Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:42, курсовая работа
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының өызметін бағалаған кезде әлемде әртүрлі өлшемдер пайдаланылады. Атап айтқанда, процестік және жемістілік өлшемдері ойдағыдай қолданылады.
Мемлекеттік аппарат қызметіне баға берудегі процестік жол әдетте басқарудың авторитарлық немесе демократиялық емес режимі қолданылатын елдерде, яғни мемлекеттік басқарушылық құрылымдары бірінші кезекте билік жүргізуші авторитарлық режим жүйесін сақтауды мәндет санайтын елдерде қолданылады. Бұл жолдың ерекшелігі мынада: мемлекеттік басқарудың бюрократтық аппараты әрқашан халыққа өзінің толассыз қызметін көрсетуге тырысады: әртүрлі кездесулер мен шығарып салулар, мәжілістер мен кеңестер, қайта құрулар мен алмастырулар, тәртіптілік жазалаулар мен ұнаған шенеуніктерді бір креслодан екіншісіне ауыстырып отырғызу жүргізіледі, үкіметтің немесе көсемнің әртүрлі манифистері, мәлімдемелері, үндеулер жарияланады. Осы жұмыстардың барлығы халыққа арнайы мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі. Мұнда мемлекеттік басқару органдарының жұмысын тек жоғары тұрған құрылымдар бағалап, бұл орайда жоғары тұрған басшылардың әртүрлі тапсырмаларын төмендегі шенеуніктердің мезгілінде орындауы, бекітілген график бойынша әртүрлі басқару құжаттарын немесе актілерін қабылдау, жоғары тұрған құрылымдар үшін әртүрлі шараларды әзірлеу, жұмысты ұйымдастыру жоспарының мазмұны, өткізілген кеңестер, кездесулер және басқа басқару процедуралары сияқты өлшемдер бойынша бағалайды.
Мемлекеттік басқаруға баға берудің жемістілік өлшемі мемлекет салық төлеушілер мен сайлаушылар ретінде азаматтарға қызмет көрсетуге міндетті көптеген демократиялық елдерде орын алып отыр. Бұл жол қолданылған кезде мемлекеттік басқару органдарына бағаны азаматтық қоғам институттары, яғни азаматтардың әртүрлі бірлестіктері, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтардың өкілдікті демократиялық органдары (парламенттер, коммуналдық кеңестер, депутаттар жиналысы, радалар, сеймиктер және басқалар) береді. Бұл жолдың басты ерекшелігі сонда, азаматтар үшін не маңызды деген мәселеге басты назар аударады да, азаматтар қабылданған қағаздардың немесе мәжілістердің санын емес, ең бастысы – мемлекеттік басқару құрылымдарының қызметі арқылы қол жеткен практикалық әлеуметтік нәтижені бағалайды. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару құрылымдарының жұмысы азаматтарының денсаулығы емн өмірі үшін көшедегі қауіпсіздік, экологияның жай-күйі, көшелердің тазалығы, жақсы жолдар, таза сумен сапалы қамтамасыз ету, базарларға сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы және көптеген басқа практикалық өлшемдер бойынша бағаланады.
Егер мемлекеттік басқару аппаратының қызметкерлер құрамы салық төлеуші азаматқа қажеттіспалы қызмет көрсете алмаса немесе әлеуметтік өмір жағдайын жасай алмаса, онда осынау дәрменсіуз қызметкерлер ең алдымен азаматтар алдында жауап беруге, олар сайлаушы азаматтардың сенімінен айрылып, мемлект басқару аппаратынан аластауға тиіс. Демократиялық, құқықтық, жария мемлекеттік басқарудың әділетті ережесі осындай. Мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың өзге түрлерінен ерек шеленеді. Әрбіразаматтың қалыпты өмір сүруі үшін бірқатар жағдайлар, қаражат пен көрсетілетін қызмет күнделікті қажет екені белгілі. Атап айтқанда, олар-баспана, киім, тамақ, өмір мен мүліктің қауіпсіздігі, таза ауа мен су, жарық пен жылу, жол мен көлік жіне басқалар. Азаматтардың барлық осы мәселелерін шешуді ұйымдастыру нақты елдің барлық азаматтарын біріктіретін ұйым ретінде-мемлекеттің борышы. Сондықтан мемлекеттік басқару өз табиғаты бойынша барлық тірішік жағдайларын ұйымдастыруға міндетті.
