Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:42, курсовая работа
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
Кіріспе
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты. Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық,ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады .
Менің бұл курстық
жұмысты жазудағы негізгі мақсатым
- мемлекеттік басқару теориясы мен
тереңірек танысып , оның маңызы мен
ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап
жетілдіру жолдары мен демократ
Сондықтан, курстық жұмысым 3 бөлімге негізделген, біріншісі- бұл мемлекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі – бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс - әрекетінің және мәселелері. Ал бұл бөлімде жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістері қарастырылған, үшіншісі - әкімшілік реформалардың үдемелі дамытудың қажеттігі жайлы жазылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
1.МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
1.1 Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшеліктері.
Мемлекеттік басқаруды тарихи даму кезендеріне орай қарастырып, бағаласақ жинақталған теориялыќ және практикалық ілім-білімге толы екенін байқаймыз.
Мемлекеттік басқарудың әлуметтік – экономикалық , саяаси, этикалық және психологиялық тұрғыдағы көзқарастары басқаруды қоғамдық құбылыс түріңде көп қырлы категория ретінде танытады. Нарыққа байланысты өркениетті елдердегі басқару жүйесіне біте қайнасып кеткен мәдениеттілік және моральдық категориялардың көрнісі, басқару этикасы біздің мемілекеттің қоғамдық, эканомикалық өмірінен де орын ала бастады.
Осы жайлардың басымдық
бағыттары Қазақстан
Негізінде, мемлекеттік басқаруды (басқарушы қызметті) жүзеге асыру атқарушы билікті жүзеге асыру болып саналады. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай, мемлекетті қажет деп тапсақ, биліктердің бөліну принциптерін мойындасақ, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың барын бағалауымыз қажет. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Мемлекеттің атқарушы билік органдарын құру мақсаты нарықтық экономиканы ынталандыру екені баршаға мәлім. Атқарушы билік органдары әкімшілік жүйеге жатады. Өйткені, атқарушы биліктің ұйымдық-құқықтық механизмі осы әкімшілік жүйе, яғни басқару жүйесі болып табылады. Басқару жүйесінсіз атқарушы билікті жүзеге асыру мүмкін емес. Соңғы кездерде министрліктер нарықтық органдар қатарына жатпайды деген көзқарастар көрініс табуда. Ал салалық министрліктер нарықтық экономикасы дамыған елдерде де бар екені белгілі. Біздің ойымызша, мемлекеттік басқаруды жою деген мәселе күн тәртібіне қойылмауы керек. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқаруды түрлендіру арқылы жаңаша сипатта құру қажет. Әрине, осы процестер барысында мемлекеттік басқарудың аясында өктем-өкілеттіліктің орнына, көбінесе, ынталандыру кешенді шаралары басымырақ қолданылуы тиіс. Бірақ қажетті кезенде мемлекеттік реттеу механизмдерінің іске қосылатынын қатысушылардың бәрі білуі тиіс. Сондықтан, қазіргі қоғамдық қатынасты (өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштерді) реттейтін принцеп ретінде ынталандыру-бағыну-билік ету принцепінің басшылыққа алыну ұтымды болады. Ашынған айтсақ, өкімет билігін өктем қатал түрде жүргізуден икемді нысанда жүзеге асыру нарықтық қатынас талаптарына сай келеті сияқты. Сонда да болса, көңілге қонымды икемді биліктің,өктем, қатал билікпен тығыз байланыста болатынын ұмытпағанымыз жөн. Өйткені, қоғамдағы кейбір салаларда жұмсақ нысандағы билікті жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың қасында болады. Мысалы, Отанды қорғау ісі, атом өнеркәсібі және басқада салалардағы басқару әрқашан да мемлекеттік қатаң сипатта болады.
Нарықтық қатынасқа көшуімізге байланысты, мемлекетімізде мемлекетімізде мемлекеттік және мемлекттік емес құрылымдар; бірлескен түрде басқарылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар дамып, өркендеуде. Мемлекеттік емес ұйымдардың дені іштей өзіндік басқару негізінде іс-қимылдарын жүзеге асырады. Ал бірлескен басқару кезінде мемлекет өкілдері мемлекеттік емес ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіреді (бұл жерде міедетті түрдегі шарт. Сол кәсіпорында мемлекеттің меншік үлесі болуы тиіс). Мемлекет тарапынан белгілі бір мөлшерде бағдарламаларды қаржыландыру принципі жүзеге асырылады. Сонда да болса ескеретін бір жәйт, қандай да бірлескен немесе мемлекеттік емес ұйымдар болмасын, сондай-ақ қандай да мөлшерде нысанда өздерін басқаруды жүзеге асырмасын мемлекет аумағында болғандықтан мемлекеттегі барлық салалар мен жүйелерді реттейтін заңдардың күші,талаптары оларға да таралады. Себебі, мемлекет аумағында құрылып және қызмет атқара жүіп, мемлекеттік басқару аясынан тыс болу, заңдарға бағынбау ешканай қисынға келмейтін іс болып табылады. Мемлекеттік басқару, атқару биліктері әрқашан да әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылады және олар мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тағы бір жаңаша көрінісі- қандай салада болмасын нақты кезеңге байланысты міндеттер мен мәселелердің бірінші кезекке қойылып, шешілуі. Түптеп қарағанда басқару әр тұрғыдан қаралуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық,саяси және басқа да көзкарастар бойынша. Басқаруды әкімшілік –құқықтық ұйымдастыру деп әкімшілік құқықтық нормаарымен бекітілген субъектілер жүйесін айтуға болады. Осы субъектілер жүйесін асыруға атсалысады. Басқаруды әкімшілік тұрғыдан ұйымдастырудың элементері мынадай сипатта болады: атқарушы билік және басқа да басқару органдары;басқару жүйесі буындарының, оның ішінде, қызметкерлердің тиісті мәртебесін белгілейтін әкімшілік-құқықтық нормалары; әкімшілік құқықпен белгіленген олардың қатынастарының ауқымы; әкімшілік-құқықтық жағдайлары бойынша субъектілердің құқықтық жауапкершіліктері.
Осы басқаруды ұйымдастыру
әкімшілік құқық нормалармен
реттелетін мемлекеттік емес басқаруларды
қамтиды.басқаруды ұйымдастыру
Басқаруды ұйымдастырудың мәні әртүрлі мәселелерді шешуден тұрады. Осы іс – қимылдардың ең бірінші кезектегісі – оларды заң тұрғысынан бекітудің принциптері мен нысандарын айқындау; басқару органдарының нысандарын олардың атқаратын қызмет бағыттарына байланысты айқындау; олардың арасындағы міндеттерін, қызметтерін қоса отырып, межелеу; мемлекеттік басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу; басқарудың төменгі және жоғарғы тұрған буындарының арасындағы өзара іс-қимылдарының құқықтық нысандары; басқарушы қызметтің әдістері және оларды жүзеге асыру нысандары.
Салаларды, жүйелерді басқару субъектілерінің арасындағы байланыстарды дұрыс таңдай білу және бекіту де басқаруды ұйымдастыруға қажетті әрекет болып саналады. Ағымдағы басқару жүйелерінде олар әртүрлі нысанда кездеседі. Мысалы, жалпы бағыну басқару субъектілері мен объектілерінің арасында аралық буынның болуына байланысты орын алады. Жалпы бағынышты объектілерге, негізінде, жалпы басқару жүзеге асырылады, яғни олардың жүріп- тұру қағидалары белгіленеді және бақылауды жүзеге асырады. Тікелей бағыну кезінде басқару субъектісі мен объектісінің арасында аралық буындар болмайды. Бұл жерде басқару объектісі басқару субъектісіне айтарлықтай көлемде ұйымдастыру және құқықтық жағынан тәуелді болады. Мысалы, кадр жөніндегі мәселелерді шешу; қызметкерлерге тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану; тікелей жарлық беру элементтері; басқару объектілерінің актілерін тоқтатып тастау; тікелей басқару.
Тура басқару кезінде де басқару субъектісі мен объектісінің арасында тікелей байланыс, мәселен, бастық пен оның қызметкерінің, командирлер мен әскери қызметкерлердің арасында туындайды. Жедел бағыну тек кейбір белгілі мәселелері бойынша басқару субъектісіне тәуелді болу кезінде туындайды.
Қосарлы бағыну тікелей (тігінен) және көлденең бағынуға негізделген. Бұл жерде бір объектіге байланысты, өкілеттіліктің бөлінуі, олардың бірікпеуі қарастырылған. Бағынышты органдар тиісті деңгейдегі төменгі тұрған органдар жүйесіне жатады.
Ортақ бағыну бір уақытта
бірнеше басқару
Ортақ бағынудың қосарлы бағынудан өзгешелігі, тек тігінен бағыну қолданылады. Басқару органдарының аппаратын ұйымдастыру принциптерін таңдауды сол органдарының құрылымдық бөлімдердің нысандарын, олардың әкімшілік – құқықтық мәртебесін белгілеуге үлкен себін тигізеді.
Басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенін білеміз. Сол құқықтық актілерді шамамен мына өлшемдер бойынша топтастыруға болады: заңды күші бойынша; мәні бойынша; басқаруды ұйымдастыруға тигізетін ықпалы бойынша.
Заңды күші бар нормативтік – құқықтық актілерге: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңға сәйкес актілері және тағы басқалар жатады.
Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік- басқарушы қызмет жөнінде белгілі бір қорытындыға келу- көптеген себептерге байланысты мүмкін емес. Ең бастысы, мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Сондықтан болар, бүгінде қоғамымызда айтарлықтай талаптар туындап отыр. Олар- қоғам өмірінің негізгі бөлігіне мемлекет тарапынан орталықтандырылған түрде ықпал ету, атқару тәртібін күшейту, ортақ іс жөніндегі басқарушы мен басқарылуының өзара жауапкершіліктерін арттыру, кейбір объектілерін қайтадан мемлекет қарамағына беру.
Бүгінде мемлекеттік басқарушы қызметтің мына түрлері жүзеге асырылады:
Мемлекеттік аядағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқару;
Мемлекеттік емес аядағы
әртүрлі объектілердің атқараты
Республика аумағындағы
мемлекеттік бағдарламаларды
Мемлекеттік басқару аясындағы жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларын қамтамасыз ету|;
Басқару және реттеу аяларындағы жұмыстарға мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асыру;
Шаруашылық, әлеуметтік – мәдени және әкімшілік – саяси құрылыс жүйелерінің қызмет бағыттарын ретке келтіру;
Шаруашылық өмірдің құқықтық және ұйымдастырушылықтың негіздерін белгілеу жіне күнделікті өмірде тимді жүргізу. Мысалы: кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан ынталандыру және қолдау: барлық меншік нысандарының тең құқықтығын қамтамассыз ету; тұтынушылардың құқықтығын қорғау; меншік иесінің құқықтарын қорғау.
Құрылымдық бөлімдердің мәртебелері олар туралы ережелермен белгіленеді. Ережелер әдетте ҚР Үкеметінің қаулысымен бекітіледі. Ережелер сол құрылымдық бөлімдердің іштей ұйымдастыру негіздерін кешенді түрде белгілейтін, сондай-ақ бөлімдердің біртұтас мәртебесін айқындайтын құқықтық актілер болып табылады.
Мемлекттік басқарудың бағдарлама нысанасы, олардың ауысуы оның қызметіне, әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Қазіргі кезеңде мемлекеттік меншік аясының ықшамдалуы нарықтық қатынастарға өтуді жеделдету, жергілікті өзіндік басқаруды дамыту процестері мемлекеттік басқару қызметінде, әдістері мен нысандарында көрініс тауып отыр. Қоғамда және мемлекеттік басқаруда қызметтерінің маңызы көзқарастарға айтарлықтай өзгерістер енгізе алған жоқ. Мемлекеттік басқару қызметтерін мәні жүзеге асыру механизмдерінде ғана жаңа элементтер пайда болды. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес аяларға байланысты өзгеріп отырады және әртүрлі дәрежедегі мемлекет ықпалына ұшырайды.
Қызмет жөніндегі мәселелердің екі аспектісі көрініс табады. Олар: мемлекеттік басқару қызметтері және оның субъектілерінің қызметтері болып табылады. Бүгін де мемлекеттік басқару органдарының қызметтері айтарлықтай дәрежеде өзгерістерге ұшырауда. Жоспарлау, материалдық-техникалық және басқа да жүйелерінде қызметтердің өрісі тарылған. Олар көбінесе нарықтық экономикаға өтумен шартталған. Монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру, жұмыссыздықтың пайда болуына байланысты, әртүрлі салаларда кәсіпорындар мен мекемелерді негізінен алу сияқты жаң өызметтер пайда болады.
Алдыңғы қатардағы қызметтерге болжамдау, үйлестіру, реттеу және бақылау жатады. Мемлекеттік басқару қызметі ретіндегі жоспарлаудың маңызы төмендетіліп тек орталық және тұйықталған жүйелермен шектеліп отыр. Осы жайтты келеңсіз деп айтуымызға болады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзі жоспарлаудың тиімді екені, оған көшу қажеттілігін күн тәртібіне қойып отыр. Жоспарлау мемлекеттік басқаруды ойдағыдай ұйымдастырудың объективті қызметі негізі және басты қызметі болып есептелінеді және мемлекеттік басқарудың қызметі ретінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың мәні мен нормативтік реттеу; қандай да болмасын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың атқарылуына бақылау жүргізу; лицензия беру; мемлекеттік шарттар жасау, тіркеу; тиісті қағидалармен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқытары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау: олардың қызметтерінің жалпы бағыттары; оларды ойдағыдай жүзеге асыруға жәрдемдесу жатады.