Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:42, курсовая работа
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
өкілетті органдар Әкімшілік ережені даярлап оны маслихаттың сессиясында бекітуде міндетті,оны бұзғаны ушін 300,310,311,387 және 363 баптарда әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Өкінішке орай,көптеген аудандар мен қалаларда бұл жұмыс сылбыр жүргізілуде.
«Сорос- Қазақстан» қорының қаржының көмегімен біздің институттың мамандары осы мәселе бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттеді. Бұл істе біздерге,біздің институтқа Германия Федеративтік Республикасының 2003 жылға іс сапарға жіберілген профессор Б.О.Лохман үлкен көмек көрсетуде.
Мемлекеттік басқаруды
демократияландыру кезең-кезеңм
Сонымен бірге ,әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ,мемлекеттік басқаруды демократияландыру - жаңа жағдайда мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін арттырудың басты әдісі болып табылады .
2.3 Өнімділікті арттыру қағидалар
«Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасының әкімшісі – Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Ал «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ ұлттық жоба операторы болып бекітілді. Қаржыландыру құралының операторы – жарғылық капиталы жүз пайыз мемлекеттік болып табылатын заңды тұлғалар.
Аталмыш бағдарлама өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуға бағытталған. Яғни өндіріс ошақтарының бәсекеге қабілеттілігін өнімділік факторын жақсарту есебінен көтеруді көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін кәсіпорындардың басқару және өндірістік технологияларын жетілдіру, қолданыстағы өндірісті жаңғырту, бәсекеге қабілетті жаңа өндірісті құру қарастырылған. Ал ол міндетті жүзеге асыру экономиканың әлеуетті салаларында жағымды бизнес-орта қалыптастырады деген үмітте мамандар.
Бағдарламаға үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнеркәсіптің әлеуетті салаларында ( агроөнеркәсіп кешені, тау-кен, жеңіл және ағаш өңдеу, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарының өндірісі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, көлік, ақпарат және байланыс, электр энергиясының өндірісі, қауіпсіз қалдықтарды жою және өңдеу) инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан немесе жоспарлаған кәсіпорындар қатыса алады. Бұл кәсіпорындардың қаржылық жағдайы тұрақты және өнеркәсібін жаңғыртуға арналған кешенді жоспары болуы керек. Ол жоспарды кәсіпорын өз күшімен немесе консалтингілік компанияларды тарту арқылы әзірлейді. Жоспарды кәсіпорын өзі дайындаған жағдайда консалтингілік компания жобаға сараптама жасайды.
Консалтингілік компаниялардың
тізімі талаптаға сәйкес жасалады және
оны бағдарлама әкімшісі бекітеді. Нақтыланған консалтингілік компаниялар
ішінен жобаны әзірлеушіні кәсіпорын
өзі таңдайды. Ал бұл консалтингілік компаниялар
бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс.
Біріншіден, компанияның инфрақұрылымдық
және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды
зерттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс
тәжірибесі болуы шарт. Әрі компания кемінде
үш ірі жоба әзірлеуі қажет. Тағы бір міндетті
талаптардың бірі – соңғы үш жыл көлемінде
шығын болмауы тиіс.
Осылайша, бағдарламаға қатысамын деушілерге қызмет көрсететін білікті консалтингтік және инжиниринг компаниялар мен сарапшыларды іріктеудің де амалдары бекітілген. Бұл жерде ең бастысы, компанияның нақты менеджменті, мақсат- міндеті және болашақта даму жолын айқындайтын стратегиясы болуы тиіс.
Сонымен, «Өнімділік-2020» бағдарламасына қатысатын кәсіпорындарды іріктеу төрт критерий бойынша жүргізіледі. Олардың біріншісі – жобалардың бәрінің үдемелі индустриялық-инновациялық даму басымдық бағыттары болуы тиіс. Екіншісі – модернизациялаудың кешенді жоспарының болуы талап етіледі. Үшінші критерий бойынша еңбек өнімділігі мен кәсіпорындардың энергетикалық тиімділігін арттыру шарты қойылады. Төртінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қажет. Былайша алғанда, аталмыш бағдарлама шеңберінде өсіп-өркендеуге мүмкіндігі бар, айқын жоспары бар кәсіпкерлік субъектілері ғана мемлекет қолдауына ие бола алады.
Еске сала кетейік, «Өнімділік
2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
Ел Үкіметінің жаңа басшысы
алдында кезек күттірмес
Қазіргі таңда оның алдында Президент жүктеген бірқатар міндеттер шешімін күтіп тұр:
1. Мемлекеттік басқару
жүйесін жаңарту жөніндегі
2. Мемлекеттік аппарат
қызметінің кәсіпқойлығын,
3. Мемлекеттік басқару процестері мен рәсімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы түрде жетілдіру.
Жалпы, мемлекеттік басқару
жүйесінің әрбір деңгейінің өзіне
тән басқарудың мақсаттары және міндеттері
болатыны баршаға аян. Қазақстан
егемендігін жариялағалы мемле-
Осы мәселелерді тиімді шешу үшін еліміздің басқару жүйесінде айтарлықтай істер тындырылуы тиіс екендігі даусыз. Мәселен, кезең-кезеңімен орталықсыздандыру, басқару деңгейлерінің функцияларын қатаң анықтау, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды атқару өзектілігі күннен күнге артуда.
Жергілікті өзін-өзі басқару жайлы сөз қозғасақ, мұнда, ең бастысы, жергілікті орындарда атқарушы мен уәкілетті билік тежемелік пен тепе-теңдік жүйесін орнату көзделуде. Жергілікті өзін өзі басқарудың органдарының функциялары мен уәкілеттіктерін, ішкі құрылымын, қаржыландыру көздері және қорғану тетіктерін ойластыру керек. Сонымен қатар, облыс әкімдерін сайлау кезінде аса мұқияттылық пен сарабдалдық танытқан абзал. Әлемдік тәжірибеде бұл жүйеден бас тарту жәйттері де жоқ емес. Мәселен, ұзақ уақыт бойы демократиялық дәстүрлерді қалыптастырған Ұлыбритания, Дания және Бельгия секілі елдерде қайта орталықтандыру үрдістері байқалды. Сондықтан да, алғашында қала мен аудан деңгейіндегі әкімдердің сайлау нәтижелерін, әлеуметтік-саяси салдарын ес-кере, қорытындылау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі таңда елімізде іске асырылып жатқан әкімшілік реформалардың алдында бірсыпыра міндеттер тұр – мемлекеттік аппараттың көлемін оңтайландырумен бірге оның тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттырумен қатар олардың әлеуметтік беделін көтеру. Жалпы алғанда, әкімшілік реформалардың жаңа кезеңі төмендегідей бағыттарда дамыту қажеттігі анық.
Біріншіден, мемлекеттік қызмет институтын одан әрі жетілдіру. Мемлекеттік қызмет институтын – саяси, әкімшілік және азаматтық қызмет деп ажыратқан дұрыс. Сот және әскери қызметкерлерінің жұмысындағы ере-кшеліктерін ескеретін дербес классификациясы болу керек.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Акаде-миясы негізінде ұлттық менеджерлер даярлайтын жаңа тұрпаттағы білім ордасын қалыптастыру керек. Соған сәйкес, мем-лекеттік қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіпқойлығын үнемі арттыру мәселесі шешілмек. Мұнда ынталандыру тетіктерін қолданған тиімдірек деп есептейміз. Еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру әрбір мемлекеттік қызметші жұмысының тиімділігін арттырумен байланысты болады.
Нәтижесінде шағын ғана мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру, олардың жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің мәртебесін одан әрі нығайту және мемлекеттік органдарда жұмыс істеу үшін жоғары кәсіби кадрларды тарту мүмкін болады.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелендіру. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ішінде құрылған Тәртіптік комиссия жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру. Қазір оның құзырына С-1 деңгейіндегі лауазымды әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге дейінгі тәртіптік істері жатады. Бұл комиссияның құзырын В-1 деңгейіндегі лауазымды әкімшілік мем-лекеттік қызметкерлерге дейін көбейтіп, оның құрамына тәуелсіз қоғамдық бақылаушыларды кеңінен тарту қажет. Тек қана азаматтық қоғам институттарымен иық тіресе жұмыс істеудің арқасында мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күресті тиімді әрі жүйелі негізде жүргізуге болады. Оның үстіне, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын жүйелі негізде көтеру және жалақының мөлшерін ақтық нәтижеге бағыттау жүйесі әзірленуде. Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы заңнаманы күшейту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен этикасын арттыру жөнінде шаралар қатар іске асып жатыр.
Түптеп келгенде, жүйелі
реформалардың мемлекеттік
Қорытынды
Мен «Басқару қызметінің өнімділігін көтеру мәселелері» атты курстық жұмысымды аяқтай келе мынадай қорытындыға келдім:
Біріншіден, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік – экономикалық , саяси, этикалық және психологиялық тұрғыдағы көзқарастары басқаруды қоғамдық құбылыс түрінде көп қырлы категория ретінде танытады.
Екіншіден, мемлекеттік қызмет айналымдарына сәйкес, экономикалық, әлеуметтік, қаржы бақылау , заң тәртібін сақтау, экологиялық функциялар деп бөледі.
Үшіншіден, Қазақстан қоғамның әлемдік қауымдастыққа бірігуіне байланысты мемлекеттік және мемлекеттік басқарудың қазіргі қоғамдағы міндеті туралы теориялық негіздер мен біздің кейбір түсініктерімізді анықтай түсуді талап етеді .
Төртіншіден, қоғамдық тыңдауды жергілікті жерлерде келесі мәселелер бойынша өткізуге болады; әкімшілік –аумақтық бірліктің аумағында жобалау мен құрылыс салу мәселелері бойынша аудандардың ,қалалардың және облыстардың бюджеттің жобасы,коммуналдық қызмет тарифтерін бекіту,азаматтардың тұратын жерлері бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ,аумақтарды көркейту ,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту аудандар,қалалар мен облыстар аумағында тұратын мүгедектер үшін жағдай жасау ,мектептердің, ауруханалардың,емханалардың, поштаның, телефон байланысының қызметтерін жетілдіру, қоқыстарды жинау мен ұқсату, экологиялық тазалықты қамтамасыз ету және басқа мәселелер.
Бесіншіден, мемлекеттік басқаруды мемлекеттік органдардың атқарушы-реттеуші қызметін жүзеге асырудың нысаны ретінде бұрынғы тар шеңберде баян етудің орнына оны кеңірек көлемде түсіндіру пайда болды.
Мемлекеттік басқарудың тағы бір жаңаша көрінісі –қандай салада болмасын нақты кезеңге байланысты.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшіліктері Ақиқат 2000 №5 44-47 б.Найманбаев С.
2. Жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері. Малқұбаев Б Ақиқат. 2001. №3 42-47 б
3. Ақиқат. 2001. №11 67-72 б.
4. Басқаруіс-әрекетін жетілдіру жолдары. Ақиқат 2003. №1 30- б.
5.Мемлекеттік басқарудың
демографиялыу әдістері.
6.Басқару есебінің қазіргі кездегі теңденсиясы. Жамғанв А. Аханова П.
7.Жаршы 1999 №1 8-12 б.
8.Мемлекетті басқарудың
басты бағыттары. Найманбаев С.
9. Басқару іс-әрекетінің жетілдіру жолдары. Әлімбеков М. 2000 №5-6 61-68 б.
10. Мемлекеттік басқару теориясы. Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н., Есенжігітова Р.Ғ. Экономика, 2007. – 215 б.