Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:42, курсовая работа
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
Президенттік институт
АҚШ-та дүниеге келген. Президент
қызметін енгізе отырып, оның негізін
қалаушы «әкелері» президенттік
АҚШ конституциясын тудырушылар бір адамның қолына мемлекет басының және үкімет басының қызметін жинақтаған күшті, жеке президенттік билікті ұстатып қана қоймай, сонымен қатар жеке атқарушылық биліктің жеке-дара билік тәртібіне айналып кетуіне жол бермеу үшін заң шығару, атқарушылық және сот биліктерінің қағидасын бекітіп, бұл биліктердің бір-бірімен қатынасып «тартпа» және «қарсы күш» жүйесімен толықтырды.
Жалпы сайлауда сайланған Президент АҚШ Конгресіне тәуелді емес. Бірақ оны таратуға және кезектен тыс парламенттік сайлау белгілеуге құқығы жоқ. Ол үкіметті құрайды (талапкерлерді Сенат бекіткеннен кейін), сондай-ақ, Президент босааған орын бойынша АҚШ Жоғарғы сотының мүшелерін тағайындайды.
Президент – құрама атқарушы өкіметтің басы, сондықтан да құрама атқарушы өкімет органдары қызметінің салаларына қатысты заңға сәйкес келетін басқару актілерін (бұйрық, жарлық) шығаруға құқылы. Жыл сайын Конгрестің қарауына мемлекеттік бюджеттің жобасын ұсынауға президенттің ғана құқығы бар. Ол елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы.
Президент халықаралық қатынаста ел өкілі болып саналады және АҚШ халықаралық келісіміне қол қояды. Өзінің қарауы бойынша ұлттық гвардия мен қарулы күштерді елдегі пайдалана алады.
Президенттік басқарудың амирикандық моделінен тұрғандай, Президент ауқымды да алуан түрлі функцияға ие, бірақ ол тек құрама атқарушылық билік шеңберінде ғана билік ете алады және билікті бөлудің конституциялық қағидасының басымдылығы арқасында мемлекеттік аппаратты жеке-дара басқара алмайды. Бұл арада Президентке тәуелсіз АҚШ Конгресі мен Жоғарғы соты толыққұқылы серіктесі және қарсы күші бола алады. АҚШ тарихында өзі биліктің барлық күшіне және жеке беделге ие бола тұрса да АҚШ-тың бірде-бір президенті жоғарғы заң шығарушы орган – Конгресс мүшелерінің басым көпшілігінің қолдауынсыз өз елінің ішкі және сыртқы саясатында қандай да бір айтулы өзгеріске қол жеткізуге шамасы келмеген.
Мемлекет басының қызметі
Қорыта айтқанда, мемлекеттік биліктің барлық жүйесіндегі тұрақтылық пен бірлік қоғам дамуының ең қажетті басты шарттары.
1.3 Басқару мемлекеттік тиімділігі
Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы
дербестілік саяси
Барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең
де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда
нақтылы алғышарттар қажет
Аталып өткен құжаттардың
2 БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨІНМІДІЛІГІН АРТТЫРУ
2.1 Басқару қызметін жетілдіру жолдары
Осы заманғы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі құжаттарында белгіленген. Мәселен, 1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан адамның табиғи мүддесі мемлекет мүддесінен басым деген іргелі тезис туындайды. БҰҰ Бас ассамблеясының 50-ші мерекелік сессиясында мемлекет –адамдардың тұрмыс жағдайын ұйымдастырудың негізгі субъекті деген маңызды қағида қабылданады.Сондай-ақ БҰҰ сарапшыларының 1964 жылғы ІІ кеңесінде мемлекеттік басқару қызметі ұлттық мақсаттар мен міндеттерге мемлекеттік ұйымдар арқылы қол жеткізу процесі деп анықталады.
Көптеген бір ұлттық жіне көп ұлтты қоғамдардың (соның ішінде Кенес Одағының ) құрылуының , дамуының, гүлденуі мен күйреуінің сан ғасырлық әлемдік тарихи тәжірибесі мемлекет пен мемлекеттік басқару күрделі құбылыс екенінің, бұл құбылыстың көптеген елдерде аяғына дейін жергілікті зерттеліп, зерделенбегенің айғағы. Көптеген дамушы елдерде өкімет құрылымдары мемлекеттік басқаруды көбіне тар мағынада байытып, оны ұлттық саясаттың өрісі деп біледі, соның салдарынан болымсыз әлеуметтік нәтижелерді, адамдардың төмен тұрмыс денгейі, экономикадағы сәттіздіктер қарадүрсін – оппазицияның немесе сыртқы жауларды, тіпті жекелеген шенеулікердің қаскөйлек әрекеттерінің салдары деп түсідіреді.
Бүгінгі дамыған демократиялықелдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс аренасы болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғары арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен, азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуді талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді.
Осы заманғы мемлекетті жіктеу мен сипаттау өлшемдерін зерттеу жаңа ғасыр мемлекетінің табиғаты едәуір күрделі деуге негіз береді.
Біріншіден, мемлекет сыртқы аренада ұлттық егемендіктің иесі болып, сыртқы қатынастарға және құқықтық реттеуге монополиялық құқығын іске асырады. Екіншіден, мемлекет ел азаматтарының саяси бірігуінің (одағының) пошымы ретінде көрінеді. Сонымен қатар демократиялық қоғамдарда халықтың егемендігі де танылады, ол елдің ішкі өмірінде көрінеді. Көптеген елдердің конституцияларында елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық және оған тән ерекше құқықтар қорғалған деген принципті қағида бекітілген.
Үшіншіден, мемлекет қоғамның істерін жария басқарудың субъектілерінің бірі болып табылады, сондықтан мемлекеттік басқарумен бірге қоғамдық басқару да (азаматтық өзін-өзі басқару, аумақ азаматтарының өзін-өзі басқаруы) жұмыс істеуге тиіс. Төртіншіден, мемлекет қоғамдағы заңдық мекеме қызметін атқарады (И.Кант бойынша).
Осы заманғы дүниеде мемлекеттік басқарудың жеті үлгісі бар деп есептеледі, олар табиғи, климаттық, демографиялық және басқа параметрлерді ескере отырып жүргізілген зерттеулер мен эксперименттер негізінде тұжырымдалған.
Мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесін жіктеу өлшемі ретінде оларды қалыптастыру негізіне алынған мемлекеттік басқару теориясын яки тұжырымдамасы алынады. Атап айтқанда, әлемде мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесін ұйымдастырудың бес негізгі тұжырымдамасы бар.
Біріншіден, жүйелердің ең қарапайымы – либералдық тұжырымдамаға негізделген мемлекеттік басқару жүйесі. Бұл жүйе ұлттық (мемлекеттік) меншікті барынша жекешелендірумен, азаматтарға мемлекеттің әлеуметтік қызметі мен көмегін, сондай-ақ мемлекеттік басқару объектілерін мейлінше қысқартумен және сонымен бірге мемлекеттік құрылымдардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін азайтумен ерекшеленеді. Мемлекет тек «түнгі күзетші» рөлін ғана атқарады. Әлемдік тәжірибе мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың либералдық тұжырымдамасын толып жатқан ұлтаралық корпорацялар жақтайтынын көрсетіп отыр, олар ұлттық мемлекеттің басқарушылық рөлінің барынша әлсірегенін қалайды, өйткені өздері мемлекет ішіндегі «мемлекетке» айналу мүмкіндігіне ие болғысы келеді.
Екінші, мемлекеттік басқарудың неолибералдық тұжырымдамасының либералдық тұжырымдамадан айырмашылығы, мұнда, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, негізгі шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сондай-ақ азаматтық қоғамның кейбір субъектілерінің қызметін, құқықтық реттеудің неғұрлым баянды да әділетті режимі жасалды.
Үшінші, мемлекеттік басқарудың социалистік тұжырымдамасының ерекшелігі – іс жүзінде барлық табиғи, қаржы және басқа ресурстар мен шаруашылық жүргізудің негізгі объектілері демократиялық мемлекет иелігінде болады. Бұл тұжырымдама меншіктің қоғамдық пошымының және қоғам мен экономика салаларының негізгі аясының дамытылуын мемлекеттік жоспарлаудың үстемдігін мойындайды. Социалистік мемлекеттік басқару тұсында мемлекет барлық басқару дауларын шешудің құқықтық реттелуін және сот тәртібін қамтамасыз етеді, бірақ мұнда нарықтық қатынастар шалажандар болады. Бұл тұжырымдама басшылыққа алынғанда азаматтық қоғам институттары мемлекеттік басқару құрылымдарын қалыптастыру және қызмет нәтижесіне бақылауды қамтамасыз ету процесінде елеулі рөл атқарады.
Әлемде қолданылатын төртінші мемлекеттік басқару тұжырымдамасын аралас деп атайды, өйткені онда социалистік те, неолибералдық та тұжырымдамалардың элементтері барынша ескерілген. Бұл тұжырымдама бойынша қазіргі кезде Қытайдың, Араб Шығысының көптгене елдерінің, Оңтүстік Кореяның, Египеттің және басқа елдердің мемлекеттік басқарц жүйелері дамуда. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекет меншік пен басқарудың көптеген пошымының еркін қатар өмір сүруін жариялайды, бірақ сонымен бірге мемлекет елдің барлық азаматтарының әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз етудің кепілі болады және халық үшін тиімді әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды іске асыру үшін меншіктің мемлекеттік (ұлт меншігіне алынған) пошымының жеткілікті үлесі негізінде әлеуметтік басқаруды ұйымдастыруда ол берік үстемдік жасайды. Мемлекет сондай-ақ құқық, болжам, жоспарлау, реттеу және басқару сияқты сапалық фактроларды қолдану негізінде, әлеуметтік бағдарларға сүйене отырып, халқтың қауіпсіздігін және оның әл-ауқатын анықтайтын барлық объектілерді басқаруда жоспарлы негіздерді нарықтық негіздермен икемді ұштастырады. Экономикада мемлекеттік басқарудың аралас тұжырымдамасы тұсында барлық мемлекеттік және беймемлекеттік басқару құрылымдарының қызметінің қалыптасуы мен нәтижесіне азаматтық бақылау жағдайында тек әлеуметтік бағдарланған нарықтық қатынастар ғана қолдау табады.
Мемлекеттік басқарудың бесінші тұжырымдамасы ретінде шетелдік ғылыми ортада соңғы кезде мемлекеттік басқарудың өзіне қаптал жететін версиясы (жосығы) деп аталатын тұжырымдамасын бөліп қарайды. Бұл тұжырымдаманың негізіне сарапшылар жаңғырту кезеңінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың беларуссиялық тәсілін алған. Беларусь президенті А.Лукашенко бұл тұжырымдаманы былай сипаттайды: мемлекет қиын уақытта халықтың басым көпшілігінің мүддесін сенімді қорғай алатын болса ғана өзін өркениетті ел деп санай алады. Өтпелі экономикадағы мемлекеттің рөлі экономикада жүріп жатқан барлық процестерді тиімді бақылау мен реттеуге саяды.
Жаңа мыңжылдыта, жаппай ақпараттандыру, адам ме азаматтың жаратылыстық құқықтарының етенелігін халықаралық тану, демократия принциптерін орнықтыру дәуірінде – мемлекеттік басқару жүйесі елдің азаматтары жқнінде қызметтік міндетін жүзеге асыруға, атап айтқанда олардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тиіс.
Алдағы жаһандасу жағдайында мемлекеттік басқару міндеті мен рөлі күрделілене, арта түседі, бірақ жетілдірудің басты өлшемдері әрқашанда оның тиімділігі мен нәтижелілігі болып қала береді.
Қазіргі кезде әлемде әртүрлі тұжырымдамалар ғана қолданылып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың, оған баға берудің және жетілдірудің әртүрлі жолдары да қолданылады.