Монополияның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:56, реферат

Описание работы

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды.

Работа содержит 1 файл

Монополияның мәнi.docx

— 46.78 Кб (Скачать)

Монополияның мәнi

 КIРIСПЕ 

 «Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.

 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:

- табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу;

- монополиялық биліктің күшейіп, еркінсуіне жол бермеу, ескерту жасау;

- мемлекеттік кәсіпорындар мен органдардың ақылы қызмет көрсету ретін бақылау;

- сәйкес құқықтық, нормативтерді әзірлеу.

 Табиғи монополия субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.

 Нарықтық қатынастарда, табиғи монополияны мемлекет реттеу керек. Президент жарлығымен Қазақстан Республикасында 1998 жылдың шілдесінде “Табиғи монополия туралы” заң шықты. Табиғи монополияны түсіндіретін, оның қызмет етуін реттейтін көптеген құқытықты-нормативті актілер жасалды. 

 Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi.

 Монополия –  грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни жалғыз сатамын деген ұғымда.

 Буржуазиялық қоғам екi сатылы шаруашылық:

 а) Еркiн бәсеке капитализмi, бұл ХҮІІ – ХlХ ғасырлар арасы.

 б) Монополистiк  капитализмi, бұл ХХ ғасырдың басынан осы уақыт iшiнде.

 Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезеңiнен, түрiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген фабрика.

 Жай, қарапайым кооперациялық шаруашылық. Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады. 

Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІ ғасырдың ортасынан ХҮІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн жасайды (мәшиненiң тек дөңгелектерiн, моторын, тағы басқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардың тиiмдiлiгiн жоғарлатады.

 Мәшинелендiрiлген өндiрiс. ХҮІІІ ғасырдың соңында, ХlХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада, Америка құрама Штатында өнеркәсiптiк революция болып, соның нәтижесiнде қолөнерлiк техниканың және қол еңбектiң орнына әр түрлi мәшинелер келедi.

 Кәсiпорындарда ендi. қарапайым болмаса, қиын мәшинелер адамның бақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны фабрика деп атайтын болды.

 Мәшинелендiрiлген өндiрiс - техникалық төңкерiстiң негiзi болды. ХlХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында электротехникада (будың орнына электрқуаты), м¸шине жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш мотор – автомобиль, самолет), химиялық өнерк¸сiпте төңкерiс болды.

 Сонымен, ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында буржуазиялық қоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай сол кездегi ғылыми ойлардың назарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардың бiрi В.И.Лениннiң «Империализм – капитализмнiң жоғары сатысы» атты кiтапшасы (1917ж). Онда монополизмге (империализмге) жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалық талдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.

Информация о работе Монополияның мәні