«Шаншаров-Фарм» ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Елдiң экономикалық және әлеуметтiк дамуындағы өзгерiстерге сәйкес еңбек ақы саясаты, әлеуметтiк қолдауы және қызметкерлердi қорғауы да өзгеріп тұрады. Бұл саясаттың iске асырылуы мемлекеттiң көп функциялары кәсіпорынға тікелей тапсырылған, яғни еңбек ақы формасы, жүйесі және еңбекақы мөлшерінің белгіленуі. Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………….......3
I. КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………….....5
1.1 Кәсіпорында еңбекақы ұйымдастырудың экономикалық мәні мен қағидалары……………………………………………………………………………....5
1.2 Қазақстан Республикасындағы басқарушылық персоналына еңбекақы жүйесін ұйымдастырудың әдістемесі………………………………………………………….10
II. «ШАНШАРОВ-ФАРМ» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ…………………………………………………….14
2.1 «Шаншаров-Фарм» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау...............................14
2.2 «Шаншаров-Фарм» ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды талдау………………………………………………………………………………..…23
3. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………………………31
3.1 «Шаншаров-Фарм» ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………………….31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………....38

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.doc

— 339.00 Кб (Скачать)

   серіктестіктің  лауазымды тұлғаларды мүліктік жауапкершілікке  тарту туралы шешімдерді қабылдау;

   - серіктестіктің бүкіл мүлкін  кепілге беру туралы шешім  шығару.

   Серіктестіктің  атқарушы органы – директор болып  табылады, ол қатысушысына есеп береді және бұның шешімінің орындалуын ұйымдастырады. Қатысушысымен директор тағайындаған кезде олардың еңбек қатынасы еңбек заңына сәйкес келісім шарт негізінде реттеледі.

           Қатысушысының ерекше құзыретіне жататын мәселелерден басқа мәселелерге директор құзыретті болады және де сонымен бірге:

   - күнделіктегі және перспективалық  жұмысын іске асырады;

   қатысушысының шешімін орындалуын ұйымдастырады  және оған орындалуы туралы есеп береді;

   - серіктестіктің мүлкіне, қаражатына  қатысушымен көрсететін шегі мен билік жүргізеді;

   - сенімхатсыз келісімдерге, міндеттемелерге  серітестік атынан жасайды және  орындалуын бақылайды;

   - банктерде есеп және басқа  шоттарды ашады;

   -серіктестіктің  еңбек коллективімен орындалатын  бұйрықтар және нұсқаулар береді;

   - серіктестіктің қызметкерлерін  қабылдауын және жұмыстан босатылуын  жүзеге асырады;

   - серіктестіктің өкілі болуға  сенімхаттар береді;

   - серіктестік жарғысымен серіктестіктің  қатысушысының және бақылау органының  құзыреттеріне жатқызылмаған басқа да уәкілдігін және де қатысушысымен берілген уәкілдіктерін жүзеге асырады.

             Серіктестіктің табысы бір жыл  ішіндегі өз қызметінің нәтижелері  бойынша қаржы есебі негізінде  анықталады.

         Серіктестіктің табысы еңбек ақысын төлеуге шыққан шығынның орнын толтыру және шаруашылық іс-әрекеттің нәтижісінде түскен заттың түсімінен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс түсіру болып табылады.

          Салық пен еңбек ақыға және басқа бюджеттік төлеу өтелгеннен кейін, серіктестікке қалған табыс, серіктестіктің меншігі болып табылады және оны онан арғы жұмыс үшін және арғы дамуы үшін жұмсалады.

          Таза табыстың бір бөлігі, өндірісті дамытуға және серіктестіктің мұқтаждығы орындалуына қаржы бөлінгеннен кейін, серіктестік қатысушысының бөлігінде қалады.

   Қатысушы  серіктестіктің жарғылық капиталындағы  өз үлесіне сәйкес бөлігін алуға  құқылы. Төлемді серіктестік бір  ай ішінде ақшалай нысанда жасауға  тиіс. Қатысушы серіктестіктің жарғылық капиталы толық төленгенге дейін  табысты алуға құқығы жоқ. Серіктестіктің шығындары сақтық капиталынан, егер капитал қаржысы жетіспесе серіктестіктің иелігіндегі басқа қаржылар есебінен, егер бұл да қаржылар жетіспесе серіктестіктің мүлкін сату есеьінен өтеледі. Сақтық капиталдың қаржысы жетіспесе шығындарды өтейтін кездері туралы мәселе құрылтайшысымен шешіледі. Серіктестік жарғылық капиталдан 10 пайыз мөлшеріндегі сақтық капиталды құрады. Сақтық капитал серіктестіктің жылма-жылғы түсірген таза табысынан 5 пайыз мөлшерінде ақша аудару арқылы іске асырылады. Егер сақтық капиталдың қаражаты таусылып қалған жағдай болса, оған ақша аудару жасартылады.

      Жалпы «Шаншаров-фарм» ЖШС-і   көтерме бағамен алған дәрі  өнімдері мен өзі шығаратын  медициналық орау бұйымдарын  өткізу арқылы экономикалық және  қаржылық жағдайын көтерумен табыс табу жолында бизнеспен шұғылданады.

