Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:56, реферат
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды.
Қалыптасқан, әдеттен шаруашылықта, қоғамда кездеседi – монополия – жеке өзi сатып алушының нарқы. Кейбiр экономиканың маңызды секторын қолдау саясатында, мысалы, ауыл – шаруашылық өнiмiн мемлекет өзi сатып алады.
Екi жақты монополия – белгiлi бiр нарықта тауарды әкелiп сатушы мен бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.
Капиталистiк экономиканы монополияндыру өндiрiстiк ғылыми – техникалық прогресстiң ықпалымен шоғырландырудың нәтижесiнде. Бiрақ, кейiнгi уақытта ғылыми- тхникалық революция басқа да үрдiс (тенденция) туындырды – ол шағын және орташа техникалық жоғарғы класстық кәсiпорындардың ролiн жоғарлату. Дамыған елдерде шаруашылықтың 70-80% шағын және орташа кәсiпорындар құрайды. Америка Құрама Штатында «Шағын бизнесті» ұлттық өнiмнiң жартысына жақынын өндiредi. Жаңа технология мұнда өндiрiсте тез және көп енгiзiледi, қолданылады. Қазақстан Республикасында да қазiргi уақытта шағын және орташа кәсiпорын құруға молынан мүмкiншiлiк берiлiп отыр.
Монополия бәсекелiктi жоймайды, тек тәсiлдерiн өзгертедi. Жетiлмеген бәсекелiк болады, егер тек бiрнеше iрi кәсiпорындар белгiлi бiр арнайлы тауарларды сол қалыптасқан бағамен ұсынады, сатады. Жетiлмеген бәсекелiктiң үш түрi болады; а) монополия; б) олигополия; в) өнiмдi дифференциялау.
Өнiмдi дифференциялау дегенiмiз- әрбiр тауардың орнын басарлық, оның бәсекелігiнде болатын басқа тауар –субститут барлығы.
Жалпы бұрынғы бытыраңқы, еркiн бәсекенiң орнына жекелеген салалардың, ұлттық шаруашылықтың шеңберiнде және бүкiл дүниежүзiлiк шаруашылық көлемiнде монополиялардың арасындағы бәсекелiк орналасады. Оның негiзгi мақсаты – басқаларға қарағанда пайданы көбiрек табу.
Қазiргi уақытта бәсеке күресi дүниежүзiлiк нарықта айрықша шиеленесуде. Мысалы, АҚШ-пен Жапония арасы. Монополизмді бәсекелiк күрестiң жаңа әдiстерi пайда болуда. Монополизмге дейiн бағалық бәсеке болды, яғни бәсекелiктiң бағасынан гөрi төмен баға қою арқылы бағаны түсiрiп, оны нарықтан ағыстыру. Бұл монополизм уақытында сирек болатын құбылыс. Ендi монополиялар тәуекелдiгiнен бағаны өзгерткеннен гөрi өндiрiстiк қуаттардың өнiм шығаруын азайтып,не көбейтiп амал қолданылады. Тiптi дағдарыстар кезiнде де бағалар бiршама тұрақты күйiнде қалады да, экономикалық өрлеулер кезеңiнде артады.
Бірақ, баға бәсекесі мүлдем болмайды деген сөз емес. Ол көбінесе, жасырын түрде болады, яғни өнім нарық құжаттарында жарияланған бағалардан біршама төмен бағамен өткізіледі.
Монополистік бәсекеде өнімнің сапасын арттырудың, сатып алушыларға кепілдіктер беріп, қызмет көрсетудің маңызы арта түсуде. Бұл ғылымиө техникалық прогреспен обьетивті түрде байланысты. Оның іс - қарқыны олардың бәсекелік қабілетінің шешуші шарты
Әр алуан жаңалықтар енгізулі бәсекелік күресте аса күшті қару болып отыр.
Бәсекелеліктің түрлері.
1. Сала ішіндегі бәсекеге шетел монополиялары да қатысып, ерекше шиеленіседі.
2. Салааралық бәсеке күрес жойылмайды, өршеленеді. Мысалы, «тұтынушылардың доллары үшін» және капиталды пайда аз беретін саладан, оны көп жоғары беретін салада пайдалану үшін.
3. Монополиялар «бөгде – аутсайдер» деп аталатын, яғни моноподық бірлестікке кірмеген кәсіпорындармен үнемі күресте болады. Күрестің айлалы, жауыздық әдістерге толы көптеген түрлерін қолдана отырып, «бөгделерді құртып жібереді»
4. Орта пайда алу мақсатындағы бәсеке күресімен қатар үстем пайда үшін күрес тоқталмайды.
5. Бәсеке ұлттық нарықта ғана емес әлемдік нарықта болады.
6. Монополиялардың бірімен бірінің күресі әрдайым қауіпті сипатта болады. Бір саладағы монополиялар, саланы бүтіндей қожалығына айналдыру, тек өз үстемдігін жүргізу үшін күреседі.
Монополистік шаруашылықтағы бәсекенің мәні - монополдық үстеме жоғары пайда түсіру. Монополиялардың өзара бәсекелестіктің түрлері бірнеше: қарсылсушыны шикізатсыз, өткізетін нарықсыз, несиесіз қалдыру. Қарсыласушы жұтағанша бағаны төмендету, сосын қайтадан көтеру. Бәсекелесушінің кәсіпорын өртеп жіберу, мамандарды өзіне тарту, қаржыдан жайсыздандыру, үкімет тапсырмасы үшін күрес, тағы басқа.
Монополия экономикалық тұрғыдан өзінің үстемдігін монополиялық бағада монополиялық пайдада жүзеге асырады.
Монополиялардың қолына орасан зор күш-қуат жинақталу арқасында, олар ішкі салалық бәсекені тежей алады және өз өніміне қойылатын баға жөнінде нарыққа белгілі бір шекке дейін өз дегенін орындаттыра алады.
Монополиялық баға дегеніміз - монополияның жеке дара немесе көбінде басқа концерндермен мәмілесіп қоятын бағасы. Әдетте, бұл бағалар тауардың нақтылы құнынан да және өндіріс бағаларынан да жоғары болып келеді, ал қоғамдық құнынан төмен болады.
Монополиялық баға екі түрде болады.