Сонымен, біріншіден, мемлекеттікбасқарудың басты да тұрақты объектісі-сол елдің барлық азаматтары үшінобъективті де қажетті тіршілік жағдайлары кешенін ұйымдастыру.
Екіншіден, мемлекеттік басқару өз миссиясын іске асыру үшін, әлеуметтік басқарудың басқа субъектілерінен өзгеше, ұйымдық-құқықтық тетіктерді толық көлемінде (заңдарды, әкімшілік шарттарды, әкімшілік процедураларды,дауды сотпен шешу тәртібін және басқаларды ) пайдаланады.
Үшіншіден,мемлекеттік
басқару жүйесі жұмысының нәтижелілігі
мен тиімділігінің басты
-ел азаматтарының
әл-ауқатың ұдайы өсіп отыруы (
-елде жеке және заңдық тұлғалардың заңдылықты сақтау деңгейі;
-ұзақ болашаққа ұлтық
қауіпсіздікті қамтамасыз
Соңғы ондаған жылдар бойында ұдайы зерттеулер жүргізіліп, мемлекеттік басқарудың нәтижелі модельдері мен құрылымдар іздестірілуде. Соңғы ондаған жылдар бойында ұдайы зерттелулер жүргізіген эксперименттердің нәтижесінде халықты басқарудың төмендегі деңгейлері бөліп көрсетіле бастады:
-мемлекеттік басқару (
-жергілікті мемлекеттік басқару (әкімшілік –аумақтық құрылымның жоғарғы буындары ретінде );
-аумақты өзін-өзі басқару (
Жергілікті мемлекеттік
басқару жүйесі-орталық пен әкімшілік аумақтар арасында құзырлар
ара жігін ажырату нәтижесі. Жергілікті
мемлекеттік басқару деңгейінде статистикалық
есеп, азаматтардың жекелеген категорияларына
нақты көмек көрсету, ұйымдық-реттеушілік,ұйымдық-
Азаматтардың жергілікті (аумақтық) өзін-өзі басқаруы XYIII ғасырда пайда болды.Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару,біріншіден, төте және өкілдікті демократияның пошымы жеке бір әкімшілік аумағында саяси құқықтар мен бостандықтарды іске асыру пошымы деп қарастырады. Жергілікті өзін-өзі басқру мемлекттік басқарудын барлық буындарына азаматтардың қатысуын жоққа шығармайтынын атап өту ләзім. Екәншіден, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды толықтыру құралы ретінде қажет, ол аумақ істерін көпшілік болып басқару жүйесінде азаматтардың пікірі мен мүддесінің барынша ескерілуін қамтамасыз етуге тиіс.
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының Парламентарлық Ассамблеяның 1994 жылғы 29 қазанда қабылданған арнайы Декларациясында «жергілікті өзін-өзі басқару Достастық мемлекеттерінің мемлекеттік және қоғамдық өмірін демократиялық жолмен ұйымдастырудың қажетті элементі болып табылады » деп көрсетілген.
Мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар басқарудың нормативтік жүйесінің басты буыны , этикалық нормалар деп біледі. Басқару жүйесіндегі этика нормалары адамның мінез-құлқын іштей бақылау өлшемдері, сондай-ақ қызметкерлердің мінсіз қадір-қасиетінің өзіндік бір моделі.
Мемлекеттік басқару
жүйесінде қоғам
Мемлекеттк басқару органдары жүйесіндегі міндет бұлдырлығы мемлекетік басқарудыі жекелеген огандарында, бүкіл жүйесінің де жұмыс нәтижесінде төмендеуіне апарып соғады. Басқарушылық әлеуметтік қатынастардың бұрмалануы да мемлекеттік басқарудың нәтижелігіне теріс ықпалын тигізеді. Басқарушылық әлеуметтік қатынастардың бұрмалануының себептері қызметкерлердің басқарудың психологиялық негіздерің білмеуі, қарым-қатынас жасаушылардың қызметкерлердің құндылық бағдарларының әртүрлігі, қарым-қатынас жасаушылардың бір жағының беделінің төмен болуы,жұмыс істеу үшін жағдайдың қолайсыздығы және т.б.
Мемлекет басқарудың жоғарғы нәтижелігі көп жағдайда оның барлық кадырларының кәсіптік біліктілігінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге байланысты болады. Басқару біліктілігін мезгіл-мезгіл (жылына 1-3рет) көтеріп отыру, сондай-ақ кадрлардың шетелдерден тәжірибе үйренуі олардың басқару аппаратындағы өнімді қызметін қамтамасыз етудің қажетті шарты. Ендеше бұл мәселе ешқашан назардан тыс қалмауы тиіс.
2.2 Мемлекеттік басқарудың демократиялық жарияландыру әдістері
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету әдістерінің бірі ретінде оны демократияландыру мәселесі ұсынады. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін артыру әдісі ретінде демократияландыру процесінің көпжылдық әлемдік тарихы бар, оны біздің ел тәжірибесінде жүзеге асыру үшін мемле- кеттік басқарудың кейбір ерекшіліктерін ескеру қажет.
Біріншіден, Қазақстан қоғамның әлемдік қауымдастыққа бірігуі байланысты демократияландыру процесі мемлекеттің жінемемлекеттік басқарудың қазіргі қоғамдағы міндеті туралы теориялық негіздер мен біздің кейбір түсініктерімізді анықтай түсуді талап етеді. Атап айтқанда, БҰҰ Бас Ассамблясы 1948жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқығын жалпыға бірдей декларация, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт және оның факультативтік хаттамасы сияқты негіге алынатың халықаралық- құқықтық құжаттар адамды және азаматты қоғамның бірінші субъектісі деп таныды, ал мемлекет және оның барлық институттары-екінші және туынды субъектілер.
Екіншіден, мемлекеттік
басқаруды демократияландыру
Үшіншіден, мемлекеттік басқаруды демократияландыруды, ең алдымен,
әдістер жүйесі және мемлекеттік
басқару билігін
маңызыды процесі ретінде қарау керек.
Мемлекеттік басқаруды демократияландырудың дербес әдістері деп мына төмендегі негізгі процестерді қарастыру қажет:
-мемлекеттік басқару
қызметінің орталыққа
-мемлекеттік басқару өкілеттілігінің шоғырлануын жою. Яғни, жоғарыдағы органдардан төменгі басқарушы органдарға кейбір дискеретті өкілдіктер беріледі және оларды жүзеге асыруға тиісті ресурстар бөлінеді;
-мемлекеттік басқару
шешімдері қабылдау
-мемлекетік басқару органдар қызметіңдегі жариялылық пен ашықтықты кеңейту демократияландыру әдістерінің бірі ретінде барлық азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік басқару ақпаратының ашық және оларғаеркін кіре алатынынан көрініс табады.
-мемлекеттік басқару органдарының азаматты институттар алдында сайланатындығы, есеп беретіндігі бақылау болатындығы қазіргі заманда қоғамда мемлекеттік басқаруды демократияландырудың негізгі әдісі болып табылады.
- барлық деңгейдегі
мемлекеттік басқару
Қазіргі кезде біздің
елде мемлекеттік басқаруды
Қазіргі кездегі барлық денгейдегі атқарушы билік органдарды азаматтарды ұдайы қабылдау жүзеге асырылуда, ҚР «Әкімшілік процедуралар туралы» 2000жығы 30 қарашадағы Заңына сәйкес азаматтардың арыздарымен жұмыс істеу жолға қойылды, басшылардың баспасөз мәслихатын өткізіп тұруы әдетке айналуда, мемлекетік басқару органдарының қызметіне бақылау жасаудың мемлекеттік және қоғамдық жаңа нысандары жолға қойылуда.
Қоғамдық тындауды жергілікті жерде келесі мәселелер бойынша өткізуге болады: әкімшілік –аумақтық бірліктің аумағында жобалау мен құрылыс салу мәселелері бойынша аудандардың, қалалардың және облыстардың бюджетінің жобасы, коммуналдық қызмет тарифтерін бекіту, азаматтардың тұратын жерлері бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, аумақтарды көркейту, тұрғын үй-каммуналдық шаруашылықты дамыту, аудандар, қалалар мен облыстар аумағында тұратын мүгедектер үшін жағдай жасау, мектептердін, ауруханалардың, емханалардың, поштаның, телефон байланысының қызметтерің жетілдір, қоқыстарды жинау мен ұқсату , экологиялық тазалықты қамтамасыз ету және басқада мәселелер.
2003жылы Мемлекеттік
және жергілікті басқару