Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:56, реферат
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды.
Біріншісі – монополиялық жоғары баға. Бұл жоғарғы бағамен монополиялық кәсіпорын өзі ғана өндіріп, өзі белгілеген жоғарғы бағамен сатады. Бұл тауарды басқа кәсіпорындар өндірмейді. Сондықтан тұтынушылар, оның бағасы жоғары болса да, алуға мәжбүр болады.
Екіншісі – монополиялық төменгі баға. Бұл тауарларды өндіруге қажетті материалдардың, шикізаттың, бөлшектердің бағасы. Оны сатушылар шағын кәсіпорындар, ал сатып алушылар тек бір-екі монополиялық кәсіпорындар. Олар, осы жағдайды пайдаланып, төмен бағамен өздеріне керекті материалдарды алады. Ал бұлар алмаса, сатушылардың заттары өтпей қалады. Ол өндірістің тоқтауына апарады.
Монополиялық бағалар дәрежесіне сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынастары әсер етеді. Алайда, монополистер сұраныс төмендеп кеткен жағдайдың өзінде де тауарлардың бағасын жоғары ұстай алады. Өйткені, бағаның тиісті дәрежесі келісім- шарт жасау арқылы іске асып. Баға қоюдың «Басшылық» жүйесі ең ірі компанияның қолына көшеді. Дегенмен, бұған қауіп төндіретіндер бар- олар келісімге келмеген «бөгде» фирмалар.
Монополиялардың өздері сатып алатын тауарларлың(бөлшектер, шикізат, материалдар) бағасы. әдетте, монополиялық төмен бағалар болады. Бірақ, мұның да шегі бар. Ол мұндай тауарларды сататын шағын кәсіпорындардың капиталдардың ұдайы өндірілуі қамтамасыз етіліп тұруы қажет, яғни бұдан төмен болмауы керек. Алайда монополиялық бағалар да өзгереді. Оның негізі- тауар құнының өзгеруі.
Монополдық пайда – ол монополдық жоғары бағамен тауардың құнының (болмаса тепе-тең баға) айырмасы. Мұнда сатып алушылар өзінің әдеттегі табысының бір бөлігін монополияның пайдасына жібереді. Оның негізі – жолдама жұмысшылардың еңбегімен жасалатын қосымша құн.
Монополдық жоғарғы пайданың жолдары:
- жұмысшыларға төмен жалақы төлеу, оларға қажетті тауарларды жоғарғы бағамен сату;
- монополдық кәсіпорындарда еңбек өнімділігін жоғарлату;
- монополиялардың шетке капитал шығару арқылы сол елдерде өндірілетін құн.
Монополияның әлеуметтік-экономикалық салдары.
- Көтерме пайданы моноподық кәсіпорындар, өндірілетін тауарлардың сапасын жоғарлатпай – ақ, жоғары монополдық бағамен табады. Ол үшін олар тек бағаның деңгейі туралы келіссе болғаны. Бұл техникалық және басқадай прогресске экономикалық қызықтыруды қолдауы керек еткізбейді, уақытша болса да, мұнда тоқыраулық жағдай туғызады. Бірақ та, күрделі инновация (өндірісті жақсарту) жасайтын тек ірі бизнес.
- Тауарларға сұранысты көбейту үшін монополиялар өнімінің өндіру көлемін әдейі, жасанды түрде азайтады.
- Сатылатын тауарларға монополдық жоғары баға қо- инфляция болудың және қарапайым халықтың өмір тұрмысының төмендеуінің басты себебі болып саналады.
- Монополия белгілі бір өнімді тек өзі ғана сатып алушы болуға тырысады. Кейбір уақытта ол өзі сатып алатын заттарға алуды жасанды түрде азайту арқылы сатушылардың өнім ұсынушы монополдық сұраныстан арттырады. Бұл олардың сататын өнімдеріне монополдық төмен баға қоюға мүмкіндік туғызады. Бұл бағаның деңгейі қоғамдық қажетті еңбек шығынынан төмен болады.
- Монополия сатылатын
және
сатып алатын тауарлардың бағаларының айырмашылығының жоғарылай беруіне ықпал жасайды. Оны «бағаның қайшысы»
деп атайды. Мұның мәні- ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы өнеркәсіп өнімдерінің бағасынан
төмен
болуы. Бұл Қазақстанда
да орын алады, шаруашылықты индустрияландыру және техникалық қайта қаруландыру
кезеңінен
бері.
Монополияға қарсы – зандар және экономиканы реттеу.
АҚШ – тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол «үш китке», үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
1. Шерман заңы (1890 жыл). Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады.