«Шаншаров-Фарм» ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Елдiң экономикалық және әлеуметтiк дамуындағы өзгерiстерге сәйкес еңбек ақы саясаты, әлеуметтiк қолдауы және қызметкерлердi қорғауы да өзгеріп тұрады. Бұл саясаттың iске асырылуы мемлекеттiң көп функциялары кәсіпорынға тікелей тапсырылған, яғни еңбек ақы формасы, жүйесі және еңбекақы мөлшерінің белгіленуі. Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………….......3
I. КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………….....5
1.1 Кәсіпорында еңбекақы ұйымдастырудың экономикалық мәні мен қағидалары……………………………………………………………………………....5
1.2 Қазақстан Республикасындағы басқарушылық персоналына еңбекақы жүйесін ұйымдастырудың әдістемесі………………………………………………………….10
II. «ШАНШАРОВ-ФАРМ» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ…………………………………………………….14
2.1 «Шаншаров-Фарм» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау...............................14
2.2 «Шаншаров-Фарм» ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды талдау………………………………………………………………………………..…23
3. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………………………31
3.1 «Шаншаров-Фарм» ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………………….31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………....38

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.doc

— 339.00 Кб (Скачать)

   • 1-8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;

   • 6-15 разрядтар бойынша сызықиық қызметкерлер;

   • 4-11 разрядтар бойынша – орта білімді  мамандар;

   • 7-15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар;

   • 10-20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық  қызметтердің басшылары;

   •  9-21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер;

   ҚР–ның  бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің  еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлерінің дәрежесін  міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға  қатысты тарифтік коэффиценттерін  көрсете отырып, әртүрлі топтардағы қызметкерлердің еңбекақысындағы арақатынастары мәтінін көрсетеді. 
 
 

   Еңбекақыны  төлеудің разрядтары    Тарифтік  коэффиценттері    Еңбекақыны  төлеудің разрядтары    Тарифтік  коэффиценттері
   1    1,0    12    2,20
   2    1,07    13    2,37
   3    1,15    14    2,55
   4    1,24    15    2,74
   5    1,33    16    2,95
   6    1,43    17    3,17
   7    1,54    18    3,43
   8    1,66    19    3,67
   9    1,78    20    3,94
   10    1,91    21    4,24
   11    2,05          

 Кесте 1- Еңбекақы төлеудің разрядтары мен төлеу коэффициенттері 

   Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының  жүйесі қолданылады. Лауазымда жалақы қызметкерлердің (ереже бойынша, ұйым қызметкерлерінің орташа еңбекақысының пропорциясындағы) атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсалюттік мөлшері.Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:

  • тарифтік жүйе;
  • еңбекті нормалау;
  • еңбекақы төлеудің нысаны.

   Тарифтік  жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы  қызметкерлердің еңбектерінің сапалық  сипаттамасына тәуелді, олардың  еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігі қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.

   Тарифтік  жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын  тарифтік жүйе,
  • еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың   (біліктілік) әр түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;
  • тарифтік жүйемен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік- біліктілік анықтамалар кіреді.

       Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің  күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

   Тарифтік  разряд- қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады, біліктілік разряд – қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.еңбекті тарифтеу және тарифтелу  разрядының кызметкерлерге иемденіп кетуі кызметкерлердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

   Еңбекақыны  ұйымдастыру 

     

   1-сурет. Еңбекақыны ұйымдастырудың құрылымы 

   Еңбекақы  жүйелерінде қайта құру еңбек  министрлігімен әлеуметтік қорғау бағдарламаларына сәйкес келесі бағыттарда жүзеге асырылады.

   1. Бірыңғай тарифтік торды жаңарту;

   2. Жалақыны мемлекеттік реттеу;

   3.Жұмыс  берушілердің еңбекақыны уақтылы беруге жауапкешіліктердің жоғарлауы;

   4, Кәсіпорынның қаржысына және  пайдасына ұжымның қатысуы;

   5. Әлеуметтік серіктестердің дамуы.

   Таяу  уақытқа дейін жалақы деп –  жұмысшылар арасындағы еңбек бойынша  бөлінетін қоғамдық өнімнің үлесі танылып келеді.

   Бүгінде жалақы бұл – құнның ауыспалы формасы, жұмысшы күшінің бағасы. Ал ол –  жұмыстың ақырғы нәтижесіне байланысты жұмысшының өмірлік қорлараның негізгі  бөлігі. Қазақстанда әзірше жұмысшы  күшінің бағасына жалақы категориясын бекітуге жағдайлар жасалған жоқ.[8]

   Жұмысшының  табысының мәні жалақы заңында көрсетіледі, жалақы жұмысшы күшінің құнымен  немесе бағасымен анықталады. Жұмысшы  күшінің заңы бұл – икемді экономикалық заң, өйткені табыс деңгейі үнемі құбылып отырады, жұмысшылардың өмірінің жағдайына сәйкес өзгеріп отырады. Мейлінше жалпы алғанда, еңбекақы деп – жұмыскерге оңың еңбегін пайдаланғаны үшін төленетін құралдар сомасын түсінуге болады. Оның негізінде жұмысы күшінің бағасы жатыр. Бұл категорияның мәнін қазіргі шет елдің зерттеушілері шамамен осылай анықтайды. 

1.2 Қазақстан Республикадағы басқарушылық персоналына еңбекақы жүйесін ұйымдастырудың әдiстемесi 

   Есептеп шығару барысында еңбекақы негiзгi және қосымша болып бөлінеді.

   Негізгі — бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Ал қосымша - бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы.

   Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын  сақтау көзделген (ақшалай нысандағы  төлемі), олардың заңмен арнайы есептеу  тәртібі белгіленген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне және келтірілген  зиянды есептеу кезінде және олардың  еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:

   — ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек  шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезінде, босанғандарға компенсация есептеу  үшін;

   — үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша  еңбеккерлерді армияға шақырғанда;

   — пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу  үшін;

   — қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;

   — шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінәсінен  емес) уақытына төлем жасау кезінде;

   — басқа да әлеуметтік төлемдер жасау үшін.

   Орташа  жалақы — бұл белгілі бір уақыт  кезеңінде, еңбеккерлердің жалақысынан  алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға). Оны есептеу  үшін он екі календарлық айлар  және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те атайды.

   Орташа  жалақы белгілі бір құбылыстармен  байланысты жағдайларды есептеу  үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация  есептеу үшін, екіқабат және бала табуына  байланысты жәрдемақыны есептеу  үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін және т.б.

   Еңбекақыны  ұйымдастыру тікелей келесі  негізгі  элементтерден тұрады.

   1. Еңбекақы қорын қалыптастыру;

   2. Еңбекті норммалау;

   3. Тарифтік жүйені қалыптастыру;

   4. Еңбекақы жүйесін және формасын  анықтау;

   Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек  өлшемі мен еңбекақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.

   Шарушылық субьектілерінде барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу  және есептеу үшін мерзімді және кесімді нысандары қолданылады.

   Мерзімдік еңбекақыға – жұмыс істеген уақытта  сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері  бойынша өнім өндіргені немесе өндірілгеніне  қарамастан жұмыста болған уақытына есептелінеді. Өндірілген өнімі мен  істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы төленеді. Мысалы: автаматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге, шарушылық субъектісінің басшыларына, қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және т.б.

   Мерзімдік еңбекақының төмендегідей жүйелері бар:

   1.жай  мерзімді.

   2. мерзімді сыйлықты.

   Жай мерзімді жүйесі бойынша- жұмысшылар мен  қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген  уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

   Мерзімдік сыйлықты- жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген  тұрақты еңбекақысына қосымша олардың  өндірген өнімдердің көлеміне, санына, сапасына және т.б көрсеткіштердің  өсуіне қарай сыйлық  беру болып табылады.мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.

   Еңбекақы  мына формула бойынша есептелінеді:

   ЕА=ТС+ПУ, (1)

   Мұндағы:

   ЕА- еңбекақы;

   ТС- біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлемесі;

   ПУ- нақты пайдаланылған уақыт;

   Кесімді еңбекақы – жұмысшы-қызметкерлердің  еңбек өнімділігін өсіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатында қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді нысанын қолданғанда жұмысшы қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнім көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленегн кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.

   Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында  өндірілуге тиісті өнім көлемі мен  сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт  мөлшері бір жұмысты орындауға  керек, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген  уақыт болып табылады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт ішінде жасап шығарылатын, өндірілетін өнімнің саны мен көлемімен анықталады.Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген (тиімді) кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің санына және сапасына тәуелді. Табыс мына формула бойынша анықталады:

   ЕА=КБ*ӨМ (2)

   Мұндағы:

   ЕА- еңбекақы;

   КБ- өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;

   ӨМ- дайындалған өнімнің мөлшері.

Информация о работе «Шаншаров-Фарм» ЖШС-де еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары