Монополияның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:56, реферат

Описание работы

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды.

Работа содержит 1 файл

Монополияның мәнi.docx

— 46.78 Кб (Скачать)

 Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай.

 Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада дамығандықтан, монополиялық бәсекелестік жетілмеген экономикалық күрес кездеседі. Қазақстан нарығында ірі монополистерге АҚ «АТКЕ», АГПО «Суканалы», ГКП «Алматы горгаз», «АПК», АО «Алматы аэропорты», ААҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Эйр Қаз.», «Қазақойл».

2002 жылы Антимонополиялық комитеттің шешімімен бюджеттің кіріс бөлігіне мемлекеттік тәртіпті бұзғаны үшін және монополиямен айналысып, антимонополиялық заң бағаларын бұзғаны үшін төленген айыппұл 115422595,7 теңге, оның 63032352,6 теңгесі бюджетке түсті. Бұны ұлғайту үшін заңға өзгерістер енгізу керек. «Сауда құралдарын жасау зауыты» мен жеке «Азап» кәсіпорындары электр энергиясын аз беріп және жоғары бағамен сатқанына байланысты комитет антимонополиялық заңды қолдана отырып, олардың іс-әрекетін қарап, оларға тоқтатылған өндіріс, экономикалық шығындар, жұмыскерлердің төленбеген жалақысын қайтаруды бүйырды. Ал «ЗапКаз энерго» кәсіпорны электрэнергиясын заңда көрсетілген тарифтерден жоғары бағамен сатқан. Баға дискриминациясы мен антимонополиялық зақды бұзу «Қазақстан әуе жолы» компаниясында кездесті.Онда шетелдік азаматтарға әуе билеттері қазақстандықтарға қарағанда бірнеше есе жоғарылап сатылған. Қазақстан Республикасындағы ең үлкен монополиялық қылмыс 1999жылдың наурыз айында болды. Ашық акционерлік қоғам Қазақстан Республикасында «Жастық тепло энерго» 1997 жылы антимонополиялық комитетке келіп түскен. Көптеген жерлерде кездескен үлкен қылмыс орын алды. Ол мемлекеттік мекемелердің өз қызметтері үшін көп көлемдегі ақша алуы болды. Сонымен бірге «Аптеба» кәсіпорнының тарифтерін көтеріп, салық жасырын, заңсыз 5252724,3 тенге табыс түсіргендігі анықталды. Ірі момнополиялық кәсіпорындарға жататын «KEGOC», «Қазақтелеком» және «Қазақойл» компаниялары өздерінің айналыс операциялары туралы міндетті есеп береді. Олар еңбекақы мен амортизациялық төлемдерге жұмсалатын шығындар мөлшерін ұлғайтып, құжаттарда нақты мәліметтерді дұрыс көрсетпегендіктен қызмет көрсетілімдеріне бағаны жоғарылатады. Антимонополиялық заңдар мен арнайы комитет болуына қарамастан қазіргі кезде көптеген қылмыстар жасалып жатыр.

2004 жылғы «Табиғи монополия және бәсекелестікті қорғау» агенттілігінің есебінде 18 млрд. тенге монополиялық кәсіпорындар мен ірі фирмалардан заңсыз түрде табыс түсірген. Агенттілік басшылары мұндай жағдайда: «Кәсіпкерлердің заңды білмеуімен, әдейі жасауымен» түсіндірді. 2003 жылы агенттілік жетілген бәсекелестікті қалыптастыруда 240 шаруашылық субъектілерінің қаржылық есебі мен халықаралық стандарттағы бухгалтерлік есеп мәліметтерін қарастырды. Қазақстанда монополияны әлсіретумен байланысты соттық реформа жетіліп жатыр. 2004 жылы әрә кәсіпорындар 169 соттық анықталуда болып, 12 шағымдық өтініштер қаралды. Оның енуі агенттілік жағына шешілді. Бірақ, Қазақстанда тек монополиялық қылмыс ғана емес, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық та көбейіп барады. 2003 жылы 900 әкімшілік құқық бұзушылық болса, 2004 жылы олардың саны 1200-ден асады. Әсіресе көбейіп отырған жетілмеген бәсекелестікті дамыту әрекеті энергетикалық сектор, телекоммуникация, теміржол сияқты ірі кәсіпорындар да кездесіп отыр. Осындай ерекше сенімдерге байланысты «Табиғи монополия мен бәсекелестікті қорғау туралы» агенттілік 40-тан астам арнайы нормативті құқықтық актілерді дайындады. Ортамерзімді тарифтерге көшу монополияның бәсекелестікті болдырмау үшін қолданылатын әдіс. Энергетикалық өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың технологиялық мәлімет базасын құру, өңдеуді автоматтандыру жетілген бәсекелестікті қалыптастырып, оны дамыту, сол арқылы тарифтер мен бағалардың жоғарылауын (мемлекет бекіткен жоғарғы шегінен әрі қарай), ұсыныстың көлемдік азаюын болдырмау.  
 
 
 
 
 
 

 ҚОРЫТЫНДЫ.

 Монополия бәсекелікті жоймайды, тек тәсілдерін өзгертеді. Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы жатарымен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Рыноктық процестерді дайындықсыз жүруі шаруашылық өмірдің кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады. «Өзімен өзі болған» жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады. Монополия, жоғарыда атап өткендей, бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді. Ал бұл билік әр түрлі алғы шарттарға негізделуі мүмкін, салалық өндірістің басым бөлігін басып алу (капитал мен өндірістің шоғырлануы мен орталануы) рынокты және баға деңгейін бөлу, жасанды тапшылықтар жасау тағы басқа құпия және ашық келісімдер жасау. Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірибені шектеп экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған.

 Қазiргi уақытта бәсеке күресi дүниежүзiлiк нарықта айрықша шиеленесуде. Мысалы, АҚШ-пен Жапония арасы. Монополизмді бәсекелiк күрестiң жаңа әдiстерi пайда болуда. Монополизмге дейiн бағалық бәсеке болды, яғни бәсекелiктiң бағасынан гөрi төмен баға қою арқылы бағаны түсiрiп, оны нарықтан ағыстыру. Бұл монополизм уақытында сирек болатын құбылыс. Ендi монополиялар тәуекелдiгiнен бағаны өзгерткеннен гөрi өндiрiстiк қуаттардың өнiм шығаруын азайтып,не көбейтiп амал қолданылады. Тiптi дағдарыстар кезiнде де бағалар бiршама тұрақты күйiнде қалады да, экономикалық өрлеулер кезеңiнде артады.

 Монополия экономикалық тұрғыдан өзінің үстемдігін монополиялық бағада монополиялық пайдада жүзеге асырады.

 Монополиялардың қолына орасан зор күш-қуат жинақталу арқасында, олар ішкі салалық бәсекені тежей алады және өз өніміне қойылатын баға жөнінде нарыққа белгілі бір шекке дейін өз дегенін орындаттыра алады. 
 
 
 
 

 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 

1. «Государство и  бизнес» 3-ші кітап, 2 бөлім, Алматы, 2002 ж. Мамыров Н.К, Саханова А.Н, Ахметов Ш.С

2. «Экономика Казахстана»  Каз.,» 1997 ж. С. Г. Майдыров.

3. «Экономическая  теория» М.,» 1999 ж. А. С. Буланова.

4. «Микроэкономика» 1997 ж. Н. А. Фроловой.

5. «Экономика» 1999 ж. С. Фишер, Дорнбуш Шмаленди.

6. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы Бердалиев К.Б., Алматы: Экономика, 2001. – 45-67 беттер.

7. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы Укибаева Г.К., Карибжанова С.А., Жезказган 2003 жыл.

8. Экономиканы мемлектік  реттеу. Оқу құралы Маденов С.М., Жезказган 1998 жыл.

9. Государственное  регулирование экономики Алембаев  А.А., Караганда 1998 жыл.

10. Дубов И.А. Законодательная  инициатива: проблемы и пути совершенствования  // Государство и право 1999 год  №3.

11. Региональная  социально-экономическая система.  Алембаев А.А., Караганда 2002 год.

12. Развитие региональной  системы. Алембаев А.А., Алматы 2002 год.

13. Государство и  бизнес. Мамыров Н.К., Алматы 2002 год.

Информация о работе Монополияның мәні