Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 14:55, курсовая работа
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек өткен жүйедегі қағида ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Кіріспе 3
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі 4
Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 6
Қазақстан Республикасының банктеріндегі есеп айырысуды ұйымдастыру
негізі 9
Есеп айырысу операциялары 11
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі 11
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі 13
Инкассалық өкімдермен есеп айырысу есебі 14
Чектермен есеп айырысу есебі 14
Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі 16
Вексельдермен операциялар есебі 17
Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі 20
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25
Инкассат вексель бойынша толық төлемді алған соң, вексельді төлеушіге жолдауға міндетті, ал бөлшектеп төлеу кезінде вексель төлеушіге жіберілмейді. Инкассолаушы банк қандай да бір себептермен инкассоға тапсырысты толық немесе жартылай орындай алмаса, ремитент банкті жедел хабардар етуі тиіс.
Ремитент-банк өз кезегінде аталған сома төлемін сенуші есебіне жүргізуі керек. Инкассат инкассо бойынша қызмет көрсете отырып, комиссиялық ақы алады, мұнда төлем алу бойынша инкассат шығындары және көрсеткен қызмет үшін инкассатқа сыйықы есептеледі.
Егер
инкассоға тапсырмада көрсетілген
мекен-жай бойынша төлеуші
-
төлемге қарсылық білдіруге,
-
домицильдік банктік шотында
бар қаржы көлемінде вексель
сомасының жартысына төлем
Авальшы банк аваль берілген тұлғамен бірдей жауаптылықта болады. Авальшы банк міндеттемесі, ол кепілдік жасаған міндеттемені қандай да бір негіздемемен, нысан ақауымен жарамсыз деп санаған жағдайда да, жарамды болып табылады. Вексельді төлеу кезінде авальшы банк аваль берген тұлғаға қарсы және аваль берілген тұлға есебіне вексель бойынша міндетті тұлға алдында талаптар қоюға құқылы.
Жоғарыда
сипатталғандай коммерциялық несиені
банктік несиеге айналдыру
Банк есепке тек жарамды вексельдерді ғана қабылдайды. «Вексель айналымы туралы» заң баптарының талаптарына барлық деректемелері толық сәйкес вексельдер жарамды болып есептеледі.
Есепке
ұсынылған жай вексель
- вексель аты кұжаттың мәтініне енгізіледі және бұл құжат рәсімделген түрде жазылады;
-
анықталған соманы төлеу
- төлем мерзімін көрсету;
- төлем орнын көрсету;
- төленетін тұлға аты немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатыны;
- вексельді жазу күні және орны;
- вексель беруші қолы;
- аудармалы вексель үшін жай вексель бойынша деректемелер керек қосымша төлеуші аты.
Сонымен қатар, банктер вексельдерді есепке қабылдаудың келесі құқықтарын белгілейді:
-
вексель бойынша міндетті
- вексельдің нотариалды бекітілген көшірмесі;
-
вексель коммерциялық
- жай вексель бойынша вексель ұстаушының және аудармалы вексель бойынша төлеушінің, сондай-ақ вексельді қайта есепке ұсынатын банктің қанағаттанарлық қаржылық жағдайы бар екендігін дәлелдейтін құжаттар;
-
вексельді қайта есепке
- заңға сәйкес гербтік алымның төленгендігін дәлелдейтін құжат.
Ұлттық банк вексельдерді қайта есепке қабылдамай тұрып, банктен өтініш пен қажетті құжаттарды алған соң банк пен төлеушінің төлем қабілеттілігіне талдау жасайды, аталған тұлғалардың вексель бойынша өз міндеттемелерін өтемеуге әкелуі мүмкін факторларды карастырады.
Ұлттық банк өз есебіне вексельдің түпнұсқасы мен индоссаментті қабылдаған күннің келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, банк есебіне дисконт сомасын, пошталық және басқа да шығындарды ұстай отырып, вексель сомасын ұсынады.
Ұлттық банк қоржынындағы барлық вексельдер келесі критерийлер бойынша жіктеледі:
- вексель бойынша төлеуші;
- төлем орны бойынша (Ұлттық банктің орталық аппаратының орналасуы бойынша; Ұлттық банк филиалының мекен-жайы бойынша);
- төлем мерзімдері бойынша (айы және күні бойынша);
- басқа да қажетті параметрлері бойынша.
Банктік карточкаларды қолдану бойынша қатынастың негізгі субъектілері: эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйымы, есеп айырысу банкі.
Банктік карточка эмитенті - бұл банктік карточканы шығарған және ұстаушыға берген несиелік ұйым. Банктік карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлға.Сауда ұйымы - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер, олардың және эквайрердің арасындағы келісімге сәйкес, эквайрердің тауар (қызмет) ұстаушыға банктік карточканы қолданып кезекті төлеу үшін тапсырылған құжаттары бойынша жауаптылықта болады.
Төлем ұйымы - төлем жүйесі шегінде банктік карточкалармен операция бойынша ережелерді бекітетін занды тұлға болып табылады. Төлем жүйесі - анықталған түрдегі банктік карточкалармен операцияларды демейтін коммуникация және арнайы құрылғылар жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік карточка түрлерін сәйкестендіретін қызмет көрсету белгілерінің құкығына ие болады. Төлем ұйымы сондай-ақ тиісті төлем жүйесінің техникалық қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті - төлем ұйымымен жасалған келісім негізінде эмитент пен эквайрерлер арасындағы өзара есеп айырысуды жүргізетін несиелік ұйьм..
Банктік карточкалар екі негізгі типте болады: кредиттік және дебеттік Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттік карточкаларының дебеттіктен айырмашылығы операция жүргізу технологиясына байланысты. Дебеттік карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттік карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды.
Банктік карточканы қолданып тауар немесе қызметті төлеу кезінде ұстаушы карточканы сауда ұйымының кассиріне береді. Кассир авторландыру рәсімін өткізуі керек, ол үшін карточка эмитенттері мен бұл орталықта карточка ұстаушының банктік шотының жағдайы туралы деректер базасы жүргізіледі. Авторландырудың негізгі қызметі - карточка ұстаушының төлем қабілетіне көз жеткізу. Авторландыру екі әдіспен жүзеге асырылады: дауыстық және электрондық.
Банкомат арқылы ақша беру кезінде барлық операция автоматты режимде жүргізіледі. Ұстаушы банкомат клавиатурасында өзінің ДСН-ін (дербес сәйкестендіру нөмірін) - эмитент белгілеген құпия сәйкестендіру кодын тереді. ДСН электронды терминалды қолданып өткізілетін операцияларда да қолданылады. Егер ДСН дұрыс терілсе, ұстаушы белгілі бір сома көлемін алуға мүмкіндігі бар. Банкомат авторландыру рәсімін жүзеге асыру үшін эквайрердің үрдістік орталығымен байланысады. Авторландырулық сұрауға жағымды жауап алынған жағдайда банкомат ұстаушыға қолма-қол ақша және келесі деректемелерден тұратын түбіртекті ұсынады:
- банкомат сәйкестендіргіштері;
- операция өткізу күні;
- операция валютасы;
-
операция эмитентінің
-
банктік карточка
Банкоматтар - пластикалық карточкалармен операция жүргізу кезінде қолма-қол ақшаларды инкассолайтын және беретін банктік автоматтар.
Банкоматтар келесі негізгі операцияларды жүзеге асырады:
1) шотындағы қалдықтар туралы клиенттерді хабардар ету;
2) қолма-қол ақша беру.
Әр банкомат үшін оның сандық деңгейіне және үздіксіз жұмыспен қамту қажеттілігіне байланысты, бір кезекте оның сейфінде жинақталатын және сақталатын қолма-қол ақша лимиті белгіленеді.
Банкоматпен жүргізілетін операциялар есебі үшін, банкоматтағы операциялар есебінің кітабы жүргізіледі, оған касса меңгерушісі жауапты болады.
Банкоматты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету тұтыну көлеміне байланысты. Банкомат үшін қажетті қолма-қол ақша лимиті көлеміндегі соманы кассетаны толтыруға арнайы белгіленген кассир бекітілген тәртіпте касса меңгерушісінен алады. Ақшаны кассаға салу және кассетадан алу касса бөлмесінде жүзеге асырылады. Тексергеннен кейін кассир ақшаны кассетаға салады, кілтпен жабады және пломб қояды.
Кассетаға банк атын, банкомат нөмірін, салынған ақша купюрасы, номиналы, сомасы, күні және қолдары, кассирдің жеке таңбасы басылады. Кассетаны толтырған соң касса меңгерушісі инкассаторға инкассаторлық бағыт парағын жазады. Инкассатор бағыт парағын және кассетаны алады, кассетаның бүтіндігін, құлақша қағазды және ондағы деректемелерді тексереді. Кассетамен бірге инкассаторға банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебінің кітабына қолхат қалдыра отырып банкомат сейфінің және оны басқару модулінің кілті, сондай-ақ кіру карточкасы беріледі. Кассетаны жеткізген соң инкассатор кіру карточкасын пайдаланып, бағыт парағында белгіленген кассетаны ішіндегі ақша қалдығымен алады, орнына жаңа кассетаны қойып, бағыт парағындағы деректер бойынша банкоматты басқару модуліне қойылған кассетадағы купюра саны мен номинал туралы ақпаратты енгізеді. Алынған кассеталарды, кілттерді, карточканы және банкоматтан алынған түбіртекті инкассатор банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебінің кітабында қолхат бере отырып кассирге тапсырады.
Жұмыс күні соңында касса меңгерушісі банкоматтарға толтырылған қолма-қол ақша сомасы туралы есеп береді және инкассатордан алынған түбіртекпен бірге күн есебіне тіркейді. Кезеңмен айына кем дегенде бір рет банкоматтарға толық босату жасалынады.
Депозиттік банкоматтарды қолдану кезінде инкассатор қолма-қол ақша қалдығы бар кассеталарды, клиент шотына қосу үшін салынған ақшасы бар конверттермен қоса әкеледі. Кассир касса меңгерушісінің қатысуымен конвертте көрсетілген соманы банкоматтарды басқару жүйесінен алынған мемориалды ордер деректерімен салыстырады.
Банктік карточкалар қолданылатын операциялар бойынша төлемдер тізімі - электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында эквайрер құрылысын және эмитенттің банктік карточкасы қолданылған операциялар бойынша екі және одан да көп құжат. Төлемдер тізімі несиелік ұйымдарда ашылған шоттар бойынша операция өткізуге негіз болады. Келтірілген анықтамада көрсетілгендей, төлемдер тізімі есеп айырысу құжаты статусына ие.
Эквайрердің төлемдер тізімі арнайы қатынас құралдары бойынша өңдеу үшін төлем жүйесіне жіберіледі. Осы рәсім негізінде төлем ұйымы эмитенттердің төлем тізімін құрады, онда белгілі эмитент ұстаушылары банктік карточканы қолданып өткізілген операциялар туралы деректер беріледі. Эмитенттердің төлем тізімі өткізілген операциялар сомасын ұстаушылар шотынан өтеу үшін оларға жіберіледі. Төлем ұйымы - эмитент пен эквайрер арасындағы есеп айырысуды реттеуге қатысады. Көрсетілген есеп айырысулар клиринг (өзара талаптарды есептеу) әдісімен жүргізіледі және әдетте «нетто-нетто» жүйесіне негізделеді. Оның мәні - әр қатысушы банк үшін оның барлық қатысушысына жіберген және алған қаржы аударымы туралы барлық тапсырмалардың жалпы көлеміне қатысты бірыңғай дебеттік немесе кредиттік сальдоға келу. Мұндай банктік тәжірибеде қалыптасқан дебеттік және кредиттік сальдоның аталуы - «таза сальдо» немесе «таза позиция». Бұл кезде әр эмитенттің немесе эквайрердің кредиторы және борышкері төлем жүйесі болып табылады.
Клиринг өз алдына операцияға қатысушы тараптардың өзара талап пен міндеттемелерін есептеуге негізделген қолма-қол емес есеп айырысу жүйесін ұсынады. Техникалық клиринг барлық есеп айырысулар өткізілетін арнайы шот ашуды білдіретін бірыңғай шоттар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.
Карточкалық операциялардың есебі есептің автоматтандырылған көмекші есеп деп аталатын жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Оны клиенттердің көмекші есебінің - карточка ұстаушылардың және сауда нүктелерімен жүргізілетін операциялардың көмекші есебіне бөлуге болады.
Информация о работе Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі