Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 14:55, курсовая работа
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек өткен жүйедегі қағида ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Кіріспе 3
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі 4
Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 6
Қазақстан Республикасының банктеріндегі есеп айырысуды ұйымдастыру
негізі 9
Есеп айырысу операциялары 11
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі 11
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі 13
Инкассалық өкімдермен есеп айырысу есебі 14
Чектермен есеп айырысу есебі 14
Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі 16
Вексельдермен операциялар есебі 17
Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі 20
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25
- Чек кітапшасын қолдану мерзімдері;
- Чек берушінің чектің қолданылмаған бланктеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету тәртібі;
- Чек беруші банктің төленген чектерді есепке алу тәртібі;
- Чек берушінің жоғалған немесе ұрланған чектер, чек кітапшалары, чекке қол қоюға өкілеттілігі бар тұлғалар құрамының (заңды тұлғалар үшін) өзгеруі туралы чек берушінің банкті хабардар ету тәртібі;
- Чек беруші банктің чектерді төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы бар және жалған чектер туралы чек берушіні хабардар ету тәртібі;
- Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушінің төлеуі жөніндегі шарттары
- Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі;
- Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап қою тәртібі және тараптардың жауапкершілігі.
Чек кітапшаларын рәсімдеу кезінде чек жіберуші банктің өкілетті тұлғасы төмендегілерді орындауға міндетті:
- Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;
- Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе қойылған сыртқы бетін толтыруға:
- чек берушінің аты-жөні немесе атауы;
- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (занды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі, кім және қашан бергені;
- чек беруші банктің жеке банктік коды;
- чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);
- чек кітапшасын колдану мерзімі;
чек кітапшасындағы санмен және жазумен (соманы жазу жолдың шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып, санмен жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен жазылған сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады);
- чек кітапшасының берілу күні;
- өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі;
-
Чек кітапшасының әрбір
-
мөртаңбамен көрсетіп чек
- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның муддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;
- салық төлеушінің - чек берушінің тіркеу нөмірін қою;
- Чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлға қолының және мөр бедерінің (заңды тұлғалар үшін) үлгілері бар құжатты қабылдауға;
-
Чек кітапшаларын тіркеу
-
Чектерді қолдану туралы
Чек алуға өтініш кәсіпорын жетекшісінің, аға бухгалтердің қолымен және мөрмен бекітіледі.
Чек заңды және жеке тұлғалармен өзара есеп айырысу кезінде алынған тауарлы-материалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ басқа да жағдайлар үшін қабылданады.
Чектер келесі түрлерге бөлінеді:
-
есеп айырысу чек
-
аманатшының чек
Мүдделі банктер арасында клиринг палатасының қатысынсыз алғашкы клиринг өткізіледі, ол негізгіге қарағанда көмекші болып саналады. Негізгі клирингтің жұмысы басталғанға дейін чектердің бір бөлігін алдын-ала өзара алу және тапсыру негізінде банктер арасында өткізілетін клиринг алғашқы клиринг деп аталады.
Чектердің алғашқы клирингіне қатысатын банктер клиринг палатасында алдын ала негізгі клиринг басталғанға дейін өзара чектер алмасады, ал клиринг палатасына тізбелер әкелінеді, солардың негізінде чектердің алғашқы клирингіне қатысатын банктердің таза позициясы есептеліп шығарылады. Чектердің алғашқы клирингіне катысқан банктердің таза позициялары чектердің негізгі клирингінің нәтижесіне қосылады.
Аккредитив - банктің бір немесе бірнеше банктерге аккредитивте көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.
Аккредитивтік операция - банктің күрделі делдалдық операциясы.
Банктер аккредитивтік операцияларды жүргізумен қатар аккредитивті ашқаны және немесе жүргізгені үшін клиенттерден комиссиялық ақы алады.
Аккредитивтің негізгі түрлеріне ақшалай және құжаттық аккредитивтер жатады.
Ақшалай
аккредитив - бұл клиенттің банкке
ақша сомасын енгізгендігін
Құжаттық аккредитив - клиент өтініші және нұсқауы бойынша немесе жеке өз қарауы бойынша, онда көрсетілген бенефициарға немесе оның бұйрығы бойынша төлем жүргізуге банктің міндеттемесін қарастыратын құжаттың есеп айырысу нысаны, сондай-ақ бенифициар қойған аудармалы вексель акцепті мен төлемін немесе аккредитивтің барлық шарттары сақталған жағдайда, белгіленген мерзімде аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы негоциацияны көрсетеді, яғни сәйкес құжатты көрсеткен кезде төленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен кепіл операцияларын өткізуге лицензиясы болған жағдайда ғана банк аккредитив ашуға құқылы. Аккредитив ашу үшін бұйрық беруші қызмет көрсетуші эмитент банкке келесі деректемелерден тұратын өтінішті ұсынады:
- бұйрық берушінің аты және мекен-жайы;
- бенефициардың аты және мекен-жайы, оның банктік деректемелері;
- эмитент банктің аты;
- аккредитив түрі;
- аккредитив сомасы;
- аккредитив бойынша банктік шығындарды жабатын тараптар аты.
Қайтарылатын аккредитив - эмитент-банк бенефициарды алдын ала хабардар етпестен өзгерілетін немесе жойылатын аккредитив, яғни оның қызметі онда көрсетілген мерзім басталғанға дейін тоқтатылуы мүмкін.
Қайтарылмайтын аккредитив - банк пен бенефициарды сендіретін эмитент банктің келісімінсіз өзгертуге және жоюға жатпайтын аккредитив, яғни уақыты өткенге дейін жоюға құқы жоқ белгілі бір мерзімге ашылады.
Егер аккредитив көрсетілген құжаттар эмитент банкке немесе оны орындаушы банкке ұсынылса және барлық шарттары сақталса, онда қайтарылмайтын аккредитив эмитент банктің келесі әрекеттерді орындауға нақты міндеттемесін көрсетеді:
Жабылған аккредитив - клиент қаржысы есебінен жабылатын аккредитив.
Жабылмаған аккредитив - банк есебінен есеп айырысуға кепілдік жасалатын аккредитив.
Вексельдермен операциялар - бұл банк кызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Біздің елімізде соңғы кезге дейін аталған операциялар басқа банктік операциялармен салыстырғанда, оларды шектеп қолданумен және оларды жүзеге асырудың бірыңғай механизмінің болмауымен байланысты төмен дамыды. Бірақ 1997 жылғы 28 сәуірден Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңының қабылдануымен жай және аудармалы коммерциялық вексельдермен операциялар өткізу тәртібі анықталды. Вексельдер нарығынын басты міндеті - қысқа мерзімді ақша қаржыларын қайта бөлу, бұл кезде коммерциялық және қаржылық вексельдер нарық объектісі болып табылады.
Вексельдер шығару негізіне жататын қызмет мақсаты мен сипатына, сондай-ақ қамтылуына байланысты:
- коммерциялық;
- қаржылық;
- тұрақты вексельдерге бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды несиеге сату-сатып алу қызметі негізіндегі айналымда пайда болады, сатып алу кезінде ақшасы жеткіліксіз болса, сатушыға оның орнына басқа төлем құралы - вексель ұсынылады.
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті операцияларды өткізуге құқық беретін лицензиясын иемдене отырып, операциялардың вексельдермен байланысты келесі түрлерін өткізе алады:
• вексельдерді инкассоға қабылдау;
• делдалдық тәртіпте вексельдерді акцептеу;
• төлеушінің инкассоға қабылданған вексельдерді төлеу бойынша қызметтер ұсынуы, сондай-ақ домицильдік вексельдерді төлеу. Бұл операцияларды банктер вексельдермен операцияны жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда жүргізе алады;
• вексель бойынша міндетті тұлғалардың бірі үшін аваль қою. Бұл операция кепіл операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банктерде жүргізіледі;
• вексельдер есебі.
Бұл операцияларды вексель есебін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктер жүргізеді. Вексельдерді инкассоға қабылдау үшін инкассат пен сенуші немесе ремитент-банк арасында келісім жасалынады, бұл кезде инкассолау инкассоға жасалған тапсырма негізінде жүзеге асырылады.
Инкассо
тапсырмасындағы негізгі
- инкассоға тапсырма жазу күні;
- сенуші4 аты;
- ремитент банктің аты, қажет болған жағдайда инкассолаушы банктің;
- вексель бойынша төлеушінің, вексель төлем немесе акцепт бойынша ұсынылатын тұлғаның аты;
- төлеуші банктің аты (егер бар болса);
- вексель бойынша төлеушінің немесе домицильдің пошталық мекен-жайы (жеке тұлғалар мекен-жайы немесе занды тұлғаның орны);
- вексель бойынша төлем мерзімі;
- төлем орны;
- акцептің болуы немесе акцепті алу қажеттілігі;
- вексель бойынша міндетті басқа да тұлғалардың аты-жөні, мекен-жайы және орны;
- сенушінің төлем алу немесе акцепт туралы тәртібі мен тәсілі туралы нұсқау;
- вексель бойынша акцептсіздік немесе төлемсіздік жағдайында қарсылық немесе басқа да әрекет қатынасындағы арнайы нұсқаулар;
Информация о работе Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі