Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 23:31, курсовая работа
Қазақстан экономикасының ашықтығы және стратегиялық өндірістік объектілерге шетел инвесторларын тарту жағдайында агробизнестегі қызметкерлерді басқару мәселелері осы салаға өз стандарттарын енгізіп жатқан батыс менеджменті әсерінде қалыптасуда.
Қазақстанда жұмыс атқарып және әлемдік нарықтарда өз өнімінің үлкен бөлігін жүзеге асырып келе жатқан ірі кәсіпорындарда, қызметкерлерді басқару мәселесін жүйелі жолға қойып, өз кәсіпорындарында шетел моделдерін енгізумен шұғылданып келеді. Себебі, қызметкерлерді басқарудағы тиімді пайдалану кәсіпорынның бәсекеге қабілетін көтерудің негізі болып отыр.
Қызметкер - «кадрлар» түсінігін қамтитын неғұрлым кең ұғым болып табылады, сондықтан қызметкерлерді басқару негізі болып ұйым мақсаттарына жету, өндірістік жүйелердің қызмет етуінде жұмыскерлердің потенциалын неғұрлым толық және тиімді пайдалану мен дамыту тұрғысынан қарағанда өндіріс процесінде қызметкерлердің арақатынасы өте маңызды орын алады.
Кіріспе..........................................................................................3
І бөлім. Персоналды басқарудың теориялық негіздері.
1.1.Қызметкерлерді басқару жүйесі және функциялары.................4
1.2.Қызметкерлерді басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы.....................................................................................7
1.3.Басқару жүйесін құру қағидалары мен әдістері.......................10
ІІ бөлім. Персоналды басқарудағы кадрлар қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар.
2.1.Кадрлар қызметінің негізгі мәселелері...................................13
2.2.Қызметкерлерді жоспарлау және маркетингтің функциялық жүйесі..........................................................................................17
2.3.Қызметкерлер жұмыстарын жоспарлаудағы әдістер................19
Қорытынды..................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................25
Жоспар
Кіріспе.......................
І бөлім. Персоналды басқарудың теориялық негіздері.
1.1.Қызметкерлерді басқару
жүйесі және функциялары.......
1.2.Қызметкерлерді басқару
жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы......................
1.3.Басқару жүйесін құру қағидалары
мен әдістері......................
ІІ бөлім. Персоналды басқарудағы кадрлар қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар.
2.1.Кадрлар қызметінің
негізгі мәселелері............
2.2.Қызметкерлерді жоспарлау
және маркетингтің функциялық
жүйесі........................
2.3.Қызметкерлер жұмыстарын жоспарлаудағы әдістер................19
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Қазақстан экономикасының ашықтығы және стратегиялық өндірістік объектілерге шетел инвесторларын тарту жағдайында агробизнестегі қызметкерлерді басқару мәселелері осы салаға өз стандарттарын енгізіп жатқан батыс менеджменті әсерінде қалыптасуда.
Қазақстанда жұмыс атқарып және әлемдік нарықтарда өз өнімінің үлкен бөлігін жүзеге асырып келе жатқан ірі кәсіпорындарда, қызметкерлерді басқару мәселесін жүйелі жолға қойып, өз кәсіпорындарында шетел моделдерін енгізумен шұғылданып келеді. Себебі, қызметкерлерді басқарудағы тиімді пайдалану кәсіпорынның бәсекеге қабілетін көтерудің негізі болып отыр.
Қызметкер - «кадрлар» түсінігін қамтитын неғұрлым кең ұғым болып табылады, сондықтан қызметкерлерді басқару негізі болып ұйым мақсаттарына жету, өндірістік жүйелердің қызмет етуінде жұмыскерлердің потенциалын неғұрлым толық және тиімді пайдалану мен дамыту тұрғысынан қарағанда өндіріс процесінде қызметкерлердің арақатынасы өте маңызды орын алады.
Қызметкерлерді басқарудың қазіргі замандағы тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде кәсіпорынның іс-әрекеті негізінде нақты адамды қояды және қызметкерді кәсіпорынның ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады.
Қазіргі кезде меншік түрі
әр түрлі кәсіпорындарда
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын айқындау, кадрлар қызметінің негізгі мәселелерін көрсету.
Алға қойған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
І бөлім. Персоналды басқарудың теориялық негіздері.
1.1.Қызметкерлерді басқару жүйесі және функциялары
Қызметкерлерді басқару - іс-әрекетгің функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Қызметкерлерді басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметкерлері бір мезетте басқарудың объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан, өндірісте адам ресурстарын жоспарлау, қалыптастыру, қайта болу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық-заттай элементтерін басқаруға ұқсас келеді.
Қызметкерлерді басқару келесі мақсаттарды көздейді:
- жалпы мақсаттарға жетуде кәсіпорынға көмек көрсету;
- жұмыскерлердің шеберлігі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- кәсіпорынды біліктілігі жоғары және қызығушылық танытатын қызметкерлермен қамтамасыз ету;
- жұмыскерлердің өз жұмыстарына барынша толық қанағаттануына, олардың өздерін толық көрсете алуына ұмтылу, ал бұл өз алдына әрбір жұмыскердің осы кәсіпорында жұмыс істеу тілегін жоғарылатады;
- жеке адамның потенциалын тиімді пайдалану қағидасына сәйкес адамның еңбек (жеке басты, психофизиологиялық) іс-әрекетін басқару механизмін меңгеру.
Қызметкерлерді басқару үшін құрылган мақсаттар жүйесі бір жағынан жұмыскерлердің әкімшіліктен қандай мұқтаждыкты қанағаттандыруды талап етуге құқы бар екендігіне қатысты сұракка жауап алуы, екінші жағынан - қызметкерлерді пайдалану бойынша ұйымның әкімшілігі өз алдына қандай мақсаттарға жету үшін адамдарға қандай жағдайлар жасайтынына жауап беруі. Осы мақсаттар тобы бір-біріне қарама-қайшы келмеген жағдайда ғана басқару табысты болуы мүмкін [6].
Ең жоғары мақсат - қызметкерлерді басқару жүйесіндегі кәсіпорынның таза табысы адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін өндірісте қанағаттандыру болып табылады.
Қызметкерлерді басқару жүйесі қызметкерлерді басқару мақсаттарының, функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өндеу, қабылдау және орындау процестерінде мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен функционалды өзара байланыстардың қалыптасуынан тұрады.
Қызметкерлерді басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару жүйесі деп аталады.
Ұйымның қызметкерлерен басқару жүйесі жалпы және сызықтық басқарудың кіші жүйелерінен, сонымен катар, бірыңғай функцияларды орындауға мамандандырылған бірқатар функционалды кіші жүйелерден тұрады [15].
Жалпы және сызықтық басқарудың кіші жүйесі: ұйымды бүтіндей басқару, жеке функционалды және өндірістік бөлімшелерді басқару жұмыстарын атқарады. Жалпы және сызықтық басқарудың кіші жүйесінің функциясын ұйымның жетекшілері, оның орынбасарлары, функционалды және өндірістік бөлімшелердің жетекшілері, олардың орынбасарлары, мастерлер, бригадирлср орындайды.
Персоналды басқару жүйесі ұйымды бүтіндей және оның жеке бөлшектерін басқаруды орындайтын сызықтық жетекшілік бөлімдер мен сонымен қатар, келесі функционалды және қамтамасыз ететін кіші жүйелерден тұрады:
- қызметкерлерді жоспарлау және маркетинг;
- қызметкерлерді жалдау және есепке алуды басқару;
- еңбек қатынастарын басқару;
- бір қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді дамытуды басқару;
- қызметкерлердің мінез-құлқын мотивациялауды басқару;
- әлеуметтік дамытуды басқару;
- басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамыту;
- қызметкерлерді баскару жүйесін құқықтық қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді басқару жүйесін техникалық қамтамасыз ету.
Ұйымның көлеміне байланысты функционалды кіші жүйелердің міндетін орындайтын бөлімдердің құрамы өзгереді. Кіші ұйымдарда бір бөлімше бірнеше кіші жүйелердің функцияларын орындауы мүмкін, ал жеке мәселелердің орындалуын бөлімше емес, нақты мамандарға тапсырылуы мүмкін. Кейбір функциялар катары қызметкерлерді басқару қызметіне кірмейтін басқа бөлімшелерге берілуі де мүмкін. Жеке функцияларды техникалық даму бөлімшелері орындауы мүмкін. Кейбір функциялар (мысалы, қызметкерлерді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету) басқаруды ұйымдастыру жөніндегі кіші бөлімдердің құзырына берілуі мүмкін.
Персоналды басқару қызметінің құрылымдық орналасқан орны келесі нұсқалардың біріне сәйкес келуі мүмкін:
1) қызмет штабтық орган ретіндегі құрылым бойынша ұйымның жетекшісіне бағынады;
2) қызмет ұйымның басқару құрылымына кіріп, қызметкерлер бойынша тағайындалған басшының жетекшілігінде болады;
3) штабтық орган ретіндегі қызмет құрылымы бойынша функционалды бағыттағы директорға бағынады;
4) қызмет құрылым бойынша әкімшілік ету жөніндегі маманның жетекшілігіне бағынады.
Қызметкерлерді басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы - бұл қызметкерлерді басқару жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы.
1.2.Қызметкерлерді басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы
Қызметкерлерді басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын жасау келесі кезендерден тұрады:
- қызметкерлерді басқару жүйесінің мақсатын қалыптастыру;
- басқару функциясының құрамын анықтау;
- басқару функциясының құрамын қалыптастыру;
- ұйымдастырушылық құрылымның кіші жүйелер құрамын калыптастыру;
- барлық деңгейдегі бөлімшелердің мамандары мен жетекшілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтау;
- кіші жүйелер арасында байланыстарды бекіту;
- бөлімшелердің саны мен атқаратын функцияларының еңбек сыйымдылығын есептеу;
- ұйымдастырушылық құрылымның кескін үйлесімін (конфигурациясын) құру.
Қызметкерлерді басқару жүйесінің ұйымдастырушылыц құрылымын құру процесіндегі маңызды кезең - оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет.
Құрылымдық байланыстың төрт түрін бөліп көрсетуге болады: сызықтық бағыну (тікелей әкімшілік жасау); функционалды жетекшілік ету (әдістемелікпен қамтамасыз ету, баска бөлімшелерге кеңес беру); бірге қызмет атқару (жұмыстарды бірге атқару); функционалды қызмет көрсету (шешімдерді қабылдау процесін қамтамасыз етуде көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайындауы немесе басқа да жұмыстар).
Персоналды басқару жүйесі келесі негізгі элементтерді қамтиды:
1) басқару аппаратының мамандар тобын;
2) басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін;
3) персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізін;
4) еңбекті ұйымдастыру және қызметкерлерді басқарудың тәсілдері мен әдістемелерінің жиынтығын;
5) құқықтық негізін;
6) қызметкерлерді басқару мәселелерін шешудегі ақпараттық процестерді басқарудың бағдарламалар жиынтығын.
Қызметкерлерді басқарудың екі бағыты бар. Бірінші бағыты бойынша, бизнестің стратегиялары шеңберінде ұйым мен жұмыскерлер арасындағы қарым-қатынастарды реттеу негізінде ұйымның бәсекеге қабілеттілік жағдайлары мен ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Екінші бағыты бойынша, ағымдағы кадрлық жұмыстар жүргізіледі: кадрлар қажеттілігінің қазіргі жағдайы мен жоспарлауы, штаттық кестелерді жасау; персоналды бағалау және іріктеу, таяудағы кадрлық ауысымдарды, жұмыстан босатуды жоспарлау; біліктілігін жоғарылату және кайта даярлау және т.б.
Жалпы алғанда, қызметкерлерді басқару - ұйымды қажетті өндірістік тәртіпті сақтайтын, өндірістік функцияларды қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету болып табылады [17].
Бөлімшелер – қызметкерлерді басқару функцияларын атқарушылар, кең мағынада қызметкерлерді басқару құрылымы ретінде қарастырылады. Жасалынған қызметтің ұйымды басқарудың жалпы жүйесіндегі нақты орны мен рөлі персоналды басқару бойынша әрбір арнайы бөлімшелер мен оның тікелей ұйымдастырушылық мәртебесінің орны мен рөлі арқылы анықталады.
Осы уақытқа дейін қызметкерлерді басқару бойынша жұмыстың көп бөлігін ұйымның әр түрлі бөлімдерінің бөлім жетекшілері орындап келді.