Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
І-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері ............6
1.1 Басқару құрылымы .............................................................................10
1.2 Басқарудағы әдістемелік тәсілдері ..................................................12
2-бөлім. Басқарудың заңдылығы мен принциптері ............................18
2.1. Басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі……………..…..20
2.2. Басқарудың принциптері жіктеу......................................................22
2.3. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері.................................24
Қорытынды .....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28

Работа содержит 1 файл

ЖОСПАР.doc

— 223.50 Кб (Скачать)

5. Ұйымдық мәдениет  пен жаңашылдықтың ролін арттыруға,  қызметкерлерді

ынталандыруға бағыттылған  басқару жүйесі.

Осындай жағдайларға  байланысты қазіргі менеджменттің мынадай жаңа

принциптерін атап көрсетуге болады:

- сыртқы ортадағы өзгерістерді мезгілінде есепке алу; бұл – басқарудың

икемділігін қамтамасыз етеді;

- бейімделушілік іскерлік  қарым-қатынас - өнім тапсырушылармен,

тұтынушылармен, орындаушылармен, тапсырыс берушілермен нәтижелі

қарым-қатынас орната білу;

- ниеттілік - қызметкерлердің  қабілеттерін ашуға ықпал жасайтын  жағымды

атмосфера қалыптастыру;

- коммуникативтілік - ұйымда жоғарыдан төмен және көлденеңінен таралыпжатқан нәтижелі коммуникациялар;

- жылыжүзділік - менеджерлердің қызметкерлермен адамаралық қатынастыр

теориясы негізінде  жылыжүзділікпен (жұмсақтықпен) әрекеттесуі;

- ынталандару - адамдармен  әрекеттесуде олардың жұмыстан

қанағаттанушылық сезімін  тудыратын әдістерді қолдану;

- жауапкершілік - тиімді басқару мен корпоративтік мәдениеттіліктің міндетті

шарты ретінде әрбір  қызметкердің жауапкершілігін қалыптастыру;

- патернализм - қызметкерлердің  ауқаттылығын арттыруға және  олардың

еңбек өмірінің сапасын кӛтеруге әкелік қамқорлық жасау;

- перспективтілік - ұйымның келешектегі орны мен рӛлін анық түсіну;

стратегиялық жоспарға сәйкес жұмыс жасау;

- өзін-өзі дамыту - жеке жұмыстың сапалылығын және тұлғаның өзін-өзі үнемі

жетілдіруін қамтамасыз ету;

- келісімділік - менеджерлердің  топтық жұмысқа тікелей қатысуы - өзара

келісімділік пен біртұтастықтың негізгі шарты;

- табысқа (кіріске)  үлестілік - әрбір қызметкердің  жалпы нәтижелердегі

(премия, девиденд, бонус)  үлесі – материалдық мүдделілік  құралы;

- адалдық - қоғамдық  мораль нормаларын сақтау, адамдарға адалдықпен және  сеніммен қарау;

- әдептілік - іскерлік  әдептілік пен ұйымның ішкі  философиясын сақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

 

                                             Қорытынды

 

Сонымен «Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

 Ағылшын тіліндегі  Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға  мынадай түсінік беріледі:

1. Адамдармен қарым-қатынас  жасау әдісі, үлгісі;

2. билік және басқару  өнері;

3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

 4. басқару органы, бөлігі.

Менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады:

1.Үкімет. Менеджмент  ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен,  Петерсон мен Плоуменнің пікірінше,  оның қызметі барлық жағынан  алғанда менеджменттің жалпы  анықтамасына сәйкес келеді.

2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді  ұйымдастыру және оларға жетекшілік  ету.

3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше  түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру  және оларға жетекшілік ету.

4.Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент.Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен  және мемлекеттіктен өзгеше келетін  менеджменттің ерекше түрі.

6.Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.

 

 

Менеджмент (ағылшынша  манаге – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс  істейтін адамдардың еңбегін басқара  отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра  білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1] “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.

Нарықтық  экономикада менеджмент фирманы  басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын  пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.

Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі  меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге  көшеді.

Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.

Өндірістің  тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік  тудырған еңбекті рационалдау мен  оньің қарқындылғын арттыру шарттарын  ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.

 Осы заманда  менеджменттің төрт қызметі аталады:  жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.

Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен  құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасалады.

Ол мына бөлімдерден  тұрады:

нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;

өнімдік стратегия;

өндірістік  стратегия;

фирманы басқару  жүйесінің және меншіктің дамуы;

қаржылық (экономикалық) стратегия.

Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне  бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын кебірек аударады.

 Дамыған,  қалыптасқан фирмалар көбінесе  өнімдік және өндірістік стратегияның  қамын ойлайды. Көпшілік үшін  бизнес-жоспар қысқаша рефератпен  толықтырылады.

 Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады

   Қорыта келе басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек ХХ ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады. Социология ғалымы басқару iciн басқарылатын жүйеге мақсатгы түрде әсер етудің үздіксіз процесі ретінде зерттейді. Осыған байланысты басқару құрылымы ұдайы дамып отырады. Бұған ақпарат ағынының өcyi елеулі әсер етеді. Басқару құрылымы басқарылатын нысанның жай-күйіне, қозғалысына, тиімділігіне, т.б. қатысты ақпараттарды үздіксіз алып тұрғанда ғана жетіле түседі. Кез келген басқару циклі ақпарат жинап, оны ой елегінен өткізіп, басқаруға қатысты шешім кабылдау үшін қорытудан, сөйтіп басқару құрылымының субъектілеріне жіберуден соңында жаңа ақпарат алудан тұрады. А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.

 Функция - көп мәндi термин. Философияда бұл екi объектiнiң  карым- қатынасы, онда біреуінiң  өзгеруi екiншiсiнің өзгеруiне түрткi  болады, социологияда- белгiлi бiр  әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары денгейдегі қоғамдық жүйенiң қажетiн орындайды.

 Функция- бұл сонымен  қоса әрекет, мiндет жұмыс. Бұл  мағынада функция ұғымы басқару  кызметiнiң категориясын анықтаған  кезде басқару теориясында, сондай-ақ  олардың ұйымдастыру жүйесiндегi басқа қызметтерiнде - өндiрiстiк, әлеуметтiк т.б. өзгешелiгiн көрсету үшiн пайдаланылады .

 Басқару кызметiнiн  өзiндiк өзгешелігi, ерекше мазмұны  болады әрi дербес жүзеге асырылуы  мумкiн. Оларды кез-келген басқару  саласындағы адамдар қызметiне тендестiруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшiн шешiмдi әзiрлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындау барысын үйлестiру, орындалу нәтижесiн бақылау және де осы деректердiң негiзiнде келесi шешімдi шығару және қабылдау қажет.

 Басқарудын барлық  қызметi бiр-бiрiне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бiр-бірiмен  сiңiсіп кетедi. Жоғарыда атап көрсетiлгендей  баскару қызметiне деген көз  қарас және олардын жiктелуі  алуан түрлі. «Менеджмент негiздері»  кiтабының авторлары(М.Х.Мескон,М. Альбет,Ф.Хедоури)баскару қызметiнiң елеулi түрлерiн шағын категорияларға бөледi. Мұның өзiн қазiргi барлық ұйымдарга қолдануға болады(11). Авторлардың пiкiрiнше басқару процесi олардың өзара байланысты қызметтерiнен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мативация және бақылаудан тұрады.

 Сонымен, басқару  әртүрлі деңгейде: аймақты, республиканы, саланы басқарудан кәсіпорын  ұжымын, оның бөлімшелерін, жеке  адамдарды басқаруға дейін жүзеге  асырылады. Сондықтан да басқару  құрылымында басшының орны мен рөлі ғана емес, басқару істерімен айналысатын субъектілер де ерекше орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Пайдаланған әдебиет

1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006

2. Т.И. Есполов, Ж.Ж. Сулейменов. Менеджмент – Алматы, 2003

3. Веснин  В.Р. основы  менеджмента – М: Триада  ЛТД, 1996.

4. Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы

5. Баярыстанова Э.Т.Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. Ақтау, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 2010. 87 бет.

6. Макаров С.Ф.Менеджер за работой. –Москва, 1989

7. Менеджмент в управлении школой: учебное пособие под. Ред. Шамовой

Т.И.-Москва, 1992

8. Садвокасова З.М. Организационный менеджмент в образовании.-

Алматы,2006

9. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ЫСБН 978-601-215-003-2

10. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ЫСБН 9965-408-99-8

11. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ЫСБН 9965-808-89-9

12. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ЫСБН 9965-408-99-8

 




Информация о работе Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері