Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 14:55, курсовая работа

Описание работы

Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек өткен жүйедегі қағида ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.

Содержание

Кіріспе 3
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі 4
Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 6
Қазақстан Республикасының банктеріндегі есеп айырысуды ұйымдастыру
негізі 9
Есеп айырысу операциялары 11
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі 11
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі 13
Инкассалық өкімдермен есеп айырысу есебі 14
Чектермен есеп айырысу есебі 14
Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі 16
Вексельдермен операциялар есебі 17
Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі 20
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

      • чекпен есеп айырысу;

      • вексельмен есеп айырысу.

      Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне  тән көрсеткіштері болуға тиіс:

      1) төлем құжатының атауы;

      2) төлем құжатының номері, толтырылған  күні, айы, жылы;

      3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

      4) ақшаны аударушы банктің толық  аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

      5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

      6) бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

      7) төлемнің тағайындалу коды;

      8) санмен және жазбаша түрде  берілген төлем сомасы;

      9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);

      10) бенефициардың және ақшаны аударушының  салықты төлеуші ретіндегі тіркеу  номері (СТТН).

      Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР

      Ұлттың  банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына  сәйкес болуға тиіс.

      Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы

      Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы

      Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

      Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.

      

      1-сурет.  Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

      1 — тауарды (қызметті) жабдықтау, 2 — төлем тапсырмасын банкке  беру және шоттан қаражатты шегеру, 3 — бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу, 4 — бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау

      Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем — бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-сурет), тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-сурет), немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

      Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы. Оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады

      

      2-сурет  Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар, қызметтер) үшін төлемді алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.

      1 — алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісім шарт жасау, 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру, 3 — бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу, 4 — бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау 5— тауарды (қызметті) жабдықтау

      Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

      Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

      Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады  да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді.  Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 1 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

      Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп, төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі (3-сурет)

      

      3-сурет.  Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы.

      1 — тауарды жабдықтау (қызмет  көрсету), 2 — төлем талап-тапсырма-сын  аударушының банкіне жіберу, 3 —  есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі, 4 — төлеуге келісім берген есеп айырысу құжат-тары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегерімдері 5— бенефициардың банкіне каражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады, 6 — бенефициардың шотына қаражатты хабарлайды.

      Инкассалық  өкім — лизинг актілерде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

      Инкассалық  өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады.

      Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс

      Чекпен  есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісім шарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқығы беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса, аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

ҚР  банктеріндегі есеп айырысуды  ұйымдастыру негізі

      Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды.

      Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді.

      Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі нұсқасы бар:

      I нұсқасы — орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктердің бір-бірімен корреспонденттік қатынас орнатуы негізіндегі;

      II нұсқасы — орталықтандырылған, яғни коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар Ұлттық банктегі, яғни Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығында ашылған корреспонденттік шоттары негізінде жүргізіледі.

      Корреспонденттік  шот — бұл коммерциялық банктерге өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.

      Корреспонденттік  шотта банктердің меншікті қаражаттары  және оның клиенттерінің несиелік есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға:

      • банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарына  аудару және есептеу;

      • банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы  қорларымен және басқа ұйымдармен есеп айырысулары;

      • клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;

      • банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;

      • Ұлттық Банкпен кассалық операциялар;

      • берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа табыстар;

      • депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу;

      • банктің өзінің бюджетке төлемдері (салық);

      • банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар т.б. жатады.

      Корреспонденттік  шотты ашу үшін банктер мынадай құжаттарды Ұлттық банкке табыс етеді:

      • корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;

      • банк жарғысының көшірмесі;

      • банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның көшірмесі;

      - әр түрлі шоттарды жүргізу,  қаржыларды өтеу және қосу, сыйақы мен комиссиялық ақылар қосу операциялары;

      - кассалық операциялар (қолма-қол ақшаны қолма-қол емес ақшаға айналдыру операциялары және керісінше);

      - тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға байланысты акцептік операциялар;

      - төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік есептік индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);

      - банк төлемге келіп немесе  тапсырыс беруші болып табылатын,  банктің авальді (кепілді тапсырмасының) операциялары.

      Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудьң келесі нысандары қолданылады:

      - төлем тапсырмаларымен;

      - төлем талап-тапсырмаларымен;

      - инкассалық өкімдермен;

      - чектермен;

      - аккредитивтермен;

      - вексельдермен;

      - банктік карточкалармен. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Есеп  айырысу операциялары

Төлем тапсырмасымен есеп  айырысу есебі

 

      Ақша  аударымы резидент емес бенефициар есебіне  жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші  банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында  ақша аударымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.

      Алушы-банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын  немесе өтінішті оның жазылған күнін  көрсете отырып, он күнтізбелік күн  ішінде қабылдайды.

      Алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеуі  үшін, аталған төлем тапсырмасын орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс. Қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ету ақша жөнелтуші каржысының есебінен немесе келісімде көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.

      Төлем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:

Информация о работе Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі