Басқару қызметінің өнімділігін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:42, курсовая работа

Описание работы

Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.

Работа содержит 1 файл

басқару қызметінің өнімділігін арттыру doc.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

Мемлекеттік реттеудің дәстүрлі құралдары қатарына салықтар, мемлекеттік тапсырыстар, стандарттар, кедендік тарифтер мен баждар жатады. Олар әртүрлі құқықтық нысанда болады, бүгінде мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік қызметке, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметтеріне ойдағыдай экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік реттеу әртүрлі әдістердің көмегімен және әртүрлі нысанда жүргізіледі. Қазіргі кезеңде өте кең түрде пайдаланылатын мемлекеттік реттеу – тіркеу және лицензиялау болып табылады. Кең мағынада мемлекеттік реттеу қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жалпы жүріп-тұру қағидаларын мемлекеттік тарапынан белгілеу болып табылады. Оның субъектілері өкілді (заң шығарушы) және атқарушы билік органдары болып саналады.

Осы саладағы реттелген  қатынастардың қатысушыларына сот  билігі субъектілері де белгілі бір  мөлшерде ықпалын тигізеді. Мемлекеттік  реттеудің дәстүрлі түрде қалыптасқан  құқықтық нысандары заңдар, заңға сәйкес актілер және сот актілері болып табылады.

Тағы бір тұрғыдан алғанда, мемлекеттік реттеу мемлекеттік  басқару қызметтерінің бірі болып  саналады. Әсіресе, қазіргі кезеңде  осы қызметтің тек экономиканы  басқаруда өте ұтымды болып қана қоймай, сонымен бірге, әлеуметтік-мәдени салаларды реттеуде де маңызы зор болып отыр. Нарықтық экономика жағдайында туындап отырған өте күрделі жайлар – нақты кезеңнің ерекшеліктерін уақытылы есепке алу және басқару құрылымдарын келешекте дамытып, жетілдіру мәселелері. 

 

1.2   Мемлекет басқарудың басты бағыттары

 

Мемлекет басының функциясы  президенттік институттың мәнін, елдің  дамуындағы негізгі мәселелерді  шешуде Президенттің атқаратын айырықша рөлін білдіреді. Президенттің функциясы, біздің ойымызша, белгілі бір даму кезеңінде мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттеріне, мемлекетті басқарудың президенттік, жартылай президенттік немесе парламенттік секілді жүйесін қабылдауға байланысты құрылады. Бұл мемлекет басының оларды жүзеге асырудағы қызметінің бағытын белгілейді.

Президент функциясының мазмұны ішкі және сыртқы деп бөлінетін  әртүрлі факторлардан тұрады. Мысалы, елдің экономикалық өміріндегі дағдарысты құбылыстар мемлекет басын күш-жігерді  экономикалық мәселелерді шешуге жұмылдыруға  міндеттейді. Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық, оларға қарсы күресті күшейтуде Президенттен дер кезінде маңызды практикалық шаралар қабылдауды, оны тудыратын себептер мен шарттарды анықтауды және жоюды талап етеді. Қазақстанда, мәселен, Республика Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік саясатын бастаушысы және жүргізушісі болып табылады. Сыртқы агрессия немесе сепартизм қаупі Елбасының халықтың және елдің ресурсын оған тойтарыс беруге дайындауды және мемлекеттің аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз етуді талап етеді.

Қазіргі қоғамды Президенттің барлық мемлекеттік қызметі негізгі  мақсатқа – барша халықтың және әрбір адамның ортақ мүддесіне жұмылдырылуы қажет. Президент азаматардың заңды мүддесінің жоғарғы қорғаушысы болуға, елдің ішінде және халықаралық аренда қоғамдық прогрестің дамуына ықпал етуі тиіс. Қоғамдық өмірдің қай айналымында жүргізілуіне байланысты Президенттің қызметін шартты түрде ішкі және сыртқы деп саралауға болады. Ал, ықпал ету мерзіміне қарай тұрақты және уақытша деп бөлінеді. Президенттің тұрақты фнукциялары оның қызметінің барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Төтенше мәндегі нақты мәселелер шешілген жағдайда уақытша функциялары ықпалын тоқтады. Президенттің қызметін, сондай-ақ жеке-дара ( премьер-министр және министрліктердің заң алдындағы және саяси жауапкершілігін қажет етпейтін және алқа билік деп (премьер-министр мен министрліктер құжатқа қол қойғаннан кейін президент жүргізетін) саралауға болады.

Президенттің ішкі фнукциясы  – ел басының қоғамның ішкі өмірін басқарудағы қызметінің негізгі бағыттары. Өз кезегінде оларды мемлекеттік қызмет айналымдарына сәйкес: экономикалық, әлеуметтік, қаржы бақылау, заң тәртібін сақтау, экологиялық функциялар деп бөлген дұрыс болар еді.

Экономикалық функция  – ел экономикасы дамуының стратегиялық бағыттарын жасау мен үйлестіру болып табылады. Нарықтық-тауарлық қатынастар жағдайында өмір сүріп отырған құқықтық мемлекетте экономиканы мемлекеттік реттеу әкімшілік әдіспен емес, негізінен экономикалық әдіспен жүргізіледі.

Қазіргі таңдағы мемлекеттерде президенттің экономикалық функциясы мынадай бірнеше бағыттан тұрады: Президент тұтас алғанда қоғамның экономикалық өміріне ықпал жасайды, бұл оның жалпы басшылығымен мемлекеттік бюджеттің құралуынан және оның орындалуына бақылау қоюынан, ел көлемінде экономикалық даму бағдарламасын үйлестіруінен, өндірістік және ғылыми зерттеулер бағдарламасын қамтамасыз етуінен тұрады.

Бұл орайда, Президентке  мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары  мен арнайы мамандаандырылған мекемелер  көмек көрсетеді. АҚШ-та, мәселен бұндай мекемелер қатарына әкімшілік-бюджеттік бюро, косультанттардың экономикалық кеңесі, еңбек қатынастарының ұлттық басқармасы, құрама қор жүйесі сынды осы ел президенті аппаратын құрайтын мекемелер жатады. Олар өз құзыреті шеңберінде Президентке әр түрлі ұсыныс жасап отырады.

Франция Президентінің  экономикалық фнукциясы да ауқымды: ол Премьер-министр мен үкімет мүшелерін  тағайындайды; экономикалық және қаржы  саясатына, мемлекет бюджетін жоспарлау  мен дайындауға жетекшілік етеді; Экономика  және қаржы министрлігінің қызметін бақлайды; Елисей сарайы аппаратын пайдалана отырып, Францияның халықаралық экономикалық қатынастар, өнеркәсіп, зерттеу жұмысы, ауыл шаруашылық, көлік сауда және қолөнер, байланыс, бұқаралық қаржы, несиені жоспарлау және мемлекеттік қызмет салаларындағы саясатын жасайды.

Финляндия, Шфейцария, Индия, Мексика, Мысыр және басқа елдердің президенттерінің экономикалық айналымдағы  өкілеттіктері барынша ауқымды.

Президенттің әлеуметтік функциясы және адамның әлеуметтік қорғалуына, мелекеттің барлық азаматтарына қалыпты өмірлік жағдай туғызуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басының осы  бағыттағы функциясы, біріншіден, әр түрлі пайымды себептер салдарынан толыққанды еңбек ете алмайтындардың (зейнеткерлер, балалар, жұмыссыздар, т.б.) лайықты өмірлік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұлестеріне қарамастан әлеуметтік игіліктерді бөлу үшін алғышарттар қалыптастыру болып табылады; екіншіден, президент денсаулық сақтауға, оқуға, қоғамның мұқтаж мүшелеріне арнап арзан мемлекеттік тұрғын үй салу құрылысына керекті қаржыны бөлуді қолдауы тиіс. Мемлекеттің барлық азаматтары ықшамдандырылған көлемде пайдалануға тиісті әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру осылай қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, мемлекет экономикалық жағдайы төмендерге айрықша назар аудара отырып, елдің барлық азаматтарының шынайы әлеуметтік қорғалуының кепілі болып табылады.

Мемлекет басының қаржыны  бақылау функциясының бір бөлігі жалпымемлекеттік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін мемлекеттік бюджетке салық  түрінде түсетін өндірушілердің табысын есепке алу болып табылады. Президент салықтың дұрыс жұмсалуына бақылау жасайды.

АҚШ-та арнайы қаржы бақылау  органы ретінде Президент тағайындайтын  бас бақылаушы жетекшілік ететін бас есеп басқармасы жұмыс жасайды.

Францияда барлық мемлекеттік органдардың қаржы тәртібін сақтауына бақылауды Республика Президенті алдында жауап беретін Есеп палатасы жүргізеді. Қаржы бақылаудың осындай жолдары Индия, Финляндия, Сирия және Түркия президенттеріне де тән.

Құқық тәртібін сақтау функциясы  президенттің мемлекеттік заңды дәл және толық жүргізуін қамтамасыз етуіне, әділет органдарының қоғам, мемлекет пен жеке адам мүддесін қорғауына бағытталған қызметі. Бұл қызметтің алтын діңгегі, ең алдымен, жеке адам, еркін жеке тұлға ретіндегі қоғам мүшесі, сондай-ақ мемлекеттің өзі мен оның әр түрлі құрылымдары. Елдегі тұрақты құқық тәртібін қолдау – Президенттің, барлық мемлекеттік органдардың бірден-бір маңызды функциясы.

Бұл функция, әсіресе, Франция  Конституциясында жан-жақты бекітілген, оған сәйкес Республика Президенті жоғарғы арбитр (төреші), бұқаралық өкіметтің қалыпты қызмет етуінің кепілі болып табылады, Конституциясының сақталуын қадағалайды (5-бап), елде құқық тәртібін қолдау үшін арнайы шаралар қабылдауға құқылы (6-бап), рақымшылық құқығын жүргізеді (17-бап).

1995 жылы қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясы  осы жолды таңдады. 

Президент қызметіндегі экологиялық функция қазіргі  кезеңдегі ең бір маңызды міндеттің  бірі болып отыр. Себебі, адам мен  қоғамның өмір сүруі экологиялық  жаңдайға тікелей байланысты. Бұл бағытта президенттер табиғатты қорғау туралы заңдарды жетілдіруге және оны орындау шараларын үйлестіруге ден қояды.

Қазіргі таңда көптеген елдерде осы қызметтен туындайтын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық бағдарламалар жасалынып, жүзеге асырылуда. Мәселен, АҚШ-та қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық саясат туралы заң бар. Ауаны су мен жерді өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен бүлдірудің алдын алу жөніндегі қзаө мерзімге арналған бағдарламалар жасалған. Қоршаған ортаны адамдар қызметінің жағымсыз әсерінен қорғау жөніндегі сақтандыру шаралары қарастырған. АҚШ Президенті жанында консультация беруші орган – Қоршаған ортаның сапасы жөніндегі кеңес жұмыс жүргізеді, сондай-ақ табиғат қорғау заңдылықтарының орындалуына бақылау жасайтын өкілеттермен кеңінен қамтылған. Табиғат әлемін қорғау жөніндегі құрама агенттік бар.

Мемлекет басының сыртқы функциясы – мемлекеттің өкілеттілігі бойынша халықаралық аренда –  халықаралық құқықтың әр түрлі салалары бойынша басқа мемлекеттермен қалыпты өзара тиімді қатынастар орнату және оны қолдау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және елді мүмкін болатын сыртқы агрессиядан қорғау сияқты қызметінің негізгі бағыттарын құрайды.

Басқа мемлекеттермен өзара  тиімді ынтымақтастықты дамыту функциясы  Президенттің осы мемлекет мүддесінің басқа мемлекеттердің нақты және ортақ мүдделерімен келісімді үйлесім табатын тең құқылы экономикалық, саяси, мәдени және басқа да қарым-қатынастарын дамыту жөніндегі қызметінен тұрады. Мұндай ынтымақтастық президенттердің интеграциялық мәселелерге өзара тиімді қадам жасаудағы, топтасқан кұш-қайрат арқылы ынтымақтастықтың барлық мүшелерінің мүдделеріне сәйкес келетін неңұрлым жаңашыл шешім табудағы бірлескен қызметін білдіреді.

Мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту экономика, саясат, мәдениет, ғылым мен техника, қоршаған  табиғи орнаты қорғау аясында жүргізіледі. Әлемдік тәжірибилерге жүгінсек, Президент мемлекеттің сыртқы саяси бағытын өз қалауы бойынша белгілейді (АҚШ, Мексика, Қазақстан, Аргентина) сыртқы саясат айналымында кең өкілеттіктерге ие, бірақ үкіметтің сыртқы саясатындағы бағдарын ескереді (Италия, Түркия, Финляндия, Ливан және т.б.); сыртқы саясат айналымда мемлекеттің өкілі болып табылады; өз іс-әрекетін үкіметтің сыртқы саяси бағдарымен келісе отырып жүргізеді (ФРГ, Австрия, Греция, Индия, Израиль және т.б.).

Президенттің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі  және елді сыртқы жаудан қорғаудағы функциясы  оның қызметінің маңызды бағытын  құрайды. Қоғамның мемлекеттік-ұйымдық  дамуының барлық кезеңдерінде ел тәуелсіздігі мен оның аумақтық тұтастығына сырттан төнетін қауіпті қоса алғанда, қоғамның барлық айналымын жағымсыз ықпалдардан қорғау шарттарының кешенін жасаудың нақты қажеттілігі болғандығына адамзат тарихы куә. Елді қорғау функциясын Президент экономикалық саяси, дипломатиялық және әскери құрамдарды пайдалана отырып жүргізеді. Бейбітшілік кезде бұл әскери доктрина жасау, қорғаныс және елдің аман қалу қабілетін көтеру болса, соғыс кезінде – агрессорға қарсы кұресте қарулы кұштерге тікелей басшылық ету, жеңіс үшін елдің бар мүмкіндігін біріктіру болып табылады.

Бұл қызмет мемлекеттік  әскери доктринаға негізделіп, елдің  қорғаныс кұшін нығайту; қарулы кұштерді жетілдіріп отыру; олардың әскери даярлығын  үнемі көтеру; мемлекеттік шекараны кұзету; азаматтық қорғанысты және қордағы қарулы күштердің әскери дайындығын ұйымдастыру секілді негізгі бес бағыттан тұрады.

Президенттің бұл функциясын атқаруына бірқатар елдерде оның лауазым жөнінен қарулы күштердің  жоғарғы қолбасшысы (АҚШ, Франция, қазақстан, Италия, Түркия және т.б.), мемлекет басы және үкімет басы болуы (АҚШ, Чили, Иран және т.б.), немесе жоғары атқарушы билікті үкімет басымен бөлісуі (Сербия, Литва, Эстония, Монғолия және т.б.), қарулы күштердің жоғары лауазымды адамдарын қызметке тағайындауы, марапаттау мәселесін шешуі, заң шығаруды бастау құқығына ие болуы және өз қалауы бойынша заң күші бар актілер қабылдауы (АҚШ, Франция, Панама, Польша және т.б.) ықпал етеді.

Әр алуан елдердегі  басқарудың сан түрлі жүйесінің  қалыптасуы тарихи даму ерекшеліктеріне, саяси мәдениеттің өзіне тән қасиеттеріне, мелекеттік үрдістерге, конституцияны жасау және қабылдау кезіндегі түрлі саяси күштердің арақатынасына тікелей байланыста туындайды. Басқару жүйесін таңдауда бас саяси жетекшінің субъективті факторы үлкен рөл атқарады. Мәселен, АҚШ-та – Дж.Вашингтон, Қазақстанда – Н.Ә.Назарбаев. Негізінен мемлекеттік өкімет құрылымы едәуір дәрежеде осылардың ықпал етуімен құрылған. Осындай күштің әсерінен, бір елдерде басқарудың парламенттік жүйесі қалыптасып, мемлекет басының қызметін конституциялық монарх немесе президент атқарады, ал шын мәнінде атқарушылық билік парламент алдында жауапты үкіметтің қолына шоғырландырылады. Басқа бір елдерде саяси институттармен теңестірілген немесе өзінің өкілеттілігі жағынан заң шығару және сот биліктерінен асып түсетін күшті президенттік билік құрылады. Президенттің қызметінсіз өмір сүріп жатқан елдер де кездееді.

Информация о работе Басқару қызметінің өнімділігін арттыру