   «Шаншаров-фарм»  ЖШС-нің басшысы медициналық қызмет көрсетудің стратегиялық тұрғыдағы  дамуының жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін жоғарлату, ұжымды басқару, қаржы – экономикалық қызметін бақылау, барлық бөлімшелер қызметін ұйымдастыру сияқты қызметтерді атқарады. Мұнда менеджмент саласы бойынша басқару жақсы дамыған. Директордың орнын басушы негізінен ұйымдастырушылық және әкімшілік сұрақтармен айналысады, яғни кадрларды таңдау, қызметкерлерді жұмысқа алу және жұмыстан шығару,келісімдер мен шарттар жасасу, банкте шоттар ашу, дәріхана қызметкерлерінің өз жұмыстарының дұрыс орындалуын бақылау.

   «Шаншаров-фарм»  ЖШС-нің  қаржы –экономикалық  қызметін есеп беру бөлімшесі атқарады. Есеп беру бөлімшесі ақша операцияларының есебін жүргізіп, жалақы беру, төлемдік міндеттемелерді толтырып, түсімді банк шоттарына ауыстырады. Бас – есепші – Директордан кейін екінші болып қол қоюға құқығы бар, материалды жауапты тұлға. Сонымен қоса, бұл бөлімше қаржы менеджменті сұрақтарымен де айналысады және өз қызметінде механизация мен автоматизация құралдарын, бухгалтерлік есептің программалық формалары мен әдістерін қолданады.

   Жалпы, «Шаншаров-фарм» ЖШС-нің қызметкерлерінен тұратын ұйымдық құрамын төмендегі суретте көрсетілген (3-сурет) 
 

     

   3-сурет «Шаншаров-фарм» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы 

   Бүгінде кәсіпкерлік сыртқы және ішкі факторлардың ықпалында. Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасын талдауда екі факторды ескеру қажет: Сыртқы және ішкі ықпалдардың мөлшері және ортаның құбылмалылық дәрежесі. Шағын кәсіпкерлікке ықпал ететін барлық сыртқы әсерлерді макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады. Ішкі немесе бақылаушы факторларға кәсіпорынның қызметімен тікелей байланысты факторлар жатады. Ортаның макроәсер етуін бес салаға бөлуге болады:

  1. Экономикалық факторлар
  2. Мемлекеттік реттеу
  3. Әлеуметтік факторлар
  4. Ресурстық факторлар
  5. Технологиялық факторлар

   Бұл жұмыста шағын кәсіпкерліктің мемлекет тарапынан реттелуі мен қолдау көрсетілуіне көп мән берілген.

   Персоналға  байланысты жүргізілген саясат:

   -жұмысшылар  еңбегі нақты сағаттық еңбек  ақымен төленеді;

   -Жарты  жыл нәтижесінде сатудың белгіленген  көлемін атқарғаны үшін        қосымша төлемдер төленеді;

   -Мерзімінен  тыс жұмысқа ақы төленбейді;

   -жоспар  бойынша қызметтердің квалификациясын  жоғарылатуға, аймақтық қызметкерлер  арасында тәжірибемен алмасуға  жағдай жасау;

   -уақытша  жұмысқа келісім негізінде басқа  да мамандарды тарту.

         Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.  

3 кесте  – Кәсіпорынның  технико-экономикалық көрсеткіштері 

 
 
 Көрсеткіштер өнім  бірлігі  2009 2010   ауытқу
(+;-) %
1 Өткізілген  өнімнен түскен табыс Мың,тг 34659,4 41757,1 7097,7 120,5
2 Өткізілген  өнімнің өзіндік құны Мың,тг 16546,2 19698,5 3152,3 119,05
3 Жалпы табыс Мың,тг 18113,2 22058,6 3945,4 121,8
4 Кезең шығындары Мың,тг 4748,9 9634,3 4885,4 202,9
5 Негізгі қызметтен  түскен табыс Мың,тг 13364,3 12424,3 -940  
6 Негізгі емес қызметтен  түскен табыс Мың,тг 152,6 21,0 -131,6  
7 Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс Мың,тг 13516,9 12445,3 -1071,6  
8 Таза табыс Мың,тг 9461,8 8711,7 -750,1  
9 1 тг өнімнің  өзіндік құны  тг 0,61 0,70 0,09 114,7
10 Өнім рентабельділігі     % 44,4 29,7 -14,7  
11 Сату рентабельділігі      % 27,3 20,9 -6,4  
12 Өндіріс рентабельділігі     % 28,9 25,6 -3,3  
13 Жұмыскерлер саны адам 43 37 -6  
14 Жұмысшылар  саны адам 34 33 -1  
15 Бір жұмыскердің  еңбек өнімділігі Мың,тг 806,03 1128,6 322,57 139,9
16 Бір жұмысшының еңбек өнімділігі Мың,тг 1019,4 1365,4 246 124,1
17 Жұмыскерлердің еңбекақы қоры Мың,тг 8050,6 8241,3 190,7 102,3
18 Жұмысшылырдың еңбекақы қоры Мың,тг 7258,3 7710,4 452,1 106,2
19 1 жұмыскердің  орт.  айлық  еңбекақы қоры    тг 15601,9 18561,5 2960 119
20 1 жұмысшының  орт. айлық еңбекақысы   тг 17790,0 19470,7 1680,4 109
21 Негізгі құралдардың  орт. жылдық құны Мың,тг 12420,8 11560,0 -8608  
22 Амортизация нормасы     % 14,7 14,3 -0,4  
23 Айналым құралдарының орт. жылдық құны Мың,тг 20360,5 22452,2 2091,7 110
24 Қор қайтарымдылығы    тг 2,8 3,6 0,8 128,6
25 Қор сиымдылығы     тг 0,35 0,27 -0,08  
26 Қормен қарулану Мың,тг 12,2 9,1 -3,1  
27 Амортизация соммасы Мың,тг 1831,2 1656,3 -174,9  
  Кесте ЖШС «Шаншаров-Фарм» көрсеткіштері  негізінде құралған
 

         Табыстылықтың бірінші абсолютті  көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

            Кестеде кәсіпорынның өнімді  өткізуден түсетін табыс көлемін  7097,7 мың теңгеге арттырғаны көрсетілген.  Өнімді өткізуден түсетін табыс 2009 жылы 34659,4 мың теңгені құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 41757,1 мың теңгені құрап тұр. Яғни 120,5 пайызға өнімді өткізуден түскен табыс нақты құрап тұр.

            Табыстылықтың екінші абсолютті  көрсеткіші – жалпы табыс.  Ол өнімді өткізудің қаржылық  нәтижесін білдіреді және негізгі  қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден  түскен табыс пен өткізілген  өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

            Жалпы табысқа әсер ететін  маңызды фактор өндірістік өзіндік  құн, сондықтан оның төмендеуі  оның көлеміне көп әсерін тигізеді.

            Кәсіпорын табысы бағаның өсуі  есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық парметірлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

           Аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша кестені талдау керек.

            Жалпы табыстың 2009 жылы көлемі 18113,2 мың теңге, 2010 жылы 22058,6 мың теңге, яғни жалпы табыс көлемі 3945,4 мың теңгеге өскен.

         Бұл ауытқуға келесі факторлар  әсер етті:

    1) өткізілген өнімнің өндірістік  өзіндік құны;

    2) өнім бірлігінің бағасы;

    3) өткізілген өнімнің көлемі;

    4) өткізілген өнім құрамындағы  құрылымдық өзгерістер;

         Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

                             Д = Д – Р        (8) 

    Мұндағы, Д - негізгі қызметтен алынған табыс;           

                      Д - жалпы табыс;

                      Р - кезең шығындары;

            Жалпы табыс көлемі қаншалықты  көп және өткізілген өнімнің  өндірістік өзіндік құнына кірмейтін  тұрақты шығындары білдіретін  кезең шығындары қаншалықты аз  болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. 2009ж. негізгі қызметтен түскен табыс 13364,3 мың теңгені құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 12424,3 мың теңгені құрады. Осыдан қарап негізгі қызметтен түскен табыс керісінше төмендегені байқалады. Ол -94 мың теңгені құрайды.

            Таза табыс =салық салынғанға  дейінгі табыс-(30%).

       2009 жылы Таза табыс(9461,8) =13516,9 – 4055,07

       2010 жылы Таза табыс(8711,7) =12445,3 – 3733,6    

      Ауытқу =2010-2009;   8711,8-9461,8=-750,1мың теңге, яғни салық салынғанға дейінгі жиытық табыстың кемуіне байланысты таза табыс -750,1 мың теңгеге кеміді.

           өнім рентабельділігі=-14,7% көрсетіп  тұр, яғни таза табыстың кемуіне  байланысты.

             Сату рентабельділігі = -6,4% кеміді.

             өндіріс рентабельділігі =-3,3 % кеміді.

   Кәсіпорында жұмыскерлер саны 2009ж. 43 адам болса, 2010ж. Олардың саны 37 адам болды. Яғни кәсіпорында адам саны 6-ға қысқарды.

   Жұмысшылар  саны 1 адамға қысқарды.

   Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі 3225,7 мың теңгеге өсті. Ал бір жұмысшының еңбек өнімділігі 246 мың теңгеге артқан. Осыған байланысты жұмыскерлердің еңбекақы қоры 190,7 мың теңгег өскен, жұмысшылардың еңбекақы қоры 452,1 мың теңгені құрайды.

     1 жұмыскердің орташа еңбекақы  қоры 2960 теңгеге өскен;

     1 жұмысшының орташа еңбекақы  қоры 1680,4 теңгеге өскен;

        

     
 
 

2.2 «Шаншаров-Фарм» ЖШС-де   еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды талдау 

   Еңбекақыға  кететін қаражаттарды бұлайша жұмсау керек, өнімділіктің өсу қарқыны  еңбектің өсу қарқынынан жоғары болатындай. Тек осындай жағдайларда өнімділікті  кеңейтудің жағдайлары туады.

Информация о работе «Шаншаров-Фарм» ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары