалар жұмыспен қамту теориясына елулі үлес қосты.

      Еңбек нарығының конъюнктурасына түрлі топтардың бейімделуін таңдау оны реттеуде жастарға қолданылатын механизімінің мәселелері В.С.Боровин, В.Г.Бочарова, Ю.Г. Одегов, П.Э. Шлендер, Ю.П. Кокин, Н.А. Волгин, Т.Б.Журавлев, В.А.Матусев, К.Г.Мяло, В.В.Новикова, Г.Е.Старченко, В.И.Чупрова және тағы басқа ғылымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Экономикадағы жастар еңбегін зерттеудің теориялық және әдістемелік зерттеулерінің белгілі бір жолдары, оның әлеуметтік-экономикалық мәселелері келесідей отандық экономист-ғалымдардың, социологтар мен демографтардың еңбектерінде қаралады: Т.А. Әшімбаев, А.Т. Қонысбаев, М.Кенжегузин, Н. Мамыров, С.Берешев, С.Джумамбаев, Т.Мухамбетов, Т.Рогачева, Б.Татибеков, Л.Тимошенко және басқалар.

Сонымен бірге, қарастырылуы әлеуметтік-экономикалық саясаттың қалыптасуына әсер ететін жастар еңбегін зерттеудің әдістемелік жолдары жеткілікті түрде зерттелмеген болып қала береді.

Диссертациялық жұмыстың таңдап алынған тақырыбы бойынша зерттеулердің аздығы, осы тақырып бойынша жазылған ғылыми жұмыстардың жеткіліксіздігі осы кезеңдегі диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауда, оның міндеті мен мақсатын анықтауға әсерін тигізді.

Осы жұмыстың мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуды басқарудың үлгісін құрастыру, болжау және институционалдық  реттеу негізінде жастар еңбегін пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын анықтау.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста келесідей міндеттер қойылды:

-         әлеуметтік-экономикалық жүйеде жастарды жұмыспен қамтуды

    басқарудың маңыздылығы мен олардың алатын орнындарын   анықтау;

-    жастарды жұмыспен қамту жүйелерінің  ерекшеліктерін анықтау

    негізінде, оларды басқару қажеттілігін негіздеу;

-         қызметкерлердің жалпы санындағы жастар еңбек ресурстарының үлесін, олардың жұмыспен қамтылуының ерекшелігін анықтау;

-         жастардың заманауи еңбек нарығын дамыту үрдістерін зерттеу және  олардың қалыптасуына  әсер ететін факторларды анықтау, реттеу механизмдерін негіздеу;

-         ұдайы өндіріс үдерісінде еңбек ресурстарына енуші жастар санын болжау кезінде еңбек нарығы дамуының демографиялық үрдісін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме дайындау;

-         жастар еңбегін тиімді пайдалану үшін ғылыми түрде  негізделген ұсыныстар жасау және оларды дамытудың басты бағыттарын анықтау.

Алға қойылған барлық міндеттерді орындау, біздің ойымызша, жастар еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, экономика салаларында жастар еңбегін оңтайлы пайдалануға қол жеткізетіні сөзсіз.

Зерттеу пәні – жастардың еңбек нарығы қалыптасуының  теориялық және тәжірибелік аспектілері болып табылады.

Зерттеу нысаны Алматы облысы еңбек нарығындағы жастардың еңбек ресурстары болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін экономист, социолог, психолог ғалымдардың еңбектері,  заманауи еңбек нарығындағы әлеуметтік және экономикалық проблемалар аясындағы мамандардың еңбектері, сонымен қатар мемелекеттік және аймақтық органдарының заңнамалық және нормативтік актілері құрайды.

Зерттеу мен теориялық тұжырымдарды жасаудың ақпараттық базасын ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің, Алматы облысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті мен статистика басқармасының мәліметтері, мерзімдік басылым мен ғылыми әдебиетте жарияланған статистикалық мәліметтер, Алматы облысы кәсіпорындарының қызметі туралы бастапқы мәліметтер құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

-         экономикалық жүйелерде жастарды жұмыспен қамтуды басқару

     қажеттілігі дәлелденіп оның құрылымындағы жастардың орны

     анықталады;

 

-         «жастардың  еңбек ресурстары» экономикалық категориясы ұғымы нақтылынып, олардың жоғарғы жас шегі ғылыми түрде негізделді;

-         заманауи жастар еңбек нарығын қалыптастыру факторлары анықталды;

-         жастар еңбегін пайдалану әдістемелері жүйеленіп, корреляциялық-регрессиялық талдауға негізделген бағалау әдістемесі ұсынылды;

-         заманауи еңбек нарығын реттеу тетіктері нақтыланып, қазіргі заманғы жастар еңбек нарығы дамуының институционалдық тетігінің үлгісі ұсынылды;

-         еңбек нарығындағы жастардың еңбек ресурстарының санын болжау

        әдістемесі ұсынылды.

Қорғауға шығарлатын негізгі тұжырымдар:

   жастарды жұмыспен қамтудың ерекшеліктері анықталып, олардың экономикалық жүйелерде алатын орны және басқару қажеттілігі айқындалды;

           жастардың жұмыспен қамтылуын талдау нәтижесінде оларға әсерін тигізетін  факторлар негізделді;

          еңбек нарығында жастар еңбек ресурстарының жоғарғы жас шегі ғылыми түрде дәлелденді ;

           экономикалық-математикалық үлгілеудің нәтижесінде жастардың еңбек ресурстарының саны болжанды.

           жастар еңбек нарығы дамуының институционалдық тетіктерінің үлгісі ұсынылды;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы . Зерттеу жұмысында  ұсынылған іс шараларды еңбек нарығын реттеуде , соның ішінде жастарды жұмыспен қамтуда пайдалануға болады. Теориялық және әдістемелік материалдар жоғары оқу орындарында «Менеджмент» мамандықтарының пәндерінен дәріс оқу және тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында қолдануға болады. 

Информация о работе Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары