Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 14:55, курсовая работа

Описание работы

Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек өткен жүйедегі қағида ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.

Содержание

Кіріспе 3
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі 4
Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 6
Қазақстан Республикасының банктеріндегі есеп айырысуды ұйымдастыру
негізі 9
Есеп айырысу операциялары 11
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі 11
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі 13
Инкассалық өкімдермен есеп айырысу есебі 14
Чектермен есеп айырысу есебі 14
Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі 16
Вексельдермен операциялар есебі 17
Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі 20
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

Жоспар: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

      Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан материалдың бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді.

      Колма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың  кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың  дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны болып табылады. Банктегі ағымдың шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.

      Шаруашылықтағы  қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.

      Нарықтың  шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың  өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдың  жауапкершілігін ескеруі тиіс.

      Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек өткен жүйедегі қағида ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.

      Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісімшарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.

      2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттың Банк Басқармасы бекіткен «Қазақстан Республикасының банктерін деп клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» № 266 нұсқаулығына сәйкес төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы байқалады, себебі барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді.

      Менің курстық жұмысымның тақырыбы ретінде  «Қолма-қолсыз есеп айырысудың есебін» алған себебім, кез-келген шаруашылық операциаларға төленетін төлемнің көлемі үлкен болса, банк шотындағы қаражаттармен өтеледі. Банктен несие алынады;бюджетке аударылатын салықтар төленеді;депозиттік қорларға  қаражаттар салынады;үлкен корпорация  қызметкерлеріне жалақы төлеу де банк арқылы жүзеге асады.Жалпы өмірде жүзеге асатын қызметтердің төлемі банктегі шот арқылы жүзеге асырылады.

      Мен курстық жұмыс жазу барысында:

1)Қазақыстан  Республикасының заңын;

2)№6  Бухгалтерлік Есеп Стандарттарын;

3)№16 Халықаралық  Бухгалтерлік Есеп Стандартын

4)”Қазақыстан Республикасының Ұлттық банкі және банктері туралы“ Заңын қолдандым.

Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі

Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары

 

      Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады. Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

      • өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда,

      • ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде,

      • банк несиелерін алу және қайтаруда;

      • бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;

      • халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда,

      • басқа да банкаралық есеп айырысуларда.

      Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі — бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.

      Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

      Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің  жауапкершілігі;

      Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиісті.

      Біздің  елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру  негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістерше толық сәйкес келген болатын.

      Бұл қағидалар әсіресе мыналарға  қатаң қарайды:

       төлеу орны — банқ, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;

       төлеу уақыты — өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тыйым салынды;

       төлеушінің келісімі — төлеудің негізіне жатады;

       төлеу көзі — сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;

       қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

      Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

      Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар  жатады:

      Бірншіі қағидасы барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.

      Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды  ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:

      1) төлемнің мерзімділігі;

      2) төлемнің қамтамасыз етілуі.

      Төлемнің мерзімділік қағидасы — шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық иіарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нүсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асырады.

      Мерзімді  төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

      • сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын  жібергенге немесе қызметін көрсеткенге  дейін, яғни аванстың төлем түрінде;

      • сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;

      • сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін — қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.

        Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.

      Мерзімінен  бұрынғы төлемдер — бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.

      Мерзімі кешіктірілген төлемдер — бұл көзделген уақытта қарыздың міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.

      Мерзімі өткен төлемдер — бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.

      Төлемнің, қамтамасыз етілу қағидасы — бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді.

      Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.

      Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-бірімен  өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.

      Демеқ қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары — бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем түралы ретінде қызмет етуін білдіреді.

      Валюталық шотта жүргізілетін бухгалтерлік өткізбелердің  кейбіріне назар аударалық:

      Кесте 1

 
Шаруашылық  операциялар мазмұны Сомма Шоттар  корреспонденциясы
Дт Кт
1 Валюталық шоттан банк несиесі төленді 250000 3010 1050
2 Валюталық шотқа  тоқыма фирмасының кассасынан ақша аударылды 50200 1050 1010
3 Валюталық шоттан тауарлар, көрсетілген қызметтер  үшін шетелдік жабдықтаушыларға төлемдер төленді 105800 3310 1050
4 Валюталық шотқа  шетел валютасымен банк несиесі  кірістелді 50000 1050 3010/2
5 Валюталық шотқа  үлес қосушылардан жарғылық капиталға  салым ретінде шетел валютасы қабылданды 185000 1050 5020
6 Валюталық шотқа  тауарлар үшін сатып алушылардан  төлемдер түсті 80000 1050 1210/2

Қолма-қолсыз есеп айырысу   құралдары

      Казақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000 = ( 4000 X 872 ) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

       төлем тапсырмасы:

      • төлем талабы-тапсырмасы;

      • инкассалық үкім;

Информация о работе Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі