Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:56, реферат
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды.
Монополизм –жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.
Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының нөтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Олар iрiсте және нарықта үстемдiгiн, билiгiн жүргiзе бастады, дерiнiң үстемдi билiгiн жүргiз бастады, өйткенi iрi кәсiпорындары өнiм ондiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына жинақтайды, яғни белгiлi бiр өнiмдi-тауардың денiн, көбiн өндiретiн, оны сататын тек бiр, болмаса 2-3 ғана кәсiпорындар. Ал өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпрындарының құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi себеп болған және бәскелiк. Бәсекелiктi кiм жеңедi, кiмнiң шаруашылығы күштi,мықты болса, ал күштi болатындар – iрi кәсiпорындары. Олардың пайда болуы жаңа технология мен өндiрiстiк қондырғыларға байланысты, яғни солар себеп болған.
Монополияның түрлерi. Тарихи кезеңде әр елдiң экономикасына монополияның әр түрлерi құрылды:
а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.
Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.
б) жасанды монополия – бiреулердiң қолында белгiлi бір өнiмнiң тек нарығы, болмаса, тек өндiрiс және сату нарығы болады. Бұл кездейсоқ, тұрақты және жалпыға бiрдей болуы мүмкiн.
Кездейсоқ монополия сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады ұсыныс пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi өндiрiп сату үшiн өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болса (озық технология, техника, жұмыс күшi). Бiрақ, бәсеклестiң салдарынан бұл экономикалық тиiмдiлік артықшылық тұрақты болмайды.
Тұрақты монополия болатындар – iрi кәсiпорындар, өндiрiстi , тауарларды өткiзу нарқын өздерiне қаратқан. Мысалы, ағылшынның «Ост- Инд», Германияның «Ганза» компаниялары.
ХIХ ғасырдың аяғында тұрақты монополияның кеңiнен дамыған түрлерi: картельдер, синдикаттар,трестер, концерндер, конгломераттар.
Картель – бұл өнеркәсiптiң бұл саласындағы бiрнеше кәсiпорындарының одағы. Бұған қатысушылар құрал- жабдыққа және өнiмге өздерi ие, өздерiнiң меншiгiнде болады. ¬Өнiмдi нарықта өздерi өткiзедi, сатады, бiрақ жалпы өндiрiлетiн өнiмдегi әр қайсысының үлесi (квота), сату бағасы, сататын нарқы, тағы басқа туралы өзара келiсiм болады.
Синдикат – бұл бiр түрлi өнiм шығаратын бiрнеше кәсiпорындардың бiрлестiгi. Мұнда шаруашылыққа кезектi материалдық жағдайлар, ресурстар әр қайсысының өз меншiгiнде қалады, ал дайын өнiмдi өткiзетiн жалпы ортақ сауда кәсiпорны ұйымдастырылып, тауарды сол сатады.
Трест – бұл монополияда құрал–жабдық. дайын өнiм, осыған қатынасушылардың бiрiктiрiлген, ортақ меншiгi болып саналады
Концерн – бұл сөз жүзiнде бiрiне – бiр тәуелсiз кәсiпорындардың және банктердiң одағы (өнеркәсiп, сауда,көлiк). Мұнда бас фирма басқаларына қаржылық бақылау жүргiзедi.
Конгломерат – бiрнеше шағын және орташа, бiр бiрiмен өндiрiстiк байланысы жоқ кәсiпорындардың бiрлестiгi.
Жалпыға бiрдей монополия формасы пайда болды осы ХХ ғасырдың екiншi жартысында. Мұнда халық шаруашылығы барлық жағынан да кәсiпкерлердiң бiрлестiгiне бағындыру (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң өзi iрi монополия болады. (әскери -өнеркөсiп кешенi).