Шпаргалка по "Маркетингу"

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 22:32, шпаргалка

Описание работы

В этой работе предъявлены ответы на вопросы по дисциплине "Маркетинг".

Работа содержит 1 файл

Маркетинг.docx

— 108.60 Кб (Скачать)

Маркетингтің  әлеуметтік - экономикалық мәні - Маркетинг теориясы ХХ ғасырда АҚШ пайда болды. Отандық экономикаға байланысты маркетингті енгізу мен дамыту рыноктық ортаның қалыптасыумен сипатталады. Ғылыми пән ретінде маркетинг эволюциясы бірнеше кезеңдерден өтеді. Маркетинг – бұл рынокта тиімді жұмыс атқару ғылымымен өнерінің жиынтығы. Маркетинг термині ағылшынша «маrket» (рынок) сөзінен шыққан ж\е дәлме дәл мағынасы рынокпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді.Алайда ұғымның мәні кең ж\е ауқымды. Сондықтан мұның көптеген анықтамалары бар. Ағылшын ғалымы Ф.Котлердің анықтамасы б\а, маркетинг д\з – тауарды өндіру, өндірілген тауарды тұтынушыға сату ж\е айырбас жолдарымен жеке ж\е топталған тұтынушылардың сұраныстары мен қажет\н қамтамасыз ету.Маркетинг» термині ағылшынша «market» (рынок) сөзінен шыққан және дәлме дәл мағынасы рынокпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді.

 Маркетинг әлеуметтік және басқарушылық үрдіс. Оның көмегімен, жеке және топтасқан тұлғалар өздерінің қажеттілік пен мұқтаждықтарын, тауарды және тұтыну құндылықтарын жасау,сонымен қатар олармен өзара алмасу арқылы қанағаттандырады.

Маркетинг экономикалық үрдіс ретінде өндіруші мен тұтынушы арасындағы күрделі, көпжақты байланысты қамтамасыз етеді, олар жасайтын айырбасты белгілі, нысаналы нәтижелікке бағытталуы тиіс. Осы аспектіде маркетинг рыноктық қатынастардағы жүріп жатқан потенциялды қатысушылардың арасында тек тауарлық қана емес, сонымен қатар ақпараттық айырбасты жүргізуші, оны реттеуші құрал болып табылады.Макетинг шаруашылық қызметі ретінде. Капиталдың жекелеген формалары және оны көптеген қолдану сатыларының ішіндегі ең маңыздысы өндірістің өзі даму стратегиялық мақсатына жету жолында бірсыпыра қызмет атқарады. Олардың ішінде ең негізгілерін айтсақ өндірісті бастауға фирманың дайындығын, өнімнің шығарылуын, қаржы экономикалық жағдайының қамтамасыз етілуін тек маркетинг арқылы ойдағыдай шешуге болады. Маркетинг бизнестің концепциясы. Маркетинг қазіргі бизнестің концепциясы ретінде зерттеу, талдау, ойлау және болжау үрдісін қамтиды. Ол әртүрлі шешімдердің әр дәрежеде қолданылуын қамтамасыз етеді. Маркетинг концепциясына сәйкес фирманың жан жақты жұмыстарын рынок  жағдайында алдын ала реттеу және әлеуетті тұтынушылардың мұқтаждығы мен қажеттіліктерін нақтылы білу, олардың болашақта өзгеруін болжамдар арқылы есепке алынып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Маркетингтің  мәні,және оның негізгі түсінігі  Маркетинг- ғылыми пән ретінде зерттеу объектісіне ие, яғни әртүрлі тауарлар мен қызметтер рыноктарын зерттеу. Маркетинг ұғымы – АҚШ-тың экономикалық әдебиетінде19 және 20 ғасырлар тоғысында туындады. «Маркетинг» термині ағылшынша «market» (рынок) сөзінен шыққан және дәлме дәл мағынасы рынокпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді. Алайда ұғымның мәні одан өте кең де, өте ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (екі мыңнан астам) анықтамалары бар.Маркетинг экономикадағы ең жас салалалардың бірі. Ғылыми негізде жан жақты қалыптасқан жүйеленген пайдалы ғылыми сала. Маркетинг фирмаға экономикадағы барлық қатысушыларға қабілетті бәсеке береді. Маркетинг фирмаға экономикадағы барлық салалар үшін өте қажет. Себебі экономикадағы қажетті фактордың бірі. Маркетингтің қалыптасуына 20-30ғас. Экономикалық процесстер себеп болды. Негізгі себеп АҚШтағы ұлы дағдарыс болды. Бұл кезде Америкада шамадан тыс тауарды көп өндіруден оны сату, өткізу туралы мәселе туындады. Маркетингтің негізін қалаған Филипп Котлер. Маркетинг ғылыми негізде жан жақты зерттеліп әр түрлі тармақтарға бөлінген. Оларға: банк маркетингі, туристік, агро, халықаралық, саяси, және т.б. Маркетинг тұжырымдамасы ол қажетті тауарды, қажетті объектіге, қажетті көлемде, қажетті бағамен, қажетті уақытта, қажетті рет ең тиімді шарттармен қамтамасыз ету.Маркетингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды мазмұнына қарай былай топтастыруға болады.

  1. Маркетингті тауарлар мен қызметтерді өткізу және сату ретінде қарастыратын анықтамалар. Мұнда негізінен өткізу қызметіне және тауарды нарыққа жылжытуға назар аударылады.
  2. Маркетинг менеджменттің маңызды міндеті ретінде қарастырылады, мұнда ол фирманың өндірістік өткізу әрекетінің басқару жүйесі деп беріледі. Бұл амал тәсіл маркетингтің жалпы экономикалық құбылыс ретіндегі табиғатын ашпайды. Маркетингті менеджмент доктринасына ұштастыру, нарықтық қатынастарды тиімді қалыптастыру құралы ретіндегі оның әлеуметтік экономикалық негізін айқындауға мүмкіндік бермейді.
  3. Маркетинг – қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға бағытталған мақсат. Мұндай көзқарасты ұстанатын авторлар маркетингті әлеуметтік экономикалық жағынан қарастырады, бірақ мұнда оның мақсаттары тым мінсіздендірілген. Бұл көзқарас нарықтық экономикасы дамыған елдердегі фирмалардың маркетирнгтік қызметіне сәйкес келеді.
  4. Маркетингті адамдардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін зерттеуге және қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік үрдіс ретінде қарастырылатын анықтамалар. Бұл көзқарастар маркетингтің әлеуметтік сипатын көрсетеді.

Маркетинг – бұл нарықты  жан жақты зерттеу негізінде  тұтынушылардың мұқтаждықтары мен  қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен  бәсекелестік қабілеттілігін арттыру  арқылы пайда табуға бағытталған  тұжырымдама және біріккен қызмет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Маркетинг қағидалары мен қызметтері

Маркетинг қызметінің негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні бір бірімен тығыз байланыстыру, бір бірін табуға көмектесу болып табылады.Маркетинг қызметіне келесілер жатады:

  • Әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін, сұранысын анықтау;
  • Тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар шығару;
  • Тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;
  • Өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуді анықтау;
  • Рынокқа, сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу.

Маркетингтің негізгі қағидалары оның концепциясынан қалыптасып, мыналардан тұрады: 1) фирманың нақты белгіленген коммерциялық түпкі әрекет нысанасына бағытталған ұзақ уақытқа арналған мақсатына сәйкес рынок үлесіне жету. Мақсатқа жетуге арналған маркетинг қызметі үш негізгі компонентін анықтайды: мерзімін, ресурстарды, жауапкершілікті. Осыдан тұтынушылардың төлей аларлық мүмкіндіктерінен бастап барлық маркетингтік жағдайдың ұзақ мерзімге арналған болжамын белгілейді. 2) фирманың өз алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын комплексті түрде айқындау. Өйткені табысты әрекетті тек қана барлық маркетинг құралдары жиынтығы ғана қамтамасыз етеді. 3)әрекеттенуге таңдап алған рыноктың жағдайын және өз талабын барынша ұштастырып есепке алу, сонымен бірге ол рынокқа нысаналы әсер ету. Өндіруші өзінің тауары мен фирмасын тұтынушымен ұтымды және тығыз қарым қатынасын қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың талаптарына неғұрлым бейімделу мақсатымен әсер ету.  4)«келешекті сезу» және соған байланысты жаңа тұтыну қасиеттерімен тауарын өңдеу. Тек осы жолмен ең жоғары коммерциялық нәтижеге жетуге болады. 5)фирманың сыртқы ортасының өзгерісіне өзіне ыңғайлы тез және тиімді реакция қамтамасыз ететін белсенділік, бастаушылық, іскерлік көрсету. Ондай болмаған жағдайда коммерциялық табысқа жету және бәсекелестік артықшылық алу мүмкін емес. Қазіргі кезде ғылым, техника, технология салалары тез дамуда. Бұл бәсеке жағдайын тез арада өзгертіп, маркетинг концепциясын творчестволық қолданғанды, тез арада өзгертіп жатқан рынок жағдайларына бейімделу жолдарын іздегенді талап етеді. Тек осы әдіспен фирма тиімді жұмыс істей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және ролі

Маркетинг тұжырымдамасы фирма қызметінің басты мұраты – сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының өсу мен мол пайда табу мақсатына жетуді көздейді. Маркетинг тұж\ы мына сат\н тұрады:  өндірістік, тауарлық, өткізу, маркетинг (тұтыну), әлеуметтік -этик\қ.

Өндірістік тұжырымдама– бұл тарихи тұңғыш қалыптасқан маркетинг\ң өнд\к конц\ы арасында кең тараған тауарларды қолайлы бағамен сатылуын көздейді деген пайым\у негізделген.Ол тех\ы ж\е өндіру процесін жетілдіру, өнд.көлемін ұлғайту, өнд.шығындарын азайтуды таап етеді.Осы кон\я екі жағд\а қолд\ы: а) сұр\с ұсыныстан көп болғанда өнд.көлемін ұлғ\а бол\ы  б) тауар шығ\н кең өнд\у арқылы төм\е бол\ы, ал төмен шығ\н төмен баға арқ\ы сат\н қамтам\з ету, пайданы ұлғ\у

Тауар тұж\ы – конц.негізі тауарды жетіл\у, сапасын, диз\н, орауын жақсартуға көңіл бөледі. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидасы – тұтынушыны өзінің сапалық сипаттамалары бойынша бәсекелестердің ұқсас тауарларынан асып түсетін тауарлар мен қызметтерге бейімдеу. Тұтынушылар жоғары сапалы және пайдалану сипаттамалары жақсы тауарларға ықыласты пейіл танытады. Сондықтан фирманың барлық күші үнемі тауарды жетілдіруге жұмылдырылады. Тауарды шамадан қызығып артық шығ\у «марк\к соқыр\а» апарады деп Теодор Левитт айт\н бол\н.

Өткізу немесе сауда  тұжырымдамасы ұйымдарды мынадай мақсаттарды орындауға бейімдейді: өндірілген тауарды сату, сатып алушыларды табу, өткізу бойынша жоспарды орындау(мұнда өткізу мәс\і  шешіл\і). Өндірушілер және сатушылар өз қызметін, маркетингтің барлық құралдары мен тетіктерін қолдана отырып, тауарларды өткізуге және сатуға бейімдейді. Осы тұжырымдаманы қолданатын өндірушілер тауарлар тапшылығында және монополия жағдайында жұмыс істейді. Өткізу мәселелері АҚШ та және Еуропада 20ғас.  30 жылдар басында туындап, 1929-1932 ж. экономикалық дағдарыс кезінде күшейе түсті.Қаз\н рыног\а шетелдік фирмалар көбіне осы конц\ы қолд\ы.

Маркетингтік тұжырымдама қазіргі таңдағы жаңа тұжырымдама ретінде өткен ғас.50 жылдары қалыптасты. Оның мәні мынада: ұйымның табысты қызмет етуінің шарты тұтынушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және оларды қанағаттандыру есебінен фирма мен компаниялардың өз мақсаттарына жетуі.  Демек, маркетингтік тұжырымдама – клиенттердің мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін өтеуге бағытталған фирма жұмысын бір арнаға біріктіру және оларды бәсекелестермен салыстырғанда тауармен тиімді қамтамасыз ету. Маркетингтік тұжырымдаманы «Тұтынушы король!», «Клиенттің айтқан сөзі әрқашан дұрыс», «Тауар емес клиентті жақсы көру керек» деген сияқты ұрандар бейнелейді.

Қоғамдық немес әлеуметтік – этикалық маркетинг тұжырымдамасы – қоғам, тұтынушы, фирма арас\ы қат\с., яғни нег\і фактор\ы б\п таб\ы. Бұл қорш\н ортаға, экологияға, демог\а байл\ы дамып отыр\ы. 80ж.басында экологиялық және тұтынушылық қозғалыстардың күшеюіне байланысты дамыған. Бұл тұжырымдама мынадай сәйкестендірілген үш факторды пайдалануды талап етеді: олар фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттілігі және қоғам мүдделерін қанағаттандыру. Әлеуметтік этикалық тұжырымдама негізінде тұтынушылар мүддесі ,қоғамның игілігі ,компания пайдасы болғандықтан, бұл  тұжырымдамасы деп те аталады. Ол қоршаған ортаны жақсарту императив ретінде болуын және кәсіпкерлік қызметтің қоғамның даму мақсаттарына сай келуін қажет етеді. Бұл тұжырымдама қоршаған орта экологиясының бұзылуына, табиғи ресурстардың жетіспеушілігіне, халық санының көбеюіне және әлеуметтік қызмет саласының нашар ахуалына байланысты дамыды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.Маркетингтік зерттеулердің  мәні мен қағидалары

Маркетингті зерттеу – маркетингтік әрекеттерінің ең негізгі буынын ажыратады. Маркетингтік зерттеу дегеніміз маркетингтік дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәліметсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әлеуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ сұранысты белгілеу болып табылады. Адамның әрекетінің өзі көп жағдайда зерттеуге негізделген. Адамдар немесе тұтынушылар өз әрекетінде интуицияға жоспар болжамдар үнемі жетілдіріп жақсартып отыруға сүйенеді. Маркетинг өз әрекетінде тұтынушының осы қасиетін пайдалана отырып фирманы нарықтағы жетістікке жеткізуге тырысады. Зерттеудің негізі Ақпарат болып табылады. Маркетингтік зерттеулер тиімді болуы үшін келесі талаптарға сүйенеді: 1) зерттеулер кешенді түрде жүйелі жүргізіліп отырылуы тиіс. 2) зерттеуде ғылыми әдістерді көп қолдануымыз керек. 3) зерттеу заңға сәйкес нормативті деңгейде жүргізілуі керек. 4) зерттеу шаралары басынан аяғына дейін толықтай жоспарланып тиянақталып отыруы керек.

Маркетинг зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.Зерттеудің негізгі әдістері:

  • Қадағалау;
  • Тәжірибе (эксперимент);
  • Жалпы шолу (сауалнама).
  • Қадағалау- компьютерлік өңдеуге негізделген видео камера көмегімен және бақылау

көмегімен супермаркетке келушілер ағымының уақытша ауытқуын барлау.

 

6.Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен түрлері

Маркетинг зерттеулері дегеніміз маркетингтік дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады. Маркетинг зерттеулерінің мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әлеуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ сұранысты белгілеу б.таб/ды. Маркетинг зерттеулері нәтижелі және тиімді болуы үшін келесі шарттарды орындау  қажет: біріншіден,зерттеулер кешенді ж/е жүйелі түрде өтуі қажет; екіншіден, жоғарыда айтылған ақпаратқа қойылған талаптарды ескере отырып зерттеулерде ғылыми тәсілдерді қолдану қажет; үшіншіден, зерттеу заңға сәйкес нормативті деңгейде жүргізілуі керек; төртіншіден, маркетинг зерттеулері жұмыстары мұқият жоспарлануы ж/е жүйелі сатылануы тиіс. Міндеттер мен объектілерге байланысты маркетингтік зерттеулердің келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады: нарық, тұтынушылар, бәсекелестер,нарықтық, фирмалық құрылым, тауарлар, бағалар, тауар қозғалысының жүйесі, иелік етуші субъектінің ішкі ортасы. Мысалы,тұтынушылардың маркетингтік зерттеулері олардың тәтібін анықтау үшін жүргізіледі, тауарлық зерттеулер –ұйымның өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін анықтау үшін жүргізіледі. Маркетингтік зерттеулердің түрлері өте көп, оларды алуан түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. 1. Барлау (іздеу) зерттеулері – мәселелер мен болжамдарды дәлірек анықтау үшін ақпаратты алдын ала алу мақсатында жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Бұл зерттеулер мәселені нақтылауға, идеялар ұсынуға және білімді көтеруге бағытталған.Мысалы, сату көлемінің төмендігі жарнаманың нашарлығына байланысты деген жорамал бар, бірақ барлау зерттеуінің нәтижесінде басты себеп өткізу жүйесінің олқылығында екендігі анықталады. Барлау зерттеулерін жүргізудің негізгі жолдары- екінші ретті мәліметтерді қолдану, әдебиеттермен жұмыс істеу, сарапшылардан пікір сұрау алу, таңдалған оқиғаларды талдау. Барлау зерттеулерде анкеталық пікір сұрау қолданылмайды, оларды жүргізудің нәт/де идеялар мен болжамдар алынады. 2.Сипаттама зерттеулер –маркетингтік мәселелерді, әртүрлі жағдайларды , нарықтарды, тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зерттеулер. Мұндай зерттеулерде не, кім, қайда ж/е тұтынушылар өнімді қашан, қалай сатып алады деген сұрақтарға жауап ізделеді. Мұндай мәлімет қайталама ақпаратта бар, сонымен қатар оны пікір сұрау мен бақылау жүргізу арқылы да алуға болады.  3. Казуалды зерттеулер –себеп салдарбайланысына қатысты ғылыми болжамдарды тексеру үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулер.

Информация о работе Шпаргалка по "Маркетингу"